Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции
«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»
13
тал-дарақтардың басын анау-мынау саясаткерді жанынан бездіретін ұранды сөздер
жазылған плакаттармен көмкеріп, аман-есен жүріп жатыр».
https://abai.kz/post/17022
.
Мысалда көрсетілген «аман-есен» тіркесі біріншіден, субъектінің қалыпты күйінен хабар
береді. Ол ұғымның басты сипаты. Екіншіден, контекстте сөз етіліп отырған субъектінің
өзіне үйреншікті болған ісін жалғастырып келе жатқаны айтылады. Яғни, белгілі бір іс-
әрекет тұрақты түрде орындалып келе жатыр. Контексттің осы бөлігінде «амандық»
ұғымының «тұрақтылық» түсінігімен байланысып жатқаны байқалады. Үшіншіден,
«аман-есен жүріп жатыр»
- деп баяндау арқылы
автор субъектіні ауру-сырқау,
жамандықтан ада екенін білдіреді. Сол арқылы, адресатқа әңгіме етіліп отырған тұлға
жайлы жақсы, оң хабар жеткізеді. Оның болмысы, денсаулығымен қатар іс-әрекетін де сөз
етеді. «Аман-есен»
бірлігін қолдана отырып, автор соның көмегімен осындай бірнеше
ауқымды ойды ұтымды жеткізеді. Бұл «амандық» ұғымының мағыналық қызметінің
шексіздігін көрсетеді. Ұғымның жақсы және оң хабар беру мәнін келесідегі мысалдар да
көрсетеді:
«Терезені сындырған ол бестегі Жасминді, сосын үш айлық сіңлісі Айсананы
отқа оранған үйден аман-есен алып шығады».
https://abai.kz/post/7357.
Бұл мысалда біз ең
алдымен тіркестің жұмсалуына назар аударуымыз керек. Сөйлемде ол тек амандық
мәнінде қолданылып тұрған жоқ. Кеңінен қарайтын болсақ, бірлік оң хабарды, қуанышты
жаңалықты жеткізуші тәсіл болып тұр. Осы категориядағы
ұғымдардың вербалдану
құралына айналғаны айқындалады. Ұғым жалпы мағынаны қамтып, өзінің ең басты
функциясы ретінде жақсы хабарды жеткізуді алған. Осы
пікірді келесі мысалмен де
дәйектеуге болады:
«Бітімгершілік миссиясымен Ливанда игілікті істерін табысты
аяқтаған БҰҰ-ның алғашқы қазақстандық тобы аман-есен елге оралды».
https://abai.kz/post/91072. Контексттерде «амандық» ұғымы бірнеше функцияны қатар
атқарады. Алайда оның ең басты міндеті, оң хабарды, ақпаратты жеткізу. Соңғы мысалда
«амандық» ұғымы «күмән» түсінігіне қарсы болып тұр. Күдікті, қорқынышты сейілтетін
тіл құралына айналған. Демек, «амандық» ұғымы ақпарат алушының таным-түсінігінде
жақсы ойды қалыптастыруға да ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: