30
2 ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
2.1. Бақылаудағы науқастарға жалпы сипаттама
Ғылыми зерттеу жұмысы Шымкент қаласындағы Облыстық клиникалық
балалар ауруханасының неонатальді хирургия орталығында және жаңа туылған
нәрестелердің патологиясы бөлімшесінде жүргізілді. Зерттеу протоколы Қ.А.
Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің этикалық
комитетінде мақұлданған.
Зерттеу жұмысына 2011-2015 жылдар аралығында ауруханада емделген
туа пайда болған даму ақаулары бар 104 шала туылған балалардың нәтижелері
алынды. Зерттелген туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балалар
неонатальді хирургия орталығында емдеу барысында жеке бақылауға алынды,
мұрағаттың мәліметтеріне талдау жүргізілді.
Соматикалық және неврологиялық зерттеулердің нәтижесі науқастың ауру
тарихының (шығару немесе өлім эпикризі) негізінде бағаланды. «А» тобын
қолайлы нәтиже және минимальді психомоторлы дисфункциясы бар балалар
құрады (n=29), «В» тобын қолайсыз нәтижемен аяқталған, емделу кезінде
неврологиялық және соматикалық асқынулары дамыған, туа пайда болған даму
ақаулары бар шала туылған балалар құрады (n=50) және «С» тобын –
неонатальді кезеңде өліммен аяқталған нәрестелер тобы құрады (n=25) (кесте
1).
Кесте 1 - Нәтиже бойынша аурулардың топтарға жіктелуі
Топ
Нәтиже
Саны
%
А
Қалыпты,
минимальді
дисфункция
29
27,9%
В
Қолайсыз нәтиже,
неврологиялық және
соматикалық асқынулар
50
48,1%
С
Ex. letalis
25
24,0%
Барлығы
104
100%
Зерттелген 104 баланың 59 (56,7%) ер бала болды. Ауылда тұратын
балалар 81 (77,9%) құрады. Науқастардың жас шамасы туралы мәліметтер кесте
2-де көрсетілген.
31
Кесте 2 - Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балалардың
топтардағы жас шамасы
Жас шамалары
Топ белгілері
Барлығы
(n=104)
«А» (n=29)
«В» (n=50)
«С» (n=25)
саны
%
саны
%
саны %
Туылғанынан 7
күнге дейін
6
20,6%
19
38%
17 68%
42(40,4%)
8
күннен
28
күнге дейін
13
44,8%
14
28%
2
8%
29(27,9%)
29
күннен
1
жасқа дейін
10
34,4%
17
34%
6
24%
33(31,7%)
Кесте 2-де көрсетілгендей, туа пайда болған даму ақаулары бар шала
туылған балалардың туылғаннан 7 күнге дейін 42 (40,4%) құрады және «С»
тобында басымырақ (68%) болды, 8- 28 күндік нәрестелер 29 (27,9%) кездесті.
«А» тобында (44,8%) басымдылығы анықталды, 33 (31,7%) балада жас шамасы
29 күннен – 1 жасқа дейін болды.
Даму ақаулары бар шала туылған балалардың туылған кездегі дене
салмағына байланысты топтарда кездесуі 3-ші кестеде көрсетілген.
Кесте 3 - Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балалардың
туылған кездегі дене салмағына қарай топтарда кездесуі
Топтар
1001г төмен 1001 г - 1500 г 1501г-
2000г
2001г-
2500г
р
А
1(3,4%)
1(3,4%)
9(31%)
18(62,1%)
p<0,05*
В
1(2%)
4(8%)
17(34%)
28(56%)
С
1(4%)
7(28%)
9(36%)
8(32%)
Барлығы
3(2,9%)
12(11,5%)
35(33,7%)
54(51,9%)
Ескерту* – «А», «В», «С» топтарындағы нәрестелердің туылған кездегі
дене салмағы мен нәтиже арасындағы байланыс р<0,05; χ²=4,037.
Кесте 3-те көрсетілгендей дене салмағы 1001 г төмен шала туылған
балалар – 2,9%, 1001-1500г - 11,5%, 1501- 2000г - 33,7%, 2001- 2500г - 51,9%
болды.
32
«А» тобында туылған кездегі дене салмағы 2147
±
446,53 г (min - 998 г, max
– 3200 г), «В» тобында 2112
±
475,34 г (min - 950 г, max – 3300 г), «С» тобында
1944
±
505,14 г (min - 920 г, max – 3000 г).
Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балаларда жүрек
қантамыр жүйесінің ақаулары (37-35,6%), асқазан ішек жолдарының ақаулары
(25-24%), қосарланған және көптеген даму ақаулары (17-16,3%), ОНЖ даму
ақаулары (13-12,5%), зәр шығару жүйесінің даму ақаулары (5-4,8%), алдыңғы
құрсақ қабырғасының даму ақауы (3-2,9%), аноректальді аймақтың даму ақауы
(3-2,9%), қатты таңдай және жоғары еріннің даму ақаулары (1-2%) кездесті. Туа
пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балалардаң пайыздық ара
қатынасы сурет 1-де көрсетілген.
Сурет 1 – Шала туылған балаларда туа пайда болған даму ақауларының
кездесу жиілігі
Сурет 1-де көрсетілгендей, жиі кездесетін даму ақауларына жүрек
қантамыр жүйесінің, асқазан ішек жолдарының, қосарланған және көптеген
даму ақаулары, ОНЖ даму ақаулары жатады.
Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балалардың
гестациялық мерзіміне қарай топтарда кездесуі 4-ші кестеде көрсетілген.
35%
24%
16%
12%
5%
8%
Жүрек - қантамыр жүйесінің ақаулары
Асқазан - ішек жолдарының ақаулары
Қосарланған даму ақаулары
ОНЖ ақаулары
Зәр шығару жүйесінің ақаулары
Басқа да ағзалардың даму ақаулары:
алдыңғы құрсақ қабырғасының,
аноректальді аймақтың, қатты таңдай және
жоғары еріннің ақаулары
33
Кесте 4 - Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балалардың
гестациялық мерзіміне қарай топтарда кездесуі
Кесте 4-те көрсетілгендей, гестациялық мерзімі – 28 аптаға дейінгі балалар
- 4,8%, 29-32 апта – 35,6%, 33-36 апта – 59,6% жағдайды құрады. Туылған
кездегі гестация мерзімінің көрсеткіштері «А» тобында 33,24
±
1,99 апта (min -
29 апта, max – 36 апта); «В» тобында 33,48
±
2,11 апта (min - 28 апта, max – 36
апта); «С» тобында 32,44
±
2,73 апта (min - 27 апта, max – 36 апта).
Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балалардың туылуына
алып келетін аналардың әлеуметтік – демографиялық әсерлеріне талдау
жүргізген кезде, 15 (14,4%) жағдайда балалар кеш репродуктивті жастағы (35
жастан жоғары) аналардан туылған, жиі алғашқы (37,5%) және 3 және одан
жоғары жүктілікте (23,1%) анықталды. Жүктілік кезінде 96,2% аналарға УДЗ
жүргізілген және олардың барлығы акушер гинекологтың бақылауында болған.
Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балалардың
жағдайларының ауыр болуы, жүктілік ағымы мен аналарының жағдайы,
жатырішілік даму кезінде орын алған қолайсыз жағдайлардың дамуына
байланысты. Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балалар
аналарының соматикалық патологиялары мен акушерлік гинекологиялық
анамнездерінің құрылымы 5- кестеде көрсетілген.
Кестеде көрсетілгендей, 82 (78,8%) анада ұрықта гипоксияның дамуына
қауіп туғызатын жүктілік ағымында әртүрлі асқынулар анықталған. Әр түрлі
соматикалық аурулар 94 анада (90,4%), ал инфекциялық аурулар 89 (85,6%)
жағдайда анықталды. Барлық аналардың 10 (9,6%) акушерлік гинекологиялық
және соматикалық анамнездерінде асқынулар болмады.
Топтар
24-28 апта
29-32 апта
33-36 апта
p
А
0
11(37,9%)
18(62,1%)
p<0,05*
В
2(4%)
16(32%)
32(64%)
С
3(12%)
10(40%)
12(48%)
Барлығы
5(4,8%)
37(35,6%)
62(59,6%)
Ескерту* – «А», «В», «С» топтарындағы нәрестелердің гестациялық
мерзімі мен нәтиже арасындағы байланыс р<0,05; χ²=2,259.
34
Кесте 5 - Аналардың акушерлік – гинекологиялық және соматикалық анамнезі
бойынша көрсеткіштері
Анасының
патологиясы
Кездесу жағдайлары
(абс.)
Кездесу жиілігі (%)
Жүктілік патологиясы
–Ұрық гипоксиясының
қаупі
82
78,8%
Кеш токсикоз
47
Жүктіліктің үзілу қаупі
27
Плацентаның
патологиялық өзгерісі
1
Қағанақ суының көп
немесе аз болуы
7
Анасының аурулары
94
90,4%
Анемия
82
Гипертониялық ауру
5
Созылмалы
бүйрек
жетіспеушілігі
5
Арақ
-
шараппен
әуестену
1
Эпилепсия
1
Анасының
инфекциялық аурулары
89
85,6%
ЖРВИ
77
Инфекциялық гепатит
3
Созылмалы
инфекциялар
7
Туберкулез
2
Урогенитальді
инфекциялар
67
64,4%
Созылмалы
пиелонефрит
38
Цитомегаловирус
22
Генитальді герпес
3
Хламидиаз
2
Уреоплазмоз
1
Кандидоз
1
35
Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балалардағы
интранатальді патологиялар туралы мәліметтер 6-шы кестеде көрсетілген.
Кесте 6 - Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балалардағы
интранатальді патологиялардың кездесу жиілігі
Босану патологиялары
Кездесу жағдайлары
(абс.)
Кездесу жиілігі
(%)
Босанудың
асқынуы
–
ұрықтың гипоксиясы
74
71,2%
Индуцирленген босану
17
Қарқынды босану
15
Кесар тілігі
19
Сусыз кезең > 12 сағат
12
Көпұрықты жүктілік
5
Ұрықта қан кету қаупі
26
25%
Плацентаның
дұрыс
орналаспауы
23
Плацентаның
мерзімінен
бұрын ажырауы
3
Босану жарақатының қаупі
17
16,3%
Ұрық
орналасуының
аномальді түрлері
6
Жамбаспен орналасу
9
Қолдың
көмегімен
атқарылатын акушерлік іс -
шаралар
1
Үй жағдайында босану
1
Кесте 6-да көрсетілгендей, интранатальді кезең асқынулармен бірге жүріп,
71,2% жағдайда ұрықта гипоксияның даму қаупін туғызды. Ұрықта қан кету
қаупін туғызатын патологиялық босану 21 анада (20,2%) кездесті. Босану
кезінде ұрықтың аномальді орналасуы, қолдың көмегімен жүргізілетін
акушерлік іс шаралар, босану жарақатының дамуын туғызатын үйдегі
босанулар 17 жағдайда (16,3%) кездесті.
36
Қорытындылай келе, аналардың денсаулық жағдайына, жүктілік пен
босану ағымына талдау жасау нәтижесінде, көптеген босанушылардың
жүктілігі токсикоз, соматикалық патологиялар және анасының зәр шығару
ағзаларының инфекциялық ауруларымен өтеді.
Шала туылған 19 (18,3%) балаларда жатырішілік дамудың кідіруі
анықталды. Туылған кездегі бойы мен кеуде айналымының топтардағы
көрсеткіштері 7-ші және 8-ші кестелерде көрсетілген.
Кесте 7 - Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балалар
топтарының туылған кездегі бойының көрсеткіштері
Топтар
26-35 см.
36-40 см.
41-45 см.
46см. және одан
артық
p
А
0
4(13,8%)
15(51,7%) 10(34,4%)
p<0,05*
В
2(4%)
10(20%)
25(50%)
13(26%)
С
1(4%)
11(44%)
7(28%)
6(24%)
Барлығы 3(2,9%)
25(24%)
47(45,2%) 29(27,9%)
Ескерту* – «А», «В», «С» топтарындағы нәрестелердің бой
көрсеткіштерін салыстырғанда р<0,05.
Кесте 8 - Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балалар
топтарының туылған кездегі кеуде айналымдарының көрсеткіштері
Топтар
21 - 25 см.
26-30 см.
31-35 см.
p
А
0
17(58,6%)
12(41,3%)
p<0,05*
В
2(4%)
28(56%)
20(40%)
С
0
19(76%)
6(24%)
Барлығы
2(1,9%)
64(61,5%)
38(36,5%)
Ескерту* – «А», «В», «С» топтарындағы нәрестелердің кеуде
айналымдарының көрсеткіштерін салыстырғанда р<0,05.
37
Кестелерден көріп отырғанымыздай, туа пайда болған даму ақаулары бар
шала туылған нәрестелердің бойы мен бас айналымының көрсеткіштерінде
айтарлықтай өзгерістер анықталмады.
Алғашқы қарау кезіндегі объективті белгіге бас айналымының көлемінің
ұлғаюы жатады. Бас айналымының динамикада ұлғаюы маңызды белгі болып
есептеледі. Шала туылған нәрестелерде басының айналымы алғашқы айларда
аптасына 1 см-ден артық ұлғаймауы қажет. Бас айналымының топтардағы
көрсеткіштері 9-шы кестеде көрсетілген.
Кесте 9 - Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балалардың
топтарында туылған кездегі бас айналымының көрсеткіштері
Топтар
21 - 25 см
26-30 см
31-35 см
36см. және
одан артық
А
0
6(20,6%)
23(79,3%)
0
В
1(2%)
12(24%)
34(68%)
3(6%)
С
0
13(52%)
12(48%)
0
Барлығы
1(1%)
31(29,8%)
69(66,3%)
3(2,9%)
Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған 18 балада үдемелі
гидроцефалия анықталды. Шала туылған балаларда жұлын ми жарығының
кездесу жиілігі жоғары. Клиникалық көріністерінің ауырлығы және кейбір
түрлерін емдеуде қолайсыз нәтижелерге алып келуі, оны анықтау мен емдеу
мәселелерінің өзекті екендігін білдіреді. Сондықтан біз орналасу жағдайлары,
түрлері өзгеше және басқада ақаулармен қосарланған 9 жұлын ми жарығы бар
шала туылған балалардың негізгі клиникалық симптомокомплекстерін
зерттедік.
Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балалар жағдайының
ауырлығына байланысты, барлық ағзалар мен жүйелердің толық дамып
жетілмеуі себебінен және тыныс алу бұзылыстарың, орталық нерв жүйесінің
тежелу синдромдарының болуынан, ағзалар мен жүйелерде даму ақауының
анықталуына байланысты зерттелуші топ реанимация бөлімшесінде ем
қабылдады. Ерте мерзімде жатырдан тыс өмірге бейімделудің қиындығы Апгар
шкаласы бойынша көрсеткіштің төмен болуына тікелей байланысты: 3 балада
1 минутта 3 балдан төмен, 68 балада (65,4%) 4-6 балл болды. Барлық
нәрестелерге антибактериальді дәрілер, инфузиялық ерітінділер, оттегімен
көмек беру жолымен қарқынды емдеу жүргізілді. Туа пайда болған даму
ақаулары бар шала туылған балаларда 44,2% жағдайда ашық артериальді
өзекше кездесті. Зерттеуге алынған науқастар реанимация бөлімшесіне 1
38
күннен – 1 ай аралығында түскен балаларға талдау жасағанда: 60 шала туылған
балалар өмірлерінің алғашқы 3 тәулігінде түскендер және «В» және «С»
топтарында басым (сәйкесінше 74% және 72%), өмірлерінің 3-8 тәулігінде – 6
(5,8%), 8- 21 күндері – 3 (2,9%) бала, 3 аптадан кейін – 9 (8,7%) бала
жатқызылғандығы анықталды. Неонатальді хирургия орталығының реанимация
және қарқынды емдеу бөлімшесінде емдеу ұзақтығы 10 күнге дейін – 40,4%, 20
күнге дейін – 24,0%, 30 күнге дейін – 12,5% құрады.
68 (65,4%) бала өкпеге жасанды желдендіру жүргізуді қажет етті. Өкпеге
жасанды желдендіру жүргізудің ұзақтығы 10-шы кестеде көрсетілді.
Кесте 10 - Топтардың өкпеге жасанды желдендіру қабылдауының ұзақтығы
(n=68)
Топ
8 күнге
дейін
8-14 күн
15-21 күн
3 аптадан
жоғары
А
3 (10,3%)
0
0
0
В
20 (40%)
4 (8%)
11 (22%)
5 (10%)
С
8 (32%)
9 (36%)
3 (12%)
5 (20%)
Барлығы
31 (29,8%)
13 (12,5%)
14 (13,5%)
10 (9,6%)
Кесте 10-да көрсетілгендей, «А» тобының 89,6% балалары өкпеге жасанды
желдендіру жүргізуді қажет етпеді.
Шала туылған 26 (25%) балалар реанимациялық шараларға мұқтаж
болмағандықтан, жаңа туылған нәрестелердің патологиясы бөлімшесіне
жатқызылды, оның негізгі тобын «А» тобындағы балалар (82,7%) құрады.
Ауруханада жатудың жалпы ұзақтығы «А» тобында орташа 18,24
±
13,02
күн (min - 7,00, max – 58 күн), «В» тобында 18,36
±
13,21 күн (min - 2,00, max –
82 күн), «С» тобында 18,40
±
21,75 күн (min - 3,00, max – 99 күн).
Достарыңызбен бөлісу: |