86
себептерін іздеу керектігін және оларды оқырман мақала мәтінін оқыса
таба алатындығына ишара етіп отырғандай. Бұндай бөлшектенген
тақырыпаттың тұтас нұсқасына қарағанда оқырманға әсер ету
мүмкіндігі жоғары екені даусыз.
Парцелляциялық
құрылым
бейтарап,
байсалды
сөйлеу
әрекетінен гөрі, көтеріңкі, риторикалық, қандай да бір көңіл-күйге ие,
эмоционалды сөйлеу әрекетіне тән. Демек, аталмыш құрылымдар
қашан да экспрессивтілікке қанық келеді.
Парцелляция құбылысының негізгі қызметі – сөйлемнің
маңызды бөлімдерін парцеллят ретінде бөліп көрсету барысында оған
ерекше мағыналық және эмоционалдық «салмақ» салып, ақпараттылық
«екпін» түсіру. Бұл құбылыстың тағы бір ерекшелігі – жазушы мен
оқырман арасында коммуникативті байланыс орнатуға септігін тигізу:
егер автор сөйлемді
әдейі екіге бөліп көрсетсе, реципиент ақпаратты
қабылдау барысында өзінің санасында ол екі бөлшекті біріктіріп,
тұтас құрылым ретінде қабылдауға тырысады. Міне, осы аталған
белгілердің барлығы парцелляциялық құрылымдардың журналистикада
қажетті саналатын қасиеттерге ие екендігін көрсетеді. Сондықтан
аталмыш құрылымдардың отандық мерзімді басылым беттерінде,
әсіресе мақала тақырыпаттарында көптеп кездесетіндігі таңғаларлық
құбылыс емес.
Қазақстандық публицистикалық
тақырыпаттарда ең жиі
қолданылатын
парцелляциялық
құрылымдардың
«формуласы»
мынадай: «Жағдай». «Сұрақ?». Мысалы: «
Әкiмдер жұмысы қаралды.
Елбасы не дедi?
» (ЕҚ. – 15.04.2006), «
Саддам кетті. Не қалды?
»
(ЖА. – 12.04.2003), «
Астана қымбат қала. Неге?
» (ЕҚ. – 26.11.2003),
«
Әншілер саудасы. Оны қыздырып жүрген өзіміз емес пе?»
(ЕҚ. –
21.11.2014). Мұндай тақырыпаттардың бірінші бөлімінде тілші белгілі
бір оқиға туралы яки орын алған жағдай жайлы баяндап, екінші
бөлімде осыдан туындайтын сұрақты қояды. Айта кетерлік бір жайт,
автор шынымен оқырмандардың ол сұраққа жауап беруін күтпейді,
қайта, керісінше, өзі қойған сауалының жауабы мақала мәтінінде
жасырылғандығына ишара етіп, оны оқуға жол сілтейді. Демек,
мұндай мақала атауларындағы сұрақтар көбіне риторикалық сипатқа
ие. Дәл осындай құрылысты тақырыпаттарда
инверсия орын алуы да
мүмкін, яғни баяндалатын жағдай сұрақтың өзінен кейін беріледі. Ол
да оқырманның қызығушылығы мен назарын аудару үшін жасалатын
амал: «
Кiм кiнәлi? Құқық бұзушылығының алдын алу шаралары
мардымсыз
» (Ақ. – 2007. №10).
Мақала атауларында кездесетін парцелляциялық құрылымдардың
тағы бірінде, керісінше, бір бөлімінде сұрақтың өзі орын тепсе,
87
екіншісінде оның жауабы ап-анық беріледі: «
Бақыт қайда? Бассаң
аяқ астында
» (ЕҚ. – 25.12.2007), «
Шетелдiктердiң қазақ туралы
түсiнiгi бораттан аспай жатса... Оған кiм кiнәлi? Тек өзiмiз, тек
өзiмiз ғана кiнәлiмiз!
» (ЖА. – 21.05.2015).
Мұндай тақырыпаттардың
ерекшелігі – автор қойған сұрағының жауабы осындай болу керек деп,
бейне бір математикалық ережені ұқтырғандай болады. Сонымен
қатар, мұндай мақала атаулары оқырмандар үшін қабылдауға жеңіл
болып табылады: реципиент автордың айтқысы келген ойын анық
түсіне алады, ал мақала мәтінін ойына түйгенінің дұрыс-бұрыстығына
көз жекізу үшін оқиды.
Кейде парцеллят негізгі сөйлемнен жеке бөлініп кетпей, тек үтір
арқылы ажыратылып, құрмалас сөйлем кейпінде кездесуі де мүмкін:
«
Қазақстан жол торабында тұр, қалай жүредi?
» (З-Қ. – 16.05.1997)
(Ақ. – 1993. №3), «
Тайқазан қайтарылды, ал шырағданы қайда?
»
(П. – 1990. №3).
Парцеллят пен негізгі сөйлемнің бір-бірінен, сирек болса да,
басқа тыныс белгілері арқылы ажыратылуы да кездесіп жатады:
«
Сенат 11 депутатқа жаңарды! Аз ба, көп пе?!
» (З-Қ. – 08.10.1999),
«
Ұйықтай бiлу де өнер: Кiм қанша және қалай ұйықтайды?
» (П. –
2004. №11), «
Жерге жекеменшiк: Одан не күтуге болады?
» (Ақ. –
2000. №1).
Парцелляциялық құрылымдарда синтаксистік
қызметке ерекше
назар аударылады. Егер екпінді негізгі сөйлемдегі бастауышқа түсіру
керек болса, парцелляттың құрамында да міндетті түрде осы сөйлем
мүшесі болады. Кейде бір бастауыш екі бөлімде де қайталануы
мүмкін: «
Бізді сайлау күтіп тұр. Ол сайлауымыз қандай болмақ?
»
(ЕҚ. – 08.11.2002),
«"Асыл арна". Бұл қандай арна?
» (ЖА. –
19.11.2009). Кейде мұндай қайталау орын алмау үшін парцеллятта
бастауыштың орнын есімдік басады:
«"Антиплагиат". Ғылымды тек
осы бағдарлама құтқара ала ма?
» (ЕҚ. – 07.01.2009), «
Тұрартанушы
мен Мұхтартанушы ауылда отыр. Ол кiм?
» (Айғ. – 19.07.2006).
Мақала атауындағы парцелляциялық құрылым екі бірдей
(бірыңғай) сөйлемнен құралуы мүмкін. Мысалы, «
Жоба құны қанша?
Жобаның артықшылығы неде?
» (ЕҚ. – 12.10.2011) деген тақырыпат
екі сұрақтан құралған. Осындай амал оқырман зейінін аударуда да өз
септігін тигізетіні анық. Бұл тақырыпатта қолданылған қайталама (екі
сөйлемде де «жоба» сөзі берілген) оның экспрессивтілігін одан әрі
арттырады: көтеріліп отырған мәселенің маңыздылығын, шұғылдығын
баса көктеп білдіреді.
Парцелляциялық құрылымда сұрақтың болуы міндетті емес.
Кейде ол бірнеше жеке дара сөйлемдерге
бөлінген бірыңғай
88
мүшелерден де тұруы мүмкін. Мысалы: «
Заман. Ағым. Жастар
»
(З-Қ. – 16.05.1997), «
Сары аяз. Ескі автобустар. Зулаған таксилер
»
(ЕҚ. – 17.12.2012). Мұнда да автор оқырмандардың әрбір сөзге жеке
тоқталып, көбірек назар аударғанын қалағандықтан осындай
стилистикалық қадамға барып, соның негізінде көтерілетін мәселенің
өзектілігіне тағы бір ишара еткен.
Қысқасы, парцелляциялық сөйлемдердің құрылымы сан түрлі болса
да, барлығына бірдей ортақ белгі – тақырыпаттың экспрессивтілігін
арттырып, оны көрікті ете түсетіні. Парцелляция жинақылық пен кең
мағыналылық, нақтылық пен жалпылық сияқты бір қарағанда бір-
бірімен сиыспайтын қасиеттерді біріктіріп, айтылатын ойды дұрыс
құрастыру мен түсінуді жеңілдетеді. Демек, парцелляциялық құрылым –
мақала атауын әрі мазмұнды, әрі оқырмандар үшін қабылдауға жеңіл,
әрі көркемдік тұрғыдан экспрессивті
етуде журналистикада
қолданылатын таптырмас құрал.
Достарыңызбен бөлісу: