208
209
таяныш етіп алуға тура келеді, себебі сөз-синтагмалардың мағыналық
құрылымын денотаттық, сигнификаттық макрокомпоненттер құрайды.
Бұл макрокомпонент парадигматикалық қатынасқа да әсер етеді, яғни
синонимия, омонимия, полисемия, антонимия бірліктері де бұл мағына
бөліктерінің жылжып өзгеруіне тәуелді болады. Сөз-синтагмаларда
бұл мағына бөліктері жылжымалы, ауыспалы сипатта болады. Бұған
әртүрлі сипаттағы байланысқа ие қазақ тіліндегі сөздерді көптеп
мысалға алуға болады. Мәселен, «мал оттайды», яғни «от (шөп)»,
«тамақ» денотаттық макробөлігіне ие, ал «жағымсыз» коннотемаға ие
болатын жағдай кездеседі. Мәселен: сөйлеу тілінде «оттапсың, оттама»
айтылымдары кездессе, «тамақ» макробөлігі мүлде жойылып кетеді
де, сөйлеу актісінде өзектенетін күшті экспрессема пайда болады.
Тіліміздегі түс атауларының семантикалық өзгерісі парадигмалық,
синтагмалық қатынастарға негізделгендіктен, тоқтаусыз шегі жоқ,
лексикалық синтагматикалық байланысқа ие. Н.Н.Аитованың «Қазақ
тіліндегі түр-түс атауларының когнитивтік семантикасы» еңбегінде
«қоңыр» сөзінің таралуының радиалды құрылымы талданады.
Зерттеуші оған Ж.Нәжімеденовтың өлең жолдарын мысалға алады:
«Қоңыр шешем қоңыр кешті жамылып, Көзін сулап қалып еді
қамығып,
Қоңыр жолға түсіп едім мен өстіп – Қоңырқай ой маза берер емес
түк.
Қоңырайып
жатыр алда жол әлі, кеудем
кейде қоңыр жырға толады,
Қоңыр күпі, қоңыр дала, қоңыр үн, Қоңыр күймен өтіп жатыр
өмірім.
Қоңыр күзде қоңыр шаруа – күйбеңмен, Қоңсы қонған қоңыр
қызға үйленгем.
Қоңыр-қоңыр күй тыңдап ем жасымда, Шешем қалды қоңыр төбе
басында.
Қоян жонға қоңыр ымырт түскенде, Қоңырайып отырамын үстелге»
[179, 22]. Бұл сөз тіркесімдерінің лексикалық синтагмалық қатынасы
бір-бірін қабылдап тіркесуінен көрінеді. Бұндағы сөз-синтагмалардың
бәрі «қоңыр» лексемасымен үйлескен. Контекстке ортақ жалпылау-
ыш ортақ сема көрінеді, ол «қарапайымдылық және табиғатпен бірге
жасасу», яғни өмір қалпын, соның ішінде бұл сөздердің лексикалық
синтагматикасының мәні қазақ ұлтының мәдениетімен тәрбиеленген
адамға ғана түсінікті. Бұл ерекшеліктің негізінде Ю.Н.Карауловтың
ойынша, тілдік тұлға құрылымындағы ең жоғары деңгей –
гносеологиялық деңгей мен семантика арасындағы аралық деңгей жа-
тады. «Аралық деңгей – субьектілі не объективтіленген тезаурус түріне
енген ғалам туралы білімді ұйымдастырушы деңгей» [194, 175].
Сөз-синтагмаларға әсер етуші ұлттық мәдениет факторының
табиғаты енді ғана зерттелу үстінде, бұған лингвомәдениеттану
өз үлесін қосуда екенін айта кетуіміз керек. «Шешем қалды қоңыр
төбе басында» сөйлемінде «тағдыр, өмір талабына мойын ұсыну»
мағыналық бөлігі «қоңыр», яғни қарапайым өмірдің бөлшегі ретінде
көрінеді. в.А.Маслова түстердің лингвомәденитанымдық сипаты ерек-
ше екенін атап өтеді: «Цветовой язык человека ментален по своей при-
роде. За цветом люди видят смыслы» [195, 105]. Сөз-синтагмалар тілдің
лексикалық құрамында тілдік тұлға арқылы, халықтық тіл жасалу нор-
масы арқылы қалыптасып тұрақтылық сипатына енеді. Бұл процесс тіл
жүйесінде үнемі жүріп жататын құбылыстардың бірі. Бұл процестер
туралы М.оразов: «Сөздердің тіркесуінде тек мағына мен формалары
ғана қатынасып қоймастан, тілдік нормалар да қатынасады. Мысалы,
үркек ат, тебеген жылқы, сүзеген сиыр, қабаған ит, т.б. Үрку тек атқа,
биеге тән қасиет емес, сондай-ақ үрку сиырға да, қойға да, түйеге де
тән қасиет. Бірақ үркек сиыр, үркек қой деп айтпаймыз. Жабайы, қолға
үйренбеген аң мен малға байланысты асау сөзін қолданылу мүмкіндігі
бар. дегенмен де қазақ тілінің нормасы бойынша асау жылқыға және
қолға үйретілінбеген төрт түлік малға байланысты қолданылады.
Сондықтан да асау мысық, асау тауық, асау шошқа, т.б. тіркестер
қолданылмайды», – дейді [7, 195]. М.оразов бұнда қазақ тіліндегі
нормаға сүйенеді, алайда олар қандай қалыптағы нормалар екенін
ашып айтпайды. Мұндағы норма тіліміздің лексикалық синтагматика-
сын түзейтін заң емес, ол мағыналық құрылымның үйлеспеу заңы, яғни
лексикалық синтагматиканың нормасы. Лексикалық синтагматикалық
байланыстың ішіндегі валенттілік қатынас емес, үйлесілімділіктің ор-
науы, яғни макрокомпонент пен семалардың сөз-синтагма құрауы. Бұл
үйлесімділік, ең алдымен, сөздің лексикалық мағыналық құрылымына
байланысты басталады. ол мынадай ерекшеліктерге байланысты бо-
лады:
а) Лексикалық
тіркесімділік қабілеті;
б) Тіркесімділіктің (лексикалық синтагматиканың)
синтагматикалық өрісі;
в) Тілдегі ұлттық мәдениет релеванттары.
дегенмен, тағы да лексикалық синтагматиканың мәнінің, оның
пайда болу ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып кетелік. Шындық
болмыстың немесе қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар
сигналдық жүйе арқылы индивид санасына бекиді. Адам санасын-
да бекігенде заттар мен құбылыстардың ең елеулі деген белгілері
дерексізденіп барып, орын тебеді. Алдымен орналасатын денотаттық
компонент, яғни заттық белгілер, сосын оның қасиетін беретін,
210
211
қолданылу, не үшін қажеттігін аңғартатын ұғымдық бөлік, яғни
сигнификаттық компонент, соңында сол зат не құбылысқа сыни
тұрғыдан бағалауыштық қасиет беру, коннотация болады. Бұны
қарапайым түрде түсіндірсек, мәселен, бір адамнан «сен қайда тұрып
жатырсың» деп сұрасақ, ол «үңгірде» десе, бірден адам санасына
«үңгірдің бейнесі» келеді, сосын барып, онда жарықтың, судың, яғни
бүгінгі тұрмысқа керекті жағдайлардың жоқ екені адам есіне түседі.
Бұларды түсінгеннен соң, адамда бағалауыштық, яғни «аяу, мүсіркеу,
шошыну, таңғалу» сияқты жаңа сатыдағы микрокомпоненттер пайда
болады. Міне, осы заттық белгілер сөз мағынасы байланысқа түскенде
дамиды да, өзіндік сөз-синтагмаға айналып, олар тұрақты сипатқа ауы-
сады. Мәселен, «Тас – Таудың қатты жынысы, соның үлкенді-кішілі
бөлшектері [ҚТТС, 9-т., 41].
а) Таудың қатты жынысы (заттық мағынасы);
б) Кристалды минералдардың жиынтығы (ұғымдық мағынасы)
болады. осындағы «тас» сөзінің денотаты оның «төрт қырлы,
қызыл түсті немесе ақ түсті» болуы емес, оның «қаттылығы», ал
сигнификаттық бөлігі «құрылысқа, жол салуға, т.б. пайдаланатын
зат» болады. Сондықтан «тасқа басын соғыпты, таспен ұрыпты, тасқа
құлапты» дегенді естісек, біз «жақсы болған екен» демейміз, өйткені
бірден ойға сап ете түсетін денотат «қаттылық». осы белгі «тас бауыр,
тас жүрек» сөз-синтагмаларына ауысқанда да сақталып жүре береді,
ал жүректің, бауырдың «жұмсақ» екені бұл кезде есепке алынбайды,
есепке алынатын контекстегі қолданылу позициясы. Ал «тас қараңғы»
сөз-синтагмасында әлгі семантикалық белгілер жойылады да, «тастың
бітеулігі» ар жағынан ештеңе көрінбейтін, яғни «қалың қамалдың
қабырғасындай» айырушы семасы алдыңғы сипатта өзектенеді.
а) Сөз-синтагмалар осындай «семалық жылжулар» арқылы
тұрақтылық сипатына ене бастайды.
б) Лексикалық синтагматиканың да семантикалық өрісі де
сөз-синтагмалардың контексте, әртүрліше қолданылу ережесін
құрайды. Мысалы, жағымсыз семаға ие емес тіліміздегі «әйел» сөзі
тіркеспеген жағдайда нейтралды жалпылауыш семаға ие болады. Ал
жағымды бағалауышқа қарай өріс тіркесімділігін құрасақ, мынадай
сөз-синтагмалар шығады: әйел баласы, әйел заты, әйел қолы, әйел
тамағы, әйел ашуы, әйел назы, әйел еркелігі, әйел бақыты, әйел намы-
сы, әйел қаруы, әйел күтімі, әйел жасы, әйел құпиясы, әйел әңгімесі,
әйел шаруасы, әйел қажеті, әйел тәні, әйел жаны, әйел көз жасы,
әйел күлкісі, әйел үні, әйел қабағы, әйел сезімі, әйел махаббаты, әйел
қызығушылығы, әйел мұңы, әйел шарасыздығы т.т. Ал жағымсыз
семалар екі сөз-синтагма араласып, біріккен жағдайда мынадай сөз-
синтагма өрісі құралады: әйел жанды, әйел дауысты, әйел өсегі, әйел
айласы, әйел жеңілтектігі, әйел әуесқойлығы, әйел салақтығы, әйел
қырбайсыздығы, әйел тікбақайлығы, әйел көк беттігі, әйел айқайы,
әйел ұрысы, әйел шайпаулығы, әйел сөкеттігі, әйел қыдырымпаздығы
т.т. Бұлар семантикалық үйлесімділік нәтижесінде тұрақтала
бастаған сөз-синтагмалардың тіліміздің лексикалық құрылымдағы
сипаты. Ал ұлттық мәдени нышандардың сөз-синтагмаларға деген
әсері төл лексикалық қабаттарға тән. Бұған түр-түс, мал атаулары,
киім-кешек, жаратылыс, табиғатқа, салт-дәстүрге т.б. байланысты
туған лексикалардың өзіндік ұлттық мәнде ғана үйлесе алуы жата-
ды, мәселен, Ә.Қайдари, Ж.А.Манкеева, Н.Уәли т.т. зерттеушілер
еңбектері. Бұнда кейбір зерттеушілер валенттілік қатынас ізін көреді,
алайда барлық сөз-синтагмаларда валенттілік қатынас бола бермейді,
оны кейбір зерттеушілер байқайды. Мәселен, «валенттілік қатынасқа
түскен өзекті сөз бен актанттардың арақатынасы барлық кезде бір
ізді бола бермейді. Салыстырыңыз: ит үреді, жігіт үйленеді, қыз
ұзатылады, түйе боздайды, т.т. үйлену жігітке ғана тән, қыздарға бай-
ланысты үйлену сөзі қолданылмайды, ұзатылды, күйеуге шықты, ерге
шықты сияқты тіркестер қолданылады» [7, 202]. Сөз-синтагмалардың
дамуы олардың тіл лексикасында тұрақталу жағдайына алып келеді.
Ал тұрақталу арқылы тұрақты тіркестердің қабаттары жасала бастай-
ды. Тұрақталу сипатының басты ерекшелігі ауыспалы идиомалық
нышандары қалыптаса бастайды, ал сөз-синтагмалардан идиомалық
көріністердің байқалуы өз алдына зерттелетін күрделі сұрақ ұшпағы.
Достарыңызбен бөлісу: