«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция материалдары 22
алаштанушы, филогия ғылымдарының докторы, профессор: «Ахмет Байтұрсынұлы -
Алаш зиялыларының ішіндегі Ә.Бөкейханұының, М.Дулатұлының қазақтың дербес,
тәуелсіз мемлекеті болсын деген саяси ойларымен идеялас болған, жырау бабаларымыз
сияқты елдің тәуелсіздігін аңсаған, қазақтың намысын оятатын асыл сөздерін аманат етіп,
ұрпақтарына тастап кеткен ұлтжанды тұлға» [4, 75].
Әрбір азаматтың ұлт алдындағы бағасы оның өз халқына қаншалықты қызмет
еткендігімен өлшенеді десек, Ахметтің де елінің ертеңіне еткен өлшеусіз еңбегін көреміз.
Ол халқының жарқын болашағына кәміл сенген. Сондықтан да:
«Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, Ойлайтындар мен емес – бір күнгісін, Жұрт ұқпаса, ұқпасын жабықпаймын, Ел – бүгіншіл, менікі – ертеңгі үшін»,- [2,63]
деп жырлаған. Сәкен Сейфуллиннің: «Қорлыққа шыдап, күйікке күйіп, ұйқы басқан қалың
қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жақтаған патша заманында жалғыз Ахмет
еді» дегені көп нәрсені аңғартады.
Ақынның азаматтық поэзиясынан оның өмірлік өзгерістерге белсенді қатынасы
көрініс беріп, қоғамдық қайраткерлігін айқындай түседі. Поэзияның саяси-әлеуметтік
мәнін арттыра түсуге, жетілдіре түсуге тырысуы – содан. Әсіресе, «Қа ... қаласына»,
«Жұртыма», «Ақын ініме», «Жауап хаттан» тәрізді өлеңдері оның қоғамдық қайраткерлік
бағдарламасын мейлінше аша түседі. Оларда жеке басқа қатысты күйініш-сүйінштен,
қасірет-қайғыдан гөрі халық қамын жеген азаматтық поэзияның халықтық сипаты басып
жатады.
А.Байтұрсынұлы шығармашылығындағы азатшылдық бағыт оның саяси
бостандыққа жетуді аңсауынан, қазақ халқын орыс патшасы езгісінен азат етіп,
отаршылдық бұғаудан құтқару, қазақ ұлтының өзін-өзі басқаруына қол жеткізуді аңсаған
арманынан, соған бар даусымен үн қосуынан көрінеді.
Ахмет поэзиясының арналы бағыты, қазақ әдебиетінде алар орны жайлы
М.Дулатұлы: «Ол қарапайым да, түсінікті қазақ тілінде азат туралы, ұлт туралы, езілген,
артта қалған ұлты туралы жырлады. Ол – қарсылықшыл ақын. Ол поэзиясын қазақтарды
езген монархиялық Ресейдің саясатымен күресудің құралына айналдырды. Ішкі сұлулығы
мен мазмұны жағынан, жинақтылығы мен желілігі жағынан А.Байтұрсынұлы жырлары
қазақ әдебиетінде бірінші орын алады» [5, 75], – деп өлеңдерін азатшылдық рухпен
дараланатынын атап өткен болатын. А.Байтұрсынұлы қазақ поэзиясында күресшілдік
сарын әкеліп, азаттық жырдың озық үлгісін шашты. Оның өлеңдерінің ерлік рухы –
мәңгілік жоғалмас ақындық үлгі.
Ахмет өлеңді тікелей шығармашылықпен айналысқысы келіп, не болмаса, ақындық
атқа ие болу үшін жазбаған. Ахметтің ақындық өнері – замана шындығынан, өмір
талабынан туған құбылыс. Мұны ол ашық айтқан:
Мен жазған кеңес, Мақтаныш емес. Ат шығармақ ақындық, Молда жоқта, молдалық, Ер батқанда, жорғалық. [2,52]
Ақын туа біткен табиғи талантын өзінің алдына қойған мақсаты – саяси күрес пен
ағартушылық қызметіне ұштастыра білген. Сөйтіп, оның өлеңдері ең алдымен күрес
құралы ретінде халқының бостандық жолындағы үн-жарияға айналған.
Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығы ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ
әдебиетінің даму тарихындағы биік белес болып қала бермек. Ол шын мәніндегі нағыз
демократтық поэзияның қазақ әдебиетінің негізін қалап, қазақ өлеңіне азаттыққа
ұмтылған азаматтық жыр үлгісін алып келді.
Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции