Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет87/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Жесір сұлудан дәмесі бар, ордада отырған ханның он ұлы бірдей Аққозыға 
көздерінің жанарын төге қарады. Аққозы да оларды жайбарақат бір шолып өтті. 
Ақырын жымиды. 
— Он ұлыңыз да алмас кездіктей бірінен-бірі өткен асыл! Таңдау да қиын, — 
деді ол сол жымиған қалпында, — әйтсе де хан ата, сізден бір тілегім бар... 
— Айт. 
— Орындайтын болсаңыз... айтайын. 
Хан ойлана сөйледі. 
— Орындалмайтын тілекті Аққозы келіннің өзі де сұрамас деп жоримын. Егер 
Сайбан шаңырағына кір келтірмейтін болса... 
— Жоқ, кір келтірмейді. Менің өтінішім абыройыңызға абырой қосады. 
— Тыңдалық онда. Айт. 
— Айтсам... — кенет Аққозы қойнынан қара құранды суырып алды. — Міне,
құран, хан ата, — деді ол. — Осы құранды басыма көтеріп тұрып өмір-бақи ерсіз 
өтуге ант етемін. Сізден өтінемін, антымды бұздырып қарғысыма қалмаңыз. 
Орақтың қалай өлгенін Аққозының естігенін хан бірден ұқты. Бір сәт он ұлын 
бір жылқышы құрлы көрмеген тәкаппар келінін антын бұзғызып, еріксіз 
аттастырып өшін де алмақшы болды. Әйткенменен, бұның бәрі хан үйіне кір 
келтіретінін ойлап Әбілқайыр: 
— Бердім тілегіңді, — деді басын жерден көтермей.
Жұмақ күнді дозаққа айналдырған, о сөлекет дүние! әттең, әттең, өмір-бақи 
ерсіз өтуді ант еткен Аққозы Орақтың тірі қалғанын білген жоқ. Бұл адам сенгісіз 
ғажайып оқиға еді. Тастай қараңғы түнде құйрығына байланған заттан үріккен 
Ақбақай тарсылдата жөңкіп шауып келе жатып, алдында жатқан қара суға күмп 
берген. Артындағы заты су жағасында өсіп тұрған жуан үйеңкі талдарға маталып, 
бөрте ат қорықты көл шетіндегі қалың шылға шырмалып не әрі, не бері жүре 
алмай қалған. Таңертең жылқы суаруға келген жылқышылар ұзын арқанға 
байланған, бет-аузының тамтығы жоқ, тек кеудесінде шығар-шықпас жаны бар 


95 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет