«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция
өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы,
мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс
ретінде бағаланады. 2017 жылғы «Рухани жаңғыру : болашаққа бағдар»
жолдауында
қоғамдық сананың қайта түлеуі жайында сөз қозғалған еді. Ол жаңа ғылымға , жаңа
нәрселер үйренуге, тың жаңалықтар мен ақпараттарға қанығу мен әлемге танылу ғана
емес өз, отандық ғалымдарымыз бен ойшылдарымыздың шығармасының жаңа қырларын
ашып, қайта жаңғырту, ойға бекітіп, толық қорыту еді. Бұл ретте, біз Абайды айналып өте
алмаймыз. Себебі ұлы ойшыл осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға,
жаңаруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырған. Абай - телегей теңіз. Ол
ешкімнің де
құшағына симайды. Абайды тану – қазақ халқын танумен бірдей. Өйткені қазақ қауымын
дәл Абайдай танып, Абайдай түсіндірген ешкім болған жоқ.
Қазіргі өркениетті мемлекеттердің барлығы дерлік шоқтығы биік тарихи тұлғаларымен
мақтана алады.
Олардың қатарында саясаткерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері,
қолбасшылар, ақын-жазушылар, өнер және мәдениет майталмандары бар. Қазақ жұрты да
біртуар перзенттерден кенде емес. Солардың ішінде Абайдың орны ерекше. Бірақ біз ұлы
ойшылымызды жаһан жұртына лайықты деңгейде таныта алмай келеміз.Ұлт мақтанышы
халықтың ұлы перзенті Абай Құнанбайұлының туылғанына биыл 175 жыл толды. Абай
философиясына 175 жыл. Бұл тойды мемлекетіміз ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ көлемінде атап
өтпекші. Бұл құр босқа миллиондаған қаржы бөліп , бір
жылға оны шашып тастап еш
нәтиже, еш алар кұндылық болмайтын тойлау емес , өзгеше ,ерек той. Мемлекет бойынша
Абайды , оның шығармаларының жаңа қырын ашуға, зерттеуге ден қоятын жаңа
комиссия құрылып. еліміздің түкпір-түкпірінде Абайды тану үшін
біршама нәтижелі
жұмыстар жүргізіліп, Абайдың мәртебесі көтерілуде. Ең алдымен Абайды ұлтымыздың
мәдени капиталы ретінде насихаттауымыз керек. Өркениетті елдер қазақтың болмыс-
бітімін, мәдениеті мен әдебиетін, рухани өресін әлемдік деңгейдегі біртуар перзенттерінің
дәрежесімен, танымалдығымен бағалайтынын ұмытпайық.
Сондықтан Абайды жаңа
Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртшылығына кеңінен таныстыру қажет. Қазақ
жұртының мақтанышын әлемге танытуға деген талпыныс – бүгінгі ұрпақтың қастерлі
борышы. Абай
жалғыз қазақ халқының ұлы емес, адамзаттың ардағы десек артық
айтқандық болмас. Әлем халқы мойындаған дара тұлғаны қай жағынан әспеттесек те
біздің елдік, ұлттық парызымызды орындағанымыз деп білеміз.
Әдебиеттер:
1.
«Абай» энциклопедиясы. –Алматы. «Атамұра», 1995ж [5б,1а]
2.
С.Мұқанов «Жарық жұлдыз» 1995ж [29б, 3а]
3.
Бисенбаев П. «Абайтану » ІІІ том Алматы: Қазақ ун-ті,2015ж[211б]
4.
Бисенбаев П. «Абайтану » V том Алматы: Қазақ ун-ті,2015ж[143б]
5.
https://e-history.kz/kz/news/show/99/
[10а]
6.
https://abaialemi.kz/post/view?id=1332
[4,8а]
7.
https://bilimdinews.kz/?p=83446
[1,3а]
«
Достарыңызбен бөлісу: