ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ»
26
Фразеологиялық оралымдар дегеніміз тұрақты тіркестердің
алдынан немесе соңынан келетін сөздердің фразеологизмдермен
оралымға, яғни, мағыналық және синтаксистік байланысқа түсуі.
Фразеологизмдердің оралымы басқа тілдік элементтермен тіркесімділігі
негізінде пайда болады.
Оралымды “орап алу”, “қамап алу”, “қоршап алу”
сөздерімен
түсіндіретін болсақ, қарапайым тіркесімділіктен мәні де мағынасы да
терең жатқандығы байқалады. Тіркесімділік бойынша тіл дыбыстары
болсын, сөздер болсын бірбірімен үйлесе де, үйлеспей де тіркеседі,
сонда оның аясы тарлау, тіркесу мүмкіндіктері шектеулі. Ал оралым
бойынша тіркесу қабілеттері, тіркесу мүмкіндіктерінің аясы кең.
Фразеологиялық оралым фразеологизмдердің мағыналық бір түрі
емес, ол – фразеологизмдердің қоршаған ортасы, яғни айналасындағы
сөздермен байланысына негізделеді. Фразеологиялық оралымның
жасалуына фразеологиялық тұтастық,
фразеологиялық бірлік,
фразеологиялық тізбек, фразеологиялық сөйлемшелер де қатысады.
Оралым фразеологизм мағынасының толық ашылуына көмектеседі.
Фразеологизм және онымен оралымға түсетін сөз оралым
мүшелері деп аталады, Субстантивтенген (заттанған), адъективтенген
(сын есімге айналған), етістік негізінде жасалған фразеологизмдер бір
қанатты оралым, ал үстеу негізіндегілер (адвербиалдық) көп қанатты
оралым жасай алады.
Фразеологизмдермен оралымға түсетін мүшенің санына
байланысты оралым типтері анықталады.
Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, егер фразеологизммен тіркесетін
мүшенің саны біреу болса, оны бір қанатты оралым; екеу болса, оны
екі қанатты оралым; фразеологизммен тіркесетін мүше саны үшеу
болса, оны үш қанатты оралым деп атаймыз.
Еркін қолданыстағы сөздер секілді
фразеологизмдер де өзге
сөздермен байланысқа түседі және сөздердің байланысынсыз жеке
(дербес) түрде қолданылмайды.
Тұрақты сөз тіркестерінің оралымдары белгілі бір сөз таптарына
және сөз топтарына қатысты болып келеді. Мысалы:
Оның
Достарыңызбен бөлісу: