–
70
–
Салғастырмалы тіл білімі
қалпында жеткен жоқ, белгілі бір даму жолынан өтті. Түркі
тілдерінің классификациясы туралы да осыны айтуға болады.
Түркі тілдерін классификациялау – шешімі қиын, өте күрделі
мәселелердің бірі. Себебі түркі халықтарының қалыптасу
және даму тарихы өте күрделі сипатта. Түркі тайпалары бірде
қосылып, үлкен тайпалық бірлестіктерге біріксе,
енді бірде
ыдырап, кейбір тайпалар басқа мемлекеттер құрамына кіріп
отырды.
Ғұн империясының ыдырауы Түркі қағанатының Батыс
және Шығыс тармаққа бөлінуі, Ұйғыр қағанаты мен Моғол
мемлекеттерінің
пайда болуы, Қарахандықтар мемлекетінің
қалыптасуы мен құлауы, селжүктер мен оғыздардың тайпалық
одақтарының күшейюі мен әлсіреуі, моңғол шапқыншылығы,
соның негізінде қалыптасқан Алтын орда мемлекеті, оның жеке
хандықтарға ыдырауы – түркі тілдерінің қалыптасу тарихында
өзінің ізін анық қалдырды. Тіл тарихы сол тілде сөйлейтін
халық тарихымен тығыз байланысты дамитынын көрсететін бір
белгі – осы. Демек, түркі тілдірін классификацияланған кезде
осы ерекшеліктер есепке алынуға тиіс.
Түркі тілдерін тілдік (фонетикалық, морфологиялық)
тұрғыдан топтастыру – классификациялау, сөйтіп әрбір тілдің
түркі тілдері құрамындағы орнын айқындау М.Қашқаридан
басталады десек те, классикалық тіл білімі түркі тілдерін
ғылыми негізге сүйеніп топтастырудың тарихын ХІХ ғасырдан
бастайды. Олардың өзара байланысы мен классификациясын
анықтау түрколог-лингвистер үшін ерекше маңызды
мәселелердің бірі болып табылады. Бұл тілдер бір тамырдан
өрбігендіктен түркологтарға
салыстырып зерттеу арқылы
бұлардың генетикалық байланысын анықтау қиынға соқпады.
Көптеген түркологтар В.В.Радлов, Н.Ф.Катанов,
Ф.Е.Корш, А.Н.Самойлович, В.А.Богородицкий, С.Е.Малов,
Н.А.Баскаков сияқты көрнекті ғалымдар, түркі тілдерін
классификациялауда аса құнды пікірлер айтқаны белгілі.
В.В. Радловтың жасаған классификациясында түркі
тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін көрсете келе, олардың
–
71
–
Есеналиева Жанар
фонетикалық өзгешелігіне тоқталған да, ал этникалық жағы
есепке алынбаған.
Н.Вамбери барлық түркі тілдерін түрік тілінің диалектісі
деп қарайды.
Н.Ф.Катанов түркі тілдеріне этнографиялық шолу жасай
келіп, оларды төрт группаға бөледі. Бұл классификация әрбір
түркі тілінің өзгешелігі жайында айтылмаған. Оның үстіне
кейбір түркі тілдері мүлдем аталмай қалған.
Ф.Корштың классификациясы түркі тілдерінің фоне-
тикалық және морфологиялық өзгешелігі жайында сөз етіліп,
олардың тілдік материалдарын талдау негізінде жасалған.
В.А.Богородицкийдің (1857-1941) түркі тілдеріне жасаған
классификациясы географиялық ерекшеліктерге сәйкес
құрылған. Бұл топтастыруды автор түркі
тлідерінің қазіргі
орналасу аймағын негізге алады. Соның нәтижесінде түркі
тілдері жеті топқа бөлініп беріледі:
1) Солтүстік-шығыс группасы -
Достарыңызбен бөлісу: