41
Барлық балаларға нәрестелер реанимациясы бөлімшесінде өткізілетін
стандартты лабораторлы тексерулер жүргізілді: қышқылды – негізгі
жағдайлардың анализі және қанның артериализденген газдық құрамы, қан
плазмасының электролиттік жағдайы (натрий, калий, кальций – тәулігіне
1реттен кем емес); қан және зәрдің клиникалық анализдері, жалпы белокты
анықтау, қан плазмасында билирубин фракциясы, қандағы қанттың деңгейін
анықтау.
Реанимация бөлімшесінде қабылданған сызбаға сәйкес науқастар
бактериологиялық зерттеулерден өткізілді: қанды, қақырықты, асқазан
құрамын, вентрикулярлы және люмбальді пункция кезінде алынған ликвор
тексерілді. Люмбальді немесе еңбек арқылы пункция жасау көрсеткіштер
бойынша жүргізілді. Ликворды міндетті түрде талдап, бактериологиялық
тексеру жүргізілді.
Құрсақ қуысы ағзаларына рентгендік зерттеу көрсеткіш бойынша
жүргізілді. Арнайы инструментальді зерттеуге инвазивті емес анықтайтын
әдістер: нейросонография, КТ, МРТ қолданылды. Нейросонография шала
туылған балаларда үдемелі гидроцефалияны анықтайтын негізгі әдіс болып
саналады. Бұл тексеру әдісінің артықшылығы гидроцефалияның дәрежесін,
морфологиялық формасын, ликворлық жолдардың окклюзиялық деңгейін,
қосалқы патологияларды анықтауға және консервативті емнің нәтижесін
бағалауға, дер кезінде хирургиялық ем қолданып, мүмкін болатын асқынуларды
анықтауға болады [171]. Нейросонография “SIM 5000” ультрадыбысты
сканерін, конвексті және 3,5 және 5 мГц жиіліктегі секторлы датчиктерді
қолданып, ультрадыбыстық зерттеу әдісі арқылы жүзеге асырылды.
КТ
–
жоғары
мәліметті
диагностикалық
әдіс.
Бұл
арқылы
гидроцефалияның айқын дәрежесін, түрін, кей жағдайда этиологиясын
анықтауға, сонымен қатар, ми құрылымының жағдайын, бастың сүйектерін,
бастың жұмсақ тіндерін бағалауға болады. Зерттелген шала туылған
балалардың көпшілігінің миқұрылымында перивентрикулярлы ісінулер, бүйір
қарынша шекараларының өзгерістері, ми ақ затында атрофиялық,
перивентрикулярлы ісінулермен жүретін өзгерістер және ми затының жұқаруы
кездесті.
МРТ гидроцефалия және даму ақауларды ерте анықтауда ең мәліметті әдіс
болып табылады. МРТ вентрикуломегалияның айқындылық дәрежесі мен түрін
ғана анықтап қоймай, аурудың этиологиясы мен окклюзия деңгейін нақты
көрсетуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: