oF KAZAKh LAngUAge
Iskhan B.Z.,
сandidate of philology, assistant professor, chair of Kazakh philology
Ablai khan KazUIRandWL, Almaty, Kazakhstan,
email: baiel_i@mail.ru
Murzinova A.S.,
chair of Kazakh philology Ablai khan KazUIRandWL,
Almaty, Kazakhstan email: msai2013@mail.ru
Keywords:
cultural linguistics, national features, national values, cognitionthe
concept, existence, language and culture, cultural and historic content, language units,
national, linguistic sounds and sound system of the Kazakh language, alphabet.
Abstract.
The article considers goals and objectives, the problems of domestic
culturology. The role of linguistic units of speech sounds in the system of national alphabet
is given. A politicalideological component in the formation of soundletter relationships
in modern Kazakh chart is set out.
ӘӨЖ 81ʼ342
ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ
ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕСІ
Исхан Б.Ж.
,
ф.ғ.к., доцент, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ,
Алматы, Қазақстан, email: baiel_i@mail.ru
Мурзинова А.С.,
филология магистрі, оқытушы, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ,
Алматы, Қазақстан, email: msai2013@mail.ru
Тірек сөздер:
лингвомәдениеттану, ұлттық ерекшелік, ұлттық құндылықтар,
танымтүсінік, болмыс, тіл мен мәдениет, мәденитарихи мазмұн, тілдік бірліктер,
ұлттық тіл дыбыстары, қазақ тілі дыбыстық жүйесі, ұлттық әліпби.
Аңдатпа.
Мақалада лингвомәдениеттанудың мақсаты мен міндеттері,
қарастыратын мәселелері, тілдік бірліктер, тілдік бірліктер ішіндегі тіл дыбыстары
және олардың ұлттық мәдениетті танытудағы ерекшеліктері, ұлттық әліпби
құрудағы тіл дыбыстары мен оның жүйесі туралы баяндалады. Қазіргі қазақ тілі
дыбыстық жүйесіндегі саясиидеологиялық жағдаяттарға байланысты қалыптасқан
емле ережелері туралы мәселелер сөз болады. Мақалада көтерілген мәселелер
лингвомәдениеттану тұрғысынан пайымдалып, ұлттық әліпби ұлттық тіл дыбыстары
негізінде құрылуы қажет екені қисынды ойтұжырымдар арқылы дәлелденеді.
Қазақ тілі – еліміздің ұлттық құндылықтар жүйесінде дамуының
негізгі өлшемі болып табылады. Ол оның әлемдік қауымдастықтағы
өзіндік орнын анықтауда саясиэкономикалық, саясиидеологиялық,
қоғамдықәлеуметтік, мәденитанымдық маңызға ие. Ал әлемдік
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 35 - 44
ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ»
36
мәдениет пен өркениет жетістігі болып саналатын білім мен ғылым
және қазіргі заманның жаңа технологиялары тіл арқылы беріледі,
тіл арқылы игеріледі. Алайда өзге тілде игерілген білім мен ғылым,
яғни адамзат өркениетінің барлық жетістіктері кез келген ұлттың өз
ана тіл арқылы қайта жаңғырып, халқына қызмет етеді. Сондықтан да
қазіргі таңда заманауи білім мен ғылымды игеру үшін әлемдік тілдік
қатынаста (коммуникацияда) белсенді қолданыстағы тілдерді сапалы
оқыпүйренуде лингвомәдениеттанымдық әдістемеге сүйену қажеттігі
күнненкүнге мағызды бола бастады.
Бұл мәселе кешенді ғылымитеориялық базис ретінде отандық
әдістеме ғылымында С.С. Құнанбаеваның “Қазіргі заманғы
шеттілдік білім беру: әдіснама және теория” [1], “Үш тілді қатар
меңгеру жағдайындағы тілдік білім: теориясы мен практикасы” [2]
деген еңбектерінде жанжақты баяндалған. Осы еңбекте шеттілдік
және көптілдік білім беру үдерісінің қазіргі бағытына танымдық
лингвомәдениеттанулық тұрғыдан келу мәселесі көтерілген. Автор
көптілдік және шеттілдік білім берудің тұжырымдамалық негізін
айқындап, білім беру үдерісіндегі бұған дейін қалыптасқан тәжірибені
жаңғыртып, өзгерте оқытуды ұсынады. Сондайақ еңбек қазіргі
уақытта еліміз бойынша жүзеге асырылып жатқан үштұғырлы тіл
саясаты мәселесін көтеріп, тілдік білімнің отандық және халықаралық
үдерістерге бейімделген деңгейлік моделдерін жасауға жаңаша
талпыныс жасайды. п.ғ.д., профессор С. Әлметова осы еңбектердің
жас ұрпаққа тіл үйретудегі құндылығын айта келе: “... үш тілді
деңгейлеп меңгерудің ғылымиәдістемелік жолдары мен көптілді
және көпмәдениетті тілдік тұлғаны қалыптастырудың амалтәсілдері
сөз болады. Еңбекте тілдік білім беру үрдісінің үлгісін танымдық
лингвомәдениеттанулық әдістеме тұжырымдамасының негізінде
көрсетеді” деп жазады [3].
Тіл тек қарымқатынас құралы ғана емес, ұлттың танымтүсінігі,
болмысы, жандүниесі. Ұлт мәдениеті тілдің тұла бойынан анық
көрініп тұрады. Тіл, мәдениет және өркениет өзара сабақтас, әрі
үйлесімділікте өмір сүріп келе жатқан құбылыстар. Кез келген тілдің
тілдік бірліктері сол халықтың ұлттық дүниетанымы, қоршаған әлемді
қабылдау ерекшелігі, рухани және материалдық мәдениеті жөнінде
мол мағлұмат береді.
Тіл – қоғаммен бірге дамиды, әсіресе, адамның ойлау, жалпы
бейнелі ойлауы дамыған сайын тілдің әртүрлі қызмет аясы да, өрістеу
ауқымы да, сөздердің мағына беруі мен тіркесу мүмкіндіктері де арта
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 35 - 44
ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
37
түседі. Қандай да болсын ұлттық мәдениет тілге қатыссыз болмайды.
Тіл – мәдениеттің өмір сүру формасы болса, мәдениет – оның ішкі
мазмұны. Осы тұрғыдан алғанда, тіл мен мәдениетті бірбірінен бөліп
қарауға болмайтын тұтас бір дүние деуге болады. Олай болса, тілді
осы бағытқа сай ұлттық мәдениетпен байланыстыра зерттеу қазіргі
таңда өзекті мәселелердің біріне айналды. Тіл білімінің бұл саласы –
лингвомәдениеттану деп аталады.
Лингвомәдениеттану – мәдениет пен тілдің өзара қатынасының
тілдегі көрінісін зерттейді. Сондайақ ол – ұлттық болмыстың тілдегі
көрінісін тіл деректері арқылы этнолингвистика, этномәдениеттану,
этнопсихология сияқты салалармен байланыста зерттейтін кешенді
ғылым болып та табылады. Демек, лингвомәдениеттану ұлтпен
(этноспен) тығыз байланысты. А. Байтұрсынұлы сөзімен айтсақ: “Һәр
жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық
болса, тілінде һәм сондай басқалық болады” [4, 142 б.].
Ешқандай даусыз, ұлттық ерекшелік ұлттық тіл ерекшеліктерінен
бастау алады. Тіл – адамзат пайда болғаннан бері онымен бірге
жасасып, онымен бірге дамып келе жатқан қоғамдық құбылыс.
Ал кез келген тілдің даму жолы мәденитарихи мазмұнды құрай
отырып, әрбір ұлттық ділді (мәдениетті) басқалардан ерекшелейді.
Қазақ ұлтының және оның әдеби тілінің қалыптасып даму тарихын
зерттепзерделесек, көне дәуірден бері қазақ қоғамы өзінің дәстүрлі
рухани құндылықтарын, соның ішінде тілі мен әдебиетін, дәстүрі мен
мәдениетін сақтап қалуға аса мән беріп, оларға ешқашанда бейжай
қарамағанын көреміз. Ұлттық тіл мен әдебиетті, дін мен ділді, таным
түсінікті, салтдәстүрді, әдетғұрыпты жұрттың тұтастығы мен
бірлігін қамтамасыз ететін тұрмыстіршіліктік берік қағидалар ретінде
ұстанған. Алайда басы ашық мәселенің бірі – қазіргі қазақ ұлты да
әлемнің басқа жұрты сияқты әр кезеңдегі тарихиәлеуметтік, саяси
экономикалық құрылыстың сан алуан үрдісін бастан өткеріп, дамып
өркендеді. Солардың ізі тілінде сақталып қалды.
Әбден қалыптасқан әрбір ұлттық тіл өзіне ғана тән белгілеріне,
демек өзінің табиғи бітімболмысына сәйкес келмейтін, шығу тегі
басқа, түртұрпаты өзгеше өзге тіл тұрмақ, өзіне етене жақын туыстас
тілдерден де ерекшеленеді. Егер туысқан тілдердің (ру, тайпа, ұлыс,
ұлт) әрқайсының өзіндік ерекшелігі аса айқын болмай, бір аймақта
көптеген ғасырлар бойы қатар өмір сүретіндей жағдайда болса, уақыт
өте келе бірбіріне жұтылып, сіңісіп (ассимиляцияланып) кетеді.
“Ұлттық тілдер бірбіріне өте жақын туыстас ру, тайпа, ұлыстардың
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 35 - 44
ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ»
38
бір жерге шоғырланып, тұрмыстіршілігі, қамқаракеті ортақ ел болып
өмір сүруінің нәтижесінде қалыптасқан”, “Тіл дамуының өзі – рутайпа
тілдерінен халық тіліне, халық тілінен ұлт тіліне қарай өрбитін тарихи
құбылыс” [5, 5 б.] деген ғылыми теорияның негізінде осы жатыр.
Осындай жолды басынан өткерген тілдердің даусыз бірі – түркі тілдері
тобына жататын қазақ тілі екені анық. Ол қазіргі Қазақстанның бүкіл
аймағын мекендеген ежелгі туыстас рутайпалардың шаруашылық
кәсібі, әдетғұрпы, тұрмыссалты, ойсанасы, танымтүсінігі ортақ
болып, тығыз қарымқатынаста бірге тіршілік етуінің негізінде
қалыптасқан.
Тіл – халықтың танымы мен бүкіл тұрмыстіршілігін суреттейтін
қатынас құралы, құндылығы. Тіл мәдениетпен байланысты. Мәдениет
сан ғасыр бойы қалыптасқан халықтың рухани байлығын,қазынасын
қамтитын, ұлттың дүниетанымынан хабардар ететін сананың
жиынтығы.
Лингвомәдениеттану мәдениет пен тіл бірліктерінің жиынтығын
танып, жүйелі түрде қарастырумен қатар тілде бейнеленетін, тіл
арқылы көрінетін мәдени құндылықтардың қолданысын және тіл
мен мәдениеттің өзара қатынасы негізінде ұлт мәдениетінің тілде
сақталуын, тілде көрініс табуын, сол арқылы ұлт мәдениетін таныта
білуді қарастыратын тіл білімінің бір саласы екенін ескерсек, қазақ тіл
білімінің осы саласы тілдік бірліктердің ішінен лексикагрмматикалық
тұлғаларға (салтдәстүрлік, әдетғұрыптық сөздер, сөз тіркестері,
тұрақты сөз тіркесері, мақалмәтелдер мен ұлттық сөз саптаулар) ғана
баса мән беріп келе жатқанын аңғарамыз. Егер ол – ұлттық тілдің
табиғи бітімболмысын ұлттық ділмен немесе ұлттық құндылықтармен
байланыста зерттепзерделейтін болса, ұлттық тілдің барлық тілдік
бірліктерін де ұлттың мәдени ерекшеліктері ретінде қарастыруы қажет
деп ойлаймыз.
Лингвомәдениет нысаны болып саналатын тілдік бірліктер
қай ұлттың болсын сан ғасыр бойы қалыптасқан рухани байлығын
қамтитын және оның ұлттық дүниетанымын танытатын болған
соң, тілдік бірліктердің ең кішкентай бөлшегі – ұлттық дыбыстар
жүйесіне бірінші кезекте назар аударылуы қажет сияқты. Өйткені
ұлттық тілді өзге тілдерден ерекшелейтін басты белгісі – оның негізгі
сөздік қоры болып саналса, негізгі сөздік қордағы сөздер ұлттық тіл
дыбыстарынан және олардың өзге тілдерге ұқсамай, өзгеше болып
тіркесуінен жасалады. Сол себептен болуы керек, қазақ тіл білімінің
атасы – Ахмет Байтұрсынұлы өзінің негізгі еңбектерін қазақ тілі
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 35 - 44
ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
39
дыбыстарын түгендеуге және олардың таңбалануына арнап, қазақ тілі
дыбыстық жүйесін барынша ретке келтіруге бар ғұмырын жұмсады.
Ол 1913 жылы “Шора” журналындағы “Қазақша сөз жазушыларға”
деген мақаласында айтылған сөз бен оның жазылуының арақатынасы
туралы: “Дұрыс емле мен қате емлені айыруға, менің ойымша, былай
қарау керек шығар деймін: тіл табиғатына қарай емлені ыңғайлау ма?
Жоқ, емле түріне қарай тілді ыңғайлау ма? Мен ойлаймын, емле – жазу
үшін шығарған нәрсе, жазу – тіл үшін шығарған нәрсе. Олай болса,
тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек”,
деп жазып лингвомәдениеттанудың маңызды бір мәселесіне назар
аудартады. Расында да, жазу ауыздан шыққан сөзді (тірі тілді) дәл
таңбалау үшін керек екеніне үн жазу құралы (магнитофон) дәлел бола
алады [4, 395 б.]. Егер ол біздің айтқанымызды тура сол қалпында
жазбаса, оны қайта тыңдаған кезде дұрыс түсінбес едік. Жазу да
сол сияқты қызмет атқарады, яғни біздің аузымыздан шыққан әрбір
сөздің әрбір дыбысын дәл таңбалауы қажет. Сонда ғана жазу тіл үшін
барынша толық қызмет етеді.
Ал “қазырғы” (немесе
Достарыңызбен бөлісу: |