ӘОЖ9(с)55 А92 «Қазақ» атауын қайтарудағЫ



Pdf көрінісі
бет22/57
Дата26.11.2023
өлшемі1,3 Mb.
#128361
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
Гумилев Л. Кӛне түріктер. Алматы, «Білім», 1994. 
2.
Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. Алма-Ата, 
1992. 
3.
Мухаммед Хайдар Дулати. Тарих-и-Рашиди, Алматы, 1999 . 
4.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2005. 
5.
Қазақстан тарихы кӛне заманнан бүгінге дейін. Алматы, 1994. 


Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
57 
РЕЗЮМЕ 
В статье рассматриваются проблемы этнической истории, этногенеза и территории 
размещения кипчакских племен.
S
UMMARY
 
Kypchaksky tribes problems of The ethnic history, etnogenesis and placing territory are told 
in This article. 
ӘОЖ 94(517+574) 
 
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫТАЙ ЕЛІМЕН ДОСТЫҚ 
БАЙЛАНЫСТАРЫНЫҢ ОРНАУЫ МЕН ДАМУЫ
 
Қозғамбаева Г.Б.
-т.ғ.к., доцент 
Қазақстан, Алматы қ., 
Қазақ мемлекеттік қыздар 
педагогикалық университеті 
 
Аннотация:
 
Мақалада 20 жылдай уақыт аралығында Қазақ елі мен Қытай Халық 
Республикасы бір-бірін мемлекет ретінде мойындап, екі ел басшыларының жоғарғы 
деңгейдегі келіссӛздері, ынтымақтастық бағытындағы маңызды құжаттарды қабылдауы және 
саяси экономикалық байланыстарымен қатар тығыз достық қатынастар орнату мен дамыту 
мәселелері қарастырылған. 
Түйін сөздер:
Тәуелсіз Қазақстан, Қытай, достық, қатынастар, Н.Назарбаев, Ху 
Цзиньтао. 
Қазақ елінің сыртқы саясатының басты бағыттарының бірі Қытай Халық 
Республикасымен 
 
тығыз достық қатынастар орнату мен дамыту болып табылады. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Біздің ұлттық тарихымыздың ғасырлар бойы Аспан асты 
елімен қарым-қатынас ең басты маңызға ие болып келген. Соңғы кезде қарқынды дамып
ӛзінің аймақтағы және әлемдегі орнын нық бекіткен, адамзаттың ХХІ ғасырдағы дамуы 
кӛбіне-кӛп Қытаймен байланысты болады. Кӛптеген елдер Қытаймен арақатынасын ӛзінің 
сыртқы саясатының негізгі ӛзегі деп түсінеді. Ал Қазақстан үшін осынау болашағы зор, 
экономикасын қарышты қадаммен дамытып жатқан мемлекетпен ойдағыдай қарым-қатынас 
орнату айрықша маңызға ие» деді [1, 205-206 бб.].
 
Екі ел арасында дипломатиялық кездесулер нәтижесінде жан-жақты байланыс 
басталды. 1992 жылы 26-28 ақпанда ҚР-ның Премьер-министрі С.А.Терещенко бастаған 
үкіметаралық делегациясы ҚХР-на алғашқы ресми сапарын жасады. Нәтижесінде екі ел
9 үкіметаралық және мекемеаралық құжаттарға қол қойды. Қ.К.Тоқаев ӛзінің еңбегінде 
келіссӛздер нәтижесі бойынша олардың ішінен тӛмендегілерді:
«Сауда-экономикалық 
және 
ғылыми-техникалық 
ынтымақтастық 
жӛніндегі 
үкіметаралық комиссияны құру туралы келісім; Қызмет бабындағы істер бойынша сапарға 
жүретін, барлық түрдегі паспорттың иегерлері визасыз режимді кӛздейтін азаматтардың 
ӛзара сапары туралы келісім; Мемлекеттік шекара арқылы ӛткізу пункттерін ашу туралы» 
келісімдерді бӛліп кӛрсетуге болатындығын атап кӛрсетті [2, 124 б.]. Екі ел халықаралық 
терроризмге, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі саудасына, контрабандаға және т.б. заңға қайшы 
әрекеттерге қарсы күресте тиісті органдар арасындағы ӛзара бірлескен іс-қимылдары туралы 
келісілді. Сонымен қатар мәдениет, ғылым, техника, әдебиет, ӛнер, ақпарат, спорт және 
туризм салаларында жоғары деңгейдегі байланыстарды дамытуға жол ашылды. Екі мемлекет 


Казахский государственный женский 
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
58 
арасындағы дипломатиялық қатынастардың нәтижесінде 1992 жылы ақпанда ҚХР-сы ӛз 
елшілігін Алматыда, ал желтоқсанда ҚР-сы ӛз елшілігін Пекинде ашты. 
ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев Қазақстандық делегациямен 1992 жылы
10 тамызда ҚХР-на барған сапары нәтижесінде жасалынған келіссӛздер барысында жеті 
маңызды құжатқа қол қойылды. Аталмыш құжаттардың арасындағы «ҚХР мен ҚР 
арасындағы консулдық шартқа» сай екі елдің шекара аймағында Хоргос (Қазақстан)- Хоргос 
(ҚХР), «Достық (Қазақстан) – «Алашаңқай» (ҚХР), «Бақты (Қазақстан) – «Покиту» (ҚХР) 
сияқты бақылау орындарын ашуға қол жеткізілді.
1993 жылы 18 қазанда Президент Н.Назарбаев Қытайға барған ресми сапары 
нәтижесінде жасалған келіссӛздер барысында мемлекет басшылары «Қытай Халық 
Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Достық ӛзара қатынастар негіздері 
туралы Бірлескен Декларацияға» қол қойды. Аталмыш құжат бұдан кейінгі екі ел 
арасындағы бірнеше шарттар мен келісімдердің жасалуына және де жоғары деңгейдегі 
сапарлармен алмасуға жол ашып, олардың қарым-қатынастарының тез дамуына негіз салды. 
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың айтуы бойынша, «...Бірінші сапардан соң барлық сауда жолы 
ашылды. Бір жарым жылда екі ортадағы сауда он есеге ӛсті. Шекара бойы саудасы басталды. 
Алты асу ашылды» [1, 208 б.].
1994 жылы 25-28 сәуір аралығында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Пэн 
Қазақстанға келген сапары нәтижесінде жүргізілген келіссӛздер барысында екі ел арасында 
кӛптеген мәселелер қарастырылды. ҚХР-ның Тӛрағасы Цзян Цзэминь ӛз сӛзінде: «Қазақстан 
мен Қытай – Азиядағы елеулі орын алатын мемлекеттер»-дей отырып, Қазақстанмен достық 
пен ынтымақтастықты нығайтуға барлық мүмкіндіктерді жасайтындығын мәлімдеді [3].
1995 жылы 11-13 қыркүйек аралығында Елбасы Н.Ә.Назарбаев ҚХР-ның Тӛрағасы 
Цзян Цзэминнің шақыруы бойынша, Қытайға кезекті ресми сапары нәтижесінде «ҚХР мен 
ҚР арасындағы Достық қарым-қатынасты одан әрі дамыту және тереңдету туралы Бірлескен 
Декларацияға» қол қойды. Елбасының Қытайға жасаған екінші мемлекеттік сапары, 
Қытайдың қоғам қайраткерлері үшін Қазақстан туралы кӛп мағлұмат алуларына мүмкіндік 
берді. Бұл жӛнінде «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасында 
екі жақты қатынастың орнауы мен дамуы егеменді Қазақстанның да, Қытайдың да сыртқы 
саясатында маңызды орын алады. Қазақстан мұнайы үшін Қытай әрі тұрақты, әрі сенімді 
тұтынушы болса, Қытай үшін Қазақстан ұзақ мерзімге мұнай, яғни экономиканың қайнар 
кӛзі ретінде болатыны анық» - деп баға берілді [4, 59 б.].
1992-1995 жылдар аралығында Қытай мен Қазақстан арасындағы ӛзара ынтымақтастық 
барысында, жалпы 33 үкіметаралық және 14 мекемеаралық құжаттарға қол қойылды. 
Олардың негізінде, екі жақты экономикалық ынтымақтастықтың нақты мәселелерін 
шешетін, 
олардың 
инфрақұрылымдарын 
жақсартатын 
құжаттарды 
қабылдауға 
мүмкіншіліктер 
ашылды. 
Елбасымыз 
Н.Ә.Назарбаев 
Қазақстан-Қытай 
қарым-
қатынастарының жаңа сапалық деңгейге шыққандығын атап ӛтіп, оларды дамытуға екі 
мемлекет басшыларының кездесулері мен екі жақты келісімдердің үлкен үлес қосатындығын 
баса айтты. Сонымен қатар Н.Ә.Назарбаев кӛзқарасы бойынша «...ҚХР-мен арадағы достық 
қарым-қатынастарды тереңдету біздің республикаларымыздың ұзақ мерзімді мүдделеріне 
сай келеді» [5, 605-606 бб.]. Қазақстанға 1996 жылы 4 шілдеде жасаған алғашқы сапары 
барысында ҚХР Тӛрағасы Цзян Цзэминь тұңғыш рет Лобнор полигонындағы ядролық 
сынақтарға тыйым салатындығы жӛніндегі ашық мәлімдемесін жасады. Екі ел 
басшыларының арасында жасалған келіссӛздер барысында кӛптеген келелі мәселелермен 
қатар Ертіс және Іле трансшекаралық ӛзендер мәселесі, сондай-ақ екі елде тұратын туысқан 
адамдарды біріктіру мәселелері, екі жақты қарым-қатынас мәселелері туралы әңгіме 
қозғалды. Ал ӛз кезегінде ҚХР Тӛрағасы Цзян Цзэминь Қазақстанмен арадағы қатынастарды 
дамытуға Қытайдың зор маңыз беретіндігін атап ӛтіп, «Қытай ҚХР-ның Тынық мұхит 
жағалауына қарай Қазақстан мұнай құбырын салу жобасына оңды қарайтындығын және 
сарапшыларға бұл бағыттағы жұмысты тездетуді ұсынатындығын жасырмай атап ӛтті


Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
59 
[6, 4 б.].
 
Келіссӛз аяқталғаннан кейін мемлекет басшылары екі ел арасындағы достық пен 
ынтымақтастықты нығайту жолдары туралы сӛз қозғады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1997 жыл 21 ақпанда, ҚХР Тӛрағасы Цзян Цзэминнің шақыруы 
бойынша, ресми емес сапарын барысында екі мемлекет арасында дипломатиялық қатынастар 
орнатылғаннан бері ӛткен бес жылға қорытынды жасады. Әр алуан салалардағы екі жақты 
қатынастарды ӛзара тиімді негізде ұлғайтып, достық пен тату кӛршілікті бұрынғыдан да 
нығайта түсуге мүмкіндік жасалатындығы қарастырылды. 
1997 жылғы 24-26 қыркүйек аралығында ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Пэн 
Қазақстанға екінші жасаған сапары барысында жасалған келіссӛздердің нәтижесінде ҚХР 
Мемлекеттік Кеңес Премьері Ли Пэн мен ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың арасында 
тарихи маңызды құжатқа - «Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы 
арасындағы мемлекеттік шекара туралы Қосымша келісімге» қол қойылды. Сонымен қатар 
екі ел арасындағы мұнай мен газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, Қазақстан 
Республикасының Энергетика және Табиғат қорлары Министірлігі мен Қытай ұлттық мұнай-
газ корпорациясы арасында Қазақстан және Қытай мұнай құбыры, Ӛзен жобасы және 
Қазақстан-Иран мұнай құбыры жобалары жӛніндегі келісімдерге қол қойылды [7, 35 б.].
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1999 жылы 23-27 қараша аралығында Қытайға кезекті ресми 
сапары барысында жасалған келіссӛздер нәтижесінде: «Қытай Халық Республикасы мен 
Қазақстан Республикасының ХХІ ғасырдағы стратегиялық ӛзара әріптестітігі және 
серіктестігі туралы бірлескен Декларациясына», «Қытай мен Қазақстан Республикасы 
арасындағы шекара мәселесінің толық ретке келтірілгендігі жӛніндегі Коммюникеге», 
«Антимонополиялық заң шығару саласындағы екі ел арасындағы ынтымақтастық бойынша 
Келісімге» және басқа да бір қатар мемлекетаралық құжаттарға қол қойылды. Екі ел 
басшыларының кездесулері барысында екі мемлекет арасындағы
ынтымақтастығымыздың 
жылдан-жылға артып келе жатқан кӛптеген мәселелері қамтылады. Осы тұста, Қ.Тоқаев
«1999 жылы екі ел басшысы тӛтенше маңызы бар құжатқа - ХХІ ғасырға арналған 
Стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойды» деп атап кӛрсетеді [8, 252 б.].
Сапар барысында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ҚХР Тӛрағасына аса сый құрметпен 
қарайтындығының белгісі ретінде Қытай басшысына ҚР-ның «Алтын Қыран» орденін сыйға 
тартты. Екі жақты қарым-қатынастарда бар ізгілік пен ӛзара түсіністіктің ахуалын Қытай 
басшысының тӛмендегідей мәлімдемесінен байқауға болады: «Халықаралық жағдай қандай 
ӛзгеріске түссе де Қытай барлық уақытта Қазақстанның сенімді досы және ізгі кӛршісі 
болады» [2,133-134 бб.]. 
 
2000 жылы шілде және 2001 жылы қыркүйекте Қытай делегациясының Қазақстанға 
келген ресми сапарлары нәтижесінде жасалған келіссӛздер барысында екі ел арасындағы 
сауда-экономикалық, электр энергиясын тасымалдау, фосфор ӛнімдерін жеткізу және 
Қытайда тұратын қазақтардың тарихи отанына кӛшіп келуі мен олардың келіп қайту 
процесін жеңілдету сияқты мәселелер қаралып, шешімін тапты. Сонымен қатар, (2001ж.) 
қарастырылған маңызды мәселелердің бірі Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасын 
демаркациялау және екі ел арасындағы трансшекаралық ӛзендер мәселелерімен қатар алты 
үкіметаралық құжатқа қол жеткізілді. Олардың арасында: «Қытай мен Қазақстан 
Республикасы үкіметтері арасындағы бірлескен коммюникеге»; «Трансшекаралық ӛзендерді 
қорғау және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге»; «Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасы мемлекеттік 
сейсмологиялық бюросы арасында жер сілкінісін зерттеу саласындағы ғылыми-техникалық 
ынтымақтастық туралы»; «Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы 
Денсаулықты сақтау министрліктерінің және медицина ғылымдар саласындағы 
ынтымақтастығы туралы келісімге»; «Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан 
Республикасы арасында қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісім» сияқты 
құжаттарға қол қойылды [8, 24-25 бб.].
 
Ал, осы Қытай басшыларының Қазақстанға жасаған
2000 жылы Ху Цзиньтаоның және 2001 жылы Чжу Жунцзының сапарлары барысында,


Казахский государственный женский 
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
60 
ҚХР-сы елімізге екі мәрте 10 миллион юань кӛлеміндегі қайтарымсыз қаржылық кӛмек 
кӛрсетілді. 2002 жылы мамырда «Қытай мен Қазақстан арасындағы мемлекеттік шекара 
сызығын демаркациялау туралы үкіметаралық хаттамаға», сонымен қатар екі мемлекет 
шекарасының топографиялық карталарының эталондық даналарына қол қойылды.
2002 жылы 23 желтоқсанда Президент Н.Назарбаев Қытайға ресми сапармен барып, 
жаңадан сайланған ҚХР-ның Тӛрағасы Ху Цзиньтаомен кездесті. Пекиндегі келіссӛздер 
барысында аса маңызды тарихи құжатқа «Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан 
Республикасы арасындағы тату кӛршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартқа», 
сонымен қатар «Лаңкестікке, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрестегі 
ынтымақтастық туралы келісімге», «Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық бойынша 
Қытай-Қазақстан қосымша комитетінің құрылғандығы туралы келісімге» және «Шегірткеге 
және басқа да зиянкестер мен ауруларға қарсы күреске бағытталған шараларды ӛткізу 
барысында екі ел ауыл шаруашылық министрліктерінің арасындағы ӛзара ынтымақтастығы 
туралы келісім» сияқты маңызды құжаттарға қол қойылды.
 
Екі ел арасындағы тату кӛршілік, 
достық және ынтымақтастық жӛніндегі келісімге қол қойылуы ӛткен он жылдағы ӛзара 
қарым-қатынастың саяси және экономикалық саласында жаңа кезеңдегі тұрақты 
ынтымақтастықтың ӛзіндік қорытындысы болып табылды. 
2003 жылы 2-4 шілде аралығында ҚХР-ның Ху Цзиньтао Қазақстанға мемлекеттік 
сапармен келді. Екі жақты келіссӛздердің нәтижелі жемісі ретінде 2003 жылғы 3 шілдеде қол 
қойылған «Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Бірлескен 
Декларациясы» болып табылады [10].
Бірлескен Декларациядан бӛлек, бес құжатқа қол қойды. Олар: тату кӛршілік, достық, 
ынтымақтастық, лаңкестікпен, сепаратизммен және экстремизммен бірлесіп күрес жүргізу, 
білім беру және білім саласындағы жобаларды жүзеге асыру үшін 20 миллион юань кӛмек 
кӛрсету туралы келісім. 
2004 жылы 19-20 мамыр аралығында Елбасымыз
 
Н.Ә.Назарбаев Қытай Халық 
Республикасына тоғызыншы сапары барысында жасалған келіссӛздер нәтижесінде, екі ел 
арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтатын тоғыз құжатқа қол қойылды.
Ал, 2005 жылғы 3-4 шілде аралығында ҚХР Тӛрағасы Ху Цзиньтао, ҚР Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың шақыруы бойынша, Астана қаласына ресми сапармен келді. Екі мемлекет 
басшыларының келіссӛздері нәтижесінде бірқатар мәселелерге қол жеткізді. Олар: 
стратегиялық әріптестікті қалыптастыру және дамыту, геология және жер қойнауын 
пайдалану жӛніндегі ынтымақтастық, трансшекаралық ӛзендер, «Қорғас» шекара мәселесі, 
ТрансҚазақстан темір жол магистралін салу мүмкіндігін бірлесіп зерттеу, ақпарат және 
коммуникация индустрия саласындағы ынтымақтастық, Қытай мемлекеттік электр желісі 
корпорациясы мен «КЕГОК» АҚ арасындағы ынтымақтастық, ҚХР Даму банкімен 
ынтымақтастыққа қол қойды. 
Екі ел арасындағы шекара мәселесінің шешілуі ұзақ уақытқа созылған тарихи процес 
болғандықтан, ол бірден емес, біраз уақыт аралығында шешілді. 1994 жылы 26 сәуірде ҚХР 
Мемлекеттік Кеңестің Премьері Ли Пэннің Алматыға жасаған сапары барысында «Қытай-
Қазақстан мемлекеттік шекарасы туралы келісімге» қол қойылды.
1997 жылы 23 қыркүйекте ҚХР-ның делегациясы Алматыға келген сапарында, екі ел 
арасында Хан-Тенгри шыңының ауданындағы Қытай-Қазақстан мемлекеттік шекарасы 
туралы Қосымша келісім қабылданды. Ал, 1998 жылы 4 шілдеде Қытай-Қазақстан 
мемлекеттік шекарасы жӛнінде ұзаққа созылған келіссӛздер аяқталды. ҚХР Тӛрағасы Цзян 
Цзэминьнің ҚР-на жасаған сапары барысында екі ел басшылары шекараны түпкілікті 
белгілеудің және ортақ шекарадағы екі даулы учаскі жӛніндегі мәселені шешкен тарихи 
Қосымша келісімге қол қойды [11, 106 б.].
1999 жылы желтоқсанда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ҚХР-на жасаған сапары барысында 
Пекинде «Қытай-Қазақстан мемлекеттік шекарасы туралы Шартқа» қол қойылуымен екі ел 
арасында ұзаққа созылған келіссӛздер процесі толығымен аяқталып, Қытай-Қазақстан 


Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
61 
мемлекеттік шекарасы заңды түрде рәсімделді. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастау 
алған, екі ел арасында қол қойылған бір қатар нормативтік-құқықтық құжаттардың 
жиынтығына (1994 ж. Келісім, 1997 және 1998 жж. Қосымша Келісімдер) қарамастан ҚХР-
сы мен ҚР-сы арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау, яғни жергілікті жерлерде 
шекараның тиісті белгілерін орнату процесі іс жүзінде 2002 жылға дейін созылды.
 
Екі ел 
арасында шекараны делимитациялау (белгілеу) мәселесі қиын да әрі ұзақ мерзімді 
процесстердің бірі болып табылды. Ӛйткені, ол саясат тұрғысынан және басқа да салалардың 
деңгейінен алып қарағанда, жете зерттелуді қажет ететін маңызды шара. Сондықтан, екі ел 
арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау жұмыстары тек 2000 жылдың басына 
қарай басталды. 2002 жылғы 10 мамырда Қазақстанның СІМ Қ.Тоқаев ҚХР-на ресми 
сапармен барып, ҚХР Мемлекеттік Кеңес Премьерінің орынбасары Цянь Циченьмен және 
ҚХР СІМ Тан Цзясюаньмен кездесулер ӛткізді. Екі елдің сыртқы саяси мекемелерінің 
басшылары Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы 
мемлекеттік шекараны демаркациялау туралы Хаттамаға қол қойып, тараптар «Қытай мен 
Қазақстан арасында шекара мәселесі толық шешілді» деп ашық мәлімдеме жасады. 
Хаттамаға және оған қосымша құжаттарға сәйкес Қытай-Қазақстан мемлекеттік 
шекарасында жалпы 688 шекаралық белгілер: 342 – Қытай тарапында, ал 346 – Қазақстан 
Республикасы тарапында орнатылды.
 
ҚХР-ның батыс кӛршісі Қазақстан Республикасының 
арасындағы шекарасының жалпы ұзындығы 1782 шақырымды құрайды. 
2003 жылы Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы 
бірлескен декларациясының 3 бабына сәйкес екі елдің мемлекеттік шекара сызығын 
делимитациялау мен демаркациялаудың үлкен тарихи маңызы бар. Ӛйткені, екі жақтан да 
мемлекеттік шекараның мызғымастығы туралы халықаралық құқық принциптерін 
басшылыққа ала отырып, екі ел арасындағы тиісті шекара туралы келісімдерді бұлжытпай 
орындауға және бейбітшілік пен достықты нығайтуға келісім жасалды.
 
Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар бағытындағы қол 
қойылған шарттық-құқықтық негізіне қорытынды жасай келе, 1992-шы жылдан бастап 2010 
жылға дейін екі жақты ынтымақтастыққа негіз болатын саясат, экономика, әскери, мәдениет 
және әлеуметтік салалардағы Қытай-Қазақстан қатынастарын реттейтін мемлекетаралық, 
үкіметаралық және мекемеаралық сипаттағы тарихи маңызды құжаттарға қол қойылды.
 
Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында жоғарыда аталған және 
таяуда қол жеткізілген барлық келісімдер біртіндеп іске асырылу үстінде.
Қытай-Кеңес қатынастарындағы ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келген шекара 
мәселесі аяғына дейін шешілмей қалған болатын. Міне сол кеңестік дәуірден шешілмей 
қалған шекара мәселе заңды және саяси 
тұрғыдан толық түрде шешімін тапты деп айтсақ 
болады. Мемлекеттік шекара бойынша барлық мәселелер шешілді, екі жақты ӛзара тиімді 
сауданың дамуына қолайлы жағдай қамтамасыздандырылып, іскер және қоғамдық топтар 
арасындағы байланыстар мен алмасулар белсенділігі артуда.
Екі ел арасындағы ынтымақтастығымыздың жылдан-жылға артып келе жатқан 
кӛптеген мәселелері біздің ұстанымдарымыздың ортақтығының айқын дәлелі болып 
табылады. Қазақстан мен Қытайдың арасында келіспеушіліктерден гӛрі бір ойдан шығатын 
тұстар әлде-қайда кӛп. Астана мен Пекин ӛңірлік ынтымақтастық пен халықаралық саясат 
жӛніндегі басты сұрақтар бойынша ұқсас немесе сәйкес ұстанымдарға ие. Біз БҰҰ, ШЫҰ, 
АӚСШК, Әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары съезі және тағы басқа шеңберде ӛзара 
белсенді түрде ынтымақтасу үстіндеміз. Сепаратизм күштерімен, халықаралық лаңкестік 
және діни экстремизм, сонымен қатар трансшекаралық қылмыс, заңсыз есірткі айналымы 
және басқа да ӛңірлік және халықаралық қауіпсіздік қатерлері мен қыр кӛрсетуге қарсы 
күрес саласындағы тығыз байланыстар сақталуда 
[12].
 
Міне, осыдан 20 жылдай уақыт аралығындағы мәңгі кӛрші Қытай Халық Республикасы 
мен Қазақстан Республикасы бір-бірін мемлекет ретінде мойындауы, мемлекет пен үкімет 
басшыларының жоғарғы деңгейдегі келіссӛздері, ынтымақтастық бағытындағы маңызды 


Казахский государственный женский 
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
62 
құжаттардың қабылдануы және басқа да әрекеттері сӛзсіз Қытай Халық Республикасы және 
Қазақстан Республикасы дипломатиясының үлкен жетістіктерінің бірі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет