Филологические науки



Pdf көрінісі
бет23/160
Дата25.11.2023
өлшемі1,6 Mb.
#126523
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   160
Байланысты:
10-9-PB

жетістіктеріне қылау түсірмеуге тырысатын
деген сөйлемде 
фразеологизм 
“бөтен ой, жат пікірден қорғаштау” 
деген мағынаны 
білдіреді. “Қылау түсірмеу” фразеологизмі 
“сөз тигізбеу”, “дақ 
түсірмеу”, “шаң жуытпау”, “нұқсан келтірмеу”, “кір келтірмеу” 
фразеологизмдерімен мәндес, мағыналас болып келеді.
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 25 - 34


ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
27
Фразеологизмдердің тірек компоненттері “
қылау, дақ, кір, нұқсан, 
шаң” 
 
сөздерімен беріледі, ал бұл фразеологизмдер көбінесе “
атақ, 
даңқ, абырой, бедел, жетістік, сезім, көңіл, өмір” 
 
дейтін дерексіз зат 
есімдермен тіркесіп келеді. Бұл сөздер фразеологизмнің оралымдары 
болып табылады.
Фразеологизмдердің көп мағыналылығы және фразеологизм 
синонимдерінің пайда болуы оралымға негізделеді. Мысалы, 
“сыбағасын берді (алды, жеді)”, “сыбағасы қайтарылды”, “сыбаға 
таратылды” деген тұрақты тіркестердегі “сыбаға” сөзі – дастарқан 
жайғанда, яғни тағам ұсынғанда әр адамның жасына, жынысына 
қарай өзіне лайық үлесі” деген мағынаны білдіреді. “Сыбаға” деп 
“құрметті кісілерге бас, жамбас, күйеуге төс, балаға бүйрек, құлақ 
ұсынған” [1, 143 б.]. Осы тұрақты тіркестің мағынасын ашу үшін 
оның айналасындағы сөздермен тіркесімділігіне назар аударайық. 
Тұрақты сөз тіркесінің қандай мағынада жұмсалып тұрғандығы 
мәнмәтінде байқалады. Мұнда екі түрлі мағынада жұмсалып тұр: 
1. Фразеологизмнің оралымы дерексіз зат есімнен (ақиқат) жасалып, 
“еншісіне, үлесіне ие болды” деген мағынаны білдіреді. Мысалы: Сыр 
түйіні ақиқат, Ақиқат шындық көпке ортақ. Одан алар сыбаға, – Әр 
кісіге жеке тақ (І. Жансүгіров); 2. Фразеологизмнің оралымы – адамға 
қатысты зат есімнен болып, “сазайын тартты, жазасын алды” [2, 642­
б.] деген мағынада жұмсалып тұр. Мысалы: – Мен білетін Махмұт 
болса, Есдәулеттің сыбағасын береді. Қара да тұр! (Д. Әбілев). Сонда 
“сыбағасын алды” фразеологизмінің мағынасы онымен тіркесімділікке 
түскен сөз топтарына байланысты өзгеріп, 2 түрлі мағынаны білдіреді. 
“Босағасын аттау” фразеологизмі зат есімнің түрлі мағыналық 
топтарымен тіркесімділігіне қарай түрліше мағынаға ие болады: 
1. Адамға қатысты ұғымды білдіретін есім сөздерден болғанда, ол 
“келін болып түсті, сол үйдің босағасына енді” деген мағынаны 
білдіреді. Жамал Жұматайдың босағасын аттады. 2. Деректі зат 
есімдермен тіркескенде, фразеологизм ену, кіру мағынасын береді. 
Енді ол бұл үйдің босағасын аттамасын. Талапкерлер университеттің 
босағасын аттады. 3. Дерексіз зат есімдермен тіркескенде “өмірге 
қадам басты” деген мағынада жұмсалады. Оқушылар білім дүниесінің 
босағасын аттады.
Фразеологизм мағынасы белгілі бір семантикадағы сөздер мен 
сөз топтары арқылы ашылады. Фразеологизм сөздердің бір тобымен 
тіркесімділікке түседі де, еркін сөз тіркесін жасайды. Мысалы, “басына 
су құю” фразеологизмі ілік септігіндегі адамға қатысты ұғымды 
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 25 - 34


ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ» 
28
білдіретін зат есімдермен тіркессе, фразеологизм құрамындағы сөздер 
тура мағынаға ие болып, еркін сөз тіркесін жасайды. Бұл фразеологизм 
кейде “өсектеді” деген мағынаны да білдіреді. Мысалы: Қыздар 
әңгімелесе келе, Асқардың басына су құйды. Фразеологизм келесі бір 
сөздердің тобымен тіркессе, оның мағынасы ашылып, кеңейе түседі, 
әрі оралымға ие болады. Мысалы, жоғарыдағы фразеологизм деректі 
зат есіммен (ақшаның) тіркесімділікке түссе, фразеологизм мағынасы 
ашылып, “оңды­солды шашты” деген мағынаға ие болады.
Оралымды зерттеу фразеологизмдердің мағыналық аймағына 
енуге мүмкіндік береді. Фразеологиялық оралымның мағынасына 
алдын ала жүргізген бақылау фразеологизм мағынасының оралыммен 
тікелей байланысты болып келетіндігін көрсетеді.
Мынадай фразеологизмдерді мысал ретінде алуға болады: “көзге 
түсу”, “жер болу”, “зар қақсау”, “иек арту”, т.б. Мысалы, “көзге түсу”
фразеологизмі деректі зат есім мағынасындағы сөзбен тіркескенде, ол 
“көрінді, көрініп қалды” деген мағынаға ие болады: Алыстан бір қара 
көзге түсті (Ерт.). Ал адамға қатысты мағынадағы сөзбен тіркескенде, 
“жақсы танылды” деген ұғымды білдіреді: Ерлікпенен батырлар көзге 
түсті (Бат. ж.).
“Бой түзеу” фразеологизмі адамға қатысты ұғымды білдіретін 
зат есімдермен тіркесіп, “сәнденді, есейді, буыны бекіді” деген 
мағынаны береді.Мысалы: Қатарына қарап қызым бой түзеді (Ж.Ж.).
Деректі зат есіммен тіркескенде, ол “салынды, бой көтерді” ұғымын 
береді. Мысалы: Көшенің арғы бетінен әсем үйлер бой түзеді (Е.І.).
“Жер болу” фразеологизмінің бірінші мағынасы “тып­типыл 
болып тегістелді, күл талқаны шықты, жермен жексен болды”. Бұзылған 
ескі үйлердің орындары жер болды (Ж.) Екінші мағынасы: “абыройы 
түсті, беті күйді”. Жұрт алдында жазықсыз әйел жер болды (Ж.).
Фразеологизмдердің мағынасын оның айналасын қоршап тұрған 
сөздер негізінде түсіндіру фразеологизмнің бірнеше мағынасын 
анықтауға мүмкіндік береді. 
Фразеологизмдер мәтінге жан бітіріп, мәтінді көркемдей түседі. 
Фразеологиялық мағынаның пайда болуында дәстүрлі тіршілік пен 
мәдени өмірдің әсері мол. 
Мысалы, “ат ізін салмау”, “бетмоншағы төгілу”, “шаңырақ көтеру”, 
“бие сауым”, “асығы алшысынан түсу”, “жаны көзіне көріну”, “бес 
биенің сабасындай”, т.б. тұрақты сөз тіркестері ұлттық мәдениетіміздің 
көрінісі. 
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 25 - 34


ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
29
Көркем тілмен кестеленген бейне көрінісі тіл арқылы жарыққа 
шыққанда ондағы ұлттық өзгешелік, ұлттық әр, қазақы дүниетаным, 
ұлттық ойлау ерекшеліктері бірден көзге түседі. Г.Н. Смағұлова: “Әр 
этностың өз ұлттық бейнесі болатындықтан, әр этномәдени ортақтық 
тілдік ортаның ерекшелігін көрсетеді” – дейді [3, 155 б.].
Халықтың салт­дәстүрлер жүйесі қалыптастырған фразеологизмдер 
ұлттық жан­күй үйлесімінен едәуір хабардар етеді. Ұлтқа тән салт­
дәстүрлер мен әдет­ғұрыптардың үлгілерін, мәдени құндылықтарды 
фразеологизмдерден анық аңғаруға болады. Ұлттық дастарханымызға, 
асқа байланысты алуан түрлі тұрақты сөз тіркестері – қазақ тілінің 
және ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлшегі. 
Тіліміздегі фразеологизмдердің біразы тағам атауларының ұйтқы 
болуынан пайда болған.
Қазақ тіліндегі “үш қайнаса сорпасы қосылмайды” фразеологизмін 
сипаттауға образды­аялық негіз – тұрмыстағы еттің сұйық сөлінің 
қайнауы себепші болған. 
Фразеологизм “өмірде түрлі құбылыстарды біріктіріп, басын қосу ға 
тырыссаң да, бір­бірімен жуыспайтын, байланыспайтын, мүлде бөлек 
нәрселер бар” деген образды көріністі жеткізу үшін қолданылады. Тіпті 
“әртүрлі жануар етінің сорпасын үш рет қайнатқанмен, қосылмайды, 
бір­бірімен байланыспайтын заттардың басын біріктірудің қажеті жоқ”
дегенге келіп тіреледі. Әр құбылыс өзінің жаратылысы мен табиғаты 
жағынан өзгеше, сондықтан олардың басын қосуға, жақындастыруға 
тырысу мүмкін емес деген қорытынды ойға жетелейді. Сол сияқты 
“сорпа” сөзімен келетін мынадай фразеологизмдер бар: “сорпаға 
шығары” – бетке ұстар жақсысы, беделдісі, “сорпалығы бар” – жілігі 
татыр мал деген мағыналарды білдіреді. 
“Абыройы айрандай төгілді” деген фразеологизмді жиі 
пайдаланамыз. Ол “ар­ұяттан жұрдай болды” деген мағынаны білді­
реді. Айран – сүттен ұйытылған қышқыл, дәмді тағам. Фразеологизмге 
адамның көп жылдар бойғы жақсы істермен жинаған абыройынан 
байқаусызда төгіп алған айран сияқты бір мезетте айырылып қалуы 
негіз болған. Бұл жерде “абырой” сөзі “айранмен” ассоцияланып 
тұр, өйткені “абырой” сөзі парсы тілінен шыққан “аб” және “рой”, 
бұл сөзбе­сөз аударғанда “жүйке қысымы (ұялу) немесе физикалық 
шаршау кезінде адам бетінен шығатын тер” деген мағынаны білдіреді. 
Фразеологизмнің жасалу уәжі “айран сияқты төгілу (беттен аққан 
тер)”, ал ауыспалы мағынада – “ар­ұяттан жұрдай болу”, “жер болу”
дегенді білдіреді [4, 11 б.].
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 25 - 34


ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ» 
30
Тілімізде “айран” сөзі ұйытқы болатын мынадай фразеологизмдер 
де кездеседі: 
“Айран ішер” – бетке ұстар; дұшпанкөз белгі [2 25 б.].
“Айрандай ұйыды” – айтқанынан шықпады, ұжымдық көрсетті. 
“Айрандай аптап, күбідей күптеп” – билеп­төстеді. 
“Айрандай ұйып отыр” – тату­тәтті, ынтымақты [2, 26 б.].
“Уыздай жас” фразеологизмі “жастық табы бетінде үлбіреген 
жеткіншек” деген мағынаны білдіреді. Уыз – төлдеген малдың 
алғашқы күндердегі қоймалжың сүті. 15­16 жасқа дейінгі қыз, жігіттер 
уызбен салыстырылып, уылжыған жастық шақтың, балғындық пен 
тазалықтың символы ретінде пайдаланылады. 
“Уыз” сөзімен берілген тұрақты сөз тіркестерге назар аударалық:
“Уыз көже” – уыздан пісірілген дәмді тағам.
“Уыз қымыз” – жазғытұры кезіндегі алғашқы тәтті қымыз.
“Уызы арылмаған” – бақ дәулеті үзілмеген.
“Уызында жарымады” – о бастан ас ішіп бүйірі шықпады. 
“Май шелпек болды” фразеологизмі “әркім жем етті” деген 
мағынада жұмсалады. Бұл фразеологизмнің жасалуында май шелпекті 
пайдаланумен байланысты этнографиялық уәж жатыр. Бұл әдетте 
ашымаған қамырдан жылдам дайындалатын нан түрі, қазақтың 
тұрмысында дайындалуы қарапайым, жеңіл әрі діни­тұрмыстық салтты 
орындаумен де байланысы бар. Жаман түс көргенде немесе өзінің 
қайтыс болған ата­бабаларын түсінде көрген кезде үй иелері шелпек 
пісірген. Шелпектен үйге келген қонақ, кез келген адам ауыз тиеді. 
“Май шелпек болу” фразеологизмі күнделікті тұрмыста діни салт 
ретінде үйге келген кез келген адамға “ауыз тию” үшін ұсынылатын 
әрқашанда жеңіл дайындалатын тағам деген мағынаны білдірген 
болса, уақыт өте келе, фразеологизм өзінің бастапқы мағынасынан 
абстракцияланып, жалпы мағынаға “біреуге жем болды” деген мәнге 
ие болған. 
Қазақ халқы салт­дәстүрлерге де өте бай. Асқа, тойға қатысты салт­
дәстүрлер мен әдет­ғұрыптары да көп, тілімізде оларға байланысты 
фразеологизмдер де молынан кездеседі. 
Сондай­ақ, төмендегідей дәстүрлер мен әдет­ғұрыптарды мысалға 
келтіруге болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет