Лекция
конспектілері
Н3-1.1.39
08.08.2023
полипептидтік тізбектен тұрады, оның әрқайсысы 1000-ға жуық аминқышқылдарының
қалдықтарынан тұрады.
Пептидтік байланыстармен қосылған амин қышқылы қалдықтарының рет-ретімен орналасуы
ақуыздың бірінші реттік құрылымы деп аталады және тізбекті молекула болып табылады.
Ақуыз жіпшесі спираль тәрізді шиыршықтанып, жоғарырақ деңгейде ұйымдасқан екінші
реттік құрылымға ие болады. Ақуыздың дәл осындай үшінші реттік құрылымы өзіндік
ерекшелігі бар биологиялық белсенді нысан болып табылады.
Алайда бірқатар ақуыздар
үшін үшінші реттік құрылым соңғы емес. Төртінші реттік құрылым болуы да мүмкін. Бұл
бірнеше белокты глобуллар немесе фибриллалардың біртұтас жұмыс кешені. Ақуыз
микроорганизмі – продуценттері микроорганизммен продуцирлеуші ақуыздың
артықшылығы, жасуша ішінде концентрленеді. Фермент өте аз мөлшерде ақуыз түрінде
жасушаның ортасына бөліп жібереді. Сондықтан ақуыз заты өндірісіндегі дайын өнім, ақуыз
продуцентінің биомассасы болып саналады, ал қалдық культураларды сұйықтықтың
фильтраты болып саналады.
Ақуыз продуценттері бірқатар талаптарды қанағаттандыру керек: генерация процесі
минималды уақытта болуы керек; ортадан қоректік зат максималды сіңірілуі керек, өзінің
массасын ақуыз 40-70%дейін жиналуына мүмкіндік жасау керек; ортаға токсинді өнімді
бөлуге болмайды және олардың өздері
патогенді емес болуы керек; залалсызданбаған
жағдайда продуцентті өсіргенде тіршілік етуі және төзімділігі жоғары болу керек; ортаның
сұйық фазасынан сепарирлегенде және флотирлегенде, өнімді бөлгенде оңай бөлінуге
қабілетті болу керек. Қоректік ортаның құрамына және көміртегі көзіне қарай ақуыз
заттардың әр түрлі продуценті қолданылады.
Өсімдік шикізатында ақуыз алу үшін қолданылатын Candida туысындағы ашытқылар:C.utilis,
C.tropicalis, C.guilliermondii, C.scotti.Сирек кездесетін ашытқы туысы Trichosporon
қолданылады.
Ақуыздың микроорганизм – продуцентіне қоректік көзі ретінде метан және газ сияқты
гомологиясы Preudomonas methanica, Ps. Fluorescens, Ps. Candatus,
Mycobacterium phley,
Myc.filiformae, Myc.vadosum, Myc.lacticolum, Myc.mycosum, Myc.luteum, Myc.perrugosum
жатады. Метил спиртінде ақуызтық ақуыз алу үшін перспективті продуцент болып
бактериялар, ашытқылар, саңырауқұлақтар қолданылады.
Азықтық ақуыз өнімі. Микробиологиялық өндірістің алдыңдағы негізгі мақсатының бірі
ауылшаруашылығын тиімді азықтық ақуызбен қамтамасыз ету. Мал шаруашылық өнімі
өндірісінің кеңеюіне байланысты сенімді азықтық базасын құру талап етілді. Мал
шаруашылығы және құс шаруашылығы тұтынатын азықтық ақуызды, негізінде өсімдік
шаруашылығының есебіне қанағаттандырады.
Бірақ мұндай дән культурасы, картоп,
азықтық шөптер сияқты бағалы өсімдік азығына микроэлеметті және витаминді, жарамды
ақуызды тек қоспа ретінде қосқан кезде тиімді ғана тұтынуы мүмкін.
Өсімдік азығының сапасын жақсарту үшін оларға балық және ет-сүйек ұнын, майсыз сүтті
қосып байытады. Бірақ мүндай ақуыз қоспа өндірісінің көлемі мал шаруашылығында
тұтынатындарды қанағаттындырмайды. Әлемнің барлық елдерінде азықтық ақуыздың
тапшы екені белгілі. Азықтық ақуыз өнімін алу үшін қолданылатын шикізатқа байланысты
тауарлардың аттары келесідей болады: өсімдік затының гидролизатында және сульфитті
щелокте немесе гапринде – азықтық ақуыз; метил спиртінде – меприн; мұнай парфинінде –
азықтық ашытқы; азықтық ақуыз концентраты немесе парин; этил спритінде – эприн.
Белокты синтездеу проблемасының теориялық және практикалық маңызы бар. Белок
молекуласының күрделі болуына байланысты қазіргі уақытқа дейін белок синтезі толық іске
аспай отыр. Белок молекулалары үздіксіз қозғалыста болады. Белок молекулаларын
синтездеуге әрекет жасаған ғалымдардың сәтсіздіктерінің себебі де осында болуы мүмкін.
Белок молекулаларының үздіксіз өзгеруін анықтайтын заңдылықтарды түсіну — қазіргі
ғылымның ең басты міндеттерінің бірі. Алғаш рет қарапайым белокты заттар, гипофиздің
Лекция конспектілері
Н3-1.1.39
08.08.2023
гормондары вазопрессин мен окситоцин алынды. Одан басқа белок синтездеудегі зор
табыстарға инсулин мен интерферон алу жатады. Полипептидтік теория ашылғаннан бері
белоктық қасиеттері бар полипептидтер синтезделіп, жемдік қоспа, дәрі-дәрмек ретінде
қолданылып жүр.
Достарыңызбен бөлісу: