Филологические науки


х  дыбыс­әрпін әліпбиімізге, яғни  “



Pdf көрінісі
бет30/160
Дата25.11.2023
өлшемі1,6 Mb.
#126523
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   160
Байланысты:
10-9-PB

х 
дыбыс­әрпін әліпбиімізге, яғни 

қ
” 
­ ға 
қосамжарлап енгізудің қаншалықты қажеті бар еді? Атам қазақ бұрын 
өз тілінде 
хат, халық, хабар, шаһар, қаһар, гауһар
т.б. деп айтпаған. 
“Қ”
дыбысымен айтқан
.
“Қазыр” да – қазақтың ауызекі тілінде, 
демек, тірі тілде мысалға келтірілген сөздер 
“х”, “һ” 
дыбыстарымен 
соншалықты айтыла бермейді.
Бұдан да басқа да қазақ тілінің “қазырғы” емлесінің кінәратты 
жақтары баршылық. Мәселен, оған екі түбір сөздің бірігуі арқылы 
жасалған сөздер мен аралас буынды сөздердің қалай жазылуын және 
рақмет, құрмет, мемлекет, ислам, медресе, сахна, мақрұм, ресми, 
тіпті
 емле
секілді т.б сөздердің құрамындағы қм, рм, сл, мл, см, др, хн, 
қр дыбыс тіркесімдерінің ара­жігіндегі 
ы/і
дыбыстарының жазылмай 
жүргенін, 
ләззәт, махаббат, күллі
сияқты т.б. сөздеріндегі қос 
дауыссыздардың (зз, бб, лл) біреуінің артық жазылып тұрғанын айтуға 
болады. 
Міне, осындай­осындай көптеген т.б. кемшіліктері бар қазақ тілінің 
“қазырғы” дыбыстық жүйесі мен “емілесі” (
емле
емес) әліппеден 
бастап оқытылып, тілі бесіктен қазақша шыққан қазақтың өзін тез 
орыстанып (қазақтың бәрі орысша “әксентсіз” сөйлейді!) кетуіне 
ықпал етіп жүр. 
Тілдегі өзгерістер мен жаңалықтар жайдан­жай пайда бола 
салмайды. Оны саяси­идеологиялық жағдайға сәйкес тілді 
тұтынушылардың еріксіз пайда болған түрлі қажеттілігі туғызады. 
Олардың түрлі қоғамдық іс­әрекеті барысында тілдің қолданылуы 
оның жүйесіндегі өзгерістердің шынайы сипатын байқатады. Тілдің 
қоғамдық қарым­қатынастық (коммуникативтік) қызметі әр тілдің 
өзіндік ерекшеліктерін айқындаумен қатар сол тілдердің тілдік 
құралдарының дәстүрлі қолданысына да әсер етеді.
Қоғамда болып жататын саяси­әлеуметтік мәні бар өзгерістер мен 
жаңалықтар өзімен бірге талай ұғым мен түсініктерді ала келеді. Жазу 
мәдениеті белгілі бір дәрежеде жоғары қалыптасқан ұлт жаңа ұғым­
түсініктерге дер шағында өз тілінде атау қояды немесе өзге тілдік 
сөздерді өз тілінің табиғи бітім­болмысына (фонетика­грамматикалық) 
сәйкестендіріп өзгертіп алады. 
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 35 - 44


ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ» 
42
Ал өзінің төл әліпбиі мен емле (жазу) ережелері, нормалары 
қалыптаса қоймаған ұлттың уақытша пайдаланып отырған әліпбиі 
(қазіргі біздің “орысша­қазақша” әліпбиіміз) арқылы хатқа түскен бөтен 
тілдік қоғамдық­саяси сөздер мен ғылыми аталымдар (терминдер) 
тіл бұзарлық әліпбидің кесерінен өзгеріске ұшырамай қолданыла 
береді. Сол себептен ұғым­түсініктердің атаулары алғашында қай 
тілден келсе, сол тілде жазылып­айтылатыны – төл әліпбиі мен емлесі 
қалыптаспаған қай тілге болсын тән құбылыс (қазақ тілі дыбыстық 
жүйесі әбден сараланып, толық қалыптасқан. Тек оған өзге тілдік 
дыбыстар зорлықпен енгізілген). 
Әйтсе де өзге тілдік сөздердің түр­тұлғасының өзгешелігіне, яғни 
лингвомәдениеттік таным­түсінікке қайшы келетіндігіне байланысты 
олардың бөтендігі әрдайым сезіліп тұрады. Себебі өзіндік жазу дәстүрі 
әлі қалыптаса қоймаған немесе кеш қалыптасқан тілдің де мыңдаған 
жыл бойы ауызша қалыптасқан әдеби тілінің табиғи бітім­болмысы, 
өзіндік заңдылығы мен жүйесі, сан ғасырлар бойы қалыптасқан әдеби 
нормасы басқа тілдің дыбыстары мен дыбыс тіркесімдерін (сөздерді) 
сол қалпында жазып­айтуды әрдайым жатырқап тұрады. Әрине, 
тілдегі бұл үрдіс оның дыбыстық жүйесіне өзгетілдік дыбыстар енбей, 
өзгетілдік дыбыстар мен дыбыс тіркесімдерінен тұратын өзгетілдік 
сөздермен сөздік құрамы әлі толықтай былғанып, бүліне қоймаған 
кезде анық байқалады. 
Осыны терең түсінген А. Байтұрсынұлы ХХ ғасырдың басында­
ақ, қазақтың ежелден ауызша қалыптасқан дыбыстық жүйесін 
негізге ала отырып, араб әліпбиіне негізделген бұрыннан келе 
жатқан ескіше жазуды түбегейлі өзгерту (реформалау) арқылы 
жаңа әліпби құрастырды. Оның жаңа әліпбиі қазақ тілінің 
дыбыстық жүйесіне негізделіп, тоғыз дауысты (а­ә, о­ө, ұ­ү, ы­і, 
е) және он тоғыз дауыссыз (б, п, д, т, г, ғ,қ, к, ж, з, ш, с, й, л, 
м, н, ң, р, у) дыбыстардан құралды. Сол себептен арабша әріп­
таңбалармен жазылып келген түркілік сөз үлгілері мен қалың 
жұртшылыққа түсініксіз араб­парсы сөздерінің бұрынғыша 
жазылуына тосқауыл қойылды. 
А. Байтұрсынұлының араб жазуын қазақ тіліне икемдеген 
нұсқасы сол кездегі мамандардың көпшілігінің көңілінен 
шығып, қалың қауымның ыстық ықыласына бөленді. Ал қазіргі 
уақыт тұрғысынан қарап бағаласақ, бұл әліпби туралы қазақ тіл 
білімінің көрінекті ғалымы, ф.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Р. 
Сыздық былай дейді: “А. Байтұрсыновтың араб жазуын қазақ тіліне 
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 35 - 44


ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
43
икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер қауымы 
ешбір дау­дамайсыз қабылдады. Себебі, Байтұрсыновтың алфавитке 
жасаған реформасы әрі қазақ тілінің табиғатына сүйеніп, әрі ғылыми 
негізде жасалған болатын” [6, 9 б.].
Демек, тіл арқылы ұлттық болмысты танып білу үшін немесе 
мәдениетаралық қарым­қатынас аспектілерінде қарым­қатынастық 
(коммуникативтік) біліктілікті қамтамасыз ету үшін қазақ тілі 
дыбыстық жүйесінің өзіндік ерекшелігіне де аса мән беру керек. 
“Қазақ тілі негізінен ауызша дамыды: қазақтың қанына ананың ақ 
сүтімен еніп, жан­жүрегін ананың үнімен тербетті, ауыл арасанда ер 
жетті, аттың жалы, түйенің қомында жетілді, жыр боп шалқып, нұр 
боп қалықтады” [7, 7 б.]. Сондықтан да өзгетілдік сөздерді (қоғамдық­
саяси лексика мен ғылыми аталымдарды) қазақ тілі Ресейдің боданында 
қалып, оның орыстандыру саясатына душар болғанға дейін өмір 
бақи өгейсіп, олармен күресіп, өз сөзіне айналдырумен өмір сүріп, 
жетіліп келген еді. Бұдан шығатын қорытынды, қазақ тіл білімінің тіл­
мәдениеттану (лингвомәдени) саласы бойынша зерттеулерді өрістете 
отырып, оның дыбыстық жүйесін лингвомәдениеттік тұрғыдан қайта 
қарауға мән беру керек.
ӘДЕБИЕТ
[1] Кунанбаева С.С. Современное иноязычное образование: методология и 
теории. – Алматы, 2005.
[2] Кунанбаева С.С., Иванова И.А., Кульгельдинова Т.А., Кармысова М.К. 
Языковое образование в условиях уровневого овладения языками триединства: 
теория и практика. Монография. – Алматы, 2014.
[3] Әлметова Ә.С. Үштұғырлы тіл саясаты // Айқын. – 2015. ­ № 228 (2860).
[4] Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992.
[5] Омарбеков С., Жүнісов Н. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. – Алматы: 
Мектеп, 1985.
[6] Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов (Өмірі мен қызметі туралы). ­ Алматы: 
Ана тілі, 1992.
[7] Сапархан М. Қазақ тілінің айтылым сөздігі. – Алматы: “Сөздік­словарь”, 
2001.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет