Абай қҰнанбаевтың Әлемі мен шығармашылығына жастардың КӨЗҚарасы



Pdf көрінісі
бет27/84
Дата02.12.2023
өлшемі1,97 Mb.
#132414
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   84
Байланысты:
thesis180613

2.
 
Абай – алғашқы педагог.
 
Абай 1845 жылы Шығыс Қазақстанның Шыңғыстау тауы баурайында дүниеге келген. 
Бұны қай қазақтан сұрасаң да білері хақ. Абайдың бір ерекшелігі бүкіл қазақ жұрты оның 
өмірі, шығармашылығы жайлы өте көп ақпарат айта алады. Тәуелсіздігімізді алғаннан 
бері үкіметтің ұлттық бірегейлікті нығайтуға арналған керемет жұмысының нәтижесі 
шығар, бәлкім. Абайдың өз дәуірінен оза шауып, қазақтың әдебиетіне төңкеріс 
жасауының сыры неде? Бірі оның отбасының салиқалылығында дейді. Әжесі Зеренің мың 
ғасырлық тарихты, қисса-дастандарды жатқа айтып беруі, шешесі Ұлжанның шақалақ 
Ибраһимді бір де бір рет дәретсіз емізбегеуі, әкесі Құнанбайдың қатал тәрбиесін көріп 
өсуі жас ақынның бойына бірталай жақсы қасиеттерді енгізгені сөзсіз. Бірі оның туа бітті 
ерек болмысының болуында дейді.Не де болса Абайдың қазақ тарихында аты алтын 
әріппен жазылып, дәуірлер бойы сақталатыны аян. 
Ойлап қарасақ, кез-келген адамның қолы жете бермейтін әлем әдебиеттерін, пәлсапалық 
мыңдаған шығармаларды, Шығыс яки Батыс мәдениетін оқып, оны жан-дүниесімен 
түсініп, ұғынуы, оны өз тіліне аударып, алтын білімін ұрпағына мұра қып қалдыру бір 
ерлік екен. Ол өз заманындағы құйтырқылықтарды, бұрын соңды көтерілмеген 
тақырыптарды көтерді. Қазақтың суырыпсалма поэзиясын реалистік жазба поэзиясына 
36 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
айналдырды. Бұрын соңды үрдіске енбеген жанрларды енгізді. Егер Абай болмаса осы 
ғасырдың басында – ақ азаматтық кемеңгерлікке, суреткерлік салиқалыққа , стильдік 
әралуандыққа, заманмен бірге аттап, замандаспен мұңдас бола алатындай әлеуметтік 
пайымға ие болған жазба әдебиет мектебі, Абай мектебі қалыптаспас еді. 
Азияның бір шетінде туылып, қаршадай киіз үйде тұрып-ақ , барлық мүмкіндігін 
пайдаланып, болыс баласы екенмін демей , даналыққа, ілімге құштар болуы мына 
біздерге-өскелең ұрпаққа үлкен үлгі болуы керек. 
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім, 
Қолымды мезгілінен кеш сермедім. 
Баламды медресеге біл деп бердім, 
Қызмет етсін, шен алсын деп бермедім»,- деп 
Ұрпағын тәрбиеге, терең ойлауға, өмірде білуге құштар болуға, жан мен тәнді 
дамытуға асығуға шақырады. Шындығында, Абай «білім» деген атауының артында үлкен біз 
байқамайтын мағына жасырған. Білім деген қос-қостан диплом болып, мың кітап оқып қана 
қою емес , рухани жанды жетілдіріп, жүректі таза ұстау, өз болмысыңды түсініп, жанның 
тазалығына кір келтірмеу деген сөз. Білімнің билігі орнап тұрған заманда , мемлекетіміз, 
ғылымға, білімнің құндылығына, рухани маңыздылығына аса көңіл бөліп отырғаны белгілі. 
Сондықтан да ертеңгі ұрпақ жарқын болашақта өмір сүріп, дамыған елдермен иық тіресе 
қатар тұруы үшін, ең алдымен терең білім мен жан – жақты рухани сұраныс қажет. 
Қазақстанның баянды да тәуелсіз мемлекет болу үшін ұлттық құндылықтар тәрбие арқылы 
халық педагогикасынан нәр алып, адами құндылықтардың барлық саласын бойына 
сіңірген,таза ұлтжанды азамат керек. Қазақ мемлекеті үшін бар білімі мен қабілетін сарп 
ететін, елін, туып-өскен жерін, тілін, халқының тарихын, дінін, мәдениетін біліп,құрметтейтін 
жеке тұлға тәрбиелеу,жалпы жұртшылық үшін міндет. Қаншама ғасырлық қиындықтан кейін 
орнаған бейбітшілік заманымызда жастардың барлығына оқуға, өсуге, дамуға аса үлкен 
армандарға қол жеткізуге барлық есіктер айқара ашық тұр. Білімді , саналы ұрпақ, 
мемлекеттің болашағының кепілдігі демекші , білімді азаматтардың көбеюі қуантуда. Кез-
келген білімді азамат өз сауатын мектеп кезінен осы Абайды оқудан бастайды. Абайды 
оқыған жастың тілін ұмытып, еліне қызмет етпеуі әсте мүмкін емес. 
Абай дінге берік кісі болған. Қазаққа ислам діні келгеннен бастап , 
дүниетанымымызға , өмірге деген көзқарасымызға сай деп қабылдаған асыл дінімізді 
Абай өз шығармаларында мәртебесін өте биікке көтереді: 
Махаббатпен жаратқан адамзатты , 
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті. 
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, 
Және хақ жолы осы деп әділетті. 
Ол бұдан басқа бірталай шығармаларында халықты дінге бет бұруға, Аллаға сыйынып жан 
тыныштығын табуға, оны «көңілмен оқып, жүрекпен тоқуға» , Алланың бары рас екендігін 
бір емес бірнеше рет айтып өтеді. Ол дінді тек жүрекпен қабылдау керек деп сендіреді, 
«сыртын қанша жусаң да , іші оңбаған » болудан, екіжүзділіктен сақтануға шақырады. Дін 
адамзатты тазалықта, тыныштықта ұстайтын нәрсе. Діни санасы қалыптаспайынша, тұлға 
қалыптаспайды. Ол ғылым мен білімнің көптеген салаларынан жақсы қаруланған білімді адам 
болуы мүмкін, дінсіз ішкі мені, рухани әлемі терең, адамгершіліктің жоғары құндылықтарын 
бойына сіңірген, мейірім мен шапағатқа, әділетке толы жан болып жетілуі 
37 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
екіталай. Қазақ қоғамы жастарға діни білім беру мен діни санасын қалыптастыру 
барысында дана Абайдың мұраларынан алары мол. Бұл тақырыпқа келгенде ұстанар 
негізгі темірқазығымыз Абай ілімі болса адаспаймыз. Адам өмірінде ең алғаш кездесетін 
философиялық ой - «Мен кіммін, мен қайда барам, менің өмірге келуімнің мәні не?» 
деген сұрақтар. Бұл кезеңнен еш адам баласы айналып өтпек емес. Абай осы сұрақтың 
барлығына асыл дінімізден жауап іздеп , ненің дұрыс, бұрыс екендігіне тоқталып, 
жастарға қараңғы түнде жол көрсететін шамдай деректер қалдырған. Өз дәрежесінде 
Абай ислам діні мен философиясындағы толық адам ілімін жетілдіруші, жаңа сапаға 
көтеруші. Абай өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде алдымен қазақ қоғамындағы толық 
адамның моделін, одан шыға ислам дініндегі кемел адам келбетін, сондай-ақ кең 
мағынадағы барша адамзатқа ортақ толық адам моделін ұсынады. Абайдың рухани 
өресіне баға берген дінтанушы философ ғалымдар оның «кәміл мұсылман» ұғымына 
ерекше назар аударады. «Кәміл мұсылман» ұғымы тек қазаққа ғана емес, бүкіл мұсылман 
әлеміне қатысты айтылса керек. Міне, біздің ойшыл Абай, хакім Абай – әлемдік деңгейде 
осы діни көзқарасы арқылы да биіктей беретін тұлға. 
Сонымен қатар , Абай өз заманының кемшілігі мен қиянатының тууы себебін 
жалқаулықтан көріп, көпшілікті еңбекке шақырған: 
«Жұмысы жоқтық, 
Тамағы тоқтық, 
Аздырар адам баласын» 
Ата - бабамыз адал еңбектің арқасында ұрпақтарына өлшеусіз байлық қалдырды. Қазақтың 
ғажайып қолөнері, өнер туындылары, киіз үйі, тұрмыс, салт бұйымдарының барлығы да ерен 
еңбек пен ғаламат шеберліктің жемісі. Ақын еңбекпен келген табыстың адал да дұрыс жолға 
бастайтынына кәміл сенеді, ал еңбекпен, саналы оймен, ақылмен істелген істің ғана нәтижесі 
болады деп санайды. Абайды өз заманындағы іскерліктің ұйытқысы, еңбекқорлықтың 
мотиваторы деуге болады. Ұлы ойшыл шығармаларында кәсіптен нәсіп тапқандарды, 
шаруақорлыққа үйрену дағдыларын үлгі етеді. Ол тұрмыс сапасын жақсарту үшін еңбек 
етудің жаңа тәсілдерін меңгеруге шақырады. Сонымен қатар ақын бастамашыл-дықты, 
кәсіптегі адалдықты жоғары қояды. Қазіргі заман жастарын да мемлекетіміз еңбекке 
шақырып, қоғамға титтей де болсын пайданы әкелуге тәрбиелеуде. Қанша ғасыр өтсе де адам 
бойындағы артқа тартар қасиеттер, қоғамдағы біраз кертартпа дүниелер сол қалпы сақталған. 
«Өсек, өтірік , мақтаншақ , еріншек , бекер мал шашпақ 5 дұшпаның білсеңіз » деп ескерту 
жасалған Абай өлеңдері әлі күнге дейін өзекті. Барлығына тез жетсем деп армандап, 
қиынынан қашып, тірліктің ебін таппай, жұмыс істеп қарытпай , не білім қуып жарытпай, 
мақсаты жоқ, болашағы бұлдыр, тағдыр салған тар жолға айдаса жүре беретін жастар әсте 
көп. Жұмысы жоқ қоғамда ұрлық- қарлық, зорлық-зомбылық өршіп тұрары белгілі жағдай. 
Бойдағы осындай жексұрын қылықтардан қайтсең арыласың? Ол үшін Аллаға сыйын, екінші 
өз қайратыңа сүйен, еңбегіңді сау. «Еңбек қылсаң қара жер де береді, құр тастамайды» дейді 
Абай (төртінші сөз). Бірақ Абайша малды болу иін бүтін, қарын тойса болды емес, ол – өнер, 
ғылым іздеуге жол ашатын мүмкіндік көзі. «Малды сарп қылып, ғылым табу керек. Өзіңе 
табылмаса, балаң тапсын… Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ». Мұны оныншы сөзінде 
айтса, жиырма бесінші сөзінде: «…Балаң бала болсын десең, оқыт, мал аяма! Әйтпесе, бір ит 
қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки, жұртқа рақат 
көрсетер ме?» деп нықтайды. 
3.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет