Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл Фарибидің даналық негіздері


Әл-Фарабидің философиялық көзқарасы



Pdf көрінісі
бет36/42
Дата24.11.2023
өлшемі1,53 Mb.
#125621
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42
Байланысты:
sbornik-l-farabi-2019-

Әл-Фарабидің философиялық көзқарасы
. Әбу Насыр Әл-Фараби Мухаммед 
ибн Тархан (870 ж Сырдариядағы Фараб қаласында дүниеге келіп, 950 ж. Дамаскіде 
дүниеден озады) – Шығыс философы, ғалым-энциклопедист, шығыс аристотелизмінің 
аса ірі өкілі. Аристотель мен Платонды зерттеуші және толықтырып жалғастырушы 
(Әлемнің «Екінші ұстазы» деген атағы осыдан шыққан). Фараби ғылымды көбінесе өз 
бетінше меңгеріп, аса зор табандылық көрсеткен, орасан мол табыстарға жеткен адам. 
Ол, әсіресе, грек ғылымы мен философиясын, ең әуелі Аристотельдің бай мұрасын 
игеруді қолға алған. Мұнда ол аса үлкен шыдамдылық пен ыждаһаттылық көрсетеді. 
Бір аңыз бойынша, ол Аристотельдің “Жан туралы” дейтін еңбегін жүз рет, “Табиғи 
гармониясын” қырық рет, “Риторикасын” екі жүз рет оқыған көрінеді. Негізгі 
шығармалары: 
«Философиялық 
трактаттар», 
«Математикалық 
трактаттар», 
«Әлеуметтік-эстетикалық трактаттар», «Қайырымды қала тұрғындары», т.б [2]. Әл-
Фарабидің қатардағы адамдарға философия ақиқаты, оның асқақ әулие бейнесіндегі 
кемеңгер философтар «Қайырымды қала» туралы ілімі жарияланды. Бақытқа жетудің 
негізгі көзі – қайырымдылық жасауда деп қарастырады. Тек қана қайырымдылық 
жасауға бейім адамдар ғана жамандық атаулыдан пәк болады, соған байланысты олар 
бақытты, уайымсыз ғұмыр кешеді деген тұжырымға келген.
Әл-Фараби Ибн Синаға, Ибн Туфейлге, Ибн-Рушдке, сондай-ақ Батыс 
Еуропаның Философиясы мен ғылымына ықпал етті. Фараби «Ізгі қала тұрғындарының 


108 
көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде 
айтылатын ойларын «өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелейді. 
Адам жанына (интеллект), оның ішкі және сыртқы сезім мүшелеріне талдау бергенде 
жүрекке үнемі шешуші мән беріп, ерекше даралай көрсетіп отырады. Жалпы жан қуаты 
жөніндегі танымға бұлай қарау перепатетиктер мектебіндегілерге тән құбылыс. Бұл 
жөнінде Фараби мен Абайдың ой қорытулары сабақтас, өзара іліктес келеді [3].
«Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан 
кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес» ( Әбу-Насыр-
әл-Фараби) [2]. 
Фараби «Табиғат ғылымдарының негіздері» (космогония) жайлы еңбегінде 
жалпы хакасқа, әсіресе, оның хауаси хамса заһири деп аталатын сыртқы сезім 
мүшелеріне ерекше назар аударған. Фарабидің қоршаған орта болмысының сырын 
тануда басты орын алатын сезім мүшелері - хауаси хамса жайлы Фарабидің «Ақыл 
дегеніміз тәжірибеден басқа ешнәрсе де емес» деген ой желісімен өзектес келеді [3].
Әл-Фараби жан қуатын қозғалттыратын қуат және танып білетін қуат деп екіге бөліп, 
адам бойындағы танып білетін қуатты ішкі және сыртқы жан қуаты ретінде 
қарастырады. Фараби жан қуаты жөнінде өзіндік соны ойлар желісін таратқанда, 
оларды өсімдік жаны, хайуан жаны, адам жаны деп үшке жіктеп, таным процесін адам 
жанына тән тума қасиет ретінде қарастырады. 
Фараби 
философия 
саласы бойынша 
грек 
ойшылы Аристотельдің 
"Категориялар", "Метафизика", "Герменевтика" мен "Софистикасына" түсініктемелер 
жазды. Ол еңбектері күні бүгінге дейін де мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Сөйтіп, Фараби 
Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін таныстыруда үлкен рөл атқарды. 
Араб шығысында Аристотельдің кейбір құнды ойлары бұрмаланып көрсетілді. 
Бірақ көп еңбектері аударылмағандықтан ұлы грек философының ойын түсіну қиын 
болды. Сондықган да көп тілдерді жетік білген ұлы ғалым Аристотель шығармаларына 
араб тілінде түсіңдірме жазуды ұйғарды. Сөйтіп, ол ұлы философтың мұраларын 
жаңсақ пікірлерден тазартып, өз қалпында дұрыс түсіндіре біліп, өзінің бірінші ұстазға 
деген ғылым саласындағы үлкен адамгершілік, азаматтық, іс-әрекетін таныта білді. 
Сондықтан да шығыс философтары оны "Ал муаллим ас-сани"— екінші ұстаз деп 
атаған. Фараби Аристотельдін философиясына түсініктемелер жаза отырып, өз 
тарапынан да "Ғылымдардың шығуы", "Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбесі", 
"Ізгі қала түрғындарының көзқарасы", "Музыканың үлкен кітабы", "Философияны 
аңсап үйрену үшін алдын ала не білу қажеттігі жайлы", "Ақылдың мәні туралы", 
"Әлеуметтік этикалық трактаттар", "Философиялық трактаттар", т. б. сияқты көптеген 
философиялық еңбектер жазған[4]. Фараби ғылымнын философиялық-логикалық 
іргетасын дұрыстап қайта қалап шықты. Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді. 
Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика, т. б, 
ғылымдар жайлы жазған енбектерінің мәні ерекше зор.
Фараби Аристотельдің логика ғылымын, шығармаларын оқу тәртібін келтіріп, 
оны жоғары бағалайды. Әл-Фараби философияны үйрену үшін ежелгі грек 
ойшылдарынан бастап өзіне дейінгі ғалымдардың ой-пікірлерін сарапқа салады да, 
соңында өз ойларын айтады. Фарабидің пікірінше, ғылым мен философия адамы болу 
үшін қойылатын ең бірінші талап — ол адамның жан тазалығы, ар тазалығы, бүкіл 
адамға, өз халқына деген таза махаббаты, ғылым мен білімге деген қалтқысыз 
құштарлығы мен берілгендігі. Бұл шарт орындалмаған күнде адам философияны 
үйрене алмайды, үйрете де алмайды деп көрсетеді. Әл-Фарабиді дүниеге танытқан 
музыка теориясына арналған шығармаларының бірі - "Музыканың үлкен кітабы" атты 
еңбегі [3]. Ғұлама бұл еңбекте математикалық тәсілдер пайдалану арқылы музыкалық 
дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Ол тек 


109 
музыка теориясын ғана жазып қоймай, музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол 
аспаптарда керемет ойнай да білген. Фарабидің бұл кітабы музыкалық дыбыстың 
сипаты мен құрылымынан бастап, музыканың поэзиямен байланысына дейінгі 
музыкалық ғылымның мәселелеріне ғана арналмай, музыканың эстетикалық-теориялық 
принциптерін шешуге бағытталған. Музыка зерттеу саласындағы еңбектерінде Фараби 
музыканың емдік қасиетін, жағымды әсерін жан-жақты дәлелдеді, сондай-ақ оның 
тәрбиелік мәні зор екенін баса айтты. Адамның музыка шығарудағы қабілеті 
дәрежесінің әр түрлі сатысын көрсетіп, адамның жан-дүниесіне жағымды, жағымсыз 
әсер ететін музыкалық жанрларға талдау жасады.
Қазақстан оқымыстыларының соңғы зерттеулері әл-Фарабидің жаратылыстану-
математика ғылымдары бойынша терең, сындарлы мұра қалдырғанын анықтап отыр. 
Бұл, әсіресе, оның математика, астрономия, физика, медицина, химия биология 
салалары бойынша жазған еңбектерінен айқын көрінеді. Ғұлама өзінің "Ғылымдардың 
шығуы туралы" атты трактатында табиғаттану ғылымдарының шығу төркінін, 
себептерін ашып көрсетуге тырысады. Оның пікірі бойынша, табиғат әуелде жаратқан 
бір Алланың құдіретті күшінен пайда болып, одан былай өз алдына дербес 
зандылықтарымен өмір сүрді.Өзге бөтен еш нәрсеге тәуелді емес. Жаратылыстың, 
болмыстың түп негізінде субстанция, акциденция жатыр. Оларды танып білу — 
ғылымдардың шығуының қайнар көзі. Субстанция, қазіргіше айтқандай, материя 
ұғымына жуық келеді. Ал акциденция — субстанцияның түрліше көрінісі. Осы 
көзқарасты негізге алып әл-Фараби арифметика, геометрия, астрономия, музыка, әр 
алуан жаратылыстану ғылымдарының қалай шыққанын және өзінше қалай дами 
бастағанын сипаттайды. Ғұламаның математикаға қатысты еңбектері: "Евклидке 
түсініктеме" геометриялық трактат, , "Музыканың үлкен кітабы", т.б. Ол математик 
ретінде өзара бір-бірімен тығыз байланысты үш бағытта зерттеулер жүргізіп, көрнекті 
жетістіктерге жеткен.
Олар:
1. математиканың әдістемелік мәселелері (математикалык ғылымдардың пәні, 
негізгі ұғымдарының, әдістерінің шығу тегі, т.б.); 
2. математиканың нақты проблемаларды шешуге қатысуы; 
3. математиканы астрономия, музыка, география, геометрия, т. б. ғылымдарға 
қолдану [5]. 
Әл-Фараби, әсіресе, математика философиясы, геометрия, тригонометрия 
салалары бойынша ірі жаңалықтар ашқан (алгебраның пәнін анықтау, салу есептерін 
бір жүйеге келтіру, синустар теоремасы, т. б.). Әл-Фарабидің медицина, биология 
ғылымдарына да үлкен мән бергені баршамызға мәлім. Ол, әсіресе, бұл ғылымдарды 
теориялық философиялық тұрғыда зерттеуге көп күш жұмсаған. Медицина жөнінде 
"Адам ағзалары жайлы Аристотельмен алшақтығы туралы Галенге карсы жазылған 
трактаттар", "Жануарлар ағзалары", "Темпераменттер туралы", т.б. еңбектер жазған, 
бұларда ол негізінен медицина ғылымының пәнін, міндет-мақсатын анықтап беруді 
көздейді. Бұл еңбектерден ұлы ғұлама Әбу-әли ибн Сина білім алған. Әл-Фарабидің 
бұлардан басқа көптеген философиялық және натурфилософиялық тұжырымдарында 
да жаратылыстану жайында айтылған бағалы ойлармен ғылыми қорытындылар 
кездесіп 
отырады.
Ғұламаның ғылыми-философиялық еңбектерін қайта карау барысында оның 
педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандығын көреміз.
Әл-Фараби өзінің "Риторика", "Поэзия өнері туралы", "Бақытқа жол сілтеу" 
туралы трактаттарында этикалык, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, 
сұлулық, бақыт, мейірбандық, білім ұғымдарының мән-мағынасын ашып, солардың 
негізін дәлелдеп берді. Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға 


110 
мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі 
тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандық ұғымы басты орын алады. Ғұламаның 
этикалық ойларынан адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік 
шыңы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Фараби жасаған 
қорытыңдының басты түйіні — білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде. 
Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін 
дәріптеді. Оның көркемдік, сұлулық туралы пікірі бойынша, көркемдік өмір 
шындығының өзіне тән қасиет. Көркемдік — адамның денесі мен рухани жан-
дүниесінің адамгершілік қасиетінің сұлулығын көрсететін белгі деп санады [6].
Фараби "Бақытқа жол сілтеу" трактатында бақытқа, оған жетуге бастайтын 
жолға айрықша назар аударады. Әл-Фараби өлгеннен кейінгі баянсыз бақыт туралы 
емес, тірі адамның бақыты туралы айтады. Оған жету үшін адам өзін-өзі жетілдіре 
отырып, қиын жолдан өтуі керек. Адамның табиғи қабілеті өздігінше жақсы қылықты 
да, жаман қылықты да істеуге бірдей мүмкіндік береді. Адамның жетілуі мінез-
құлықтың жетілуімен ұқсас келеді, осыдан келіп бақытқа жету мен мінез-кұлықтын 
жетілуі арасында байланыс туады [3]. "Бақытқа жол сілтеу" трактатында және 
басқаларда Әл-Фараби Аристотельдің әрекеттену мен қайырымды істердегі орта шама 
туралы пікірін дамытады. Фараби ұстамдылықты жақсы қасиет деп есептейді. Әл-
Фарабидің атап көрсетуінше, адам өзінің бақытқа жету жолын логикадан бастағаны 
жөн. Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өз кездеген мақсатына жетуі оның өзіне 
ғана байланысты екенін айтады.
Қорытындылай келе, адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға 
тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып білу арқылы жетіледі. Аристотель 
де Әл-Фараби да бұл жөнінде өз еңбектерінде талдап айтып кеткен. Олар адам міндетті 
түрде адал ниетті болу керек деп есептейді. Өйткені жақсы істер істеп, мұның төлеуін 
күтсе, адам бұл істерін жамандыққа айналдырады.
Әл-Фараби Аристотельдің 
пантеистік пікірлерін қайта қарастырып, оның еңбектеріне түсіндірме ретінде өз пікірін 
білдіретін еңбектерін жазды. Әлемнің ұлы ұстаздарының психологиялық 
тұжырымдарының ауқымы мен тереңдігі қай уақытта болмасын өз маңызын жоймақ 
емес. 
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Әбішев Қ.Ә, Әбжанов Т.Ы. Аристотель философиясы, Алматы: 
Жазушы, 2005ж 
2.
"Қазақ ойшылдарының еңбектеріндегі психологиялық идеялар” Нұрғалым 
К.С. Қ. Сәтбаев атындағы Қаз ҰТУ 2014 ж. 
3.
Әл-Фараби. Философиялық трактаттар, Қазақстан Ғылым Академиясының 
Философия және құқық институтының аудармасы 
4.
 
www.kazgazeta.kz 
5.
Таным теориясы және ғылым әдіснамасы А.Х.Қасымжанов 
6.
Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. 


111 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет