б) Қазақ публицистикалық тақырыпат прагматикасындағы фоностилистиканың ролі Мақала тақырыпаты оның мазмұнынан хабардар етіп қана
қоймай, оқырман назарын өзіне тартып, оны түгелдей оқуға еліктіреді.
Жаңа ақпаратты қабылдауға жеңіл әрі реципиент көңілін өзіне
аударатындай қызықты етуде фоностилистиканың ролі айрықша.
Фоностилистика – қазақ тіл білімінде жіті зерттелмеген
тақырып, ал оның прагматикалық яки реципиент санасына әсер ету
қабілеті мүлде зерделенбеді десе де болады. Алайда, шын мәнінде,
оның әдебиетте, әсіресе публицистикада алар орны бөлек.
Г.О. Винокур айтқандай: «Стилистика тілді оның барлық
құрылымдық қырларынан, яғни дыбыс, форма, таңбалар мен олардың
бөлшектері тұрғысынан қарастырады. Былайша айтқанда, стилистиканың
өзіндік зерттеу объектісі жоқ, өйткені ол тіл білімінің басқа салалары
жекелей көңіл бөлетін мәселелерді жиынтықтап, айрықша қырынан
қарастырады» [155, 223]. Ал фоностилистика айтылған мәселелерге
тілдің дыбыстық ұйымдастырылу тұрғысынан көз тастап, тілдегі
фонетикалық бірліктердің стилистикалық мүмкіндіктерін зерттеумен
айналысады.
Фоностилистикада,
әсіресе
оның
публицистика
сынды
прагматикалық әлеуеті жоғары қырында, дыбыстық қайталаулардың
қызметі мен реципиент санасына деген әсері жоғары. Осылардың
ішінде аса жиі кездесетіндері – аллитерация мен ассонанс.
Аллитерация (лат.
allittera-дыбыстас)
–
дауыссыз
дыбыстардың қайталануы арқылы әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін
келтіре түсетін көркемдік тәсіл [137, 12]. Мұндағы дауыссыз
101
дыбыстар бір сөздің өзінде бірнеше рет (кейде бірнеше дауыссыз
дыбыс) қайталануы мүмкін, нәтижесінде сөйлемді түгел оқығанда,
үндесімдік тұрғыда ырғақтылық анық байқалады. Мысалы: «