отырып аламыз. «Неге? Не үшін? Оның өажеті қанша еді?»
- деген
мәселелердің төңірегінде ойлана да қоймаймыз.
Шындығына жүгінсек, оның «қажеттігі» - тағы да сол жалтақтық пен
жағымпаздықта. Әйтпесе жоғарыдағы сөздерді неге орыс тіліндегідей
аукцион, автономия
деп айтуға, жазуға тиістіміз?! Оларды тіліміздің ішкі
заңдылығына қайшы келмейтіндей етіп,
ауксион, аптономия
деп қазақша
айтуға және солай жазуға болмас па еді? Сөз жоқ, болатын еді. Бірақ
болатынды
болдырмағандығымыздың
кесірінен
тілдік
қорымыз
дыбысталуы бөтен, бөгде сөздерге толып кетті.
Бұл жөнінде халық қамы үшін жанын пид еткен арыстарымыздың
бірі – Халел Досмұхамедұлы өзінің 1924
жылы Ташкент қаласында
шыққан «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» деген кітабында
былай деп жазыпты: «Осы күнгі қазақтың әдебиетінде шеттен кірген
сөздер көбейіп кетті. Төңкерістен соңғы шыққан журнал-газеталардың іші
толған жат сөз....Елдің тілі бұзылуына ең алдымен оқығандары себеп
болады. Бұлар жат әсерлерге бағынғыш келіп, ана тілін өзгертіге жол
басшы болады. Оқығандар өзіне ылайық әдебиет тілі деген тіл түзейді.
Түзеген жаңа тілін ел ішіне жая бастайды, көбіне зорлап кіргізеді»
(Х.Досмұхамедұлы, «Аламан», 1991, 82, 91-беттер).
Бұл, әрине, 1924 жылдардағы жағдай. Ал қазір не?
Қазір одан әрі
болмаса, бері емес. Ғалымдарымыздың есептеуі бойынша, тілімізде
қазірдің өзінде жүз мыңнан аса термин сөздер бар көрінеді. Сол жүз мың
терминнің 70-80 пайызы орыс тілінде қалай айтылып, қалай жазылса, қазақ
тілінде де солай айтылып, солай жазылып жүр екен. Соның салдары болуы
керек, бұл күнде тіліміздің алтын қазығы – сингармонизм (сөз ішіндегі
дауысты дыбыстардың үндесуі) заңы бұзылып, бір сөздің ішінде жуан,
жіңішке дауыстылар қатар айтылатын болды. Ана тілімізде жоқ дыбыстар
қолданылып, тіліміздің сөйлеу машығы өзгере бастады. Егер аталған
құбылыс алдағы уақытта да осы бағытпен кете берсе, қазақ тілі көп ұзамай
өзіндік ерекшелігінен айырылып қалары сөзсіз.
Олай болса, осы теріс
құбылысы одан әрі асқындырмас үшін, ендігі жерде не істеуіміз керек?
15
Ол үшін, ең алдымен, терминге, терминологияға деген бұған дейінгі
қасаң көзқарасымызды өзгертуіміз керек. Жасыратын не бар, бұған дейін
біз термин деп тек орыс тілінен жіне орыс тілі арқылы Еуропа тілдерінен
енген сөздерді ғана атап, соларды ғана дәріптеп келдік. «Термин жасауда
тілдің ішкі мүмкіндігі мейілінше пайдалануы керек»
деген қағиданы тек
сөз жүзінде ғана қайталағанымыз болмаса, іс жүзінде «советизмдер мен
интернационализмдерді
қазақшаға
аударуға
болмайды»
деген
теориясымақты, немесе «қазақ тілі – кедей тіл, ол орысша терминдердің
мағынасын бере алмайды» деген өмір тәжірибесінен аулақ, көз бетперде
етіп, мүмкіндігінше қазақша термин жасамауға тырыстық.
Егер ана тілімізді қадірлейміз,
қастерлейміз десек, оның өзіндік
ерекшелігін келер ұрпаққа бұзбай жаеткізгіміз келсе, бұдан былай қазақ
тілінің терминдрін де қазақша жасағанымыз абзал. Осы жолда мүмкін
болған жолдардың бәрін де пайдаланғанымыз жөн. Айталық, оның ең
бірінші жолы деп біз орысша терминдердің қазақ тіліндегі баламаларын
іздеп табуды айтқан болар едік. Тілімізден ондай баламалар табылмаса,
онда қазақ тілінің сөзжасам жүйесіне сүйене отырып, керекті терминдерді
мамандардың өздері қолдан жасап алуларына болады.
Бұл да болмаған
жағдайда орысша терминдерді калькалау жолымен қазақша аудару қажет.
Ал осылардың бірі де мүмкін болмаса ше? Онда әлгі шет тілі терминдерін
тілімізге амал жоқ қабылдауға тура келеді.
Бұл жерде басын аша кететін бір жай: баз «шет тілі терминдерін
тілімізге қабылдауға болады» дегенді айтқанда оларды бұған дейінгідей
айтылуы да, жазылуы да орыс тілінде қалай болса, сол қалпында өзгеріссіз
қабылдауды айтып отырғанымыз жөн. Біз мұнда әлгі шет тілі терминдерін
дыбысталуы жағынан тіліміздің ішкі заңдылықтарына бағындырып барып,
соған сай өзгертіп, содан кейін ғана қабылдауды айтып отырмыз.
Тілдің ішкі заңдылықтарына сай өзгерту деп біз мыналарды айтамыз:
ол – біріншіден, терминдердің құрамындағы әрбір дыбыстың қазақша
дыбысталуы, яғни жат дыбыстардың әліпби құрамынан шығарылып
тасталуы, екіншіден, сөз ішінде екі не одан
16
көп дауыссыз дыбыстардың қатар тұрмауы (дауысты дыбыстар да солай),
үшіншіден, қазақша айтылған әлгі орысша
термин сөздердің ішіндегі
дыбыстардың сингармонизм заңы бойынша бір-бірімен үндесіп, үйлесіп
келуі, т.б.
Мысал келтірейін. Орыс тіліндегі
альбом, диффуз, объект, станция,
сюжет
деген сияқты терминдердің қазақша баламалары жоқ
болғандықтан оларды термин ретінде сол күйінде қабылдауға тура келді
делік. Ол үшін аталған сөздерді ең алдымен тіліміздің дыбысталу
заңдылығына сай өзгертіп алуымыз керек. Сонда жоғарыдағы сөздер:
әлбөм, дипұз, әбиекті, ыстанса, сүужет
болып дыбысталады. Себебі
қазақ тілінде
Достарыңызбен бөлісу: