Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
66
шаруашылығы күйзеліске ұшырады, бірден-бір тіршілік кӛзінен айрылған қазаққа біржолата
жойылу қаупі тӛнді.
КСРО-да жүргізілген күштеп ұжымдастыру науқаны Қазақ елін айналып ӛтпегені
белгілі. Жаппай тәркілеу құрығына шаруалармен қатар, дәулетті қазақ байлары мен кезінде
билік тізгінін ұстаған хандардың ұрпақтары ілікті [1].
Большевиктер ӛкіметті басып алғаннан кейінгі жылдары қазақ жері екі дүркін - 20-шы
және 30-шы жылдар басында жан түршігерлік ашаршылықты бастан ӛткерді. Осы
аштықтарда қазақтың қырылғаны қырылып, аман қалғаны бас сауғалап,
тоз-тоз болып,
халық ретінде жойылудың аз-ақ алдында қалды [2]. Ауа райының аса қолайсыз
құбылыстары, атап
айтқанда, қуаңшылық, жерді кӛк мұз басуы т.б. салдарынан болатын
экономикалық күйзелісті ежелгі қазақтар жұт деп үрейленген. Қазақ «жұт – жеті ағайынды
содырмен сегіз, салақпен тоғыз, олақпен он» деген сӛздер де ертеден келе жатыр. 19 ғасырда
қазақ даласында 20 ірі жұт тіркелген.
Міне, осындай дүркін-дүркін жұттан аман қалған қазақ, большевиктер билікке
келгеннен кейінгі жағдайда оған тӛтеп бере алмады.
Оның басты себебі, жұмысшы мен
шаруаның одағына негізделген пролетариат диктатурасының орнауы еді. Бұл тӛңкеріс
бастапқыда «әлемдік социализм» теориясына сәйкес Ресей империясына «эксперимент»
ретінде енгізілген-ді. 1917 жылғы үздіксіз революциялар, соның ішіндегі «социалистік
революция», «кеңестер» туралы В.И.Ленин: «Уақытша үкіметпен, буржуазия үкіметімен
қатар әлі әлсіз, жаңа ұрық салып келе жатқан… екінші үкімет – жұмысшы және солдат
депутаттарының Советтері құрылды. Бұл үкіметтің саяси сипаты қандай? Бұл –
революциялық диктатура, яғни орталықтандырылған мемлекеттік ӛкіметтің шығарған
заңына емес, .бұқара халықтың тӛменнен болатын тікелей бастамасына сүйенетін ӛкімет»
деп жазған еді. Алайда, бұл ӛкімет орталықтан шет жатқан Түркістан сияқты аймақтарда
Мұстафа Шоқайдың сӛзімен айтқанда, «... ӛліктердің үстінде әйелдер мен балалардың
ӛліктерін құрбандыққа шалып орнады». Билік үшін күресте большевиктердің толық жеңісі
немесе «социалистік революцияның салтанат құруы» – азамат соғысынан кейін ғана мүмкін
болды. Кеңес ӛкіметінің 1920 жылдан басталатын дербес билігі 1930 жылдары тоталитаризм
(лат. totalis – тұтастай, түгелдей) жүйесін туғызды. «Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам
ӛмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық
құқықтары жойылады, оппозиция мен ӛзге саяси ой ӛкілдері саяси қуғын-сүргінге
ұшырайды. Оның тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэдун, Солтүстік Кореяда
Ким Ир Сен режимі кезінде, сондай-ақ фашистік Италияда Б.Муссолини және Германияда
А.Гитлер тұсында орнады» [3].
Тоталитаризм орнаған КСРО-да 1920-30 ж.ж. байлар мен кулактарды тап ретінде жою
шаралары мен ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру саясаты жүзеге асырылды.
Нәтижесінде қазақ халқы алапат ашаршылыққа ұшырап,
жаппай босқыншылықты бастан
ӛткерді. Кеңестік тоталитаризм зиялы қауым ӛкілдерін ұлттық саяси ұстанымдарына орай
«тап жаулары», «жат пікірдегілер» және «әлеуметтік қауіпті элементтер» ретінде қудалады.
А.Байтұрсынов, Ә.Бӛкейханов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ә.Байділдин, Д.Әбілов,
М.Тынышпаев, Т.Рысқұлов т.б. Алаш арыстары тоталитаризмнің құрбаны болды.
Қазақ ӛлкесін басқарған Ф.И.Голощекин (1925-1933) елдi индустрияландыру және
ұжымдастыру саясатын тездетті. Оған И.Сталиннің 1928 жылы 15 қаңтар – 6 ақпан
аралығындағы Сібірге сапарында (Новосибирск, Барнаул, Бийск, Рубцовка, Красноярск,
Омбы), Красноярскіде ӛткізген «Шығыс кеңесі» түрткі болды. КСРО-ның Бірінші адамы
елдегі астық дағдарысына тоқталып, «егер 1927 жылғы қаңтарда 428 млн.
пұт дәнді астық
дайындап үлгірген болсақ, ал 1928 жылғы қаңтарда дайындалған астық 300 млн. пұтқа әрең
жеткенін, осы жетіспеушіліктің 128 млн. пұт болғанын» [4] тілге тиек етті. Осы сӛздерді
құлағы шалған жергілікті «шабармандар» астық дайындауда «асыра сілтеулерге» жол берді.
Соның салдарынан қазақтардың дәстүрлi мал шаруашылығы күйзелдi, қазақ зиялыларының
мәліметтері бойынша, сол кезде 40,5 млн.-дай мал басы 4,5 млн.-ға қысқарғаны белгілі.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
67
Оның үстіне ауа райының қолайсыздығы мен аштықтан босқан халықтың 24 пайызы, яғни
әрбiр тӛртiншi адам қазаға ұшырап отырған.
Осылайша, большевиктер жоспарға негiзделген экономиканың негiздерін қалады, ӛнер-
кәсiп пен ауыл шаруашылығын дамытуда сан қуып кетті. Ал, Қазақ даласында «папка ұста-
ған шолақ белсендiлер» кӛбейіп, кӛк аспанда «асыра сiлтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын»
ұрандары самғады. Патшалық биліктен мұраға қалған кеңестiк билiктiң ӛзге ұлттарды
отарлау саясаты, қаншама халықтың кӛз жасын кӛлдетіп, «жасанды» қасiретке душар еттi.
Әбден, ашыққан қазақтар шекаралас Қытай, Ресей, Қырғызстан, Ӛзбекстан, Түрікменстан
арқылы Моңғолия, Ауғанстан, Иран және Түркия сияқты елдерге асып кетіп жатты. Сол
жылдары осы елдерге табан тіремеген қазақ отбасы кемде-кем.
1928-1932 ж.ж. бірінші бесжылдық тұсында қазақ байларын тәркілеу саясаты күшіне
еніп, кеңестік билікке қарсы «әлеуметтiк қауiптi элементтердi» iздестiруге, оларды күштеп
жер аударуға ұласты. Әсіресе, қазақ байлары қудаланды.
Ұжымдастыру науқанында Жетісуға әйгілі ірі ауқатты әулет Маман отбасынан 1720 ірі
қара, 13 ақ үй, 13 ағаш үй тәркіленген. Бұл әулеттің мүшелері қазаққа пайдалы істер
жасаумен
танылған еді, айталық ғылым-білімнің қадірін ұққан Есенқұл Маманов жақсы
роман жазған адамға бәйге жариялаған болатын; Семей округінен Құнанбай – Абай
ұрпағынан Шәкәрім, Тұрағұл қудаланғаны белгілі. Сол кезде Тұрағұлдан небәрі 36 мал басы
тәркіленген екен. Семей қаласындағы ет және тері ӛнеркәсібінің негізін қалаған, 1918 жылы
М.Әуезовтің ӛтінішімен «Абай» журналын шығаруға қаржылай демеушілік танытқан, ірі
қазақ байларының бірі Қаражан Үкібаевтың мүлкі кәмпескеленеді.
Батыс ӛңіріндегі ауқатты адамдардың бірі, Сырым Датұлының шӛбересі Салық
Омаровтың мал-мүлкі тәркіленіп, ӛзі Жетісуға жер аударылады. Ол кезінде Жаһанша
Досмұхамедовтың Санкт-Петербургке оқуға түсуіне қаржылай кӛмек кӛрсетіп, Алаш
әскеріне 200 жылқысын берген адам. Сол сияқты Тұрағұл Ибрагимов алашордашы ретінде
Халел
Ғаббасов, Мұсатай Молдабаевпен бірге Сібірге жер аударылған.
Ӛйткені, 1932 жылы Ораз Исаевтың Сталинге жолданған хатында жазылғандай:
«…Байлардың кӛптеген аудандарда белгілі бір табысқа жеткенін мойындау керек. Бұл 1930-
1931 жылдары байлардың Алтайдан Маңғыстауға дейін едәуір ірі-ірі контрреволюциялық
бас кӛтерулер ұйымдастыра алғанынан ерекше айқын кӛрінді» [5].
Бүгінге дейін Қазақстандағы ұжымдастыру науқаны мен ашаршылыққа қарсы бой
кӛтерулер туралы аз жазылған жоқ. Қазақ жерінде 1929-1931 жылдардағы 80 мың адамды
қамтыған 372 шаруалар кӛтерiлiсі талқандалды. ОГПУ (Біріккен Мемлекеттік Саяси
Басқарма) мәліметтері бойынша, 1930 жылы қаңтар-сәуір айларында КСРО-да 1,8 млн.
адамды қамтыған 6 мыңдай шаруалар кӛтерілісі болған. Соның ішінде Қазақ даласындағы ірі
кӛтерілістер: Созақ, Ырғыз, Қарақұм, Қарақалпақ (басмашылық кӛтеріліс – Тақтакӛпір),
Адай, Абыралы, Шыңғыстау, Батпаққара (Торғай – Әбдіғаппар хан), Балқаш, Жетісу,
Сарқанд, Қордай [6]. Қалай болғанда да, мұндай фактілер шаруалар кӛтерілісін
беделді
адамдардың басқарғанын айғақтайды.
Қазақ халқының тарихындағы 1928-1933 жылдардағы ашаршылық бүкіл адамзат
тарихындағы ең зұлмат, жантүршіктірер нәубет болып табылады. «Осынау алапат аштық
ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясатын бүркенгенімен, сол саясатқа мүлдем қарсы
әрекеттерге барып, кеңестік-тоталитарлық жүйенің қазақ халқының дәстүр, құқық, ӛзіндік
шаруашылық ерекшеліктерін аяқасты ету нәтижесінде тұтастай ұлтты қолдан жасаған
геноцид пен демографиялық детерминизмге алып келген қылмыстың ең ауыр түрінің
қайғылы нәтижесі. Демографтар сол жылдары жаппай қырғын болмаса, қазіргі таңда
қазақтардың саны 40 млн. адамға жетер еді дегенді алға тартады. Сондықтан да бұл нәубет
қазақ халқының ӛсімін кем дегенде 110 жылға артқа шегіндірді!
Достарыңызбен бөлісу: