4
ҚАЗАҚТЫҢ ТӨЛ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ ҚАШАН
ЖАСАЛАДЫ?
Соңғы уақытта терминология мәселесі жиі сөз болып жүр. Бұған дейін
орысша алынып келген
совет, революция, октябрь, конфискация,
председатель, программа, коллектив
деген сияқты көптеген терминдер
қазір
кеңес, төңкеріс, қазан, тәркі, төраға, бағдарлама, ұжым
болып
қазақша
қолданыла
бастады.
Ғылым
салаларына
қатысты
терминологиялық сөздіктерді жасау ісі жанданып, оларға деген
қызығушылық үдей түсуде. Бір сөзбен айтқанда, қазір терминологияға
байланысты біраз жұмыстар қызу қолға алынуда. Бұл – әрине, қолдауға,
құптауға тұрарлық игілікті іс.
Бірақ бұл тым аз. Өйткені ана тіліміз мемлкеттік тіл дәрежесіне ие
болды. Мемлекеттік болғаннан кейін ол қоғамымыздың барлық
салаларында, атап айтқанда: мектепте, орта және жоғары оқу
орындарында,
өндірісте,
шаруашылықта,
тұрмыс
қажетін
өтеу
мекемелерінде, қойшы, әрқаысымыздың күнделікті тіршілігімізде кеңінен
қолданыла бастайды. Ол үшін ең алдымен, қазақ терминологиясына
байланысты бұған дейінгі қалыптасып қалған қасаң көзқарасты түбегейлі
өзгертіп, ана тіліміздің төл терминологиясын жасауымыз керек. Бұл
бағытта істелінетін жұмыстар әлі ұшан-теңіз.
Терминге, терминологияға байланысты біздегі қалыптасқан көзқарас
қандай еді? Ол көзқарас бойынша біз термин деп, негізінен, тек орыс
тілінен немесе орыс тілі арқылы үндіеуропа тілдерінен ауысқан сөздер
ммен сөз тіркестерін ғана айтып келдік. Орыс тілінен енген сөздерге
«советизмдер» деп, ал үндіеуропа тілдерінен ауысқан сөздерге
«интернционализмдер» деп, ат қойып, айдар тағып алдық. Дәріптесек,
соларды дәріптедік; мақтасақ, соларды мақтадық. Егер жастарымызды
оқыта қалсақ, оларға сол советизмдер мен интернационализмдерді
оқыттық; соларды үйретіп, соларды насихаттадық. Тіпті ол терминдерді
орыс тілінде қалай айтылып, қалай жазылса, қазақ тілінде де солай айтып,
солай жазуға үкім шығардық. Ақыр соңында «советтік» Отанымыз үшін
жасалған осы жанқиярлық еңбегіміз нәтижелі «жеміс» беріп, қазақ
тіліндегі терминдеріміздің 70-80 пайызға жуығы орыс тілінде қалай болса,
5
солай алынды және солай қалыптасты. Осылай болып шығуы заңды еді.
Өйткені біздегі терминологиялық теория дегеннің астарында ұлы
державалық шовинистік саясат жататын. Ол саясат «коммунизм» деп
аталатын жалған теориясымақпен жақсылап тұрып бүркемеленген
болатын.
Дүние жүзі пролетариатын біріктіріп, халықты «жарқын болашаққа» -
коммунизмге апармақшы болған біздің «Ұлы Коммунистік партиямыз»
буған дейін не деп келіп еді? Оның айтуынша: Кеңес мемлекеті – бір
мемлекет. Сондықтан оның халқы да бір халық-кеңес халқы боліы керек.
Бір-ақ халық болған соң, олардың бір тілде сөйлегені жөн. Ол тіл- орыс
тілі. Орыс тілін тезірек үйренсең, коммунизмге де тезірек жетесің- міс.
Ендеше қазақ тілі терминдерінің 70-80 пайызы жат жұрттық
терминдер болуына таңғалатын еш нәрсе жоқ екен. Ол жоғарыда айтылған
бүркеншік саясаттың «қажырлы» еңбегінің нәтижесі. Аталған терминдік
теория бойынша, коммунизмге апаратын сол аса қажетті жат жұрттық,
дәлірек айтқанда, орыстық терминдермен тілімізді толтырсақ, ол
терминдердің қатарына төл сөздерімізді жолатпасақ, ал «пантюркизм»,
«ұлтшылдық» деп танылып, оларды әлгі айтылған «аса қажетті» кеңестік
немесе интрнационалдық терминдермен жетпекпіз. Әйтпесе оған жету
қайда! Себебі «білгіштердің» айтуына қарағанда – төл сөздеріміз «термин
болуға жарамайды», «аясы тар», «ұғымы қораш» (Енді аз болғанда, құдай
ұрып сол коммунизмге жетіп қойып, масқара бола жаздаған жоқпыз ба!)
Міне, біздегі бар «теория», бар шындық, бар ақиқат осы. Осы
шындықты, осы ақиқатты, осы жалған теориясымақтың астарын әлі де
көрмейтін, көре алмайтын қандастарымыздың көр соқырлығына
таңданамыз, таңданамыз да басымызды шайқаймыз.
Бұл айтылғандарға қарап, осы жолдардың авторы орыс тілінен және
орыс тілі арқылы үндіеуропа тілдерінен тілімізге енген барлық
терминдерге мүлде қарсы екен деп ойлап қалуға болмайды. Ешбір тілдің
ғылыми терминдері басқа тілдерден ауысқан сөздерсіз, солардың
аралауынсыз дамыған да, қалыптасқан да емес. Сондықтан, қазақ тілі
терминдерінің басқа тілдер есебінен толығып,
6
молығып отырғанына, байи түскеніне біз де қосыламыз және қолдаймыз.
Біз тек жат жұрттық терминдердің тілімізде сандық қатынасы жағынан 70-
80 процент болғанына ғана қарсымыз.
Мұны айтып отырғанын себебіміз: кез-келген тіл, егер оның сөздік
құрамының 60-70 пайыздайы өзге тілдерден енген сөздер болса, онда ол
өзінің тілдік қасиетінен айырылып, дербес тіл болудан қалады екен. Белгілі
бір тілдің терминологиялық лексикасы да осы тәріздес. Егер қазақ тілі
терминологиясының 60-70 пайызы таза қазақша терминдер болмаса, оны
қазақ тілінің терминологиясы деп айтуға да болмайды.
Осы тұрғыдан айтарымыз: бұған дейін тек орысша қабылданып
келген жат жұрттық терминдердің қазақша аударуға келетіндері болса,
оларды аударған жөн. Ал аударуға келмейтіндерінің қазақша баламаларын
мүмкіндігіне қарай қолдан жасап алуға да болады. Тек әйтеуір орысша
немесе халықаралық терминдерді қазақшаға аударып, немесе оларды
өздері жасап алуға талпынып жүрген адамдар болса, оларға «қалыптасқан
терминдерді бұзды» деп қарсы шығуға, кінәлауға болмайды. Керісінше,
әлгіндей азаматтарға қолдау көрсетіп, көмектескеніміз абзал.
Бұл жерде айтпай кетуге болмайтын тағы бір нәрсе бар. Ол-
халықаралық терминдер деп аталынып жүрген сөздер жайында. Біраз
адамдар бұлар туралы: «халықаралық терминдерді аударуға болмайды.
Оларды аударсақ, ғылым дамымай қалады. Халықаралық сөздер болмаса,
біз тарих көшінен қалып қоямыз», - деген сияқты пікірлер айтады.
Шындығына жүгінсек, бұл- әншейін құр айқай, негізсіз долбар. Өйткені
халықаралық терминдерсіз ғылым дамымай қалса, ең алдымен
ағылшындардың ғылымы дамымай қалған болар еді. Егер халықаралық
сөздерсіз бір халық тарих көшінен қалып қойса, тағы да сол ағылшын
халқы қалып қойған болар еді. Құдайға шүкір, бәрі де керісінше: көштің
алдында жүргендер де солар, ғылымы мен техникасы дамып, шарықтап
кеткенде де солар.
Халықаралық терминдер дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтсақ, олар
ең алдымен, грек, латын сөздері. Грек, латын сөздерінің термин ретінде
ғылымға о баста қалай келгендігін оқырман қауым жақсы білетін болар.
Егер алда-жалда оны білмейтін бірлі-жарым адамдар табыла қалса, оны
А.А. Реформатскийдің «Терминология туралы ойлар»
7
(«Мысли о терминологии») деген еңбегінен оқып алуларына болады. Онда
сонау орта ғасырда өмір сүрген үстем тап өкілдерінің төбе тобы бөлімге,
ғылымға қара халықты жақындатпас, жолатпас үшін.бұл салада тек өздері
ғана үстемдік етіп. Өздері ғана билік жүргізу үшін өз туындыларына
(жазған кітаптарына), негізінен, қара халық түсіне алмайтын, олардың тісі
бата бермейтін, өлі тіл деп саналып келген – грек, латын сөздерінің
пайдаланғандығы айтылған.
Кейіннен өндірісі, техникасы, мәдениеті дамыған ағылшын, француз,
неміс, итальян сияқты ауқатты, әлді халықтар да ұлттық мүдде тұрғысынан
термин ретінде өздерінің төл сөздерін басқаларға тықпаштауға тырысты.
Біздер болсақ, оларды сол күйінде қабылдадық та. Сөйтіп, біз бірте- бірте,
егер термин іздей қалсақ, оны қарапайым халық неғурлым түсінбейтін жат
жұрттық сөздердің іщінен іздейтін дертке шалдықтық. Ал ол «дерт»
күндердің күнінде бодан халықтарды коммунизмге жеткізетін бірден-бір
таптырмайтын құрал болып шыға келді. Жүрек жұтқан А.Байтұрсынұлы,
Х.Досмухамедұлы, М.Дулатұлы сияқты бірлі- жарым зиялыларымыз бұл
жымысқы саясатқа дау айтып, қарсы шығып еді, олар біздің «сүйікті»
коммунистік партиямыздың «аялы алақанының» арқасында «халық жауы»
деген атаққа ие болып, о дүниеге аттанды да кетті. Сондықтан болар,
кейінгі оқығандарымыз бұл құйтқырқылыққа ешбір «мән бермей»,
мәңгүрттік кейіптен бір де танбай, бәріне де көз жұма қарап, бәріне де бас
шұлғи отырып, «құп, тақсыр» деп жүре берді. Оның нәтижесі не болғанын
жоғарыда айттық.
Бұдан шығатын қорытынды қандай? Термин, сөз жоқ, керек. Онсыз
ғылым дамымайды. Бірақ термин болғанда, басқа тілдерден сол күйінде
алына, қотарыла салынған, өзіміз де, өзгеміз де түсіне бермейтін жат
жұрттық терминдер емес, өз тіліміздің негізінде жасалған, ұлттық
тіліміздің табиғатына сай, ғылымдарымызға да, қарапайым халыққа да
түсінікті
терминдер
керек.
Терминдердің
қажеттілігі
де
осы
түсініліктігінде емес пе!
Достарыңызбен бөлісу: |