2.6 Сөз – синтагмалық қатар мүшесі
Тілдің лексикалық жүйесі сөздер қатарларынан тұрады, сол себепті
сөздер белгілі бір жүйелі құрылым түзеді. Тілдегі жүйе қарапайым
182
183
қатардан басталып, мәтін ішіндегі өте терең сипаттағы жүйелерден
тұратын дәрежеге жетеді. Лексикалық байлық осы жүйелердегі
сөздердің құбыла дамуына байланысты өзгеріске түсіп, көбейіп оты-
рады, сондықтан кез келген сөз тіл жүйесінде, оның ішінде қолданыс
аясында бір-бірімен қатынасқа түсіп, әрқилы тіркесімдер құрайды.
Бүгінде лексикада басты екі жүйелік байланыстар орын алған, яғни
кезінде Ф.де Соссюр көрсеткен тіл мен сөйлеуден шығатын ассоциативті
(парадигматикалық) және синтагматикалық қатынастар. Тілдегі жүйе
парадигматикалық болса, сөйлеудегі жүйе синтагматикалық болып
есептелетін еді. Қазір бұл қатынастардың мәні кеңейіп, сөздердің ерек-
ше байланысқа түсетін өзгешеліктерін беретін жүйелерге айналды.
Сөз – лексикалық парадигма мүшесі, яғни антонимдік, синонимдік
т.т. өзгерістер қатарларын құраушы, сондай-ақ, тіркесімділік әлеуетінің
басты қозғаушысы ретінде лексикалық синтагматиканың өзгеру
дәрежелерін айқындайтын белгі болады.
Парадигматикалық қатынастар сөздердің актуалдануына
қатысты болмай-ақ, сөздердің жалпыға түсінікті мағынасына қарай
даму заңдылықтарынан байқалады. Парадигматикалық байланыста
сөздер шоғыры бір-бірін ауыстырып, алайда тұтас мән тудырмай, тек
кішкене хабар беретіндей өзгертіп, қолданылып отырады. Мәселен,
парадигматикалық қатынастың синонимиялық қатардағы ерекшелігіне
жирен түсті жылқы дегенді алсақ, синонимиялық қатардағы шаб-
дар, боз, бурыл, кұла қасқа, боз қасқа, кара қасқа, сары, жирен көк,
мөлт қара, шұбар, торы, күрең т.т. синонимдер жирен сөзін ауысты-
ра алады. Парадигматикалық қатынастың басты қызметі – сөз таңдау
мүмкіндігін беруі және өзара алмаса алу қабілеті үлгісіне ие болуы.
Сөздер жақындығындағы парадигматикалық қатынас дәрежесін
лексика-семантикалық топтардағы елеулі семантикалық белгінің ортақ
келу сипатынан анықтауға болады.
Ал лексикалық синтагматика сөздер тобының ұштаса жиіленіп,
бір мағыналық үйлесімділікте қолданылуынан байқалады. Тілдегі
семалардың өзектенуі (актуалдануы) екі жағдайда көрінеді:
а) лексикалық парадигмадан керекті сөзді тауып қолдану;
б) лексикалық синтагматика бойынша сөздерді орналастыру,
қолдану, яғни мағыналы үйлесімділікпен сөз бірліктерін қоя білу.
Бұның негізінде түсінік пен ұғымның адам санасында беку күші мен
ойлау дәрежесінің логикалық ерекшелігі жатыр. Логикалық дәреже
нервтік қызметтегі ассоциациялардың кеңістіктегі даму қызметі
мен индивидтің таным деңгейіне де қатысты болады. Лексикалық
үйлесімділікке сүйенген сөз басқа бірліктермен жүйеге түсіп,
синтагматикалық қатар құрап отырады. в.в.Морковкин лексикалық
синтагматикадағы синтагмалық қатарды сөздердің мағыналық
жақындығы деп ұғынады да, оны: «синтагмалық жақындық –
сөздердің бірінен кейін бірі келіп, ұштаса қолданылу дәрежесі», – деп
айқындайды [176, 5]. Синтагматикалық қатардағы сөз үнемі контекстке
тәуелді болатындай қалыпта болады, сол себепті актуалдану тілімізде
екі жақты сипатта жүріп отырады. Бұған тіліміздің қалыптасқан
ұлттық мәдени нормасы міндетті түрде өз әсерін, ықпалын тигізеді
де, лексикалық синтагматика сипатында лингвомәдени аспект
көрінеді. Тілдің лексикалық жүйесіндегі басты үш қатынастардан
парадигматикалық, синтагматикалық және эпидигматикалық қатарлар
жүйе ішінде пайда болады. «Парадигматикалық қатарда бірыңғай
тәртіптегі тілдік бірліктер семантикалық түрде бірігеді. Сондықтан
бұндай қатар бірыңғай және көбіне жүйелі сипатта болады. Керісінше,
синтагматикалық қатарда бірыңғай емес тәртіптегі (яғни сөз бен фра-
зеологизм) тілдік бірліктер семантика-грамматикалық байланысқа
түседі. Сондықтан бұндай қатар бірыңғай емес болады. Сонымен бірге,
синтагматикалық қатар парадигматикалық осьтегі бірліктердің өзара
қызметіндегі белгілер мен функциялардың актуалдануының, жүзеге
асуының ең дұрыс, жалғыз тілдік құралы болады» [177, 172-173].
Сөздің синтагматикалық қатарын синтаксистік конструкциялар-
мен шатастыруға болмайды, яғни сөз тіркестері мен сөз-синтагмалар екі
бөлек күрделі тілдік бірліктер. Лексикалық тіркесімділік мағыналардың
тіркесуі де, синтаксистік тіркес сөздердің белгілі бір конструкцияларда
қолданылу мүмкіндігі. Бұл синтаксистік конструкциялар күрделеніп
мәтін құрағанда синтаксистік ережелер бойынша сөз бірліктері
тіркесе бастайды. Ал лексикалық синтагматика тіл жүйесіндегі сөздің
жеке мағыналық құрылымының ерекшелігіне байланысты болады.
Сонда синтаксистік тіркес грамматикалық сипатқа қатысты болса,
лексикалық тіркесім сөздердің қатар құраған мағынасына байланы-
сты болады. Синтаксисте сөз грамматикалық түрлену жүйесіне енеді
және сөз мағыналарының жалпы белгілеріне қарай тіркесуі мүмкін.
Синтагматикалық қатар құрамында сөздер лексикалық мағынаның
денотаттық, сигнификаттық, коннотаттық бөліктеріне қарай тіркеседі.
Алайда ұғымдардың емес, мағына компоненттерінің тіркесіп келіп,
шындық болмысты тілде бейнелеуі деп ұғынған жөн. Әсіресе, ұғымдық
бөліктің құрама белгілері басты символ ретінде синтагмалық қатардың
өн бойын ұстап тұратын күш болады.
Фразеологизмдерден басқа еркіндік сипаттағы бір мәнге
ортақтасқан сөздер шоғыры мәндік жағынан тұтасып қалыптасып
отырады. Сөздер тұтасқанда тілдік позицияда мағыналық қатар
құрап, контексте ғана өзгеріске түсіп, тұрақталуы мүмкін. Синтаг-
184
185
матика құбылысын алғаш байқағандардың бірі Л.в.Щерба: «тілде
ғалымдар зерттемеген, бірақ, көбіне, стилистерге интуитивті түрде
белгілі мәндердің қосылу ережелері бар, олар өз алдына жаңа мәндер
болып туады», – деп жазған болатын [178, 68]. Жаңа мәндер тілдегі
мағыналардың бірдейлесуінен туған үлгілердің нәтижелеріне қарай
толық үйлесімді болмағанымен, соған жақын болса ғана синтагмалық
қатар тізбегі бола алады. Бұны қалыптасқан синтагмалар деген атаумен
атаған дұрыс, өйткені үйлесімділік лексикалық мағынаға байланысты
пайда болатыны мәлім. Белгілі бір синтагмалар фразалық бірліктер
және синтагмалық қатар арасындағы аралық тіл бірліктері іспетті,
сол себепті олардың құбылу дәрежелері шамалас болады. Бұлар тілде
қалыпты үлгіде келетіндей сипатта болады да мәндері анағұрлым
күрделі болмайды. Мысалы: зат есім – етістік құрылымы, сын есім –
зат есім, үстеу – етістік т.т. яғни киім сату, сатып алу; қол қою, атақты
әнші, танымал әнші, белгісіз ақын; жорта айту; т.т. Бұндай синтагмалық
қатарлар парадигматикалық қатынасқа ортақ болып көрінеді, оған се-
беп, лексика-семантикалық топтар ішіндегі сөздер қосылады.
Міне, осыдан барып, синтаксистік конструкцияларды синтагмалық
қатынастармен шатастырады. Синтагматикалық қатар ішіндегі сөзге
тән басты қасиет контекстегі позициялық өзгерісте сөздің мағыналық
құрылымындағы бөліктердің бір мәндік байланыста көрінуі, яғни
етістік валенттілігі жатады. Мәселен, баланы бағу, адамды бағу,
көзін бағу, кірпік қақпай бағу, елді бағу, мал бағу, жерді бағу, үй бағу,
ауру бағу, тамақ бағу, қабағын бағу, күй бағу, шала бағу, барып бағу,
толғанып бағу, бағып-қағу, келіні бағу, өзін бағу, тұрмай бағу, қадалып
бағу, қарамай бағу, әлпештеп бағу, күйдіріп бағу т.т.
Лексикалық синтагматикаға түскен әр синтагмалық қатар
мағынадағы семалардың орналасу тәртібіне орай, әртекті сипатқа
еніп, күрделі өріс құрайды. Бұндай әртекті синтагмаларды мағыналық
үйлесімділігіне байланысты итеративті немесе сол күйінде әртекті
сөз-синтагмалар деп атаған дұрыс. Бұлар сөйлеу актісінде тағы да
өзгерістерге ұшырап, басқа тіл үлгілерін қабылдауы мүмкін, өйткені
диалектілік ерекшеліктердің де тигізер әсерлері болады. Синтагмалық
қатынас сөздер байланысын белгілі бір сөйлеу шегінде ғана айқындап
отырады, сондықтан лексикалық синтагматиканың негізі – логикадағы
термдерден шығатын сөйлеу мен сөз таңдаудағы нормалық тіркесімділік
екенін айта кету керек. Сөз таңдаудағы нормалық өлшемнің ұлттық си-
паты сөз-cинтагмалар қатарын құраудағы сөздердің бір-бірін қабылдап
тұруына әсер еткіш фактор болады. Мысалы: әлпештеп бағу дегенде
ұл, қыз, бала зат есімдері, сондай-ақ, ата-ана, әке-шеше т.т. сөздермен
семантикалық үйлесімділікке түседі де, құс, мал төлдерінің атау-
ларымен синтагмалық қатарлар құрай алмайды. Мәселен, бұзауды
әлпештеп бағу, қозыны әлпештеп бағу, балапан, шөжелерді әлпештеп
бағу т.т. Бұнда лексикалық синтагматиканың негізін ұстап тұрған сөз
әлпештеп, ал бұл сөзді алып тастап, тек бағу етістігін қалдырсақ, онда
басқа үлгідегі, яғни қалыпты лексикалық синтагматикаға құрылған
сөз-синтагмалар не синтагмалық қатарлар пайда болады: мал бағу,
үйрек бағу, қысырақ бағу, бұзау бағу, түйе бағу, балапан бағу т.т.
Сөз-cинтагмаларда тірек сөздің мағыналық құрылымы күрделі бол-
са синтагмалық өріс әртүрлі дәрежедегі саны көп қатарлардан тұрады.
Сөз-синтагмаларды семантикалық сөз тіркестері деп те атауға болады,
себебі бұлай жіктеудегі негізгі қамтитын жағдай барлық макробөліктер
мен семалық сипатты бірге қарастырып алу мүмкіндігінің барлығы.
дегенмен, бұл атау семантика саласындағы тілшілер арасында кең
қолдау таппағанын айта кету керек. д.Н.Шмелев орыс тіліндегі
мағыналық үйлесімділіктің басты семалық бірдейлесу арқылы
жүретінін айта келе, «сөздердің синтагмалық қатынасын толық, шегіне
жеткізіп, практикалық түрде талдаудың мүмкін еместігін ескертеді»
[56, 164]. Шын мәнінде, лексикалық синтагматикасыз синтагмалық
қатардың бұзылуы, cөз-синтагмалардың сөйлеу жүйесінде нормаға
жатпауы белгілі жайт. Мәселен, фабрика етігі десе лексикалық син-
тагматика орын алады, ал дүкен етігі дегенде бұл семалық үйлесу
жойылады. Сондай-ақ, дүкеннің сүті, қолдың сүті тіркестерінде де
синтагматикалық қатынас байқалмайды, себебі денотаттық бөліктер
сәйкес емес. дүкен лексемасында денотаттық бөлік «әртүрлі тау-
арлар, тағамдар сату орны», яғни «өндіру, шығару орны» узуалды
макробөлік бұл сөздің семантикалық құрылымында жоқ, сол себепті
синтагматикалық қатар да пайда болмайды. Алайда шеткері, перифе-
риялы бөліктердің жақындасуы байқалады, бірақ ірі емес, кіші семалар
арқылы ғана ұштасу жүреді. Мысалы: дүкен сүті, бөтелке сүті, пастер-
ленген сүт, қорап сүті т.т. Таза лексикалық синтагматикалық қатынас
болу үшін заттық және ұғымдық бөліктер тең дәрежеде қатынасу ке-
рек, сонда ғана тілдегі қалыпты нормаға сай келетін синтагмалық қатар
жасалады. Мәселен, сиыр сүті, майлы сүт, ешкі сүті т.т. ал бөтелке сүті,
қорап сүті, қолдың сүті, базар сүті дегенде лексикалық сыртқы син-
тагматика болғанымен норма қалыпты емес. Сол сияқты ванна суы,
хауыз суы, қала суы, кран суы тіркестерінде лексикалық байланыс
шеткері бөліктермен байланысқандықтан толыққанды түрге енбеген,
сондықтан бұл лексикалық тіркесімдер пассив күйде қала береді. Ал
өзен суы, бұлақ суы, теңіз суы, құдық суы, жер асты суы, тау суы деген
тіркестер қалыпты нормаға сай келетін мағыналық құрылымындағы
заттық, ұғымдық бөліктер үйлесіп жатқан сыртқы лексикалық
186
187
синтагматиканың сөз-cинтагмалары болады. Сол себепті, шеткері се-
малармен байланысқан лексикалық синтагматиканың көрінісі болатын
сөз-синтагмаларды солғын синтагмалар деген атпен атаған дұрысқа
келеді. Банк ақшасы, несие ақша, қарыз ақша, бережақ ақша, қолма-қол
ақша т.т. сөз-cинтагмаларда басты итерациялық қатынасты тудырушы
денотаттық бөліктегі «қаржы» макросемасы. Ал дос ақшасы, әмиян
ақшасы, қалта ақшасы дегенде «қаржы» семасы анық түрде емес, әлсіз
мағыналық байланыста болады. Ал қалта толы ақша, әмиян толы ақша,
ақша үшін дос дегенде сигнификаттық, яғни ұғымдық қатынас берік
түрде орнайды. Бұнда қоршаған шындық болмысты бейнелейтін, ин-
дивид санасында бірден сәуле беретін ұғымдық бөліктер орын тебеді.
Сондықтан қалыпты норма тудыратын лексикалық синтагматика
тууы үшін екі семеманың мағыналық құрылымы тікелей лексикалық
синтагматикалық қатынасқа түсуі керек. Мәселен, ванна толы су, хауыз
(бассейн) суына түсу, құдық суымен суару, жер асты сулары жақын,
бұлақ суына қану, тау суындай таза, өзен суы терең, теңіз суы ащы т.т.
Бұл тіркестер үш сөзден тұратын лексикалық синтагматикалық байла-
нысы нығайған сөз-cинтагмалар.
Енді бұндай лексикалық тіркесімдерге күшті ықпал етуші фактор-
лар – контекст пен контекстегі позиция. Контекстік позициялы өзгеріс
және тілдегі ұлттық мәдени нышан, сондай-ақ, тілдегі лексикалық нор-
ма синтагматикалық қатардағы сөз байланысына ықпал ету арқылы
оны құбылтып, сигнификаттық бөлікті өзгертіп жіберуі мүмкін екенін
жоққа шығаруға болмайды. Фразалық тіркестердің негізінде осы
факторлар жатады, алайда оларға басты ықпал етуші күш – ұлттық
мәдени аспектілер мен халықтық өмір сүру формасы, сосын ұлттық
тәжірибе. Н.Н.Айтова ұлттық мәдени аспектінің логикалық негізге
ұласуы туралы былай дейді: «Қоңыр үн – жағымды үн, оның иесі де
сабырлы, жайдары, ақылды болмағы шарт. Жақсы көрмейтін адамға
жақсы қасиетті таңу сирек құбылыс. Жамандығы басым адамға
шұбар, тарғыл, қытымыр үн тән. «Қоңыр» біздің қарастыруымызда
мына мәндерді мазмұндау үшін қызмет еткен: орташа, қарапайым,
жұтаң өмір, жанға жайлы оңтүстіктен соққан жел, салқындау жел,
жаз соңынан басталатын мезгіл, майда күй, жағымды дауыс, мо-
мын, жуас адам, жеңіл шағын ыңғайлы үй, тыныш кеш» [179, 19-20].
Қоңыр сөзінің бұл ерекшелігі туралы М.оразов былай деп жазады:
«Синтагмалық байланысқа түскен тіл элементтерінің арасындағы
семалық сыбайластықтар көп мағыналы сөздермен байланысынан анық
көрінеді. Мысалы, қоңыр сөзін алып көрелік. Заттың түсін білдіретін
қоңыр сөзі қоңыр күз, қоңыр салқын, қоңыр үн, қоңыр самал сияқты
тіркестерде қолданылады. осы тіркестердің мағынасын салыстырып
қарайтын болсақ, оларда бір ортақ мағыналық реңктің – орта дәрежелі,
жағымды – бар екендігіне көз жеткізуге болады» [7, 196]. осындай
ұлттық негіздегі танымдық әрекетте өмір сүру, тұрмыстық қалыппен
қатар, Э.Леннебергтің зерттеуінше, биологиялық ерекшеліктер де орын
алады, яғни, мәселен, халқымыздың жай, қоңыр үнмен сөйлеуі және
сол сипатта сөйлеуді құптауы [180]. Лексикалық синтагматикалық бай-
ланыс жүйесінде реттеуші күш логикалық ықтималдық болады, себебі
логикалық жүйедегі сөздер үйлесімі лексемаларды жинақтап, бір
қатарға тоғыстырады. Логикалық жүйенің бұзылуы синтагмалардың
қатарын араластырып, лексемаларды әртүрлі сипатқа енгізеді.
Семантикалық өріс құраушы сөздер де осы заңдылыққа бағынып,
тілде өзіндік жүйе құрайды, сондықтан логикалық реттеушіге бұлар
да бағынышты болады. Таңбада көрінбейтін мағыналық жақындық
таңбаның қолданылу кезінде актуалданады, басқаша айтқанда, сөздер
қолданыста логикалық жүйеге бағынып, айқындық сипат алады. Мыс:
күн райы семантикалық өрісіндегі қар түсу, жай түсу, тұман түсу, күз
түсу, шық түсу, күн түсу тіркестеріндегі семантикалық тіркесімділік,
кейбір диалектілік ерекшеліктерді айтпағанда, логикалық тұтастыққа
негізделген ұлттық сипатта қолданылады. Ал жаңбыр түсу, қыс
түсу, жаз түсу, боран түсу, аяз түсу, жел түсу, көк түсу, бұршақ түсу
т.т. тіркестерде логикалық тұтасу, жымдасу байқалмайды, яғни
біздің халқымыз бұндай тіркестерді сөйлеу актісінде қолданбайды.
Қазақ тілінде жаңбыр жауады, қар жауады, бұршақ жауады түрінде
қолданылса, ал орыс тілінде бұл тіркестер идет етістігімен беріледі:
снег идет, дождь идет, град идет т.т. Тіпті, бүгінде нормаға айналып
кеткендей көрінетін ауа райы деген тіркесті лексикалық тіркесім
ретінде қабылдай алмайсың, өйткені бұл екі сөзде заттық, ұғымдық
макробөліктердің семалары үйлесе алмай тұр. Ауа лексемасының
заттық ірі бөлігі «газ», узуалды семалары «иіссіз, түссіз», яғни дено-
тация (заттық) бөлігі бұлыңғыр, яғни анық емес сипатта, ал ұғымдық
макробөліктер «дем алу, өмір сүруге қажетті, тіршілік ету үшін» т.т.
узуалды семалардан тұрады. Рай лексемасында заттық бөлік «сипат,
түрі, ерекшелік т.т.» архисемаларымен берілген. Ендеше ауада рай
болуы екіталай, себебі «ауа» лексемасында деректілік сипат жоқ, ал
күн райы дегенде заттық, ұғымдық мағыналық байланыстар анық
көрінеді. Сол себепті, логикалық жүйе бұзылған кейбір синтагмалық
қатарлар тіліміздің айналымына еніп кеткен де, жалпылық сипатқа ие
болған. Жалпы, халқымыз ертең күн қалай болады екен? деп сұрайды,
ал ауа қалай екен? деп сұрау мүлде жоқ, тек ауа-райы сөз-синтагмасы
әдеби тілге еніп кеткендіктен ғана қолданыста жүр. Жалпы қалыпсыз
лексикалық синтагматикаға, мүмкін, «бұрыс» (Н.Уәли термині) деп
188
189
шартты түрде атаған дұрыс болар, құрылған сөз-синтагмалар саны
тілімізде көп және олардың әдеби тілдің нормасына тигізіп жатқан
едәуір залалы бар екенін білген жөн.
Лексикалық синтагматиканың бұндай бұзылуын айқындап
беретін логикалық тұтастық жүйесі және мағыналық құрылымындағы
семалық байланыс. Ал судырап түсу, ағаштан түсу, тұман түсу,
бақта жапырақтар түсу, жеміс пісіп түсу т.т. дегенде түсу етістігі әр
сөздермен синтагмалық қатарлар құрағанда басты семантикалық өріс
«күз» мәндік аясында сақталып, лексикалық тіркесімділік валентілік
деңгейлесу бойынша жүреді. Синтагмалық қатардағы сөздердің бірін-
бірі қабылдап, қабылдамауына басты шарт лексикалық семантиканың
жүзеге асуы деп білеміз. «Сүйір күн, көзілдірікті тақия, ұнтақ түлкі,
ұңғыл тышқан, торы сиыр» немесе «үркек ешкі, үркек бала, үркек
тауық» деу ерсі болады... себебі – бұлар өзара мағыналық байланы-
ста айтылмайды, сондықтан олар өзара тіркесу қабілеті жоқ сөздер
деп есептеледі» [181, 28]. Қазақ тілшілерінің ішінде алғашқылардың
бірі болып лексикалық синтагматиканы байқаған М.Балақаев,
Т.Қордабаевтың жазған «тіркесуі қабілеті» деген ұғым лексикалық
синтагматиканың басты бөлігі болатын семантикалық валенттілік
ұғымы екенін айтқымыз келеді. Ал қазақ тіл білімінде семемалардың
арасындағы валенттілік мәселесін алғаш зерттеген М.оразов бұл ту-
ралы «үркек ат, тебеген жылқы, сүзеген сиыр, қабаған ит т.б. Үрку тек
атқа, биеге ғана тән қасиет емес, сондай-ақ, үрку сиырға да, қойға да,
түйеге де тән қасиет. Бірақ үркек сиыр, үркек қой деп айтпаймыз», –
дейді [7, 195]. Бұл мәселелерді қорыта келгенде, сөз – синтагматикалық
үйлесімділікке тәуелді бірлік ретінде лексикалық синтагматиканы
құраушы тіл жүйесіндегі синтагмалық қатар мүшесі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |