Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79


Тілдердің генеалогиялық топтастырылуы



Pdf көрінісі
бет34/110
Дата15.11.2023
өлшемі5,96 Mb.
#124104
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   110
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

4.2. Тілдердің генеалогиялық топтастырылуы
Дүние жүзіндегі тілдер өздерінің туыстығына, шығу 
тегінің бірлігіне, қарай әр түрлі семьяларға (кейбір әдебиеттерде 
жанұя), семьялар әртүрлі топтарға бөлінеді.
Бір семьядан шыққан тілдер, туыстас тілдер – шығу тегі 


– 
66 

Салғастырмалы тіл білімі
бір, біртектес тілдердің бірнеше топтарының жиынтығы дегенді 
білдіреді. Ал ол семьяға кіретін тілдер тобы – бір семьяға жата-
тын, бірақ туыстығы жағынан басқа тілдермен салыстырғанда 
тіптен жақын тілдерді білдіреді. Мысалы, түркі тілдері өзара 
туыстас тілдер. Олар жалпы түркілік бір негізден шыққан. 
Сондықтан оларды түркі тілдер семьясы деп атаймыз. Ал роман 
тілдері үндіеуропа тілдер семьясына жатады. Оның ішінде 
өздері бір негізден, яғни латын тілінен шыққандығына орай олар 
роман тілдері тобын құрайды. Үндіеуропа тілдер семьясына 
жататын герман тілдерінің негізі грек тілі болғандықтан олар өз 
алдына бөлек топ (герман тілдерін) құрайды.
Тілдердің бір-біріне жақындығы, өзара туыстық дәрежесі 
әртүрлі. Сондықтан тегі бір туыстас тілдердің кейбіреулері бір-
бірімен өте жақын болуы мүмкін, кейбіреулері алшағырақ, енді 
біреулерінің туыстығы тым алыс болуы да мүмкін. Мысалы, 
бір ғана үндіеуропа тілдер семьясына жататын тілдер саны 
өте көп және бәрі де туыстас тілдер. Алайда ол тілдердің бір-
біріне алыс-жақындық дәрежесі біркелкі емес. Сондықтан да, 
үндіеуропа тілдер семьясы өз ішінде: 1) славян тілдері, 2) роман 
тілдері, 3) герман тілдері, 4) индия тілдері, 5) иран тілдері деген 
сияқты т.б. топтарға бөлінеді.
Үндіеуропа тілдер семьясы енетін топтардың өздерінің 
өзара жақындық дәрежесі әртүрлі болады. Мысалы, бір ғана 
славян тобына жататын орыс тілі мен чех тілінің жақындық, 
ұқсастық жақтары орыс, украин, белорус тілдерінің өзара 
жақындық, ұқсастық жақтарына қарағанда әлдеқайда 
алшағырақ.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған топтардың әрқайсысы 
өз ішінде тағы да бірнеше кішірек топтарға (подгруппаларға) 
бөлінеді. Мысалы, славян тілдер тобы өз ішінде 1) шығыс 
славян, 2) оңтүстік славян және 3) батыс славян тілдері болып 
үш кіші топқа бөлінсе, түркі тілдер семьясына жататын тілдер 
де өз ішінде осылай үлкен топтар мен кіші топтарға жіктеліне 
алады.


– 
67 

Есеналиева Жанар
Сөйтіп, туыстас тілдердің бір-бірімен жақындығы, 
ұқсастығы бірдей бола бермейді екен. Олардың ішінде негізгі 
сөздік қоры мен фонетикалық жүйесі және грамматикалық 
құрылысы жағынан бір-біріне өте жақын, ортақ белгілері көп 
тілдер де болады, керісінше, айырым жақтары молырақ, демек 
ортақ белгілері азырақ тілдер де болады.
Шығу тегі, туыстығы жағынан топтастыру барысында 
дүние жүзіндегі тілдер былайша жіктелінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет