Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79



Pdf көрінісі
бет40/110
Дата15.11.2023
өлшемі5,96 Mb.
#124104
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   110
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

4.3 
Тілдердің 
құрылымдық 
(типологиялық) 
топтастырылуы
Тіл білімі дүние жүзіндегі барлық тілдерді туыстығы мен 
шығу тегі, даму жағдайларының ортақтығына қарай 60 шақты 
семьяға топтаса, сол тілдер құрамы мен құрылысына қарай ірі-
ірі төрт типке бөлінеді.
Тілдерді құрылымы мен құрылысына қарай топтастыру 
типологиялық классификация деп аталады. Тілдерді бұлайша 
топтастыруда басшылыққа алынатын негізгі белгілер: 
ең алдымен тілдердің грамматикалық жүйесінің қалай 
құрылғандығы, белгілі бір тілдерде грамматикалық тәсілдердің 
қайсысы басымдық ететіні, сол тілдердегі сөздердің өзгеру-
түрлену жолдарының ерекшеліктері. 
Жалпы тіл білімінің тілдердің құрылымы мен құрылысын 
зерттейтін саласы - типологиялық тіл білімі. Типологиялық тіл 
білімі туыстас тілдердің де, бір-бірімен туыс емес тілдердің 
де сәйкестіктері мен ұқсастықтары, сондай-ақ, қарама-қарсы 
өзгешіліктері сияқты мәселелерге көңіл бөледі. Типологиялық 
тіл білімінің мұндай мәселелерді қарастыратын саласын 
лингвистикалық типология деп те атайды.
Тілдерді фонетикалық грамматикалық құрылысына қарай 
бірнеше типке бөлуге болады. Сондықтан тілтану типологиясы, 
немесе салғастырмалы лингвистика ғылымы тілдерге әртүрлі 
тұрғыдан келеді:
1. Фонетикалық типология,
2. Синтаксистік типология.
3. Морфологиялық типология


– 
77 

Есеналиева Жанар
Бұлайша топтастырудың тілдер арасындағы туыстыққа 
тікелей қатысы жоқ.
Фонетикалық типология
1. Тілдер дыбыс құрылысты және буын құрылысты болып 
бөлінеді. Дыбыс құрылысты тілдерді сөздер дыбыстардан 
құралса, буын құрылысты тілдерде буындардан құралады. 
Буындар одан әрі бөлшектенбейді, ол тек инициаль (буынның 
басы) және финальға (буынның соңы) бөлшектенеді. Мысалы, 
еуропалық тілдер дыбыс құрылысты, Қытай тілі буын 
құрылысты. Дыбыс құрылысты тілдерде дыбыстар болады 
да, әріптермен жазады, буын құрылысты тілдерде дыбыстар 
болмайды, олар иероглифтермен жазады.
2. Монотониялық және политониялық тілдер. 
Монотониялы тауыс тоны сөз мағынасын ажыратпайды. 
Политониялы тілдерде сөздің мағынасын ажырататын дауыс 
тоны. Яғни сөздің айтылу әуені оның мағынасын көрсетеді. 
Политониялы тілдерге мысалы, Қытай, Вьетнам тілдері жатады. 
Онда сөздің мағынасын айтылу әуені анықтайды. Монотониялы 
тілдерде сөздің мағынасын оның құрамындағы дыбыстар 
анықтайды. Мысалы ағылшынғ орыс, қазақ, араб тілдері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет