Ф КазНПУ 0703
-03-18 (1).
Пәннің оқу
-
әдістемелік кешені. Екінші
басылым
.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары
және сұрақтар
1.
Физикалық үйірме деген не?
2.
Физика пәні бойынша орындалатын сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
қандай?
№
7
дәріс
№ 7дәріс. Физиканы проблемалық оқыту. Жаңа педагогикалық оқыту
технологиялары
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.
Проблемалық оқыту
2.
Физиканы оқытуда
проблемалық әдісті қолдану
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Проблемалық оқытудың негізінде оқу
проблемасы жатыр, оның мәні –
проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес
шешулері
бойынша іс
-
әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі.
Проблема
деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап
ететін есептердің,
тапсырмалардың, теориялық
немесе тәжірибелік
мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады.
Проблемалық оқыту –
жалпы оқыту атаулы сияқты, екі жақты процесс.
Ол, бір жағынан, проблемалық сабақ беруді (мұғалімнің қызмет сферасы),
екінші жағынан, проблемалық
оқытуды (оқушылардың қызмет сферасын)
қамтиды.
Проблемалық сабақ беру (оқыту) –
бұл мұғалімнің оқу проблемаларын
алға қою және проблемалық ситуациялар жасау,
оқушылардың оқу
проблемаларын шешудегі оқу қызметін басқару жөніндегі қызметі.
Проблемалық оқу –
бұл оқушылардың білімді меңгеру жөніндегі
ерекше түрде ұйымдастырылған қызметі, бұл қызмет барысында оқушылар
өздерінің алдына қойылған мәселелердің шешімін табуға қатысады.
Проблемалық оқыту оқушылардың ізденіс қызметін ұйымдастыруды,
проблемалық сипаттағы есептерді шығару жөніндегі белсенді ақыл
-
ой
қызметінің негізінде білімдерді меңгеру, сондай
-
ақ білім алу әдістерін игеруді
талап етеді.
Проблемалық оқытуды жүзеге асыру үшін төмендегі шарттар қажет:
-
оқу материалында оқушылар үшін проблемалар бола алатын
есептердің, мәселелердің. Тапсырмалардың болуы;
-
мұғалімнің проблемалық ситуация
жасай білу шеберлігі;
-
оқушылардың бойында проблеманы ашу мен тұжырымдау және оны
шешудің тәсілдерін өздігінен табу шеберліктері мен дағдыларын біртіндеп
жоспарлы дамыту;
-
мұғалімнің оқу материалындағы проблемалық мәселелерді ажыратуға
бағытталған сабаққа әзірленуінің арнайы жүйесі.
Оқу материалын бұлайша даярлау үшін мұғалім оны әртүрлі көзқарас
тұрғысынан: ғылыми (негізгі ұғымдарды бас
-
басына ажырату, олардың өзара
байланыстары), психологиялық (көтерілген проблемаларға сынып пен
жекелеген оқушылардың қалай қарайтынын алдын ала болжап білу),
логикалық (мәселелерді, міндеттерді, тапсырмаларды, оларды үйлестіру
жүйесін белгілеудің дәйектілігі), дидактикалық (проблемалық ситуациялар
жасаудың қажетті әдістерін таңдау) талдап шығаруға тиіс.
Проблемалық оқытуды жүзеге асыру мұғалімнің қызметін ерекше түрде
ұйымдастыруды ғана емес, сонымен бірге оқушылардың іс
-
әрекетін де ерекше
түрде ұйымдастыруды талап етеді.
2
Ф КазНПУ 0703
-03-18 (1).
Пәннің оқу
-
әдістемелік кешені. Екінші
басылым
.
Проблемалық оқыту сабақта әртүрлі дәрежеде өтуі мүмкін.
Проблеманы мұғалімнің өзі тұжырымдауы және шешуі немесе бұл
проблеманың ғылымда қандай түрде шешілгенін хабарлауы мүмкін. Мұғалім
проблемалық ситуация жасап, оқушыларды ол
проблеманың шешімін
бірлесіп іздестіруге тарта алады. Мұғалім тарапынан тұжырымдалған
проблеманы оқушылардың өздігінен тұжырымдап, оны шешудің жолын
қолдануға болады. Оқушыларға проблеманы өздігінен т ұжырымдап, оны
шешудің жолын іздеуді ұсынуға да болады.
Оқу танымында проблемалар ұсынудың бірнеше тәсілін пайдалануға
болады. Олардың кейбіреуін қарастырып көрелік.
1.
Жаңа құбылыстарды оқып үйренумен бұрынғы түсініктердің (немесе
теориялардың) шеңберіне сыймайтын жаңа эксперименттік фактілерді
анықтаумен байланысты проблемалар ұсыну.
Мысалы, 8 сыныпта электр құбылыстарын оқып үйрену кезінде
оқушыларда ұзақ уақыт бойы –
бірталай сабақ барысында –
токтың
пайда
болуы үшін ток көзінің (гальвани элементі) қажеттігі туралы түсінік
қалыптастырылады. Токтың болу шарттарын қайталағаннан кейін, мұғалім
оқушылардың назарына өткізгіштегі токты оларға белгісіз ток көздерінсіз де
(гальвани элементтері мен аккумуляторларсыз) алуға болатынын көрсететін
өткізгішті магнит өрісінде қозғау арқылы жасалатын тәжірибені ұсынады.
«Бұл неліктен болады?» деген проблемалық сұрақ пайда болады.
Бұл жағдайдағы проблема ұсыну оқушылардың мұғалімнің
түсіндіруіне деген қызығушылығын арттыру және жаңа
материалды қабылдау
процесіндегі олардың ойлау белсенділігін күшейту мақсатымен жүзеге
асырылады.
2.
Оқушыларға бұрын алған білімдері негізінде түсіндіруге болатын
құбылысты, оқып үйрену кезінде тәжірибе көрсету негізінде проблема ұсыну.
3.
Физикалық шаманы өлшеудің жаңа әдісін іздестіруге байланысты
проблема ұсыну, мысалы: «қолда тек су құйылған мензурка ғана барда, ағаш
шариктің массасын қалай анықтауға болады?» Оқушылар бұған дейін
массаны рычагты таразылардың көмегімен өлшеп келді, ал
мұғалім бұл
міндетті олар осыған дейін тек қана денелердің көлемін өлшеуге пайдаланып
келген мензурканың көмегімен шешуді ұсынады.
4.
Құбылыстардың немесе құбылысты сипаттайтын шамалардың
арасындағы байланысты анықтауды талап ететін сұрақ қою. Мысалы,
өткізгіштің кедергісі туралы ұғымды енгізе отырып, мұғалім сыныпқа:
«Өткізгіштің кедергісі неге байланысты?»
-
деген сұрақ қояды. Ол сұрақты
оқушыларға өздерінің жорамалдарын айту және тиісті эксперимент жасау
үшін қояды.
5.
Проблемалық сұрақты оқушылардың алған білімдерін практикалық
сипаттағы есептерді шығаруға қатыстыру мақсатымен қою, мысалы:
«Тоңазытқыш болмаса, жаздыгүні сүтті салқындатып қою үшін не істеу
керек?». Проблема қойылды. Бұрын алған білімдерін пайдалана отырып,
проблеманы шешу тәсілін табуды оқушылардың өздеріне ұсынады.
2.
Физиканы оқытуда проблемалық әдісті қолдану
Білім берудің негізгі мақсаты –
білім мазмұнын жаңартумен қатар,
окытудың әдіс
-
тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін
арттыруды талап етеді. Бұл пән мұғалімдеріне үлкен жауапкершілікті
жүктейді. Қазіргі жаңа заман мұғалімнің басты міндеті
-
оқушыларға белгілі
бір білімдер жиынтығын беру ғана емес, сонымен қатар оларда оқуға деген
Ф КазНПУ 0703
-03-18 (1).
Пәннің оқу
-
әдістемелік кешені. Екінші
басылым
.
қызығушылықты дамыту, шәкірттеріне зерттеушілік, ізденушілік қабілеттерді
меңгерту болып табылады.
Проблемалық оқыту оқушылардың барлығын сабаққа жұмылдырып,
сабаққа белсенді қатыспайтын оқушылардың шығармашылық жұмысқа
қызығушылығын арттырады, оқушы мен мұғалім арасында өзара байланысты
қалыптастырады.
Проблемалық оқыту тәсілдерін қолдану оқушыларды
мәселені бірігіп
шешуге үйретеді. Ал бірігіп жұмыс істеу –
әрі жеңіл, әрі тиімді. Оқушылар
бірлесіп жұмыс жасап үйренуде шағын топтармен,
жұппен жұмыс жасауға
қалыптасады,
ортақ
мәселелерді
талқылағанда
жаңа
пікірлерге
шығармашылықпен қарауға төселеді, жаңалықтар ашу барысында жұмыс
істейді. Проблемалық әдісті қолдануда оқушы белсенді болады, пәнге деген
қызығушылығы оянады, әрі оқу материалын берік меңгереді.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары
және сұрақтар
1.
Проблемалық әдіс жайында баяндаңыз
2.Физиканы оқытуда проблемалық әдісті қолдануға мысал келтіріңіз
№8
дәріс
Достарыңызбен бөлісу: