Күзем шай
– әрбір істің басталуы мен сәтті аяқталуын қазақ
атаусыз қалдырмайды. Мысалы, күзем алынып болған соң, әр үй бір
бірін шайға шақырып, дәм татырады [1, 142 б.].
Ауыз тиді
– бір үйге дәм үстінен келген адамға дәмнен ауыз тигізу.
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 25 - 34
ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
31
Бұл – ежелден қалыптасқан салт.
Қол кесер
– соғым союшыларға еттен берілетін сыбаға. Соғым
союшылар еңбегіне ақы сұрамайды, бірақ үй иесі құр қол жібермей,
қол кесер береді.
Қазан жарыс
– әйел толғатып жатқанда оның жақын абысындары
қазанға тамақ салады да: “Қара қатын бұрын босана ма, әлде қара қазан
бұрын пісе ме?” деп “жарысады”. Бұл ертеден келе жатқан ырым.
Шек берді
– құрбан айт алдында мұсылмандар атабаба, жақын
туыстарына арнап, мал сойып, қарт адамдарды шақырып, тамақ беріп,
дұға оқытады [1, 143 б.].
Дәм татырды
– өзінің туғантуыстары мен жақындарына, құрметті
азаматтарына ақсақалдарға, аналарға өз үйінен дәм татыруды үлкен
парыз, мұрат деп санаған [1, 118 б.].
Ас қайырды
– тамақтанып болған соң, оны батамен қайырады.
Ас қайыру тілек, батамен айтылады. Оны өлеңмен де, қара сөзбен де
жеткізуге болады.
Белгілі бір фразеологизмнің мағынасын анықтау үшін сол
фразеологизмнің шығу төркініне, семантикасына, танымдық мәніне
назар аудару қажет. Көптеген фразеологизмдер еркін тіркестер негізінде
жасалған, яғни уақыт өте келе бастапқы мағынасы күңгірттеніп,
алғашқы мағынасынан мүлде айырылып тұрақты тіркеске айналған.
Мысалы,
“шашбауын көтеру”, “қылау түсірмеу”, “қызғыштай
қору”, “сағы сыну”, “жел сөз”, “бел байлау”, “жолға қою”,
“тұралап қалу”, “қарыштап даму”, “табалдырығын тоздыру”,
“жаны жайлану”, “дәуірі жүру”
деген фразеологизмдердің мәнін
ашу арқылы ұлтымызға тән тілдік ерекшеліктерді түсіндіріп, ұлттық
мәдениетімізге етене болып табылатын өзгешеліктер туралы танымдық
білім беру көзделеді.
“Сөз тигізбеу”, “дақ түсірмеу”, “шаң жуытпау”, “нұқсан
келтірмеу”, “кір келтірмеу”
сияқты мәндес фразеологизмдердің тірек
компоненттері “
қылау, дақ, кір, нұқсан, шаң”
сөздерімен берілген, ал
бұл фразеологизмдер көбінесе “
атақ, даңқ, абырой, бедел, жетістік,
сезім, көңіл, өмір”
дейтін дерексіз зат есімдермен тіркесіп келіп,
оралым жасайды. Сондайақ,
“сағы сыну”
фразеологизмі “ренжіді,
беті қайтты, мойып қалды, көңілі қайтты” деген мағына береді.
Фразеологизмнің оралымдары адамға қатысты зат есімдерден
жасалады: батыр, жауынгер, жолдас, т.б.
Мұнда “ренжу” сөзіне ой басым түсіп, басқа мәндес сөздерді
өз маңына топтастырып тұр. Бұл тіркестің лексикалық синонимдері
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 25 - 34
ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ»
32
деп
қамығу, торығу, налу, қынжылу, жабығу, өкпелеу
сөздерін атауға
болады. Ал
“сағы сыну”
тұрақты сөз тіркесіне
“тауы шағылу”,
“жігері құм болу”, “еңсесі түсу”, “көңілі қалу”, “қабағынан
қар жауу”, “екі иығы салбырау”, “беті қайту”, “мойнына су
кету”
фразеологизмдері синонимдес болып келеді. Лексикалық
синонимдерге қарағанда, фразео логиялық синонимдерде образдылық
басым болады. Әрі жабыққан адамның көңілі құлазып, қабағы
түйіліп, еңсесі түседі, мойыны ішіне тығылып, ұнжырғасы түседі,
бас терісі болбырап, жаны кейіп, иығы салбырайды, адамның
сыртқы кейпіне (басы, мойыны, жігері, көңілі, ұнжырғасы, иығы,
қабағы, жүзіне) назар аудару арқылы оның қамыққанын, өкпелегенін
байқауға болады. Жоғарыдағы тұрақты сөз тіркестерінің барлығы
жеке сөздерге синоним болып, баламалық қатыста синонимдік
қатарларды көбейте түседі. Мұнда “ренжу” сөзі жеке сөздерге де,
тұрақты тіркестерге де ұйытқы сөз болып тұр [3, 25 б.].
Фразеологизмнің негізгі компоненті болып келетін “сақ” деген
түркі сөзі түркі тілінде: sag//saj//sad нұсқалары “қадау”, “шаншу”
мағынасында жұмсалып, одан сайдақ//сайғақ//садақ және т.б. туынды
негіздер жасалған. “Сақ” синкретті түбір, мағынасы күңгірт, түсініксіз,
“сағы сыну” тіркесінде сақ//сай – “жебе”, “садақ оғы” деген мағынаны
сақтап қалған, бұдан “жебесі сынды” деген ұғымды түсінуге болады,
біздің жауынгер атабабамыздың түсінігінде “қаруынан айырылу”
“қарсы тұра алмау”, “жігерін жоғалту” дегенді білдірген. Фразеологизм
өзінің тура мағынасынан ажырап, жалпы мағынаға ие болған, түрлі
коррелятивті формалар арқылы тұрақты қолданыс тапқан: ...сағын
сындыру//...сағы сынып қалу//...сағы сынды//...сағы сынған екен және
т.б. [4, 271 б.].
“Қызғыштай қору
” фразеологизмі “қорғаштады, ара тұрды” деген
мағынаны білдіреді. Мысалы,
Оның айналасындағы адамдардың
арасында оны ұлықтаудан жарыс болған жоқ, есесіне олар оның
көшбасшылық беделін қызғыштай қоритын, оның жетістіктеріне
қылау түсірмеуге тырысатын.
“Фразеологиялық сөздікте”, “қызғыштай қору” фразеологизмі
“ештеңені жуытпады, қанаттыға қақтырмады, тұмсықтыға
шоқыттырмады, көзінің қарашығындай сақтады” деп көрсетілген.
Демек, берілген сөйлемдегі мағынасы да осы сөздіктегі мағынамен
бірдей деуге негіз бар.
Бүгінде фразеологизм мағыналық өзгеріске түскен, адамға
бағытталған. Адамның жанын салатын, айрықша қарымқатынасын
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 25 - 34
ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
33
образды түрде жеткізеді, мұнда қандай да бір әрекет, объекті туралы
субъектінің немесе ұжымның айрықша қамқорлығы көрініс тапқан.
Дінмұхамед Қонаевты асыра мақтап, ешкім оған жағымпаз
данбайтын, оның шашбауын көтермейтін. Осындағы “
шашбауын
көтерді (көтеріп жүр, көтеріп келеді)
” фразеологизмі – біреуге
жағынды, сөзін сөйлеп жағымпазданды, қошаметтеді” деген мағынаны
білдіреді [5, 757 б.].
“Шашбауын көтеру” – әуел баста тура мағынаны білдірген еркін
сөз тіркесі ретінде қолданылған. Бертін келе шашбаудың қолданыстан
шығуына, яғни архаизмге айналуына байланысты “шашбау көтеру”
тіркесі тура мағынасында қолданылмайтын болды. Оның есесіне
бұл тіркестің ауыспалы, фразеологизмге айналған мағынадағы
қолданысын жиі еститін болдық. Бұл туралы ғалым Г.Н. Смағұлова:
“Затты танудағы ұзақ жылдардың қорытындысы ретінде оның образы
ұғымда ассоцияланып, тілде басқа құбылыс, затқа телінеді, соны
сипаттайды, ұқсатады, түсіндіреді”, – дейді [3, 158 б.].
“Шашбауын көтеру” – “бұрымды көтеріп жүру” деген алғашқы
негізгі мағынасынан айырылып, біртіндеп, адамдардың қарым
қатынасына негізделіп, фразеологиялық ауыспалы “біреуге
жағымпаздану, қызмет қылу” мағынасына көшкен. Фразеологизм
түрлі тілдік жағдайларда белсенді қолданысқа ие, ондай қолданыс
соңғы компонентінің түрлі коррелятивті формалары арқылы беріледі:
...шашбауын көтеріп жүр...//...шашбауын көтеріп көрген емес....//...
шашбауын көтеру соның қолынан ғана келеді... және т.б.
“Шашбауын көтеру” фразеологизмінің тікелей оралымы атау
септігіндегі есім сөздерден болады. Ол, жұмысшы, үшеуі, мансапқор
+ шашбауын көтерді. Мұнда тікелей оралым болатын сөз сөйлемде
бастауыш қызметінде жұмсалады. Ал жанама оралымы кімнің? деген
сұраққа жауап беріп, ілік септігіндегі адамға қатысты ұғымды беретін
зат есімнен (немесе есімдіктен) болады: бастықтың, ақынның, әкімнің,
оның т.б. + шашбауын көтерді.
Фразеологизмдердің мәнін ашуға қатысатын орта – оралым.
Фразеологизм оралымы мәнмәтінде, сөйлем ішінде анықталады. Оралым
белгілі бір сөз топтарына қатысты болып келеді, фразеологизмдердің
көп мағыналылығы мен синонимдерінің пайда болуы оралымға
негізделеді. Сол сияқты оралым да тіркесімділікке түскен сөзбен
үйлесе үндесе байланысып қана қоймай, сөздің (фразеологизмнің)
мағынасына да әсер етеді. Оралымдық талдау кезінде фразеологизм
мағынасы жандана түседі. Фразеологизмдердегі ұлттық өзгешелік,
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 25 - 34
ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ»
34
ұлттық әр, қазақы дүниетаным, ұлттық ойлау ерекшеліктері бірден
байқалады. Фразеологизмдер – ұлттық мәдениетіміздің байлығы,
сондықтан оларды оралым тұрғысынан қарастыру өте маңызды болып
табылады.
ӘДЕБИЕТ
[1] Смағұлова Г.Н. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттықмәдени аспектілері.
– Алматы, 2010. – 240 б.
[2] Кайдар А. Тысяча метких и образных выражений. – Астана, 2003.– 368 б.
[3] Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, 2008. –965 б.
[4] Фразеологиялық сөздік. – Алматы, 2007. –797 б.
[5] Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. – Алматы,
2006. – 381 б.
Достарыңызбен бөлісу: |