Байынқол Қалиұлы



Pdf көрінісі
бет64/64
Дата15.11.2023
өлшемі1,2 Mb.
#124166
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
Байынқол Қалиев

минұт
немесе 
мүйнет 
деп атайды. Елді 
үркіту үшін «мөнөт» сөзін Жаңақұловтың өзі ойлап тапқан болуы керек. 
Жарайды-ақ, «сауатсыз болғандықтан» ата-бабаларымыз орыстың 
«минута» сөзін мөнөт деп айтты делік. Қалай болған күнде де, олар қазақ 
тіліне бір жаңа сөз қосты ғой. Ал «сауатты» Т.Жаңақұлов жолдас өзі өз 
болып қазақ тіліне қазақша бір сөз қосты ма екен? Жоқ, қосқан жоқ. Қоса да 
алмайды. Егер қосқан болса, ол баяғыда-ақ көк езуленіп, «мен қазақ тіліне 
мынандай қазақша сөз қостым» деп, өзінің всевдопартиот емес, нағыз 
патриот екегдігін дәлелдеп баққан болар еді.
Профессордың білгішсінуінше, орыс диаспорасының ұйымы – 
«Единствоны» бізге «Бірлік» деп айтуға болмайтын көрінеді. Олай деп 
айтсақ, «мұның мәнін басқа этностың өкілі түгілі негізі қазақ біз де түсіне 
алмайды» екенбіз. «Мұндай қолдан күрделендірілген сөздер мемлекеттік 
тіліміздің көсегесін көгертеді деп айту қиын» екен. Ал оны «Единство» деп 
айтсақ, мемлекеттік тіліміздің көсегесі көгеріп шыға келеді екен (Мұнай да 
сорақылық болады екен – Б.Қ.). 
Мақала иесі бұдан да тереңдеп: «Елімізде (?) қолданыстан шығып, 
анахронизмге айналған сөздерді пайдаланып, өзімізді және басқа ұлт 
өкілдерінің басын қатырып шатыстырудамыз. Біздің мақсат – кез келген 
терминдер араласқан мемлекеттік тілде материалдарды басқа ұлттың 
өкілдерінің қызғышылығын тудыратындай етіп еркін сөйлеу дәрежесіне 
жеткізу болып табылады», - деп жазады. 
Бұл үзіндіде кемінде екі түрлі кемшілік бар. Біріншісі – «анахронизм» 
сөзінің дұрыс қолданылмағандығы (Анахронизм – anacһronismos деген грек 
сөзі. Мағынасы – «бір заманда болған оқиғаны қателесіп, екінші бір заманға 
апару» дегенді білдереді – Б.Қ.). «Қолданыстан шығып» дегеніне қарағанда 
Т.Жаңақұлов 
анахронизм
дегенді 
архаизм
(көнерген сөз) терминімен 
шатастырып алған болу керек.Әйтпесе бұл сөздің көрсетілген мәтінде 
қолданылатын жөні жоқ.
Екінші кемшілік – «кез келген терминдер араласқан мемелекеттік тіл» 
деген ұғымның түсініксіздігі. Егер онда «кез келген терминдер араласып 
жүрсе», ол қалай мемелекеттік тіл бола алады? Қай елдің 
155 


мемлекеттік тілі болады?
Жарайды-ақ, «кез келген терминдер араласқан мемлекеттік тіл» болды 
делік. 
Алайда 
оны 
«материалдарды 
басқа 
ұлттың 
өкілдерінің 
қызығушылығын тудыратындай етіп еркін сөйлеу дәрежесіне» қалай 
жеткіземіз?
Мүлде түсініксіз. Мүмкін профессор мырза келесі бір мақаласында 
оларды бізге ацтып берер.
Т.Жаңақұлов: «Титулды ұлт (қазақ ұлты – Б.Қ.) әлі де болса ұлт болып 
қалыптаспаған» деген де пікір айтыпты (№42, 6). Тарихшы ғалымдар «қазақ 
халқының ұлт болып қалыптасықанына, мемлекет құрғанына бәлен ғасыр 
өтті» деп жазып жүр. Сонда олардың бұл жайды білмегені ме, жоқ, әлде 
жаңылғандары ма? Кімдікі дұрыс? Жаңақұлов айтқандай, қазақ халқы әлі де 
ұлт болып қалыптаспаса, онда біз «егемендік алдық», «жеке ел болдық», «өз 
алдына мемлекетпіз» деп несіне мәз болып жүрміз?! Бәрі де өтірік болды 
ғой?!
Т.Жаңақұлов өзінің жаңсақ пікірлерін шындай ғып айтып қана 
қоймайды екен, сонымен бірге, ол арасына өтірікті де қосып жібереді екен. 
Мысалы, ол былай деп жазады: «
Миграция
термині 3-4 мағынаны қамтиды: 
1) адамдардың, 2) жануарлардың, 3) геологиялық элементтердің судың, 
желдің, 4) капиталдың және т.б. (Мұндай болса, ол 4 мағына емес, 6 мағына 
болды ғой – Б.Қ.). Ал біз болсақ, осыншама ауқымы кең терминнің аясын 
тарылтып, адамдардың орын ауыстырып көшуіне ғана қолданып отырмыз», - 
дейді (42, 7). 
Жаңақұлов орыс тілін, сөз мағыналарын С.И.Ожеговтан артық білмейтін 
шығар. Біз С.И.Ожегов сөздігіне қарап едік, онда 
миграция 
сөзінің 
«переселение, перемещение» деген бір-ақ мағынасын беріпті (1990, 353). 
Сонда Т.Жаңақұлов мырза жоғарғы мағыналарды қайдан алып отыр? 
Ең жаманы осындай пікірлердің бәрін Т.Жаңақұлов халық атынан 
айтады; президенттің атын жамылып отырып баяндайды. Сол арқылы өзінің 
жымысқа пиғылын жүзеге асырғысы келеді. Бір ғана мақалада «Елбасы» 
деген сөзді 17 рет қайталағанына қарағанда Жаңақұлов өзінің арам ойын 
біреудің тасасына тығылып тұрып жүзеге асыруды баяғыда-ақ меңгеріп алған 
тәрізді.
Көп соза бермей (олсыз дасозылып кетті) ойымызды қорытайық.
156 


1. Т.Жаңақұлов мырзаның қорытындысы:
Латын, грек, орыс тілдерінен алынып, Еуропа тілдерінің бәріне сіңісті 
болып кеткен терминдерді қозғаудың (яғни қазақшаға аударудың) қажеті 
жоқ. Оларды аударсақ, онда 1) түсініксіздік туады, 2) ұлт дамымай қалады, 3) 
мемлекттік тілдің мәртебесіне нұқсан келеді, 4) әлемдік тілдік прогрестен 
қалып қоямыз, 5) қазақ тілі оқшауланып қалады, 6) солтүстік көшімізден 
(Ресейден) іргеміз алыстап кетеді (кіндігіміз ажырап қалады), 7) мемлекеттік 
тілді үйренгісі келетін басқа этнос өкілдері мен асфальтта туғандар қазақ 
тілін үйренбей қояды т.б. 
2. Біздің қорытындымыз:
1) Кеңестік теріс саясаттың салдарынан қазақ тіліне зорлықпен 
ендірілген, орыс тілінде қалай айтылса, бізге де солай айтқызып, жазғызып 
жүрген 100 мың сөздің аударуға келгендерін қазақшаға аударайық; аударуға 
келмегендерінің орнына қазақша жаңа сөз жасалық. 
2) Тіпті болмаса басқа халықтар құсап, оларды (халықаралық 
терминдерді) өз тіліміздің дыбыстау заңдылықтарына бағындырып, 
қолданалық. Мәселен, латының 
terminus
деген сөзін орыстар 
термин
деп 
өзгертіп алды ғой. Осы сөзді қазақ тілінің дыбыстау заңдылығына сәйкес 
термін
деп айтсақ және солай жазсақ, ол қазақ сөзі болып шығады.
Қалайда қазақ тілінде қолданылып келген, тегі бөтін 100 мың сөздің 
бәрін болмаса да көпшілігін қазақшалауымыз қажет. 
3) Кеңес үкіметі өмір сүрген 70-80 жыл ішінде ендіріліп үлгерген 100 
мың сөздің бәрін бірден жаппай аудару керек дегенді ешкім, ешқашан айтқан 
емес; айтпайды да. Өйткені ол біртіндеп істелетін, байыппен сарапталатын іс.
4) Латын, грек тілдерінен енген терминдерді қазақшалайық: 
аударылатындарын аударайық, адударылмайтындарының орнына қазақ 
тілінің сөзжасам тәсілдерінің бірімен қазақша жаңа сөз жасалық деушілер – 
Т.Жаңақұлов айтқандай псевдопатриоттар емес, нағыз патриоттар; олар ұлт 
тілінің жанашырлары мен қамқоршылары.
5) Егер терминдерді қазақша жасасақ, қазақ тілінің сөздік құрамы шын 
мәнінде байи түседі. 
Т.Жаңақұловтың бір ғана дұрыс жері бар. Ол – оның «қазақ тілі 
157 
тар жол, тайғақ кешу процесін бастан кешіруде» деген сөзі. Олай болса, дәл 
осындай тар жол, тайғақ кешу кезінде қазақ тілінің жолын кесіп, оған кедергі 
жасап жүргендер кімдер? 


Олар – ұлттық намысы жоқ, орыстың оқуы мен үгіт-насихаты өтіп 
кеткен 
Т.Жаңақұлов, 
Ж.Доспанбетов 
секілді 
өзіміздің 
қансыз 
қандастарымыз. 
Сөз бен терминнің ара жігін ажырата алмайтын, термин дегеннің не 
екенінен хабары жоқ, оны былай қойғанда, өз ойын қазақ тілінде дұрыстап, 
түсінікті тілде жеткізе елмайтын адамдардың тілден, термин мәселесінен 
алысырақ жүргені абзал. Халық «қолың көтере алмайтын шоқпарды 
тақымыңа қыстырма» , «батпайтын жерге тұмсығыңды тықпа» демеуші ме 
еді?! 
Сәлеммен: Байынқол Қалиұлы 
ҚР Мемлекеттік терминология комиссиясының мүшесі 
(Мақала баспада жатыр) 
158 


МАЗМҰНЫ 
Алғы сөз 

Қазақтың төл терминологиясы қашан жасалады? 

Термин және терминком жайында бірер ой

Шет тілі терминдерін қалай қабылдап жүрміз? 
14 
«Жанұя» емес, «отбасы» 
18 
Біздің де қосар пікіріміз бар 
23 
Жат сөздер жағадан ала бермесін 
25 
Термин және тіл мәдениеті 
33 
Терминді тілге тиек етсек 
37 
Термин тағдыры да ойыншық емес! 
42 
Тағы да ғылыми терминдерді аудару туралы 
47 
Термин сөздердің жазылуы 
48 
Қазақ сөзіне (терминдеріне) қауіп төніп тұр! 
52 
Терминология және тіл мәдениеті 
53 
Тіл білімі терминдерінің тақырыптық, түсіндірмелі және оқулық
сөздігін жасау ұстанымдары 
59 
Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ терминдері 
67 
Терминжасам туралы кейбір ойлар 
74 
Қазақ тілі терминдері және оларға қойылатын талаптар 
79 
Қазақ терминдерінің жасалуы жайында 
87 
Қазақ терминдерін жасау мен реттеудің және оны 
қалыптастырудың кейбір мәселелері 
93 
Мемлекеттік тіл және оның терминологиясы 
99 
Қазақ терминдеріне қамқорлық қажет 
105 
Қазақша термин жасау мен қалыптастырудағы БАҚ-тың рөлі 
109 
Екі тілдік терминологиялық сөздіктер керек пе? 
116 
Қазақ терминдері: кеше, бүгін және ертең 
119 
Сөзжасамдық терминдер жөнінде 
124 
Тіл білімі терминдерін біріздендіру 
130 
«Фразеологиялық оралым» термині жөнінде 
136 
Жеті рет өлшеп, бір рет кесейік 
141 
Сіз термин дегеннің не екенін білесіз бе? 
144 
159 


Ғылыми басылым 
Байынқол Қалиұлы 
 
 
Қазақ терминтанымының өзекті мәселелері 
(Мақалалар жинағы) 
Компьютерге терген – 
Қалиева Раушан Байынқолқызы
Басылымға 30.05.08 ж. қол қойылды. Пішімі 60 x 84. 1/16. 
Офсеттік басылым. Көлемі 10 баспа табақ. Таралымы 500 дана. 
«Әлішер» баспасында басылды. 
160 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет