Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79


Флективті (қопарылмалы) тілдер



Pdf көрінісі
бет42/110
Дата15.11.2023
өлшемі5,96 Mb.
#124104
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   110
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

3.1 Флективті (қопарылмалы) тілдер
Дәстүр бойынша флективті тілдер типіне үндіеуропа 
және семит-хамит тілдерін жатқызады. Флективті тілдердің өз 
ішінде синтетикалық және аналитикалық тілдер деп жіктейді. 
Флективті типті тілдерге тән негізгі грамматикалық тәсілдердің 
ерекшеліктері мыналар:
1. Сөзжасам және форма тудыру процесінде негіздің 
немесе сөз түбірінің ішкі флексия арқылы өзгеруі. Ол тілдерге 
өте-мөте тән негізгі грамматикалық тәсіл флексия болғандықтан 
да, тілдердің бұл типі флективті тілдер деп аталады. Дегенмен, 
бұл тілдерде сыртқы флексия құбылысы да елеулі орын алады. 
2. Аффикстердің үлгі-қалпының жоқтығы (нестан-
дартность) және аффикстердің көп мағыналығы бұл тілдердің 
ерекше қасиеттерін көрсетеді. Мәселен, қандай да бір 
грамматикалық мағына бір жағынан, әртүрлі аффикстер арқылы 
білдірілсе, екінші жағынан, сол жалғыз аффикс бір мезгілде 
бірнеше грамматикалық мағына тудырады.
3. Сөйлеу барысында жеке морфемалар арасындағы 
шекара 
фузия құбылысының әсерінен, атап айтқанда, түбірдің 
бастапқы және соңғы дыбыстары аффикстердің сәйкес 
дыбыстарымен кірігіп, бірігіп кетеді. Фузия құбылысының 
негізгі ерекшелігінің өзі, аффикстердің түбірдегі дыбыстардың 
фонетикалық варианттарымен үйлесімді байланысында /
сочетаемость/ болып табылады. Фузия деген – көрші 
морфемалардың морфонологиялық жағынан бір-бірімен сіңісуі, 
кірігіп кетуі. Ондай жағдайда негіз бен қосымшаның жігін 
ажырату қиындайды. Сөз ішіндегі мағыналы элементтердің 
бірігу техникасы ретінде фузияның ерекшелігі - сөздің 


– 
82 

Салғастырмалы тіл білімі
мағыналы бөлшектерінде фонемалардың өзара жүйелі қарым-
қатынасының сақталмайтынынан байқалады. 
4. Флективті тілдерде жеке-дара алынған буынның әдетте 
лексикалық мағынасы болмайды.
Флективті тілдерде ішкі флексиямен бірге ішінара сыртқы 
флексия да қолданылады. Басқаша айтқанда, флективті тілдерде 
грамматикалық мағыналар ішкі флексия тәсілі арқылы да 
(мысалы
, окно-окон, избегать-избежать)
, аффиксация тәсілі 
арқылы да (мысалы, 
профессор, профессора, профессору, 
профессором)
беріледі. Флективті тілдерде бір аффикс бірнеше 
грамматикалық мағынаны білдіріп, әртүрлі қызмет атқарады. 
Мысалы, 
охотники 
деген сөздің құрамындағы
и 
аффиксі 
(жалғау) әрі атау септікті, әрі көптікті білдіреді. Сонымен бірге, 
флективті тілдерде аффикстер сөздің түбіріне (немесе негізіне) 
сіңісіп кетеді де, соған байланысты көптеген сөздер аффикссіз 
дербес қолданыла алмайды (мысалы, 
писать, письмо, писание; 
дети, детство, детский
). Флективті тілдерде аффикстер 
префикс, суффикс, инфикс болып бөлінуіне қарай және соған 
сай сөз құрамында әр түрлі орынға ие болады. 
Флективті тілдердің қатарына орыс тілі, неміс тілі, ежелгі 
грек тілі және т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет