Абай қҰнанбаевтың Әлемі мен шығармашылығына жастардың КӨЗҚарасы


ЖАҢҒЫРУДЫҢ НЕГІЗ КІЛТІ - АБАЙ



Pdf көрінісі
бет26/84
Дата02.12.2023
өлшемі1,97 Mb.
#132414
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   84
Байланысты:
thesis180613

ЖАҢҒЫРУДЫҢ НЕГІЗ КІЛТІ - АБАЙ 
Байман Ақерке Асетиллақызы 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің

курс студенті 
akerke.baiman@mail.ru 
Асыл
сөзді
іздесең, 
Абайды оқы, ерінбе, 
Адалдықты
көздесең, 
Жаттап тоқы көңілге. 
Сұлтанмахмұт 
Торайғыров 
35 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
1.
 
Кіріспе.
 
Әр адамның өмірге келуінің бір мақсаты болады. Жер бетінен бір жапырақ та себепсіз 
түспейтіні сияқты. Одан өзге ешкімде жоқ, дауысы сырнайдай жезтаңдай әншілер , одан басқа 
ешкім жасай алмайтын қолынан өнер тамған, тек сол үшін жаратылған шеберлер болуы 
мүмкін. Ал әдебиетте ешкімге ұқсамайтын сара да, дара жолын қалдырған, ерекше дарынға ие 
ұлы ақын –Абай. Ғасырында бір туатын дарабоз , әдебиет деген үлкен отбасының тіреуі - 
Абай . Әр сөзі , шығармасы тәлім-тәрбиеге, білім мен өнегеге тұнып жатқан Абайдың 
шығармашылығының шеберлігінде шек жоқ- сірә. Содан болар заманынан озық туған тума 
ақын,ұлы жазушымыздың араға қанша ғасырлар салса да сөзінің мәні кеткен жоқ, абыройы 
әлі күнге дейін жер жарып тұр. Әлемдегі әрбір халықтың жүріп өткен жолы, көнеден бүгінге 
дейінгі өзіндік тарихы бар. Кез келген ел өзінің ірі 
тұлғаларымен, қайраткерлерімен танылатындығы сөзсіз. «Жазса Тарас Днепрді , Жазса 
Пушкин Еділді» деп Әбділдә Тәжібаев жырлағандай өз отанының атағын айға шығарып, 
әлемдік әдебиетте тарихымыздан сыр шертіп, қазақ әдебиетінің қандай көркем, тілінің 
қаншалықты бай екендігін танытқан осы біздің Абайымыз. Ағылшындарда Шекспир, 
орыстарда Пушкин болса,біздің,қазақтың ұлы дарыны–Абай. 
«Біздің Абай». Неткен мақтаныш. Бұл «Бізде де ұлы ақын бар. Біздің терең тарихымыз 
бар. Бізде де сонау ғасырларды жалғастырып үзілмей мұра боп келе жатқан салт-
дәстүріміз бар. Ешкімге ұқсамайтын ерек мәдениетіміз бар. Бізде мінез бар. Бізді танығың 
келсе Абайды оқы» дегенмен бірдей. Расымен, оның шығармалары қазақтың қойын 
дәптері, немесе қазақ туралы сөздік іспеттес. Бүтіндей халықтың айнасы болып отқан 
жазушы өмірін, шығармашылығын зерттеу әсте оңай болмаған. Оның шыққан тегі , өмірі, 
ұстанымы , мінезі сынды ақпараттар толықтай ашылмаған.Көбінесе ол жайлы тың 
деректерді біз әдебиет көкжиегіне үлкен жаңалық болып енген Мұхтар Әуезовтың 
шоқтығы биік туындысы «Абай жолы»-нан білеміз. Ал, осы тұрғыда Сәбит Мұқанов « 
Абай – зор кісі. Ол – зор ақын да, зор ойшыл да , зор қоғамшыл да, зор күресшіл де. Оның 
осы бейнелерін түгел қамту , әрине, оңай міндет емес. Сондықтан Абайды толық зерттеу, 
толық ұғу – бір жылдың я бір ұрпақтың ғана міндеті емес , көп жылдардың , көп 
ұрпақтардың міндеті. Әйткенмен, әр ұрпақ қолдарына түскен ақпараттарға сүйене 
отырып, өз ой-өрісі жеткен пікірді айтуға міндетті» деген екен. Шынында , Абай – 
таусылмайтын әңгіме. Қанша жылдар өтіп, әдебиет қоры Абай жайлы ізденістерге, 
зерттеулерге толығуда. Сонда да толық зерттелген деп кесіп айта алмай отырмыз.Мен өз 
ой – өрісімді білім таразыма салып, саралап , ой қорытып көрмекке бекіндім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет