Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Психология» сериясы №1(62) 2020 ж.
69
Әр түрлі мамандардың мәліметтерінше аутист балалар көріп қабылдау контактісінде, жандандыру
комплексінде, жақындарымен қатынасында бұзылушылықтары бар,
өздерін өзара байланыста
қажетсінбеу, немесе анасымен бірге болып ажырамауы (симбиотикалық байланыстағы) балалар болып
табылады. Жаңа адамдармен араласу кезінде өзгерістер байқалады [2,16 б.].
Балалармен хабар алмасуы бұзылған, бөгде адамдар тарапынан ауызша қаратуға бағытталған
байланыста кемшіліктер кездеседі. Көпшілік балаларда қорқу, үрейлену, ал кейбіреулерінде өзін-өзі
қорғау сезімдері бұзылған. Көпшілік балаларда стереотипті тәртіп пен тілдік стереотипі, қозғалысы мен
сенсорлық бұзылыстары көрініс береді. Рецетивті және экспресивті тілдік ерекшеліктер қоршаған
адамдар арасында сөйлеу реакциясындағы кемшіліктер, қарым-қатынастық бағыт берудегі кемшіліктер,
сөйлеу
тілінің эхолалиялық сипаты, цитатаны жаңғыртып айтуы, қаратпа сөздерді жаңғыртып айтуы,
негативті сөздерді жаңғыртып айтуы бар. Диалог арқылы сөйлесе алмаудағы кемшіліктер фразалық
сөйлеу тілінің бұрмалануы монолог түрінде, аутодиалог түрінде көрінеді. Көпшілік балаларда өздік
есімдіктерді қолдана алмауында қиыншылықтар кездеседі [3,178 б.].
Көпшілік сипаттамаларда танымдық іс-әрекеттерінің ерекшеліктері кешігу немесе алдыға
ілгерлеушілігімен ерекшеленеді. Ойындар ойнау кезінде өзгерістері,
аффективті сферасында гипер
немесе гидоқұштарлану пайда болады. Көру, есту, тактильді, дәм сезуінде, түйсік арқылы қабылдауында
да ауытқушылықтармен сипатталады. Аутист балалардың кейбіреулерінде «Жалған естімеушілік»,
«Жалған соқырлық» немесе керісінше гипер сипатта болады [4, 42 б.].
Көпшілік балаларда моторлы дағдыларында әр түрлі бұзылушылықтар кездеседі. Мысалы іс-
әрекетте баяулық, жігерсіздік немесе керісінше ширақтық, албырт қозғалыстар және жалпы және ұсақ
маторикасы дамуының тежелуі. Көпшілігінде әлеуметтілікке қарсы тәртіп қалыптаспауы. Жоғарыда
айтылған ерекшеліктердің барлығы аутист балалардың психикалық ауытқуларының белгісі болып
табылады.
Қарым-қатынаста ымдау арқылы байланыс жасайтындар 88,75% ыммен көрсету арқылы қарым –
қатынас орнататындар шамамен 84%, ымдау арқылы хабарласуға мүлде бейімделмегендер - 11,25%
ыммен көрсету арқылы қарым-қатынас орната алмайтындар – 16%. Бұл
қарым-қатынастағы негізгі
қиыншылықтар көпшілік балалар ымдап, ыммен көрсету арқылы қарым-қатынасты тек тапсырмалар мен
жаттығуларды орындау барысында ғана қолданады да күнделікте өмір де мүлдеп қолданбайды.
Көпшілік аутист балаларда тағы бір қиындықтар беттің мимикалық кейпімен білдірте алуында
көрінеді. Бұл бұзылушылық аутист балаларда беттің мимикалық кейпінің мүлде жоқ болуы (амимикалық)
немесе керісінше мимикалық кейпімен білдірудің жоғары болуынан көрінеді (гипомимикалық). Кейбір
жағдайларда беттің мимикалық кейпімен білдіруі адекватты емес, сол жағдаятқа сәйкес келмеуі де
мүмкін. Аутист балаларда бұл бұзылушылықты біз бірінші кезекте олардағы эмоцианалды мінез-
құлықтың бұзылуымен сондай-ақ бұл балалардың бет-әлпет көрінісін түсінбеуі мен оған бейімсіздігінен
екенін байқауға болады. [5, 31б.]
Зерттеу жұмысында аутист балалардың вербальды емес қарым-қатынасы барысында паралингвисти-
калық белгілер жүйесін қолданудың спецификалық ерекшеліктері анықталды. Барлық аутист балалардың
– 97,5%. Көптеген жағдайларда олардың мағынасын талдауды басшылыққа алып осы мақсатта да
біршама жұмыстар жүргізілді. Бала хабар алмасу кезінде қолданатын вокализацияның түрі, осы кезде ата-
анасына хабар алмасудың мағынасын ашуда көмегін сұрап жүгіне ме?
маман бұл жағдайларды, хабар
алмасудың мағынасын алдын ала болжай алуы керек. Сондай-ақ аутист балалардағы сөйлеу тілінің
әуезділігінің бұзылуы хабар алмасуда адекватты вокализация қоршаған ортадағы адамдардың түсінуіне
қабілетсіздігін білдіреді. Қалған 2,5%.толықтай мутация қарым-қатынас кезінде вокализацияны да мүлде
пайдалана алмайды.
Қарым-қатынас кезінде балама қатынас құралдарын қолдана алатындар 22,5%. (Олар әр түрлі
шынайы суреттерді, фото суреттер, пиктограммаларды қолдана алды. Өздерінің өтініш, тілек, сұрау, бас
тарту, ақпараттарды хабарлай алуға т.б бейім балалар 12,5%. Жазбаша сөйлеу тілін қарым-қатынасқа
пайдаланатындар болған жоқ. Кейбір балалар дайын суретті карточкаларды сөзбен түсіндіріп айтса,
кейбіреулері магнитті әліпбидің көмегімен дайын жазылған сөздерді оқып айтып берді. Өздерді сөздерді,
сөз тіркестерін әріптер көмегімен жазып бере алған жоқ. Балама қарым-қатынас құралын қолдануда
туындаған мәселе кейбір балалар өз тілек, өтініштерін білдіре алса, кейбіреулері мутациялық күйдегі
балаларда балама қатынастары арқылы қарым-қатынасқа түсу мүлде қалыптаспағаны белгілі болды.
[6, 42 б.].
Эксперименттік зерттеулерден қарым-қатынас мүмкіндіктерінен ерекше
оқшауланған аутист бала-
ларды да анықтадық. Бұл балалардағы маңызды мәселелер өз өтініштерін адекватты түрде жеткізе ал-
мауы. Өтініш білдіруде вербальды де вербальды емес қарым-қатыныс түрін қолдана алмайтындар 12,5%.