Байынқол Қалиұлы



Pdf көрінісі
бет2/64
Дата15.11.2023
өлшемі1,2 Mb.
#124166
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
Байынқол Қалиев

А 4602020405 
00(05) – 07 
 
 
 
 
ББК 81.2. Каз.99 
® Қалиұлы Б.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


АЛҒЫ СӨЗ 
Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының «Түсіндірме 
сөздік» бөлімінде жетекші ғылыми қызметкер болып істеп жүріп, «Қазақ 
тілінің он томдық түсіндірме сөздігі» біткеннен кейін, мен 1991 жылы 
осы 
институтының 
Терминология 
бөліміне 
меңгеруші 
болып 
тағайындалдым. Бұрын терминология мәселесімен айналыспағандықтан 
бөлімге келе салысымен «термин дегеніміз не?», «оның теориялық 
қағидалары қандай?»деген сұрақтарға жауап іздеу мақсатында 
кітапханаларда бар терминологиялық әдебиеттердің басты-бастыларының 
бәрін оқып шығып, конспект жасадым (Сонда жазылған қалың 
дәптерлердің алты-жетеуіөзімде әлі бар). Термин мәселесінің ұнғыл-
шұңғылына көңіл қойдым, іздендім, зерттедім. Әр түрлі қарапайым 
эксперименттер де жасап көрдім. 
Сөйтіп, біртіндеп терминология міселесіне байланысты мақала 
жазатын деңгейге де жеттім. Біраз уақыттан кейін басқа қызметке ауысып 
кетуіме байланысты терминологиялық ізденістерім аздап саябырсып 
қалды. Бірақ оны ешқашан тоқтатқан емеспін, қазірге дейін үздіксіз 
жалғастырып келемін.
Міне, содан бері 18 жылдай уақыт өтіпті. Осы 18 жылдың ішінде 
мен қазақ терминіне, терминтанымға байланысты 40-тан астам ғылыми
ғылыми-көпшілік мақалалар жазып бастырыппын. Термин жайында 
жинақталған ғылым-білімімді, тәжірибелерімді қорытып, «Қазақ 
терминтанымының өзекті мәселелері» деген тақырыпта монографиялық 
еңбек жазу жоспарымда бар еді, уақыттың тапшылығына байланысты ол 
ойымды жүзеге асыра алмадым. Оның үстіне жас та таянып қалды. 
Денсаулық та сыр бере бастады. Сондықтан термин мәселелсіне қатысты 
бұған дейінгі жазып бастрыған ғылыми мақалаларымның негізгілерін 
жинақ етіп, жоғарыдағы атпен оларды бір жерге топтастырғанды жөн 
көрдім. 
Әрине, бір қана кітапқа терминтаным мәселелеріне арналған 
мақалаларымның бәрін сыйғызу мүмкін емес. Сол себепті жинаққа 
олардың ішіндегі негізгілерін ғана, онда да өзекті болып табылған 29-ын 
ғана ендіріп отырмын. 
Шынтуайтқа келгенде,қазақ терминтанымы – қазақ тіл білімінің 
басты салаларының бірі және негізгісі. 



Бұл мәселе Қазақстанда сонау 1933 жылдан бастау алғанмен
аталған сала бізде әлі күнге дейін кенжелеп келе жатыр. Оның бірден 
бірсбебеі – терминтанымның о бастан-ақ саясаттанып кеткендігінен болар 
деп ойлаймын. 
Кеңес үкіметі кезінде терминология ғылымтанымдық емес, 
идеологиялық, саяси, әлеуметтік қызмет атқарды. Терминология 
«теоретиктерінің» көкейінде қазақ ғылымын ұлттық негізде дамыту емес, 
керісінше, «қайтсек қазаұ тілін жойып, қазақ халқын орыс тіліне 
көшіреміз, қайтсек қазақ халқын құртып, оны орыс халқына 
айналдырамыз» деген арам ой, жымысқы пиғыл жатты.
Сондықтан болар, қазақ ғалымдарының көпшілігі термин міселесіне 
сезіктене, сескене қарады. Сескенбегендер оған белсене араласып, 
Қазақстанда 
қазақша 
терминдерді 
емес, 
орысша 
терминдерді 
қалыптастыруға барынша күш салды. А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов,
Е.Омаров, Т.Шонанов, Қ.Кемеңгеровтерден басқалардың ешқайсысы 
қазақша термин жасауға шын ниетпен кіріспеді. 
Тек егемендік алғаннан кейін ғана біраз ғалымдар әр түрлі ғылым 
салалары бойынша қазақша термин жасауға шындап кірісіп жүр. 
Олардың қатарында Қ.Жарықбаев (психология терминдері), С.Ақаев 
(химия терминдері), Ш.Біләлов (математика терминдер), А.Тұрым
(ақапартатану және есептеу техникасы терминдері), М.Ахмат-Төре 
(медицина терминдері) сиқты біраз ұлтжанды азаматтар бар. 
Қазіргі кезде қазақша термин жасау ісімен тұрақты түрде айналысып 
жүрген шынайы ғалымдардың саны тым аз. Ондайлардың көпшілігі 
қазақша термин жасағаннан гөрі, оның орнына бұрынғысынша шетел 
сөздерін (латын, грек, ағылшын, француз, неміс, орыс, т.б.) ала салуды 
қолайлы көреді. Егемендік алғанымызға 17 жыл өтсе де, қазақша термин 
жасау ісінің әлі күнге дейін мандымай жүргендігінің сыры, міне, осында 
жатса керек. 
Ұлт тілінің дамуы, ұлттық терминологияның жасалуы – ұлт мәселесі. 
Ұлт мәселесі – сайып келгенде, ұлт үшін күрес деген сөз. Ұлт үшін күрес 
ешқашан тоқталмақ емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет