Хасанов indd


Сөз-синтагма және оған әсер етуші факторлар



Pdf көрінісі
бет23/45
Дата06.01.2022
өлшемі2,5 Mb.
#12631
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45
Байланысты:
Хасанов Ғ.Қ. Қазақ тілінің лексикалық синтагматикасы

2.7 Сөз-синтагма және оған әсер етуші факторлар
Сөз-синтагма  мәселесі  семантикадағы  өзекті  мәселенің  бірі, 
өйткені  сөз-ономатема  және  сөз-синтагма  күрделі  сұрақтың  екі 
ұшпағы.  Сөз-ономатема  атауын  сөз  ретінде  узуалды,  окказионалды 
семалар жамаса, сөз-синтагма жүйедегі, қолданыстағы рөлі бойынша 
әртүрлі реңк, семаларға ие болады.
Сөз-синтагма ішкі тілдік факторлар арқылы нақтыланып, дамиды. 
Сөз-ономатема,  көбіне,  сыртқы  тілдік  факторлар  әсеріне  ұшырайды 
да,  сөз  құралының  негізі  болады.  Сөз-синтагмаға  әсер  ететін  ішкі 
тілдік фактордың бастысы – мәнмәтін (контекст). Сөз-синтагма мәні, 
сөздің  лексикалық  мағынасының  бейімделе  құбылуына  алып  келеді. 
Сөз-атаушыда  лексикалық  мағына  байлаулы  иерархия  құраса,  сөз-
синтагмада  кездейсоқ,  шеткері  семалар  өзектеніп  тіркесімділікті 
талап  етеді.  Сонда  синтагмалық  қатынасқа  түсетін  сөздер  сөйлем 
мағынасына  өз  әсерін  тигізеді.  Сөз-синтагманың  семалық  конфи-
гурациясы  сөз  мағынасы  құрылымынан  ауысып  барып  тіркесуінен 
байқалады. Сөз-синтагмалардың мағыналық құрылымы әр алуан бо-
лып келеді. Сөйлем не сөз тіркесі конструциясында сөздің лексикалық 
мағыналарының семалары бір-біріне үйлесе бастайды да, лексикалық 
синтагматикалық  жүйені  құрайды.  Лексикалық  синтагматиканың 
бас  бірлігі  ретінде  сөздердің,  яғни  екі  сөздің  үйлескен  бірлесуі  бо-
латын  сөз-синтагмалар  көрінеді.  Сонда  сөз-синтагма  дегеніміз  – 
сөздің  лексикалық  мағыналарының  бір-бірімен  үйлесімділікпен  бір 
лексикалық  жүйеде  орналасқан  бірлігі.  Лексикалық  синтагматика 
туралы  зерттеулерде  синтагмема,  семантема,  семалық  конфигура-
ция, синтагмалық қатар т.т. ұғымдар жиі кездескенімен сөз-синтагма 
термині жиілік сипатта көрінбейді. Бұл терминді лексикалық синтаг-
матикада алғаш жүйелеп, нақтылаған Э.в.Кузнецова оны: «үлкен ой 
не тұтастық, сөйлемнің басты мәнін берудің құрамдас элементтері», 
–  деп  анықтайды  [49,  87].  А.А.Уфимцева  А.Кристи  ізімен  сөздердің 
лексикалық тіркесімділігінен туған сөздер тіркесімін лексикалық син-
тагма терминімен атайды [80, 198]. дегенмен, көптеген зерттеушілер 
қолданып жүрген және семантикада кең тараған сөз-синтагма терминін 
мақұл көрдік. Сөз-синтагма әр алуан комбинаторлық реңкке бөленеді, 
сондықтан сөйлеу барысында, сөйлем семантикасына ықпал етеді, сол 
себепті сөз-синтагмалар тілдік қалып, қолданыста екі түрлі жағдайда 
қолданылатынын байқадық:
а) Лексикалық жүйедегі синтагматикалық қатынаста; 
б) Сөйлеу актісі, яғни сөйлеу әрекеті мен сөйлеу жүйесінде.
Бұл сипат – дыбыстардың ауысып, құбылып қолданылуы тәрізді 
сөздердің  қатып  бекуі  немесе  өзгеріп  ауысып  қолданылуы.  Сөз-
синтагмаларға күшті әсер ететін нәрсе – позициялар, яғни сөйлемдегі 
сөздердің және сөйлеудегі бірліктердің позициясы. Мысалы: алу, беру 
етістіктерінің позициялық лексикалық синтагматикасы көп тақырыпты 
құрылымнан тұрады. Мәселен, кітап алу, қарыз алу, шашып алу, ба-
сып алу т.т. Бұндағы синтаксистік синтагматика зат есім мен көмекші 
етістіктің  тіркесі  бір  сипатта  келеді  де,  етістік  көмекші  етістікпен 
тіркесім құрағанда әртүрлі сипатқа ие болады. Ал шашып алу етістігі бір 
сұраққа жауап беріп, екі сөздің мағыналық құрылымындағы семалардың 
бір-біріне  ауысқандай  көрінісі  байқалады.  Бұл  синтаксистік  кон-
струкция арқылы әр алуан денотаттық, сигнификаттық, коннотаттық, 
эмпирикалық семалардың өзара байланысына негізделген семемалардың 
сөз-синтагма құрауы көрінеді. Тұрақты позиция – лексикалық мағына 


190
191
құрамындағы  семалық  құрылымның  бір-біріне  үйлесуі.  осындай 
үйлесімділік,  тіркесімділік  лексикалық  синтагматиканың  көрсеткіші 
болатын  сөз-синтагмаларды  тілімізде  туғызып,  дамытады.  вариация 
процесі – осындай үйлесімділіктің семантикалық үлгісінің дамуы бо-
лады, яғни осыдан туындайды. Ж.А.Манкееваның материалдық лек-
сиканы  зерттеудегі  келтірген  мысалдары  тұрақты  позицияны  айқын 
көрсетеді. Мысалы: Жіп сөзінің заттық макросемасы өзінің семалық 
конфигурациясында лексикалық синтагматикаға негізделген жаңа сөз-
синтагмаларды туғызады: бас жіп, бауыр жіп, бұғалық жіп, жан жіп, 
керме жіп, сөре жіп, өре жіп, тең жіп, тұсау жіп, тізе жіп, үзеңгі жіп [98, 
87]. Мәселен, Баулу кездерінде аяғына байланған ұзын жеңіл шыжым 
жіптің болғаны абзал [А.С., 136]. Бұнда, яғни ұзын жеңіл шыжым жіп де-
генде лексикалық синтагматиканың жүзеге асуы заттық және ұғымдық 
байланыстың  бір  семантикалық  өрісі  ішінде  болып  тұр,  сол  себепті 
байлаулы  дәрежедегі  сөз-синтагмалар  лексикалық  жүйеде  тұрақтала 
береді. осыдан ерекшеліктен байланысты мұндағы заттық атаулар бір 
кездердегі лексикалық синтагматиканың нәтижесі болғанымен бүгінде 
заттық атау сипатына еніп, сөз-синтагмадан сөз-атаушы дәрежесіне өту 
кезеңінде тұрғандай болады. Мәселен, Н.Ж.Шаймерденова, Р.А.Авакова 
жазған, тігістердің түрлері, біз кесте, шім кесте, шалма кесте, шарыш 
кесте,  орыс  креш  (крест)  т.т.  пассивті  болғанмен  тұрақты  сипаттағы 
сөз-синтагмалар болып, осыған қатысты сөйлеуде не мәтінде көрінеді 
[182, 59]. Лексемалардың семалық құрылымы синтагматикаға ұшырап 
барып, орналасатын жері – мәнмәтін, яғни сөздердің лексикалық син-
тагматикасы қызметтері айқын көрінеді. Мәселен, аулау (балық, шаян) 
әлде көңіл, ішу (айран, су), әлде қан, кесу (ет, нан) әлде бас, күйсеу 
(сиыр, қой) әлде адамды (Мысалы, «Шұғаның белгісіндегі» Шұға сөзі: 
Әкем аяса, менің дертім жаныма батқан соң аяп отыр. Ертең сауықсам 
қайта күйсеуден тайынбайды), түйе (өркеш, табан) әлде тайлы, қайың 
(сапты,  тозынан)  әлде  қаптал  т.т.  Көбіне,  лингвомәдени  бірліктер 
байлаулы  түрдегі  лексикалық  синтагматиканы  құрайды,  себебі  ол 
қолданыстар  тұрақталып,  атауыштық  қалыпқа  ауысады  Лексикалық 
синтагматиканың сыртқы кейпін грамматикалық формалардың өзгертіп 
не түрлентіп жіберуінен мәнмәтінде семалардың сәйкестенуімен бірге 
синтагмемалардың түзілуін байқаймыз. Лексикалық синтагматикадағы 
бұл  ерекшеліктер  туралы  М.оразов  былай  дейді:  «Қансонарда 
бүркітші шығады аңға» дегендегі шығу етістігі басқа сөздермен түрлі 
грамматикалық  формаларда  келсе  де  байланысады.  Сондықтан  да 
бүркітші  шығады,  аңға  шығады  деген  тіркестерін  айта  аламыз.  Бұл 
тіркесте сөздердің табиғаты бір түрлі болмағанымен, бір предикациялық 
қатынасты  (бүркітші  шығады).  Екіншісі  объектілік  қатынасты  (аңға 
шығады),  үшіншісі  мезгілдік  қатынасты  (қансонорда  шығады) 
білдіргенімен  араларында  ортақ  белгі  бар»  [7,  93].  Бұндағы  аралас 
келген лексемалардың тіркесім құрауы синтаксистік синтагматиканың 
көрінісін береді де сөз-синтагмалар бола алмайды, сондықтан бұндай 
байланыстағы тіркестерді Э.в.Кузнецова сөз-синтаксис деген аталым-
мен таңбалайды. Ал енді осы мәндес басқа мысал алайық: «Үйдегі кәрі 
атасы және бір атаны өледі. Сонда айтқаны:
«Атан өлсе сойылар,
Атам өлсе қойылар,
Бұл сияқты  қансонар
Маған  қашан  табылар  –  деп  қайпаған  екен  дейді»  [С.М.,  94]. 
Бұнда лексикалық синтагматикадан өрбіген сөз-синтагмалар үйлесімді 
позицияда орналасқан, яғни «атан сойылар (мал – сою), өлсе қойылар 
(өлу  –  қою),  қансонар  қайдан  табылар  (қансонар  –  қашан  болар)». 
Мағыналық байланысты басқаша құрсақ, яғни «атан – өлу; ата – өлу; 
қансонар – табылу» дегенде де қалыпты дәрежедегі лексикалық син-
тагматика  байқалады,  алайда  заттық-ұғымдық  макросемалардың 
қатынасы  орын  алғанымен,  тұрақты  контекстік  позиция  жойылған 
және  лексикалық  синтагматикадағы  коннотаттық  семалардың  байла-
нысы көрінбейді. М.оразов етістіктер семантикасын зерттеген кезінде 
етістіктердің  семантикалық  байланысқа  жиі  түсетінін  көрсетеді.  ол 
бұл  туралы:  «нанды  ішті,  суды  жеді  тіркесі  қолданылмайды.  Мүжі 
етістігінің  семантикалық  мағынасында  тісі  өтпейтін  қатты  тамақты 
шетінен біртіндеп жеу семасы болғандықтан, «сүйекті мүжіді» тіркесі 
қолданылады.  Қою  тамақ  болса  да  палауды,  қамырды,  помидарды 
мүжіді  деп  айтпаймыз»,  –  деп  жазады  [7,  94].  Лексикалық  синтаг-
матика  сөз  мағынасының  контекст  сыңарларының  макросемалары 
ұштасуынан  жасалады  да  тұрақталудың  өзіндік  әртүрлі  сатыларына 
өте  бастайды.  Сөз-синтагмалардың  бұлай  жасалуы  сөйлеу  тілі  мен 
таза  тілдік  жағдайларда  да  лексикалық  синтагматиканың  тұрақты 
сипатқа көшуіне ұласуына апаруы мүмкін. Бұл құбылыс, тіпті, мақал-
мәтел дәрежесіне көтеріліп, лексикалық синтагматикаға құралған сөз-
синтагмалар мақалдардың басты тіні болуы ықтимал. Бұл ерекшелік 
туралы  Н.в.Назаров  былай  дейді:  «Мәтіндік  кеңістік  ұлғайған  сай-
ын  грамматикалық  байланыстар  рөлі  кеми  береді  де  бірінші  орынға 
семантикалық  синтагматика  мен  контекст  ұғымы  шығады»  [154, 
63].  Мысалы:  ит  үреді,  керуен  көшеді;  көп  қорқытады,  терең  баты-
рады; тойдың болғанынан боладысы қызық т.т. Бұнда басты өзек бо-
лып тұрған сөз-синтагмалар ит үреді, керуен көшеді, көп қорқытады, 
терең  батырады,  той  –  қызық,  бұларды  қалыпты  лексикалық  син-
тагматика  бар  да,  ал  «боладысы  одан  да  қызық»  дегенде  өзектенген 


192
193
семалары  бар  итеративті  синтагмалық  қатынас  орын  алған.  Міне, 
осыдан  соң,  лексикалық  синтагматиканың  тіл  жүйесінде  құбылуы 
шексіз  дәрежеде  келетінін  байқаймыз,  яғни  М.в.Пановша  айтқанда, 
«Синтагматиканы  зерттеу  –  бұл,  сол  бір  тілге  қандай  тіркестер  тән 
болатынын  ұғыну  деген  сөз»  [183,  134].  Қалыпты  лексикалық  син-
тагматика  мағыналы  жақтан  сөздерді  үйлесімді  түрде  пайдалануды 
реттейтін  тілдік  құбылыс  болғандықтан,  жалпы  лексикалық  синтаг-
матика тілдің лексикалық жүйесінде екі түрлі жағдайда жүзеге асып 
отырады.  Бірінші  уземалардың  тікелей  семалық  конфигурациялық 
байланысы  және  семемалардың  заттық-ұғымдық  макробөліктерінің 
өзара қалыпты байланысы арқылы жүзеге асса, екінші алыс, шеткері 
семалармен және коннотаттық компоненттің бөлшектерінің байланы-
сы арқылы жүзеге асады. Мәселен, қалыпты сөз-синтагмаларға бүркіт 
көз ұшында, бүркіт қара ноқат, бүркіт салу, бүркіт шеңгелі, бүркіт иесі, 
бүркіт тұғыры, бүркіт қоясы, бүркіт баптау, бүркіт ұстау, бүркіт ұясы, 
бүркіт ілу, бүркіт құдиюы, бүркіт тояты, бүркіт қайыру, бүркіт баулу, 
бүркіт түлеуі, бүркіт балдағы, томағасы, бауы, түтігі, бүркіт сығымы 
т.т. лексикалық тіркесімдер жатады [мысалдар А.Сейдімбековтен алын-
ды,  133-139].  Сонымен  қатар,  қалыпты  лексикалық  синтагматикаға, 
мәселен, балық аулау, қармақпен аулау деген тіркесімдерді жатқызсақ, 
шеткері  және  коннотаттық  семалармен  байланысқан  лексикалық 
синтагматикаға тығылып аулау, қасақы аулау, ақанмен аулау, тастамаға 
аулау,  алтын  балық  аулау  т.т.  сөз-синтагмаларын  жатқызамыз. 
Лексикалық синтагматика деректілік пен дерексіздік ұғымдардың бай-
ланысынан  тұрақталудың  әртүрлі  дәрежесіндегі  сөз-синтагмаларды 
жасай береді. Мәселен, үмітін үзбеу дегенде үміт дерексіз ұғым, яғни 
айқын  сипаттағы  денотаттық,  сигнификаттық  макросемалары  бол-
майды,  сол  себепті  ол  басқа  кез  келген  лексемалармен  лексикалық 
синтагматикалық байланысқа түсе алмайды. Лексикалық синтагмати-
ка жүзеге асу үшін дерексіз ұғымда екінші бір бет не сипат пайда бо-
лады да деректі ұғымдармен байланысқа түсе алады. Бұл байланысқа 
екінші  жамалған  бейненің  деректі  дәрежесіне  өткен  семалары  негіз 
болады. Сонда үзбеу сөзімен байланысқа түскен үміт сөзінің жамалған 
екінші  бейнесі  не  қасиеті  «жіп»  бейнесі  ретінде  болады  немесе 
мағынасында «үзілетін» семасы бар семема болады. Сөздің лексикалық 
мағынасының құрылымындағы осындай денотаттық, сигнификаттық 
және  коннотаттық  семалары  бар  екінші  жамалатын  бейнені  семан-
тикада  виртуалды  немесе  ауани  мағына  деп  атайды.  оның  семанти-
када  берілген  анықтамасы,  яғни  И.М.Кобозева  көрсеткендей,  «сөз 
мағынасындағы  шындық  болмыстың  заттары  мен  құбылыстарының 
өте кіші көлемде ақпаратпен келіп, индивидтің санасында бейнеленуі, 
сондай-ақ,  ешқандай  контекстсіз  берілген  сөз  мағынасы  виртуалды 
мағына деп аталады» [18, 54]. Бұл анықтама бойынша, ауани мағына 
деректі  және  дерексіздікті  бере  береді,  сондықтан  дерексіздікте  жа-
малатын  денотаттық,  сигнификаттық  компоненттердің  құрылымын 
деректі  ауани  мағына  деп  атаған  дұрыс  деп  есептейміз.  Мысалы, 
көңілдің  самғауы  сөз-синтагмасында  лексикалық  синтагматиканың 
тірегі  дерексіз  ұғым  болатын  «көңіл»  шартты  дыбыс  тіркестерінің, 
яғни сөздің «құс» материалды денотатына ие болып, соның негізіндегі 
ауани  денотатымен  жамалып  тілдік  ситуацияда  және  тілдік  жүйеде 
жүзеге асуы көрінеді. деректі ауани мағына негізінде лексикалық син-
тагматика  жүзеге  асып,  тілімізде  өте  көп  мөлшерде  сөз-синтагмалар 
жасалады. Мәселен, ойдың тереңдігі, батырлық даңқы, бақыт баста-
уы, арман шыңы, қиял суреті, шындық сәулесі, ақыл көзі, тәтті өтірік, 
жанға ашпаған сыр, махаббат мұраты, сезім оты, сатқындық бағасы, 
достың  адалдығы  т.т.  И.М.Кобозева  ауани  мағынаның  мынадай  ба-
сты белгілерін көрсетеді, яғни «ауани мағына өзінің көлемі жағынан 
созылған, кең сипатта болады. ...Кең, созылған сипатта болғандықтан 
мәні белгісіз болады, яғни тыңдаушы сөздің ұғымын түсінуге мүмкін 
болатын қай ұғымын аларын білмейді. Бір ғана сол жалпы мағынаны 
білген тілді тасушы адамдар бір тілдік қауымға жатқандықтан ауани 
мағына әлеуметті түрде болады және дерексіз болады. ...Сонымен, ауа-
ни мағына – жалпылап қорыту осіндегі бір полюс – мағына түрлерінің 
ішіндегі ең жалпыланғаны болады. Ауани мағына сол бір уақытта бай 
және жұтаң болады» [18, 54]. Семантикадағы мағынаны жіктеушілер 
көріну сипатына қарай оларды ауани (виртуалды) және өзекті (актуал-
ды) деп екіге бөледі. осы екі сипаттан лексикалық синтагматика жүзеге 
асқанда екі түрлі мәндегі сөз-синтагмалар жасалады. Ал біз көрсеткен 
деректі ауани мағына ауани мағыналардан жасалған сөз-синтагмалар 
көлемінде  көрінеді  және  бұнда  басты  ауысуды  ауани  денотат  пен 
ауани  сигнификат  атқарады.  Бұлар  өз  кезегінде  сөз-синтагмалардың 
итеративті байланысын түрлентіп, мәтін мазмұнына өз әсерін тигізеді. 
Басқаша айтқанда, бір концептілік дәрежесіне жинақталған сөздер 
тіл лексикасында әртүрлі бағыт-бағдар бойынша ұштасып қатынасады. 
Екі, үш сөздің мағынасы бір-біріне ауысқандай күй кешіп мәнмәтінде 
өзгеріске түседі. Бұндай байланыстар бұрын да белгілі семасиологтардың 
назарын аударған болатын. Шетел тіл білімінде лексикадағы жүйелік 
байланыстық  табиғаты,  ондағы  сөз-синтагмаға  деген  әртүрлі 
факторлардың әсерлері дж.Катц, дж.Лайонз, У.вейнрейх, А.вежбиц-
кая, А.Шафф т.б. ғалымдардың еңбектерінде алғаш қарастырылған бо-
латын. Жүйелік қатынастар ішінде тағы бір күрделі қатынас түрі – сөз 
аралығындағы лексикалық синтагматика. Лексикалық синтагматикалық 


194
195
байланыстың денін құрайтын тіл бірліктері, яғни сөз-синтагмалар бәрі 
бірдей  анық  көрінетіндей  қатынасқа  түспейді,  сондықтан  бұл 
категориялардың  арасындағы  нәзік  мағыналық  байланысты  аңғару 
оңай  мәселе  емес.  дегенмен,  өзінің  узуалды  мағынасынан  ауытқып, 
шеткері, алыс семаларды бойына жиған тіл элементтері күрделі ойдың 
нәтижесі  ретінде  лексикалық  өзгерістің  күрделі  өзгеше  мағыналық 
құрылымын  туғызады.  Сөз-синтагмалар  деп  атау  қойып,  олардың 
мағыналық құрылымына талдау жүргізу қазақ тіл білімінде енді ғана 
қолға алынғандықтан, бұл категориялар табиғатын айқындау – оңай іс 
емес екені белгілі. Тілдің лексикалық жүйесінен байланысқа түсуіне 
бірқатар сыртқы, ішкі күштер өз әсерін тигізеді. Лексика элементтері 
арасындағы байланыс белгілі бір тілдік факторларға қатысты болаты-
ны  өз-өзінен  түсінікті.  Сөз-синтагмалар  ірі  макробөліктер  арқылы 
байланысқан  жүйе  болғандықтан,  ірі  мағыналық  өріс  аясына 
топтасқандай әсер туғызады. Мүмкін, сөз-синтагмаларының өздері бір 
концепт  ұғымының  құбылып  жүзеге  асуын  көрсететін  категория 
ретінде  өз  алдына  семантикалық  өріске  жинақталуы  ғажап  емес. 
Мәселен, түсу көмекші етістігінің мағыналық құрылымы солғын си-
патта  көрінгенімен,  лексикалық  синтагматикаға  бағына  тіркесім 
құрағанда  әртүрлі  мағыналық  бағдар  бойынша  байланыс  жүйесін 
құрайды. Мысалы: ұшып түсу тіркесін алсақ, яғни белгілі бір уақыт 
(кішкене  мерзім)  аралығында  жерден  көтеріліп  ұшу,  сосын  барып 
қимылдың аяқталуы (түсу), бұған енді бағалауыш қосып, жаңадан сөз 
тіркесек, бейнелілік мән пайда болады: мұрттай ұшып түсу сөздердің 
тіркесімі шығады. денотаттық макрокомпонент үш сөздің лексикалық 
мағыналарындағы заттық бөліктің орнын иемденіп, бастапқы орынға 
шығады. «Мұрт» сөзіндегі «ер адамның мұрнының астына шығатын 
түк» негізгі денотаттық макрокомпонент мүлде байқалмайды, керісінше 
баға беретін қасиетке ие эмотема үстеледі. Енді сөз-синтагмалардың 
сандық байланыс мәнін білу үшін сөздерді көбейтіп көрелік: ауырып 
мұрттай  ұшып  түсті  дегенде  ауырып  сөзіндегі  «жатып  қалу» 
макробөлігімен қоса, жалпы сөз тіркесіміндегі сөз-синтагмаларға «аяу, 
бағалауыш» семасы қосылады. Ал қатты суық тиіп мұрттай ұшырды 
дегендегі ұшу мағынасы емес, «ұзақ уақыт жатып қалу» ойдерек сема-
сы айқындыққа ие болады. Сондай-ақ, «қатты» сөзіндегі «күшті, айы-
рушы» семасы актуалданып, бірінші байқалады, мұрттай ұшып түсу 
бейнебір  үйлескен,  тұрақталған  сөз-синтагмаларға  айналып,  лексика 
жүйесінің қабатына енеді. Сонда, бұл жерде, Э.в. Кузнецованың пікірі 
орынды,  яғни  сөз-синтагмалардың  құрылымына  әсер  етуші 
факторлардың  бірі  –  позиция  және  позициялық  өзгеріс  [49,  90]. 
Позициялық өзгерістегі мәнді, мәнсіз көмекші етістіктердің, яғни ет, 
де, ет, жазда мәнсіз көмекші етістіктері мен ал, бер, тарт, түс, бол т.т. 
етістіктерінің  мәнді  көмекші  етістіктердің  тіркесу  қабілеті  мен 
мағыналық аясының кеңеюін М.оразовтың ізімен А.Алтаева семалық 
талдау  әдісі  бойынша  зерттейді  [184,  86].  Жалпы  алғанда,  сөз-
синтагмалардың  құрылымына  әсер  етуші  күштерді  үш  топқа  бөлуге 
болады.  Бірінші,  әртүрлі  сөздік  позициялар  (контекстегі);  екінші, 
әртүрлі типтегі факторлар легі; үшінші, тілдегі ұлттық мәдени аспект. 
Ұлттық 
мәдени 
аспект 
тілдің 
семантикалық 
базасында 
сақталатындықтан, ең бірінші кезекте, сөз-синтагмалардың байланы-
сын  реттеуіш  қызметінде  көрінеді.  Бұл  аспект,  негізіне,  позицияға 
қарамай,  семантикалық  үйлесімділікті  нығайтатын  әсер  етуші  күш. 
Бұл  ықпал  туралы  М.оразов  былай  деп  жазған  еді:  «Іш  етістігінің 
сұйық  тағамдармен,  ішімдіктермен  байланысты  қолданылуы  оның 
мағына құрамында «шайнау, тістеу» семаларының болмауымен байла-
нысты. Же етістігінің мағына құрамында «тістеу, шайнау, тіспен жан-
шу»  сияқты  семалар  болғандықтан,  олар  қою  тамақ  атауларымен 
(жеміс-жидек,  бақша  өсімдіктерімен  де)  тіркесіп  қолданылады.  Нан, 
ет, қауын, алма т.б. жеді болады да, су, сорпа, сыра, лимонад, көже т.б. 
ішті  болады»  [7,  194].  Сөз-синтагмалардың  мәндік  байланыс 
құрылымына күшті және әлсіз позициялар ретінде әсер етуші күш – 
контекст  (мәнмәтін)  болады.  Күшті  позицияда  сөздің  мағыналық 
құрылымына  үйлесімді,  бірден  ойға  келетін  сөздердің  мағыналық 
тіркесімдері құрылады. Күшті позицияда лексикалық синтагматикадағы 
сөз қатаң тәртіппен тіркесім құрайды да, ортақтық қасиетке ие бола-
тын мағыналық құрылым түзеді. Мәселен: жасу етістігін алайық. Бұл 
сөз қорқу етістігінің синонимі болады, яғни жасып қалды, жасқанып 
қалды,  жасқаншақтады,  жасық,  жасыды,  қорқып  қалды.  Бұл  мағына 
контексте  өзінің  құрылымынан  алшақтап  қолданылады  да  сол 
мағынасы  негізгі  сөз-синтагма  өзегі  болады.  осы  жерде  сөз-
синтагмалардың  бастапқы  мағынасын  айқындау  үшін  диахронды 
тұрғыдан  зерттеу  жүргізу  қажеттілігі  туындайды.  Мысалы, 
С.Мұқановтың  «Киім  пішу  туралы»  зерттеуінен  үзінді  келтірелік: 
инені  қолданардан  бұрын  отқа  қыздырып  жасытады.  Сонда  иненің 
сыртында  жұқа  қабыршақ  пайда  болады.  оның  аты  «жасу».  Кейде 
қолғабысы  жоқ,  бос  жүретін  адамға  «иненің  жасуындай  пайдаңды 
көрмедім» деуі содан [С.М., 74]. Міне, осында «жасу» сөзі зат есім бо-
лып келеді де, омонимдік қатар құрайды. Ал «жасытады» етістігі өз 
семантикалық құрылымын контекст ішінде атқарып тұр. Күшті пози-
цияда  сөз-синтагмалардың  мәндік  байланысын  айыру  оңайға  түседі. 
Мысалы: көру етістігінің мағыналық құрылымындағы затдерек, ойде-
рек,  сезімдерек  көптеген  зат  есімдер,  заттанған  басқа  да  сөздермен, 


196
197
етістіктермен  байланыс  құрап,  өз  алдына  сөз-синтагмалар  тобын 
құрайды.  Бұл  семантикалық  өрісте  тұрақтала  бастаған  немесе 
тұрақтылыққа енген мәндік байланыстар орын алады. Жалпы алғанда, 
өрісте үш сатыда орналасқан сөз-синтагмалар қатары болады. Бірінші, 
енді ғана үйлесімділікке бағынған сөз-синтагмалар. Мысалы: байқап 
көру, ұстап көру, анық көру, жай көру, кеш көру, бақылап көру, өзіндей 
көру т.т. Екіншіге бұрыннан орныққан байланысқа ие сөз-синтагмалар 
жатады: бұлдап көру, артық көру, жақсы көру, қас көру, жек көру, бақ 
көру, байлап көру, шешіп көру, тыныш көру, шүкір көру т.т. Үшіншіге 
тұрақтала бастаған валенттілікке ие сөз-синтагмаларды жатқызамыз: 
есік  көру,  тең  көру,  бала  көру,  тәрбие  көру,  ақыл  көру,  жақын  көру, 
қабыл  көру,  күн  көру,  ана  көру,  ата  көру  т.б.  Бұнда,  екінші,  үшінші 
топтағы  мысалдар  араласа  келуі  мүмкін,  оған  себеп  бұл  сөз-
синтагмаларда,  сонымен  қатар,  аралас  деривациялық  қиюласқан 
мәндік  байланыстар  бар.  Фразалық,  идиомалық  тіркестер  байланы-
сында, негізінен, араласқан деривациялық (эпидигматикалық) байла-
ныстар  орын  алады.  Әлсіз  позицияда  контекст  сөз  мағыналарының 
тіркесімділігіне әлсіздеу сипатта әсер етеді, сол себепті бұл жағдайда 
сөз-синтагмалар өздерінің мәндік құрылымында қалуы мүмкін немесе 
әлсіздеу  өзгеріске  түседі.  Көбіне,  контекст  әсер  етпеген  жағдайда 
семантикалық  макрокомпоненттер  өз  орнында  және  кейінгі  орынға 
жылжиды.  Мәселен:  бақылап  көру,  байқап  көру,  дәмін  көру,  татып 
көру, көзіндей көру т.т. Мұнда парадигматикалық қатынасқа жиі түсетін 
синоним,  антоним,  омонимдер  де  әсер  етпейді.  Мысалы:  тымақ  – 
қысқы бас киім. оны кедейлер – сеңсеңнен, байлар – түлкіден жасайды 
[С.М.,  117].  Мұнда  сөз-синтагма  –  бас  киім.  Мағыналық  құрылым 
бірлесіп бір компонентті беріп тұр. Ал «кедейлер – сеңсеңнен, байлар 
–  түлкіден»  дегенде  антонимдік  коннекторлы  парадигма  байқалады, 
яғни  сөз-синтагмадағы  бір  макрокомпонет  күрделі  синтаксистік 
тұтасымның өн бойында жалғаса өмір сүреді. Мәселен, жоғарыдағы 
үзіндінің  жалғасын  алайық:  қазақ  «бағым  ауады»  деп  бас  киімді 
ешкімге  сыйламайды  [С.М.,  117].  Бұнда  «бас  киім»  мағыналық 
құрылымына «бас және ондағы бақыт» ұлттық ұғым негізінде байла-
ныс  жүзеге  асып  тұр,  ал  лексикалық  синтагматика  «бағым  ауады» 
тіркесінде пайда болып тұр. Мәнмәтін ішінде ауыс мағына келгенде 
лексикалық  синтагманың  мәнін  аңғару  үшін  сөз-синтагмаларға 
компонеттік  талдау  негізін  жасауға  және  контекстологиялық  талдау-
ларды  пайдалануға  болады,  сосын  сол  арқылы  олардың  өзгерісін 
байқауға  болады.  Сонымен  қатар,  лексика  элементтері  арасындағы 
синтагматикалық  байланысқа  деген  әсер  етуші  факторларды  ескеру 
қажет.  Сөз-синтагмалар  мәнмәтін  ішінде  көрінгендіктен  мәнмәтін 
үлкен ықпал етуші фактор болады. Сөздердің лексикалық синтагмати-
касы  кешенді  түрде  мәнмәтінге  бағынышты  жағдайда  көрінеді. 
Мәнмәтін  (контекст)  факторында  лексикалық  синтагматика 
тәуелділігінің  барлық  қыры  көрінеді.  Контекст  семантикасы 
болмағанымен жалпы мәнмәтін мәселесі қазақ тілінде Ж.Жақыповтың, 
Г.Әзімжанованың  еңбектерінде  кеңірек  қарастырылған.  Сөз-
синтагмалардың  құбылуын  осы  контекст  семантикасының  күрделі 
қасиетінен байқаймыз. осы тұрғыдан тереңдей келгенде, Э.Кузнецова 
сөз-синтагмаларға әсер етуші факторларды үшке бөледі:
«а) сөзбелік-грамматикалық фактор; 
б) лексика-семантикалық фактор; 
в)  синтаксистік  фактор»  [49,  92].  Сөз-синтагмалардың  тіркесе 
қолданылу қасиеті контекст ішіндегі семантикалық өзгеріске байланы-
сты болады. сөзбелік-грамматикалық фактор сөздердің контекст ішіндегі 
грамматикалық  мағынаға  қарай  өзгерісінен  көрінеді.  Мәселен,  тура 
толықтауыш, модалдық категориясы, құранды етістіктер қолданысы, 
күрделі заттық аталымдар ерекшелігі сөзбелік-грамматикалық байла-
ныс  негізінде  көрінеді.  Етістіктер  әртүрлі  сөздерді  меңгеріп,  тікелей 
байланысқа түсіп, сөз-синтагмаларға әсер етеді. Мәселен: көру – та-
быс септігі, келу – шығыс септігі т.т. септік категориясы өзіндік сөз-
синтагмалар  қатарын  құрайды.  Контекст  мүшелерін  қоспай-ақ,  сөз-
синтагмалар  сыңарларын  айыруға  болады.  Сонымен  қатар,  есімше 
тіркесінің сындануын алуға болады, мәселен, «ерге тимей көбірек оты-
рып қалған» (С.Мұқанов) дегенде басыңқы «қыз» сөзі екендігі түсінікті. 
отырып  қалу  сөз-синтагмасы  қазақ  тілі  лексикасында  «қыз»  макро-
семасына қатысты, мұнда «уақыт» макрокомпоненті ойдеректі беріп 
тұр. Мәселен: қонақта отырып қалу, кафеде отырып қалу «уақытты» 
білдірсе, үйде отырып қалу «ауыру» семасын білдіреді, ал ерге тимей 
отырып қалу «ұзақ уақытты» білдіреді. Бұларда отыр қалып етістігінің 
мағынасы мүлде байқалмайды.
Лексика-семантикалық фактор мәнмәтіндегі сөздер мағынасының 
сөз-синтагмаларға әсер етуші семантикалық белгілерімен байқалады. 
Сөз-синтагма  мәтін  ішінде  хабар  беруші  компонент  ретінде  мүшеге 
алынса,  басқа  сөздердің  мағыналық  құрылымы  арқылы  өзінің 
мағыналық реңкін өзгертеді. Бұл фактор лексика-семантикалық топтың 
ішіндегі сөз-синтагмалардың өзіндік жүйесін құрап алады. Мәселен: 
қонақ  сөзі  қабылдау  сөзімен  мәндес.  Лексикалық  синтагматикадағы 
мұндай мәндесу кез келген тілдің өзгергіш қабілетін нығайтады: дәрігер 
– емдеу, дәрігер – науқас, тіс дәрігері – тіс емдеу. Бұл фактор барлық 
іс-әрекет атаулының үлкен шеңберде мән құрау жүйесінде кездеседі. 
Тіліміздегі қою етістігінің мәндес сөздері мыналар: дәл қою, бос қою, 


198
199
қарсы қою, ас қою, құлақ қою, ден қою, зейін қою, төс қою, бас қою, 
көңіл қою, отқа қою т.т. Бүгінде бұл сөз-синтагмалардың кейбіреулері 
кеңею заңына ұшырап, мәндік байланысы ауысқан: қол қою, спектакль 
қою,  фильм  қою    т.т.  Сондай-ақ,  басын  тосу,  құлағын  тосу,  кеудесін 
тосу,  баланы  тосу,  сүйгенін  тосу  сөз-синтагмалардың  мағыналық 
құрылымы  мәнмәтіннің  ішінен  аңғарылады.  Мысалы:  жанына  қою 
(жерлеу)  дегенді  тек  мәнмәтін  жағдайында  ұғынамыз.  Лексикалық 
синтагматика  екі  түрлі  сипаттан  көрінеді,  біреуі  мол  мөлшеріндегі 
тіркесімділіктен  тұрса,  екіншісі  саны  аз  сөздердің  тіркесімділігінен 
тұрады. Лексикалық фактор сөз-синтагмаларға, фразалық тіркестерге 
өзінің басты ықпалын тигізеді. Лексикалық синтагматиканы тірек (ак-
тант) сөзі арқылы өрісте жинақтап, зерттеген тиімді. Мәселен, аулау 
(балық  аулау,  аң  аулау)  өрісі  өз  ішінен  сөз-синтагмаларды  құрайды:  
бүркітпен аулау, қоян аулау, қақпанмен аулау, атып аулау т.т. Ал балық 
аулау  –  қармақпен  аулау,  аумен  аулау,  т.т.  бөлінеді.  Лексикалық  фак-
торда контекстің рөлі ерекше болатынын зерттеген ғалым д.Н.Шмелев 
былай дейді: «Факты зависимости значение от тех контекстов, в кото-
рых выступает слово, настолько очевидны, что их трудно подвергнуть 
сомнению» [56, 156].
Синтаксистік  фактор  сөйлемнің  құрылымына  сөз-синтагманың 
мәні қаншалықты тәуелді сол тұрғыдан байқалады. Сөз-синтагмалар 
сөйлем құрылымында мәндік байланыстар, яғни лексикалық синтаг-
матика арқылы көрініс табады. Мәндік байланысқа сөйлем соңындағы 
баяндауыш  бірден-бір  әсер  етеді.  Мәселен:  «біздің  елде  «бес  мың 
жылқысы  болыпты»  деген  Есеней  сабаны  алты  айғырдың  терісінен 
тіктіріп, атын «тайжүзген» қойған екен» [С.М., 105]. Мұнда «терісінен 
тіктіру,  атын  қойған  екен»  синтаксистік  құрылымға  сай  мәндік  бай-
ланысты  беріп  тұр.  Сондай-ақ,  «тайжүзген»  сөз-синтагмасында  «ірі 
көлемді»  семасы  «бес  мың  жылқысы  болыпты»  сөз  тіркестерімен 
бірлескен  мәндік  байланысқа  түсіп  тұр.  Қорытындылай  келе,  сөз-
синтагмаларға  әсер  етуші  басты  фактор  –  мәнмәтін,  ұлттық  мәдени 
фактор  және  тілдік,  яғни  лексика-грамматикалық,  синтаксистік  фак-
торлар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет