Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет17/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Реабилитациялаудың бірінші кезеңі
– стационардағы ауру адамның 
жағдайын 
қалыпқа 
келтірудегі 
емдеу 
жұмыстары. 
Дамудағы 
патологиялық процестің сипаттамасына қарай шамамен 1-3 айға 
созылады. 
Реабилитациялаудың екінші кезеңі
– аурудың компенсациялау 
арқылы қалыпқа келтірілген жаңа жағдайларға бейімделуімен 
түсіндірілетін реадаптация кезеңі. Бұл кезеңдегі емдеу жұмысын бала ем 
қабылдағаннан кейінгі уақыттағы көмекті қабылдайтын жергілікті 
санаторийлерде жүргізілу керек. 
Реабилитациялаудың үшінші кезеңі
– баланың жағдайын қалыпты 
әрекетке түсу (оқу, еңбек) жағдайына жеткізудегі реабилитациялау кезеңі. 
Балаларда бұл кезең кемшілікті толығымен немесе жартылай жоюын 
жағдай туғызып, оның компенсациялануына, дамудағы екінші, үшінші 
кемшіліктердің болмауына, коррекциялық-педагогикалық жұмыстардың 
уақытында жүргізілуіне болжам жасайды. 
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары: 
1. Арнайы педагогиканың клиникалық негіздері дегеніміз не? 
Арнайы педагогика медицинаның қандай салаларымен байланысты. 


49 
2. Арнайы педагогиканың клиникалық негіздерін білу үшін не 
қажет? 
3. Кемшіліктерді анықтаудағы бала организмінің дамуындағы 
маңызды көрсеткіштерді атаңыз. 
4. Медициналық абилитация дегеніміз не? Медициналық 
реабилитациядан айырмашылығын айтып сипаттаңыз. 
5. Медициналық реабилитациялау бағдарламаларының мазмұнын 
ашыңыз. 
§ 8. АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
1.
 
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың психологиясы 
2.
 
Арнайы педагогикадағы компенсация теориясы 
3.
 
Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы мекемелерге 
топтастыру 
Қалыптан тыс дамудың психологиясы немесе арнайы психология 
психикалық процестердің кешеуілдеуіне ұшыраған адамдарды зерттеумен 
айналысатын психологиялық ғылым. Мұндай зерттеулердің негізінде 
психикалық дамуындағы кемшіліктерді анықтау мен компенсациялау, 
психикалық дамуында кемшіліктер анықталған тұлғаларды оқыту мен 
тәрбиелеу жүйесі құрылады. Арнайы психология көру қабілеті 
зақымдалған тұлғалардың психологиясы (тифлопсихология), есту қабілеті 
зақымдалған тұлғалардың психологиясы (сурдопсихология), ақыл-ой 
дамуы кешеуілдеген балалар психологиясы (олигофренопсихология), 
сөйлеу тілі бұзылған балалар психологиясы (логопсихология) деп 
бөлінеді. 
Арнайы психологияның міндеттері: 
- қалыпты жағдайдан тыс бала дамуындағы психикалық жалпы және 
өзгеше заңдылықтарын қалыпты бала дамуының психикасымен 
салыстыра отырып анықтау; 
- мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың танымдық процестерінің даму 
ерекшеліктерін зерттеу; 
- мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың тұлғалық даму ерекшеліктерін 
зерттеу; 
- психикалық даму кезіндегі психикалық процестерді диагностикалау 
әдістемелерін құру; 
- интеграциялы оқытудағы психологиялық проблемаларды зерттеу; 


50 
- мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың категорияларындағы балалар мен 
ересектер психикасының дамуына жағымды әсер ететін педагогикалық 
көмек көрсету жұмыстарының психологиялық негіздемесін құру. 
Арнайы психологияның арнайы педагогика ғылымы үшін қажеттілігі 
– мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың барлық категориясын оқыту мен 
тәрбиелеу, оқытудың тиімді әдістерін анықтау жүйесімен анықталады. 
Арнайы психология үшін бұзылған функцияларды компенсациялау 
проблемасы маңызды. Психикалық дамуы бұзылған тұлғаларды арнайы 
оқыту 
мен 
тәрбиелеудің 
міндеті 
бұзылған 
функцияларды 
компенсациялаудың тиімді жолдарын анықтау болып табылады. Арнайы 
оқыту 
мен 
тәрбиелеу 
жұмысы 
компенсаторлық 
бағытта 
ұйымдастырылады. Психикалық функцияларды компенсациялау латын 
тілінен алғанда «теңестіру» деген мағынаны береді. Компенсация – 
сақталған анализаторлардың көмегімен бұзылған функциялардың 
жұмысын қалыпқа келтіру. Психикалық функцияларды компенсациялауда 
компенсациялау функциясының екі типі анықталған. Біріншісі, 
кемшілікке ұшыраған органның сақталған нерв жүйесінің элементтерін 
қалыпқа келтірудегі ішкі жүйелік компенсация (мысалы, есту қабілетінің 
бұзылуы кезінде сақталған есту қалдығын дамыту). Екіншісі, кемшілікке 
ұшыраған органның қызметін сақталған басқа анализаторлардың қызметі 
арқылы қалыпқа келтірудегі жүйе аралық компенсация (мысалы, соқыр 
балалардың көру анализаторын компенсациялау сипап сезу, қимыл-
қозғалыс есту анализаторларының көмегімен орындалады). Барлық 
жағдайларда компенсациялаудың екі типі де қатар жүреді. 
Адамға тән компенсациялау формалары тұлғаның жан-жақты даму 
мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мұндай мүмкіндіктер ғылыми білімді 
игеру, еңбекке араласу, дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыру, 
адамгершілік, тұлғалық қасиеттердің қалыптасуымен түсіндіріледі. 
Компенсация теориясы арнайы педагогика ғылымының тарихымен 
байланысты даму жолынан өтті. Компенсация проблемасын түсіндіруде 
өзінің жаңа идеяларын ұсынған австриялық психолог және психиатр 
А.Адлердің еңбегі ерекше орын алады. Олардың ішіндегі тұлға өміріндегі 
ішкі психологиялық бірлік идеясы адам психикасының биологиялық және 
әлеуметтік факторларға байланысты дамуын анықтайды. Сонымен қатар, 
З. Фрейд пен А. Адлер тұлғаның дамуы өмірдің алғашқы бес жылында 
дамитынын айтады. А. Адлердің жеке көзқарасы бойынша адам 
биологиялық жағынан бейімделуі әлсіз жан иесі, сондықтан оның пайда 
болуында алғашқы уақыттан бастап-ақ толықтай дамуға қабілетсіздік 
байқалады да, ол бірте-бірте бала дамуындағы қандай да бір дене немесе 
сенсорлық кемшіліктердің пайда болуына себеп болады деген болжам 
қалыптасқан. Толықтай дамуға қабілетсіздік, кемшілік адам үшін әр 
уақытта психиканың дамуына түрткі болатын кемшілік қана емес, жетістік 


51 
жағдайымен, яғни компенсациялауға бейімділікпен түсіндіріледі. Өзінің 
кемшілігін жою мен басқалар арасындағы өз-өзіне деген сенімділікті 
ұялату, қалыптастыру адамның шығармашылық мүмкіндіктерінің 
қалыптасуына түрткі болады. 
Л.С. Выготский мен А. Адлердің пікірінше, негізгі психологиялық 
заңдылық органикалық түрдегі толық дамымаушылықтан, субъективті 
түрдегі сезім органдарының толықтай дамымауынан, яғни адамның 
әлеуметтік поцизияның өлшемі болып табылатын компенсациялануға 
деген ұмтылысын бейнелейді. 
Л.С. Выготский өзінің жеке көзқарастарын сыни тұрғыдан талдау 
жасауда, психикалық функцияларды компенсациялау проблемасы мен 
компенсациялануды биологиялық және әлеуметтік факторлардың негізін 
құрды. Бұл түсінік арнайы педагогиканың барлық салаларының дамуына, 
психикалық дамудың бұзылуы кезіндегі балалар категорияларының 
барлық типтеріне сай оқыту мен тәрбиенің тиімділігін анықтауға негіз 
болды. Л.С. Выготскийдің психикалық функцияларды компенсациялау 
теориясын қарастыру барысында бірнеше маңызды жағдайларды 
айқындауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет