28
Некротикалық энтероколитпен туылған шала туылған нәрестелердің
арасында өлім көрсеткіші 23-50%, ал тірі қалған cәбилер арасында өкпені
вентиляция
жасау ұзақтығы едәуір артады, кеш энтеральді тамақтану, салмақ
қосудың кідіруі, ретинопатия мен бронх өкпелік дисплазия дамуының жиілігі
өседі [155].
Жаңа туылған нәрестелер мен шала туылған балаларды емдеуде
сурфактантты қолданбай тұрып, өлім көрсеткіші 30% - 40% құраса,
сурфактантты қолдану бронхөкпелік дисплазиядан болатын өлім жағдайларын
төмендетті [44, p. 177]. American Academy of pediatrics (2002 ж.) бронхөкпелік
дисплазиянымен шала туылған балалар қайталап ауруханаға жатқызылу
қаупіне ие және 50% жағдайда ЖРВИ-ға байланысты болды. Көбінесе
респираторлы асқынулар өмірлерінің алғашқы 2
жылында дамиды,
бронхөкпелік дисплазия және оның асқынуы нәтижесінде өлім бұл жасқа дейін
29% құрайды (апноэ, пневмония, өкпе гипертензиясы, өкпе жүрек
жетіспеушілігі) [121, p.334].
Туылған кезде дене салмағы өте төмен қайтыс болған балалардың
арасында перивентрикулярлы лейкомаляцияның жиілігі 45%- 75% [122, p.
1038].
Шала туылған нәрестелердің өлім көрсеткіші мерзімі жетіліп туылған
балаларға қарағанда 20 есе жоғары. Ауыр шала туылған балаларға күтім жасау
маңызды рөл атқарады. Ауыр шала туылған балалардың 10% ғана жасына дейін
өмір сүреді [41, c.17]. Нәрестелер өлімінің туындауы көп жағдайда
репродуктивті жастағы әйелдердің денсаулығына байланысты. 50% жағдайда
жүктілік әртүрлі патологиялармен бірге жүреді: анемия, созылмалы
пиелонефрит, жүрек қантамыр жүйесінің аурулары, жүктіліктің екінші
жартысындағы токсикоз.
Әйел денсаулығына және болашақ ұрпаққа жүктілікті жасанды түсік жасау
үлкен зиян келтіреді [154, c.58]. Анамнезінде жасанды
аборт жасатқан анадан
дүниеге шала бала келсе, асфиксия жағдайында туылу, ми қан айналымының
бұзылысының болуы және нәрестелер өліміне алып келу қауіптілігі болады [15,
p.122].
Дүние жүзінде балалар өліміне алып келетін негізгі себептерге
инфекциялық аурулар, босану кезіндегі асфиксия, шала туылу жатады [1, c. 10].
ДДҰ мәліметі бойынша дамушы елдерде жыл сайын 800,000 жаңа туылған
нәресте ЖРВИ-дан әсіресе шала туылған балалар қайтыс болады. Шала
туылған нәрестелер өлімінің тікелей немесе жанама себебі болып инфекциялар:
сепсис, менингит, омфалит, неонатальді сіреспе, пневмония және диарея
жатады. Өлімге алып келетін әсерлердің, әлеуметтік және медициналық
себептері бар.
Әлеуметтік әсерлерге кедейлік, сауатсыздық, әйелдердің төмен
әлеуметтік статусы жатады. Сонымен қатар, гигиеналық норманы дұрыс
сақтамау, таза су мен санитарлы жағдайдың нашар болуы, жоғары сапалы
медициналық қызметке қол жеткізе алмау жатады. Нәресте өліміне алып
келетін медициналық әсерлерге: инфекциялар, анасының денсаулығының
нашар болуы, аналардың
емделмеген инфекциялары, босануды дұрыс
29
жүргізбеу, шала туылу немесе туылған кезде дене салмағының төмен болуы
жатады [30, c. 18].
Шала туылған балаларда ерте неонатальді кезеңде қауіпті жағдайлардың
дамуын және мидың зақымдануын тоқтату мүмкін емес, өйткені қауіпті
жағдайдың болуы барлық ағзалармен жүйелердің (тыныс алу, жүрек
қантамыр,жүйке) жетілмеуімен тікелей байланысты [34, p. 10; 35, p. 1107].
Мерзімінен бұрын туылған нәрестелер арасындағы өлімнің негізгі
себептерінің бірі шала туылу. Егер балада бұл кезде басқа да аурулары болса,
баланың қайтыс болу қауіптілігі жоғарылайды. Шала туылуды алғашқы
айларда жетекші әсер ретінде қарастыруға болады. Бала мерзімінен ерте
туылған сайын, тірі қалу мүмкіндігі азаяды. Шала туылған нәрестелер жиі миға
қан құйылу нәтижесінде немесе жатырдан тыс жағдайда өмірге толық дамып
жетілмеген өкпенің бейімделе алмауынан қайтыс болады [9, c. 18; 156].
Қорытындылай келе, әдебиеттерге сүйенетін болсақ,
нәрестелер өлімі
елдің даму деңгейін және ондағы болып жатқан экономикалық, әлеуметтік
өзгерістерді анық көрсететін демографиялық көрсеткіштің бірі болып
есептеледі. Ерте неонатальді кезеңде қайтыс болу деңгейі шала туылған
балаларға тікелей байланысты. Шала туылған нәрестелер өлімінің тікелей
немесе жанама себебіне сепсис, менингит сияқты инфекциялар және туа пайда
болған даму ақаулары жатады. Аурухана жағдайында неонатальді кезеңде шала
туылған балалардың өлімінің негізгі себептеріне ОНЖ және тыныс алу
жүйесінің патологиялары жатады. Бұл жағдай тыныс алу жүйесінің
патологиясы (жатырішілік гипоксия, ұрықтың асфиксиясы және туа пайда
болған пневмония) бар шала туылған балаларға белсенді медициналық емдеу
жүргізуді және қарыншаішілік қанқұйылудың алдын
алу шараларын өткізуді
қажет етеді [157].
Достарыңызбен бөлісу: