Арнайы педагогика


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет46/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Коррекциялық-педагогикалық процестің құрылымдық 
компоненттерін атаңыз. 
2. Мүмкіндігі шектеулі балаларды коррекциялық оқыту мен 
тәрбиелеудегі диагностикалау, моноторинг жұмыстарының мәнін 
ашыңыз. 
3. Арнаулы (коррекциялық) мектептеріне арналған оқу жоспарлары 
мен оқу бағдарламаларының құрылу ерекшеліктеріне сипаттама жасаңыз. 
4. Цензалы білім беру арнаулы мектептердің қай түрінде жүргізіледі? 
Цензалы білім беруге сипаттама беріңіз. 


120 
§ 17. МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН 
БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ
1. Мектепке дейінгі арнаулы білім беру мекемелері 
3. Арнаулы мектептердің құрылу ерекшеліктері 
3. Арнаулы мектептердің сипаттамасы 
4. Жаңа түріндегі коррекциялық-педагогикалық қолдау ұйымдары 
ҚР-да арнайы білім берудің мемлекеттік жүйесін құру процесі ХХ 
ғасырдың 20-30-шы жылдарда басталды. Басты міндеті балаларды арнайы 
мектепке дейінгі және мектеп мекемелеріне іріктеу, оларды негізі 
толымдау болып табылды. 
Арнайы білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізімі. (ҚР 
БҒМ 29.10.2003 ж. №787 «Арнайы білім беру ұйымдарының типтері мен 
түрлерінің тізімін, арнайы білім алуды қажет ететіндерге білім беру 
ұйымдарында қажетті орындар санын бекіту туралы» бұйрығымен 
бекітілген). 
Осыған сай төмендегідей арнайы білім беру ұйымдары төменгідей 
анықталған: 
а) арнайы мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу ұйымдары; 
б) арнайы білім беру ұйымдары (мектептер); 
в) бастапқы кәсіби және орта кәсіби білім берудің түзету ұйымдары; 
г) жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, 
мүмкіндіктері шектеулі балаларға арнайы білім беру ұйымдары. 
Арнаулы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жүйесін құруда 
зерттеушілердің бастауымен мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту 
мен тәрбиелеудің қағидалары, әдістері мен тәсілдері, кемшілікті 
коррекциялау мен алдын алу жұмыстары белгіленіп, мектепке дейінгі 
арнаулы білім берудің жүйесі құрылды. 
1970-ші жылдардың басында балабақшалар, мектепке дейінгі балалар 
үйлері, жалпы балабақшалар жанындағы мектепке дейінгі арнаулы 
топтардағы дифференсацияланған жүйе жеткілікті түрде дами бастады. 
Дамудағы жетекші кемшілікке байланысты балаларды арнаулы 
мекемелерге топтастыру жұмысы 
былайша орындала бастады: 
-
 
есту қабілеті бұзылған балалар (естімейтін және нашар еститін 
балалар); 
-
 
көру қабілеті зақымдалған балалар (зағип және нашар көретін 
балалар, қылилық және амблиопиясы кемшілігі анықталған балалар); 
-
 
сөйлеу тілі бұзылған балалар; 
-
 
ой-өрісінде жетіспеушілігі бар балалар; 
-
 
тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар.
 


121 
Жалпы балақашалармен салыстырғанда арнаулы топтардағы балалар 
санының толымы 15 тәрбиеленушіден аспайды. 
Мектепке дейінгі арнаулы мекемелердегі штаттың құрамына арнайы 
педагогтар (сурдопедагог, олигофренопедагог, тифлопедагог, логопед) 
мен қосымша медицина қызметкерлері қабылданады. 
Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеудің арнайы ұйымдарында 
қажетті орындар саны анықталған: 
2.
 
Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларға арналған балабақшада: 
3 жасқа дейін – 10 баладан артық емес; 3 жастан жоғары – 12 баладан 
артық емес. 
3.
 
Естімейтін (саңырау) балаларға арналған балабақшада:
3 жасқа 
дейін – 10 баладан артық емес; 3 жастан жоғары – 12 баладан артық емес. 
4.
 
Көру 
қабілеті 
терең 
зақымдалған 
балаларға 
арналған 
балабақшада: бір топта
– 10 баладан артық емес. 
5.
 
Нашар көретін, амблиопияға шалдыққан, қыли көзді балаларға 
арналған балабақшада
: 3 жасқа дейін – 10 баладан артық емес; 3 жастан 
жоғары – 15 баладан артық емес. 
6.
 
Тірек-қозғалыс 
аппараты 
бұзылған 
балаларға 
арналған 
балабақшада
: 3 жасқа дейін – 10 баладан артық емес; 3 жастан жоғары – 
12 баладан артық емес. 
7.
 
Ойлау қабілеті бұзылған (ақылы кем) балаларға арналған 
балабақшада
: 3 жасқа дейін – 6 баладан артық емес; 3 жастан жоғары – 10 
баладан артық емес. 
8.
 
Терең немесе күрделі кемістіктері
бар 
балаларға арналған 
балабақшада
: 3 жастан жоғары – 8 баладан артық емес. 
Мектепке дейінгі мекемелерде мүмкіндіктері шектеулі балалардың 
толық дамуына қажетті жағдайлар жасалуда. Балабақша 1,5 жастан 7 
жасқа дейінгі балалардың оқытылуын, тәрбиеленуін, күтімін және 
сауықтандырылуын қамтамасыз етеді. Оқыту және тәрбиелеу арнайы 
түзету-дамыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. 
7-ден кейін балалар арнайы мектепте білімін жалғастыруға болады. 
Білім алу қажеттіліктері ерекше мектеп жасындағы балалар арнайы білім 
беру стандарттарына сәйкес әртүрлі білім беру мекемелерінде немесе 
үйлерінде оқытылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет