115
1208 нұсқа
1-мәтін
I.
Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың
жылқы
ішіндегі әсерлі де әсем дауыстары жез қоңыраудай шіңгір-шіңгір кісінеген жас
құлындар қарақұлақ бола бастағанда, оларға түбіт араласқан жұмсақ жүнисін есіліп
жасалған иоқталар салынып, тиектер орнатылып, ұзақ тартылған желілерге үзбелі
күміс түймелердей қаз-қатар тізіліп байланады. Мұнда жүздсген құлын ноқталанып,
бие сауылады. Биені сауушы, сауғызушы болып, 2-ден 20-30 адамға дейін болады.
II.
Қазак ауылы алғаш бие байлаған кезде, төңірек басын шақырып, кейдс мал сойып
немесс қыстан қалған сүрлсрмен тағы басқа да
жылы-жұмсақтарын дайындап, ауыл
адамдарыкың басын косып, «бие бау», «желі байлар», «қымызмұрындық» тойын
өткізеді. Бұл кезде желі қазыққа, айғырдың
сауырына май жағып, жақсы тілек білдіріп,
мәре-сәре болып, думандатып, бие сауынын бастайды.
1.
Бне байларда қандай ырым
жасалады?
А) Желіге құлын байланады.
B)
Жұмсақ жүннен ноқта жасалады.
C)
Қыстан қалған сүрді пісіреді.
D)
«Қымызмұрындмқ» тонын өткізеді.
Е) Желі қазыққа, айғырдың сауырына
май жатылады,
2.
Мәтіннің бірінші бөліміне
лайықты тақырып
A)
Бие байлау
B)
Жүннен есілгсн ноқталар
C)
Жас құлындар
D)
Тартылған желілер
Е) Ноқталанған құлындар
2-мәтін
Ғылым артық па әлде мал артык па?
Бір топ адам бірде Әзірет Әлі шешенге келіп: «Бір сұрак берейік, егер шын
саңлақ
болсаң, он түрлі жауап тауып сөйле»,- дейді. Сонымен жаңагылар Әтірет Әлі шешенге;
-
Ғылым артық па, әлде мал артық па? - деп оқыстан сұрақ қойыпты.
Сол мезетте шешен:
-
Біріншіден, ғылым артык. Өйткені ғылым - әулие-әнбиелердің мирасы; ал мал -
перғауын мен Қарынбайдың мирасы. Екіншіден, ғылым сені сақтайды, ал малды сен
сақтайсың. Үшіншіден. ғылымның
досы көп, ал малдың дұшпаны көп. Төртіншіден,
ғылымды жұмсасаң, арта береді, малды жұмсасаң, азая береді. Бесіншіден, ғылым саған
кұрметті
атақ береді, ал мал сараң деген атақ береді. Алтыншыдан, ғылым өзін-өзі
сақтайды, ал малды үнемі бағып, кағу керек. Жетіншіден. ғылым қиямет күні иесіне
шапағатын қылғызады, ал мал иесіне қисапсыз жауап бергізеді. Сегізіншіден
ғылым
тозбайды, жоғалмайды. Ал мал болса, қолдың кірі, өледі, жоғалады. Тоғызыншы,
ғылым көңілді нұрландырады, адамға
акыл-ой қосады, ал мал масаттандырады, болған
устіне бола берсе екен деп дүниеқоңыз етеді. Оныншыдан, ғылым қудайға зәһәт,
таупиық гибадат қылады, ал мал өз иесінің кеңіліне тәкаппарлық салады. - деп
тапқырлықтанылыпты.
Достарыңызбен бөлісу: