Хасанов indd


Лексикалық синтагматиканың оппозициялары



Pdf көрінісі
бет26/45
Дата06.01.2022
өлшемі2,5 Mb.
#12631
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
Байланысты:
Хасанов Ғ.Қ. Қазақ тілінің лексикалық синтагматикасы

2.10 Лексикалық синтагматиканың оппозициялары
Синтагматикалық  оппозициялар  мәселесі  тілдегі  қатынастардан 
туындайтын,  сөздер  арасындағы  мағыналық  байланыстардың  әр 
алуан  дәрежесін  көрсететін,  қазақ  тіл  білімінде  әлі  толық  зерттел-
меген  лексикалық  синтагматиканың  күрделі  сұрақтарының  бірі. 
Жалпы  синтагматикалық  оппозициялардың  пайда  болу  тарихы 
Н.С.Трубецкойдың  фонологиялық  мектебі  енгізген  фонологиялық 
оппозицияның;  яғни,  привативті,  градуалды,  эквиполентті  деген  үш 
типінен  басталады  [196,  82].  Ресей  лексикологтары  И.в.Арнольд, 
Ю.Н.Караулов  бұл  оппозициялар  теориясын  семасиологияны  зерт-
теген  еңбектерінде  алғаш  қолданып,  соңынан  бұл  теория  басқа  да 
зерттеушілер  тарапынан  кең  қолдауға  ие  болды,  мәселен,  С.Маркус 
нөлдік және дизъюнктивті оппозициялар ұғымын енгізеді [197, 22].
орыс  семантикасында  семемалардың  мәтін  ішінде  бір-бірімен 
мағыналық  байланыстың  ерекше  түріне  түсіп,  айқындалған  мән 


212
213
беретінін  Н.А.Шехтман  бастаған  мектеп  өкілдері  қарастырады. 
Сөздердің синтагматикалық қатынасы негізінде логикалық қатынастар 
жатыр, сол себепті, мәндік байланысу ақиқат шындықтағы заттар мен 
құбылыстардың қалыпты, қайталамалы, теріске шығару, ұштасу, үйлесу 
т.т. сияқты іс-әрекеттері салдарынан келіп шығады. Синтагматикалық 
оппозициялар логикада мойындалған д.П.Горский көрсеткен ұғымдар 
арасындағы қатынастар типіне сәйкес келеді, яғни «тең түсу, бағыну, 
ену  немесе  енгізу,  қиылысу,  енбеу  немесе  шығару»  [198,  54].  осы 
тұрғыдан келгенде, синтагматикадағы сөздер қатынасының мынадай 
типтерін  бөліп  шығаруға  болады:  нақтылау,  қарсы  қою,  ұғындыру, 
бағалау,  ұлғаю.  Бұл  қатынастар  сөздер  мағыналарының  терең  және 
кіші  байланыстарынының  әрқилы  түрлерін  көрсетеді.  Мысалы,  се-
мемалар  арасындағы  нақтылау  қатынасы  сапа,  сан,  уақыт,  кеңістік 
мәндерін білдіретін сөздерде қандай сипатта келеді? Мәселен, аспан-
бұлт;  бұлт-маңу;  қазбауыр  бұлт;  көңіл  бұлты  т.т.  сияқты  сөздер 
арасындағы  мағыналық  байланыстар  ерекшелігі  (Мыс.:  Қазбауыр 
бұлтар маңғанда. М.Мақатаев. «Есіңе мені алғайсың»). оның үстіне, 
мәтіндегі  позициялық  өзгеріс  пен  құбылу  деңгейінің  тигізер  әсері. 
Сондықтан  бұл  мәселеде  кіші  қатынастар  мен  синтагматикалық  оп-
позиция сияқты мәселелер бір-бірімен түйісері сөзсіз. Ал лексикалық 
синтагматикадағы  бұлардың  бетінде  жатқан  ірі  қатынастардың 
табиғатын  ашуға  синтагматикалық  оппозицияларға  талдау  жүргізу 
арқылы  баруға  болады.  Бұл  оппозицияларды  жалпы  семантикада 
мағыналарды талдап, ерекшелігін айқындау үшін қолданған себепті, 
лексикалық  жүйедегі  парадигматикалық  және  синтагматикалық 
қатынастарға  ортақ  қарастыра  береді.  И.в.Глазкова  публицистиканы 
қарастырған өз зерттеуінде тек семантикалық оппозицияларды жіктейді 
[199,  35-41].  Э.в.  Кузнецова  парадигматикалық  қатынастар  аясында 
омонимия, антонимия, паронимия, синонимия ерекшеліктерін зерттеу-
де жалпы сөзбелік оппозициялардың типтерін қарастырып, солардың 
негізінде олардың мәнін ашады. Мысалы: «бірдейлік оппозицияларға 
омонимияны,  привативті  оппозицияға  гипер-гипонимия  және  паро-
нимияны,  эквиполентті  оппозицияға  гипонимия,  гиперонимия  мен 
паронимияның қиылысуларын жатқызамыз» [49, 46-47]. Бұнда градуал-
ды оппозиция ғана семемалардың парадигматикалық қатынастарының 
типіне келмегендіктен, зерттеуге енгізілмеген. Сонымен қатар, граду-
алды оппозиция, көбіне, зат есім – етістік түрінде тілдің лексикалық 
жүйесінде  қолданылады.  Енді  синтагматикалық  оппозициялардың 
лексикалық жүйедегі семемалардың мағыналық байланысына әсер ету 
дәрежелерін қарастыралық.
а)  Бірдейлік  (теңбелік)  немесе  нөлдік  синтагматикалық  оппо-
зиция.  Сөз  бірліктерінің  мағыналық  байланысы  бұл  оппозицияда 
толық дәрежеде немесе соған жақын сипатта үйлесіп отырады. Нөлдік 
синтагматикалық  оппозиция  мүшелерінің  арасындағы  семантикалық 
қатынас  логикалық  тең  түсу  қатынасына  сәйкес  келіп,  қарапайым 
мағына  үйлесуінің  және  мағынаның  құрылымдық  бөліктерінің 
тікелей  байланысу  мүмкіндігіне  негіз  болады.  Бұл  байланыс  тура-
лы  Н.А.Шехтман:  «синтагматикалық  оппозиция  мәтіндегі  сөздердің 
түсінікті  түрдегі  семантикалық  байланысынан  туады»,  –  дейді  [200, 
150].  оның  ойын  негізге  алсақ,  бұл  оппозицияда  синтагматиканың 
басты  заңдарының  бірі,  яғни  семемалардың  үйлесуі  негізінде  се-
мантема  құрайтын  итеративті  байланыстың  өзгеру  сипаты  жатса  ке-
рек.  Мәселен,  құс  қанатымен  ұшып,  құйрығымен  қонады  дегендегі 
теңбелік  оппозиция  құс  ұшады,  құс  қонады  сөздер  байланысынан 
көрінеді. Ал құс-қанатымен; құс-құйрығымен сөздеріндегі не заттық, 
не  ұғымдық  немесе  коннотаттық  мағына  бөліктері  лексикалық 
синтагматикалық  байланысқа  түспеу  себебінен  байланыса  алмай-
ды. Бұл сөздердің қатынасы теңдік дәрежеде емес, тек бұл сөздердің 
мағынасы  бір-бірімен  перифериялы,  яғни  шеткері  орналасқан  се-
малар  арқылы  байланыса  алады.  Бұл  байланыс  парадигматикалық 
қатынас аясындағы гипонимиялық байланысты көрсететін привативті 
оппозицияға  жатады.  Нөлдік  оппозицияға  қазақ  семантикасында 
нақтылаушы  дәреже  тән  болады;  мысалы:  ақын  балладасы,  қамыс 
үлпілдегі,  күйеуге  шығу,  шариғатқа  теріс,  жорта  айту,  еңбек  жемісі, 
ән  орындау,  ақпар  беру,  киім  кию,  төрге  озу,  дөңгелек  шабағы  т.т. 
Нөлдік оппозицияға заттық, ұғымдық бөліктері бір-бірімен үйлесімді 
түрде  келетін  және  еркін  дәрежедегі  лексемалардың  эквиваленттері 
үйлесе алатын лексикалық синтагматикалық қатарлардағы қатынастар 
енеді.  Мысалы:  құс  ұшады  эквиваленті  (қалықтайды);  құс  қонады 
эквиваленті (сорғалайды); ақын балладасы эквиваленті (өлеңі); қамыс 
үлпілдегі эквиваленті (басы); шариғатқа теріс  эквиваленті (қайшы); 
күйеуге шығу эквиваленті (тию); жорта айту эквиваленті (әдейі); еңбек 
жемісі эквиваленті (дәні); т.т. Ал құда түсу, еңбек күні, киіт кигізу т.т. 
тіркестерін алып, нөлдік оппозиция ерекшелігін ашу, яғни семантема-
лар құралатын байқау үшін сөз эквиваленттерін қойып көрелік. Мыса-
лы: құда түсу эквиваленті (бару, келу, жіберу) жоқ деуге болатындай, 
себебі құда бару, құда келу, құда жіберу деген лексикалық тіркесімдер 
құда  түсу    тіркесіміндегі  синтагматикалық  қатынасты  дәл  бермейді. 
Сондықтан  құда  түсу,  құда  келу,  құда  жіберу  тіркесімдері  өз  алды-
на  жеке  сөз-синтагмалар  ретінде  қабылданады  да,  олардан  теңбелі 
сипаттағы  лексикалық  синтагматикалық  оппозиция  байқалмайды. 
Еңбек  күні  дегендегі  күні  сөзіне  эквивалент  ретінде  тәулігі,  сағаты, 


214
215
уақыты т.т. сөздерін ала алмаймыз, өйткені бұл сөздер мағыналарының 
ұғымдық  бөлігіндегі  бір  сема  да,  еңбек  сөзінің  мағынасындағы 
ұғымдық бөліктің семалық құрамымен байланысқа түсе алмайды, егер 
синтагматикалық қатынасқа түссе, онда заттық мағына бөлігі ауысып, 
басқа семантема пайда болады. Сондықтан еңбек күні, киіт кигізу өз 
алдына  семалық  құрамымен  бір-бірімен  байланысқан  синтагмалы 
қатынастағы  семантемалар.  Бұлар  сияқты  лексикалық  тіркесімдер 
теңбелі синтагматикалық оппозицияны құрай алмайды да, лексикалық 
жүйеде  айқын  синтагматикалық  қатынасқа  түсіп,  тұрақталудың 
бастапқы дәрежесіне ене бастайды. Теңбелі синтагматикалық оппози-
ция болу үшін сөз ауысу, яғни эквиваленттің берер мәні дәл не жуық 
келу болу керек. Жалпы алғанда, нөлдік синтагматикалық оппозиция 
еркін дәрежедегі мағыналық байланысты көрсетеді. Ал сөз тіркесі басқа 
атауыштық сипатқа ауысқанда басқа түрдегі нөлдік оппозиция пайда 
болады. Мысалы: еңбек күні –  мейрам күні; киіт кигізу – сыйлық беру; 
ұсыныс жасау – орын әзірлеу,  яғни  бөлек мағыналық құрылымдағы 
синтагматикалық қатар құралады. Нөлдік синтагматикалық оппозиция 
құрамындағы семемалардың мағыналық құрылымындағы семалардың 
байланысу,  қиылысу  ерекшелігі  өз  алдына  бір  жеке  тақырып  екенін 
айтқымыз келеді.
б) Тарамды (привативті) синтагматикалық оппозициялар. Сөздер 
байланысындағы  бұл  оппозициялар  типі  парадигматикалық  және 
синтагматикалық  қатынастарға  ортақ  сипатта  келетін,  бір-біріне  ең 
жақын оппозиция. Сол себепті, бұл оппозицияларды шатастыру жиі 
кездесуі мүмкін, ондай жағдай болмас үшін парадигматика мен син-
тагматика  қарастыратын  тілдік  мәселелердің  ара  жігін  нақтылап 
алған  жөн.  Синонимия,  антонимия,  паронимия,  гипонимия  ішінара 
омонимия  құбылыстарында  сөздер  парадигматикалық  қатынастарға, 
ал  омонимия,  полисемияда  және  еркін,  мағыналы  байланысуда 
сөздер лексикалық синтагматикалық қатынастарға түседі. Привативті 
синтагматикалық оппозицияда сөздер мағыналарының компоненттері 
басты бір бөлікте тұрып, араласу, бір-бірінің құрамына енуі мүмкін. 
Парадигматикалық  қатынаста  бүтін  мен  бөлшектің  арасындағы  бай-
ланысты привативті деп есептейді. Мысалы: қозғалу – ұшу; бұтақ – 
ағаш. Э.в.Кузнецова: карбюратор – двигатель; кушанье – каша; стол 
– столица; свинец – свинцовый т.т. тіркестерді осы оппозиция типіне 
жатқызады  [49,  47].  Ал  привативті  синтагматикалық  оппозицияға 
негізінен кейбір омонимия мен полисемантизмдегі мынадай сөз ауысу-
ларын жатқызамыз. Мәселен: таудың етегі, көлдің етегі, төскейдің етегі, 
түннің етегі, көлеңкенің етегі т.т. Енді бұлардың эквивалентерін қойып, 
оппозициядағы  синтагматикалық  қатынасты  қарастыралық:  таудың 
етегі  эквиваленті  астыңғы  жағы,  төмені,  төменгі  жағы;  мағыналық 
үйлесімділік  төменгі  жағы  дегенде  сақталып  тұр.  Ал  шыңның 
төменгі жағы дегендегі беріліп тұрған мән шыңның етегі тіркесіндегі 
мағыналық үйлесімділікпен сәйкес келмейді, себебі тау және шың екі 
басқа мағыналы сөз болып тұр. Тіпті, шыңның етегі дегенде мағыналық 
тіркесімділік  солғын  дәрежеде,  сондықтан  бұнда  синтагматикалық 
байланыс  жоқ  деуге  болады,  оның  үстіне,  тілдік  нормаға  бұндай 
лексикалық синтагматика жатпайды. Ал шыңның басы, таудың басы 
дегенде  привативті  синтагматикалық  оппозицияға  шыңның,  таудың 
сөздері  бір-біріне  эквивалент  бола  алады.  Көлдің  етегі  дегендегі 
эквиваленті аяғы және төменгі жағы сөздері айқын привативті оппо-
зиция сыңарлары бола алады. Ал таудың, көлдің, төскейдің сөздеріне 
үйлескен және эквивалент болған төменгі жағы, аяғы сөздері түннің, 
көлеңкенің сөздеріне сыңар құрай алмайды. Мысалы: түннің төменгі 
жағы, көлеңкенің төменгі жағы немесе түннің аяғы, көлеңкенің аяғы 
дегенде лексикалық тіркесімділік мүлде жоқ, оларды тек синтаксистік 
сөз тіркесі ретінде қабылдаймыз. Сол себепті, бұдан шығатын түйін, 
бір  лексикалық  синтагматикалық  оппозицияға  жататын  сөздер  тек 
өзінің  мағыналық  құрылымына  сәйкес  синтагматикалық  қатынасқа 
түседі. Сонымен қатар, өзіндік синтагматикалық оппозицияға енетін 
эквивалентті талап етуі не бағындыруы мүмкін. 
Тарамды  синтагматикалық  оппозиция  сөздің  ауысуы  бойынша 
жүргенде, олардың эквиваленттерін семаларының үйлесуінен көреміз. 
Бұл лексика элементтері арасындағы байланысты парадигматикалық 
қатынаспен  шатастыру  узуалды  семалардың  айқындалған  мағына 
бөліктерімен  байланысынан  туады.  Бұл  ерекшелікті  М.оразов 
аңғарып,  былай  деп  жазады:  «кейде  мұндай  семалардың  ауысуы 
тіркестік  мағынаға  да  сүйенеді.  Мысалы,  Сен  жаралы  жолбарыс  ең, 
Мен  киіктің  лағы  ем  (Абай)  деген  мысалымыздағы  жаралы  жолба-
рыс, киіктің лағы тіркестері жаңа мағынада (ашынған, өшіккен; нәзік, 
әлсіз) қолданылып тұр. олардың мағынасының көшуіне негіз болған 
бір сөздің семасы емес, тіркес негізінде туған мағына» [7, 188]. Бұл 
тіркестік  мағына  негізінде  семалардың  ауысуы  полисемантизмдегі 
синтагмалы байланысты көрсетеді, яғни ашынған аң, өшіккен тағы де-
ген лексикалық тіркесімдердегі аң, тағы сөздері синонимдік ауысу ту-
дырып, парадигмалық қатынас болса, привативті оппозиция ашынған 
сөзі мен аң, жолбарыс семемаларындағы басты узуалды семалардың  
лексикалық үйлесімінен көрінеді. Бұл оппозиция, сондай-ақ, ашынған, 
өшіккен етістіктері мен аң, тағы, жолбарыс зат есімдерінің мағыналық 
үйлесімді  байланысынан  аңғарылады.  Мұндағы  жаралы,  ашынған, 
өшіккен  синонимдік  қатарындағы  парадигматикалық  қатынас 


216
217
болса,  жаралы  жолбарыс,  ашынған  аң,  өшіккен  тағы  привативті 
синтагматикалық  оппозиция  болады.  Бұндағы,  яғни  жаралы  сөзінің 
оппозиция эквиваленті аң, тағы семемалары болады, ал лақ сөзі бұл 
оппозицияға эквивалент бола алмайды. оған басты себеп, мағынаның 
заттық, ұғымдық бөліктерінің лексикалық синтагматикаға түспеуі, яғни 
ашынған лақ, өшіккен лақ дегенде ешқандай мәндік байланыс жоқ, ал 
жаралы лақ дегенде мағыналық үйлесу пайда болады. Сонда жаралы 
сөзі ашынған, өшіккен сөздерінің ассоциациясын бере бермейді, сол 
себепті  тіркесуден  туған  мағына;  ол  семалық  құрылым  деңгейінің 
привативті  синтагматикалық  оппозицияға  түсу  дәрежесінен  туған 
деуге  болады.  Егер,  ашынған  қоян,  өшіккен  қосаяқ,  жаралы  қоңыз 
деген тіркестерді синтагматикалық қатынасқа жатады деп есептесек, 
оған  мағына  құрылымындағы  семалық  құрам,  қабылданған  тілдік 
норма қарама-қайшы келеді, онда олар тек оксюморонды тіркесімдер 
болады.  Сонда  бұл  тіркестер  сыртқы  форма  жағынан  ғана  байланы-
сып,  синтаксистік  синтагматикаға  түсіп  тұр.  Ал  ашынған  жолбарыс, 
өшіккен  қасқыр,  жаралы  қоян  дегенде  лексикалық  синтагматика 
қалыпты  дәрежеге  түседі.  Привативті  синтагматикалық  оппозиция 
сөз мағынасының бір-біріне еніп, ауысуынан және макросемалардың 
тікелей байланысынан туады.
в)  Күшейтпелі  (градуалды)  синтагматикалық  оппозиция.  Бұл 
синтагматикалық  оппозиция  типінде  сөздер  мағынасы  үйлесімді 
түрде  күшейіп  барып  байланысады.  оның  үстіне,  эквиваленттерінің 
макросемалары  бұл  қатынастың  одан  әрі  күшейген,  нақтыланған 
қатарын құрайды. Тағы бір ерекшелігі айырушы, нақтылаушы сема-
лар  эквиваленттерінде  актуалданып  отырады.  Н.Е.Кунина  бұндай 
синтагматикалық оппозицияда «бағалау» компонентін  айырушы деп 
есептейді  [72, 116]. Мысалы: «Мен жақын бір адамымнан айрылғанымды 
сездім.  -  Жақсы  адам,-  деді  Марченко.  –  Иә,  бұндай  адамдар  сирек 
кездеседі, - деді олентьев. «Қош бол, дерсу, сен мені ажалдан алып 
қалдың. Мұны мен еш уақытта ұмытпаспын», – дедім ішімнен [в.А., 
51]. осы мәтіндегі жақсы адам  тіркесіндегі коннотация «жағымды» 
бағалаудан  тұрады,  яғни  жақсы  семемасының  құрылымында  «жай-
дары,  ақкөңіл,  адал,  таза»  коннотемалары  жалғаспалы  шектестікте 
орналасқан. Бұнда теңбелі оппозициядағыдай мағына семалары жуық 
келеді, алайда контекст жағдайында актуалданған семалар градуалды 
синтагматикалық оппозицияның күшейген эквиваленттерін құрайды. 
Мәселен, жоғарыдағы мәтіндегі жақсы адам дегеннің эквиваленті си-
рек кездеседі сөз-синтагмасы. Бұндағы коннотемада айқын жағымды 
бағалау  солғын,  тек  жалғаспалы  сипаттағы  синтагматикада  мағына 
бөлігінің үдеуі басым болады. Сонда жақсы адам; бұл сирек кездесетін 
адам, ал сирек кездесетін металл, сирек кездесетін аң, сирек кездесетін 
шөп дегендегі сирек кездесетін эквиваленті бойында жағымды бағалау 
болғанымен, үйлесе үдеу жағы төмен, сол себепті, градуалды оппозиция 
контексте байқалады деген қорытындымыз дұрыс болады. Егер жақсы 
металл, жақсы аң, жақсы шөп деп құрсақ, құр тұлғалық байланыс бар 
да, мағыналық үйлесімділік мүлде жоқ. Ал жақсы адам, бұл жақын адам 
дегенде жағымды бағалау жалғасып, мәтіндегі бағалау коннотациясын 
байланыстырады.  Мәтіндегі  мағыналық  байланыс  осылай  күшейіп, 
синтагматикалық  оппозиция  үдемелік  сипатқа  көшеді,  яғни  жақсы 
адам,  сирек  кездесетін  адам,  жақын  адам  синтагматикалық  қатары 
түзіледі. Градуалды синтагматикалық оппозицияда айырушы семалар 
актуалданатын жағдайды қарастыралық. Мысалы: жамандыққа қимас 
адам  дегенде  «бағалау»  коннотемасынан  гөрі,  «аяушылық»  басым 
түсіп,  үдемелі  сипат  нақтыланған  дәрежеге  өтеді.  Сонда  бағалаумен 
бірге, айырушы семаның  күшеюі байқалады, яғни жақсылыққа қимас 
адам градуалды синтагматикалық оппозиция эквиваленті бола алмай-
ды.  Үдемелі  синтагматика  жақсы  адам,  жамандыққа  қимас  адам  де-
генде жалғаспалы және айырушы сипатта келеді: жақсы, жамандыққа 
қимас. Градуалды синтагматикада оппозициялық эквиваленттің басты 
ерекшелігі екі не үш семемалардың қатар құрап, күшеюі. Лексикалық 
синтагматикалық қатынастағы логикалық жүйенің көрініс табуы тілдегі 
беткі мәндердің тез жиналмалы бейнелерінің бір-бірімен тікелей бай-
ланысуынан туады. Бұнда түсінік пен қабылдаудың алдыңғы белгілері 
жинақталып,  тілде  белгілі  бір  сөз  қатарларын  құрай  бастайды  да, 
нақтылаушы  және  айырушы  сипатқа  енеді.  Міне,  осы  кезде,  ойдың 
үдей барып, әртүрлі сөздер қатарларымен ауысып қолданатындығын 
байқаймыз.  Градуалды  синтагматикалық  оппозиция    эквиполентті 
синтагматикалық  оппозицияға  және  басқа  да  оппозиция  түрлеріне 
ұласа бастауы, синтагматикалық оппозициялардың тіл күретамырының 
қалыпты соғысын реттеуші сөздер қатынасын, яғни лексикалық син-
тагматиканы тудыратындығын көрсетеді.
Жалпы тіл білімінде синтагматика, тіркесімділік және валенттілік 
терминдері аралас қолданғандықтан, күні бүгінге дейін бұл терминдер 
мәселесі әлі шешіле қоймағаны белгілі болды, сондықтан синтагмати-
ка терминінің орнына кеңес тіл білімі кезеңінде тіркесімділік сөзі жиі 
алынғаны байқалады.
Лексикалық синтагматика басқаратын сөздердің ішкі мағыналық 
қорында  қоршаған  ортаның,  шындық  болмыстағы  заттар  мен 
құбылыстардың  бір-бірімен  өзара  қатынастары  жатады.  Заттар  мен 
құбылыс,  іс-әрекеттер  өзара  ықпалдасқанда  әр  алуан  дәрежедегі 
қатынастар  туындайды.  Бұл  қатынастар  адам  санасында  бекуі  үшін 


218
219
үйлесімділікке  негізделген  жүйелі  процесс  тууы  қажет  болады,  сон-
да  ғана  жинақталған  тәжірибелер  басты  қызметке  ие  болып,  толып 
жатқан іс-әрекеттерді жүйелі сипатқа көшіреді. Бұнда бірінші қызмет 
атқаратын  таным  мен  қабылдау  болғандықтан,  сөз  мағыналарының 
үйлесу  негізінде  заттық  және  ұғымдық  деп  аталатын  мағынаның 
құрамдас бөліктері басты болады.
Шындық  болмыстағы  заттар  мен  құбылыстардың  өзара 
қатынасына  сай  тіркесімге  түскен  сөздердің  мағыналары  сай  бол-
маса,  оны  мағыналық  сәйкессіздік  негізінде  байланысуы  дейміз, 
яғни  терминмен  айтқанда,  асемантикалық  байланысуы  деп  атаймыз. 
Мағыналық сәйкессіздік толық сипатқа енсе, онда ендеше ешқандай 
лексикалық синтагматика болмайды.
Лексикалық синтагматикаға деректі мен дерексіздің, жанды мен 
жансыздың  байланысуын  да  жатқызамыз.  Лексикалық  синтагматика 
сөздің өзіндік мағынасының ұғымдық және заттық, сезімдік тұрғыдан 
үйлесе  алу  не  тіркесім  құрай  алу  мүмкіндігі  деген  сөз.  Лексикалық 
синтагматикада  кез  келген  тілдің  семемасы  өзінің  узуалды  және  ок-
казионалды,  жіктеуші,  үстемеленуші  т.т.  семалары  арқылы  басқа 
сөздермен  мағыналық  жақтан  байланысқа  түсіп,  өзінің  айналасына 
бірқатар  лексемаларды  жинақтай  бастайды.  Бұл  жинақталу  кезінде 
лексемалар бірнеше сөздердің қатарларын құрайды және жалпы ортақ 
мәндегі  әр  алуан  көлемдегі  сипатқа  ие  болатын  жүйелік  құрылым 
түзеді. Лексикалық синтагматика тіркесімділігіне қарай екіге бөлінеді: 
абсолютті және реляциялық немесе қатысты тіркесімділік, сосын еркін 
лексикалық  тіркесімділік  және  байлаулы  лексикалық  тіркесімділік. 
Сонымен  қатар,  көріну  дәрежесіне  қарай  қарапайым  және  анық 
лексикалық синтагматика түрлерін бөлдік. денотаттық, сигнификаттық 
семалар  лексикалық  синтагматикада  тікелей  байланысқа  түскенде 
сүйенетін басты өлшемі – итерация және валенттілік.
орыс  тіл  білімінде  синтагматика  үш  түрлі  бағытта  зерттелгені 
көрінді.  Бірінші  бағыт,  лексикалық  синтагматика  құбылысын 
дистрибутивті талдауға ұшырату бағыты. Екінші, контекстологиялық 
бағыт  сөздің  мағыналық  тіркесіміне  мәнмәтіннің  әсер  ету  деңгейін 
айқындаудан басталған. Ал үшінші бағытты лексикалық құрылымдық 
синтагматика бағыты деп шартты түрде атауға болады. Бұл бағыттағы 
алғашқы  зерттеулер  екі  лексеманың  синтагмалық  байланысынан  ба-
сталады.  Мағыналық  құрылымнан  оның  семаларының  құрылымы 
сәйкестенбейінше  лексикалық  дұрыс,  қалыпты  синтагматика 
қалыптаспайды. Лексикалық құрылымдық синтагматика екі функция 
атқарады: байланыстырушы және айырушы, жіктеуші. Айырып жіктеу, 
дәлме-дәл  мағыналық  үйлесімділікке  түсуі  екі  сөз  мағыналарының 
құрылымдық бөліктеріне итеративті байланысынан туады. Құрылымдық 
бағыттағы басты айқындаушы қатынас түріне осы итеративті (семалық 
түр  бойынша)  байланысты  жатқызамыз.  Лексикалық  синтагматика 
лексикалық мағыналардың тіркесуі болса, синтаксистік синтагматика 
синтаксистік мағыналардың тіркесуі болуы керек, алайда мағынаның 
бұл түрі зерттеушілер тарапынан әлі анықталмай, сол даулы күйінде 
қалып отыр. Бұның түпкі негізінде тілдің дихотомиялық сипаты жатса 
керек, яғни нақты тіл мен сөйлеу тілінің арақатынасы және семантика 
мен синтаксистің синтаксис семантикасы болып өзара тығыз байланы-
суын айтуға болады. Міне, осы себептерге байланысты, синтаксистік 
синтагматиканы  синтаксистік  мағына  немесе  мәндердің  бір-бірімен 
тіркесімділігі деп айта алмаймыз, керісінше, синтаксистік синтагмати-
ка сөйлем не айтылымдарды құрайтын сөздер мен сөз формаларының 
грамматикалық мағыналары және грамматикалық формалары бойын-
ша байланысуы десек, дұрысқа келеді. Етістіктердің осындай сипатта 
келіп тіркесім құрауын етістіктердің ықтималды таралуы деп шартты 
түрде атадық. Бұнда синтаксистік синтагматика сыртқы формалардың 
тіркесуіне негіз болса, лексикалық синтагматика әртүрлі семалардың 
бір-бірімен  байланыс  орнатуына  негіз  болады.  Міне,  бұл  қысқаша 
шолудан байқалғаны сөз тіркесі синтаксистік байланысқа негізделген 
синтаксистік  синтагматиканың  көрінісі  болады.  Қазақ  тілінде  сөз 
тіркестері,  синтаксистік  конструкциялар,  әртүрлі  үлгілер  бойынша 
зерттелуде және ол құрылымдар синтаксистік синтагматиканың берілу 
жолдарына негізделген. Қазақ тілшілері лексикалық синтагматиканың 
мәселелерін толық қарастырмағанымен тілдің лексикалық жүйесіндегі 
жүйелік  қатынастарды  біріктіре  қарастырғаны  және  сөз  тіркесіндегі 
синтаксистік  синтагматиканы  зерттегені  топтастырыла  жүйеленді. 
Қорыта айтқанда, лексикалық синтагматика семемалардың байланысы 
болса, синтаксистік синтагматика лексемалар мен сөз формаларының, 
грамматикалық формалардың байланысы болады.
Синтагматикалық қатынас деривациялық қатынаспен тығыз бай-
ланыста болатынын «адам» тақырыптық тобындағы деривациялық бай-
ланыстар мен синтагматикалық қатынастарды салыстыра қарастырып, 
өзара байланысын нақтыладық. Тілде деривация мен мағына қатар да-
мып, құбылып отырады, яғни сөз – лексикалық синтагматика – сөйлем 
– мәнмәтін. осы құрылым бойынша тіл жүйесіндегі лексика бірліктері 
дамып, мәндері үйлесіп, өзіндік жүйе бойынша бір-бірімен байланысқа 
түсіп отырады. 
Лексикалық синтагматика ішкі және сыртқы синтагматикаға ажы-
райды. Лексикалық синтагматиканың үлкен не ұзын түрі және кіші не 
қысқа түрлері болады, яғни үлкен ішкі лексикалық синтагматика барлық 


220
221
семантемаларды  біріктіріп  тұрса,  кіші  ішкі  лексикалық  синтагматика 
сөздердің  қысқа  мағыналық  үйлесуінен  тұрады.  Сыртқы  лексикалық 
синтагматикада  сөздер  жұптарының  мағыналы  ауысуы  жүрсе,  ішкі 
лексикалық синтагматикада ауысу жүрмейді, себебі синтагматиканың 
басты өзегі болатын байлаулы сипаттағы заттық-логикалық байланыс 
бұған  жол  бермейді.  Ал  сыртқы  лексикалық  синтагматика  когнито-
логияда  ғаламның  тілдік  бейнесінен,  оның  концептуалды  жүйесінен 
көрінеді.  Лексикалық  элементтер  тілдің  лексикалық  жүйесінде 
сөздердің  жасырын  не  анық,  байлаулы  не  босаң,  шектеулі  шектеусіз 
сипаттағы заттық-логикалық және сезімдік мағыналық көрсеткіштерге 
негізделген қатынасын құрайды. Бұл қатынастарды, шартты түрде, ішкі 
және сыртқы лексикалық синтагматика деп атаймыз.
Синтагматикалық қатар құрамында сөздер лексикалық мағынаның 
денотаттық, сигнификаттық, коннотаттық бөліктеріне қарай тіркеседі. 
Бұны белгілі бір синтагмалар деген атаумен атаған дұрыс, ал шеткері 
семалармен  байланысқан  лексикалық  синтагматиканың  көрінісі  бо-
латын  сөз-синтагмаларды  солғын  синтагмалар  деген  атпен  атаған 
дұрысқа келеді. Синтагмалық қатардағы сөздердің бірін-бірі қабылдап, 
қабылдамауына  қатысты  басты  шарт  –  лексикалық  семантиканың 
жүзеге асуы деп есептейміз.
Сөз-синтагма дегеніміз – сөздің лексикалық мағыналарының бір-
бірімен  үйлесімділікпен  бір  лексикалық  жүйеде  орналасқан  бірлігі. 
Ауани  мағына  деректі  және  дерексіздікті  бере  береді,  сондықтан 
дерексіздікте жамалатын денотаттық, сигнификаттық компоненттердің 
құрылымын  деректі  ауани  мағына  деп  атаған  дұрыс  деп  есептейміз. 
Сөздердің  лексикалық  синтагматикасы  кешенді  түрде  мәнмәтінге 
бағынышты  жағдайда  көрінеді.  Мәнмәтін  факторында  лексикалық 
синтагматика  тәуелділігінің  барлық  қыры  көрінеді.  Қорытындылай 
келе, сөз-синтагмаларға әсер етуші басты фактор – контекст, ұлттық 
мәдени фактор және тілдік, яғни лексика-грамматикалық, синтаксистік 
факторлар деп білеміз.
Сөз мағынасын компонентті талдауға сүйену арқылы лексикалық 
синтагматикалық  байланыстың  ерекшелігін  аңғаруға  болады. 
Лексикалық  синтагматиканың  бірлігі  болатын  сөз-синтагмаларды 
компонентті талдау арқылы олардың мағыналарының құрылымындағы 
семалардың өзара үйлесу сипаты (итеративті байланыс) мен өзектену 
дәрежесін айқындауға болады.
Сөз-синтагмалар  тілдің  лексикалық  құрамында  тілдік  тұлға 
арқылы,  халықтық  тілдің  жасалу  нормасы  арқылы  қалыптасып, 
тұрақтылық сипатына енеді. Сөз-синтагмалар лексикалық синтагмати-
када «семалық жылжулар» процесі арқылы тұрақтылық сипатына ене 
бастайды, сондықтан сөз-синтагмалардың дамуы олардың тіл лексика-
сында тұрақталу жағдайына алып келеді. Ал тұрақталу арқылы тұрақты 
тіркестердің қабаттары жасала бастайды да, тұрақталу сипатының ба-
сты ерекшелігі болатын сөздердің ауыспалы идиомалық нышандары 
қалыптаса  бастайды.  Сонда  сөз-синтагмалардың  тұрақталу  арқылы 
лексикалық  синтагматиканың  тіл  жүйесінде  тұрақты  қалыпта  бола-
тыны  анықталды  және  сөз-синтагмалар  нақты  тілде  де  сөйлеуде  де 
үнемі  тұрақталу  сипатына  көшу  жағдайында  қолданыста  жүретіні 
байқалды.
Лексикалық синтагматикаға құрылған семемалар тілдің лексикалық 
жүйесінде  өз  баламаларымен  ауысып  қолданылу  мүмкіндігіне  ие, 
сол  себепті  оппозициялар  түрлері  болуымен  ерекшеленеді.  Нөлдік 
синтагматикалық  оппозиция  мүшелерінің  арасындағы  семантикалық 
қатынас  логикалық  тең  түсу  қатынасына  сәйкес  келіп,  қарапайым 
мағына үйлесуінің және мағынаның құрылымдық бөліктерінің тікелей 
байланысу  мүмкіндігіне  негіз  болады.  Тарамды  синтагматикалық 
оппозицияда  сөздер  мағыналарының  компоненттері  басты  бір 
бөлікте  тұрып,  араласу,  бір-бірінің  құрамына  енуі  мүмкін.  Тарам-
ды  синтагматикалық  оппозиция  сөздің  ауысуы  бойынша  жүргенде, 
олардың эквиваленттерін семаларының үйлесуінен көреміз. Градуал-
ды  синтагматикалық  оппозиция  типінде  сөздер  мағынасы  үйлесімді 
түрде  күшейіп  барып  байланысады.  оның  үстіне,  эквиваленттерінің 
макросемалары  бұл  қатынастың  одан  әрі  күшейген,  нақтыланған 
қатарын  құрайды,  яғни  градуалды  синтагматикада  оппозициялық 
эквиваленттің басты ерекшелігі – екі не үш семемалардың қатар құрап, 
күшеюі жүреді, яғни айқындалу реңін жамылатыны байқалды.


222
223


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет