Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша


бұл мұғалімнің психологиялық ерекшеліктері;  



Pdf көрінісі
бет144/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   161
Байланысты:
Пед псих

 
бұл мұғалімнің психологиялық ерекшеліктері; 

 
оқыту процесінің заңдылықтары; 

 
оқушы тұлғасының ерекшелігі; 

 
жалпы сыныптың психологиялық ерекшеліктері мен заңдылықтары; 

 
мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынас заңдылықтары, психологиялық ерекшеліктері.
Сабақтың сапалы да нәтижелі өтуі, көбінесе, мұғалімнің өзінің және басқалардың 
жетістіктері мен кемшіліктерін дұрыс талдай алуына байланысты. Өз жұмысын талдауды 
мұғалімнің сабақ өткізе салысымен және келесі сабақтың алдында, яғни сабақтың 
конспектісінің негізі дайын болған кезде жүргізуі тиімді. Өйткені сол кезде мұғалім өткен 
нәтижелеріне сүйене отырып, келесі сабаққа дайындығы кезінде жіберген 
олқылықтарының барлығы-ның ескерілуін ойластырады. Өзін-өзі бағалау да өткен 
сабақты талдауға негізделеді, яғни мұғалім жасаған жоспарын тағы қайтара талдап, 
сәтсіздіктерінің себебін табуға тырысып, дидактикалық тұрғыдан ұтымды тұстарын 
қайталауға тырысады. Педагогикалық іс-әрекет ретінде өзінің мінез-құлқын, күшті және 
әлсіз жақтарын ұғыну – мұғалімнің пәндік-тұлғалық рефлексия мен проективті 
қабілеттерінің көрінісі және нәтижесі болып табылады.
Қазіргі сабақты саралаудың негізгі түрлері: 

қысқа; 

құрылымдық; 

аспектілік; 

толықтай; 

кешенді. 


98 
 
Қысқа саралау

сабақтан кейін өткізіледі және соңғы шешім болып табылмайды. 
Сабақты бақылай отырып саралаушы болжам-далған мақсат, міндеттерді іске асырылған 
мақсат-міндеттермен салыстырады. 
 
Құрылымдық саралау
– барлық саралаудың негізі және ол қысқа саралаудан кейін жүреді. 
Сабақтың құрылымдық элементтерінің жүйелілігінің логикалық бірізділігін анықтап, 
сабақтың доминантты кезеңдерін бөліп алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет