Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79


Типологиялық зерттеуде белгілер кеңістігіндегі



Pdf көрінісі
бет33/110
Дата15.11.2023
өлшемі5,96 Mb.
#124104
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   110
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

4. Типологиялық зерттеуде белгілер кеңістігіндегі 
басым белгі, типологиялық басымдылықтар арасынан 
міндетті түрде доминант анықталуы тиіс.
Әр деңгей бойынша 
анықталған типологиялық басымдылық түрлері тіл үшін маңызы 
бірдей ме, әлде біреуі басымдылықтарды анықтайтын басым 
белгі бола ма деген сауал әр деңгей тұрғысынан бағаланғаны 
абзал.
5. Салғастыруда тіл деңгейлері арасындағы 
иерархиялық, өзара байланыс қатаң сақталуы керек.
Бұл ұстанымдарды лингвистикалық типологияда 
пайдалану салғастырмалы-типологияны дамытуға, лингвис-
тикалық типологияның метатілін байытып, қалыптастыруға 
ықпал жасайды. Қазақ тілін басқа тілдермен салыстыра және 
салғастыра зерттеуді дамыту – ана тіліміздің аясын кеңейтіп
мемлекеттік тіл ретіндегі статусы мерейінің үстем болуына 
әсер ететіні сөзсіз.
Типологиялық зерттеулер тілдің барлық деңгейінде 
(фонология, морфология, лексика, синтаксис, сөзжасам) 
жүргізіледі, тіпті онда сөз типологиясының өзі арнайы
қарастырылады. Мұндай жұмыстар циклы деңгейлік, аспектік, 
жүйелік типологияны құрайды.


– 
65 

Есеналиева Жанар
4 Тақырып. 
Дүние жүзі тілдерінің топтастырылуы (классификациясы)
_________________________________________
4.1. Тілдердің генеалогиялық топтастырылуы
Дүние жүзіндегі тілдер өте көп, олардық санын нақты айта 
алмаймыз. “Халықаралық лингвистикалық энциклопедияның” 
(“
The Іnternatіonal Encіclopedіa of Lіnguіstіcs
”, 1992) дерегі 
бойынша, дүние жүзінде 1970-1980 жылы 6604 тіл (оның ішінде 
300 өлі тіл) болса, ал “Әлем тілдерінің атласы” (“
Atlas of the 
World’s Languages
”, 1994) әлемде 6796 тіл бар деп мәлімдеген. 
20 ғасырдың 90-жылдарында дүние жүзінде 6 мыңдай тіл 
бар деу шындыққа неғұрлым сай келеді. Дегенмен, ғылымда 
Дүние жүзі тілдердінің ұзын саны 3000-нан 10000-ға дейінгі 
аралықта деген тұжырым да жоқ емес. Олар: тайпа тілдерін де, 
халық тілдерін де, ұлт тілдерін де қамтиды. Кейбір тілдер кең 
қолданылып, халықаралық тілдер дәрежесіне, мәселен, біріккен 
ұлттар ұйымының ресми тілі дәрежесіне дейін жеткен. Олар: 
қытай, ағылшын, испан, орыс, араб, француз тілдері. 
Тіл білімінде дүние жүзіндегі тілдерді екі түрлі тұрғыдан 
топтастырады: Тілдің шығу тегі тұрғысынан, яғни туыстығы, 
бір негіз тілден бөлініп шыққандығы тұрғысынан топтастыру 
- тілдердің генеалогиялық топтастырылуы, шығу тегіне 
байланыстырылмай, грамматикалық құрылысы мен типінің 
ұқсастығы тұрғысынан топтастыру – тілдердің типологиялық
топтастырылу деп аталынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет