Ерғалиев Қуаныш Советұлы Асанбаева Елдана Бақытқызы газет тақырыпаттарының прагматикалық Қызметі



Pdf көрінісі
бет49/63
Дата25.11.2023
өлшемі1,99 Mb.
#127019
түріМонография
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63
Ж
үздеген 
ж
үректі емде
г
ен қыз 
ж
үре
г
і не
г
е 
ж
ылайды?
» (ЕҚ. – 04.02.2012), 
«
Т
үрме деген сана
т
орий емес немесе 
т
емiр 
т
ор iшiндегi өмiр
» (ЕҚ. – 
12.08.2009), «
Қ
аймағы бұзылмаған 
қ
аза
қ
 
қ
аласы 
қ
иял ма?
» (ЖА. – 
19.04.2003), «
Т
ой ө
тт
і ша
тт
ығы мен 
т
ә
тт
і үні 
т
арқамай
т
ын
» 
(СС. – 05.10.2010), «
Талай қылмы
с
керге 
с
ан 
с
оқтырған 
с
ау
с
ақ iздерi
» 
(А. – 21.01.2009). 
Ассонанс
(французша assonance, латынша assono – үйлесім) – 
өлең сөзде (мәтінде) дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы. 
Ассонанс сөздің интонация-музыка мәнін, экспрессивтік-эмоционалдық 
бояуын күшейтіп, ерекше елеулі тұстарды дыбыстандырып, ой-
сезімнің әсерлілігін арттырады [137, 29]. Мысалы: «
I
лiмдi 
i
згiлiктен 
i
здейiк
» (Ақ. – 2000. №3), «
А
лты 
а
л
а
штың 
а
рд
а
ғы
» (СС. – 
09.08.1996), «
Е
ст
е
лiкт
е
р 
е
шқашан 
е
ск
е
рм
е
йдi
» (Ақ. – 1997. №1), 
«
І
ргел
і
 
і
стер 
і
лгер
і
лет
і
лед
і
» (ЕҚ. – 21.11.2014), «
Е
лдікті 
е
р
е
н 
е
ңб
е
к 
е
ңс
е
л
е
ндір
е
ді
» (ЕҚ. – 24.12.2014). 
Мақала атауында әрі дауысты, әрі дауыссыз дыбыстар үйлесімді 
де әуезді түрде үндесіп жатуы да кездеседі: «
Ке
рзаманда 
ке
т
ке
н 
е
с
е
 
ке
м
е
лiн
е
 
ке
л
е
р м
е
?
» (СС. – 04.11.2004), «
Б
әйдi
б
ек 
баба
 
ба
яны 
ба
янды 
б
олмай тұр
...» (Ақ. – 2012. №9). 
Қазақ 
баспасөзінде 
журналистер 
аллитерация 
мен 
ассонанстан басқа тавтограмма әдісіне де жиі жүгінеді. 
Тавтограмма
(гр. ταὐτό «тағы да сол» және γράμμα – «әріп») – барлық сөздері бір 
әріптен басталатын өлең [156, 257]. Кейде мұндай бір әріптен 
басталатын сөздерден ғана құрылған мәтіндерді монофондар деп те 
атайды. Бұл әдеби форма, әдетте, поэзияда көп кездессе де, прозада да 
жолығады. Оның айқын дәлелі – тілшілердің публицистикалық 
мақалаларына беретін атаулары. Мысалы: «
З
амана 
з
иялылар 
з
ердесінде
» (СС. – 30.10.2004). Байқап отырғанымыздай, бұл 
тақырыпаттағы сөздер «з» әрпінен басталады және бұл абайсызда 
орын алған құбылыс емес: елбасы Н.Назарбаевтың еліміздің зиялы 
қауым өкілдерімен кездесуі жайлы сөз қозғайтын мақалаға, мысал 
үшін, «Елбасының зиялы қауым өкілдерімен кездесуі» немесе «Зиялы 
қауыммен кездесті» деген атаулар беруге болатын еді, бірақ 
тавтограмма әдісіне жүгіну арқылы автор, ең алдымен, тақырыпатты 
поэтикалық тұрғыда әуезді де үндесімді қылса, екінші жағынан
реципиент үшін қабылдауға жеңіл еткен. Мұндай мысалдар қазіргі 
газет беттерінде көптеп кездеседі: «
Ж
асығандардың 
ж
анашыры 
Ж
ошыбаев
» (П. – 2008. № 3), «
Т
опонимдер 
т
өңiрегiндегi 
т
олғамдар
» 


102 
(А. – 1999. № 6.), «
Т
ың 
т
аланттар 
т
ұғыры
» (СС. – 13.02.1999), 
«
Б
үгiнгiнiң 
б
iз 
б
iлмейтiн 
б
атыры
» (АТ. – 8-14.04.2010), «
Т
ұғырымыз 
– 
т
ыныштық, 
т
iрегiмiз – 
т
ұрақтылық, 
т
iлегiмiз – 
т
атулық
» (А. – 
02.05.2012). 
Тілшілер кейде жоғарыда аталған әдеби формаларды бір-бірімен 
қиюластырып, қатар қолданып та жатады. Мұндай қадам мақала 
тақырыпатының прагматикалық әлеуеті үшін өз септігін тигізбей 
қоймайды: «
Т
ығыры
ққ
а 
т
iреген 
т
өр
т
 
т
ос
қ
ауыл
» (Ақ. – 1995. №4), 
«
Ж
ұрт 
ж
ады
н
да 
ж
үрге
н ж
а
н
» (П. – 1995. №9), «
Қа
йтп
ас
 
қа
й
са
р 
Қа
й
с
енов
» (Ақ. – 2000. №2), «
Қ
аламы 
қ
ана
тт
ы 
қ
айра
т
кер
» (Ақ. – 
2011. №4), «
С
ай
т
ани 
с
ай
тт
ардан 
с
ақ
т
ан!..
» (П. – 2009. №6), 
«
Да
л
а
ның 
да
рх
а
н 
да
н
а
сы
» (СС. – 07.06.2003). 
Қазіргі кезде журналистер мақала атауында паронимдер, 
квазиомонимдер сынды дыбысталуы біршама ұқсас сөздерді қолдану 
арқылы тақырыпатқа 
ұйқас
бітіреді. Мұндай әдіс арқылы автор 
тақырыпаттың көркемдік бейнелілігін шыңдаумен қатар оқырман 
назарын аудартып, мақала мәтінін толықтай қабылдауы үшін «жол 
салады». М.: 
«"Еларна", жақсылықты жұртқа хабарла!
» (ЕҚ. – 
20.03.2002). Мұндай тақырыпаттардың тағы бір ерекшелігі – олардың 
оқырман жадында жақсы және оңай сақталуы. 
Уақыт өтіп, публицистикалық басылымдар саны артқан сайын 
тілшілер өз мақалаларына неғүрлым қызықты әрі оқырман көңілін 
еліктіргіш атау беруге тырысады. Қазіргі журналистер арасында 
осындай мақсатпен біршама кең қолданысқа ие болып келе жатқан 
құрал – парехеза. 
Парехеза
– бір әрпі өзгеруімен болмаса буындары 
ауысуымен өзара өзгешеленетін сөздердің парономазиясы кездесетін 
псевдоэтимологиялық фигура [157, 321]. Мұндай айырмашылықтары 
бар сөздердің контекстілік антоним болып, каламбур тудыруы да 
кездесіп жататындығы – бұл фигураның публицистикада жиі 
қолданылуын түсіндіретін тағы бір себеп. М.: «
Қадiрi
кеттi 
кадрдың
...
» (ЕҚ. – 08.09.1994), «
Шайқап
 сөйлемей, 
байқап
 сөйлейiк
» 
(П. – 2005. № 10), «
Зиялы
 қауым 
зиянды
 қауым ба?
» (Ақ. – 2013. №1), 
«
Бiр 
күдiк
, бiр 
үмiт
» (П. – 2000. №9), «
Иран
мен 
уран
» (ЖА. – 
07.01.2010). 
Тақырыпаттың әсер етушілік, экспрессивтілік деңгейін 
арттыруда өзіндік орны бар фоностилистикалық құралдардың тағы бір 
– 
интонация.
Оның мақала атауының дұрыс сарында қабылдануына, 
оқырманға әсер етуіне, тақырыпаттың экспрессивтілігі мен 
стилистикалық табиғатына тікелей әсер етеді. Мысалы: интонация 
парцелляциялық құрылым (
«"Алтын алқалы" аналар азайды. Неге?
» 
(ЕҚ. – 18.04.2003); лексикалық қайталама («
Жаңа оқулықтармен 


103 
жаңа ғасырға
» (Ақ. – 2000. №6), «
Түйе, түйе, түйелер: түйенiң 
қасиеттерi
» (П. – 2005. №9); эллипсис («
СПИД жайлы бiлгiңiз 
келсе...
» (А. – 29.09.2004); окказионализм («
Түнгi үште тұрып... 
айтыс көрiңiз
» (ЖА. – 12.02.2002) сынды тілдік бірліктердің негізінде 
көрініс табуы мүмкін; одан басқа «не – кімге», «кім – қайда», «не – не 
үшін» деген сынды үлгілер бойынша құрастырылған тақырыпаттарда 

Жығылғанға – жұдырық
» (ЕҚ. – 25.05.2010), «
Өлiлерге – сауал, 
тiрiлерге – сабақ немесе жерлеудегi "коммунистiк тәсiл" жалғаса 
бере ме?
» (П. – 2004. №2) және бірінші бөлімі жағдайға жалпы баға 
беріп, екінші бөлім оның мағынасын түсіндіретін күрделі мақала 
атауларында да кездеседі («
БҰҰ-ға 51 жыл: жеңістер мен реформалар 
уақыты
» (СС. – 07.11.1996). 
Көріп отырғанымыздай, аллитерация не ассонанс сынды әдеби 
формалар болсын, я болмаса интонация сияқты күрделі фонетикалық 
құбылыс болсын, барлығы да публицистикалық тақырыпаттың 
фоностилистикалық табиғатына белгілі деңгейде ықпал етумен ғана 
шектелмей, сонымен қатар мақала атауының көркемдік бейнелілігін 
арттыру, реципиент назарын аударып, мақала мәтінін толық оқуға 
итермелеп, соған тиісті сарында «жол салу» арқылы публицистикалық 
шығарманың осы бір құрамдас бөлігінің прагматикалық әлеуетіне де 
өзінің елеулі септігін тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет