Абай қҰнанбаевтың Әлемі мен шығармашылығына жастардың КӨЗҚарасы


ҰЛТТЫҚ ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ АЙНАСЫ – АБАЙ »



Pdf көрінісі
бет29/84
Дата02.12.2023
өлшемі1,97 Mb.
#132414
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   84
Байланысты:
thesis180613

ҰЛТТЫҚ ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ АЙНАСЫ – АБАЙ » 
Бердібек Бинура Нұркенқызы 
Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті 
39 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
Berdibekbinura@gmail.com 
Қазақ халқының ұлы перзенті Абай 59 жыл өмір сүрген. Биыл оның дүниеге келгеніне 
– 175, дүниеден озғанына – 116 жыл. Бүгін бәріміз ұлы ақынды еске алудамыз, мұның, 
әрине келешекте де жалғасатыны сөзсіз. Туған жерінде ғана емес, тәуелсіз Қазақстанның 
әр аймағында, ауылда, қалада, күллі Түркі әлемінде барша әдебиетшілер, өнерсүйер, 
әдебиетсүйер қауым еске алады. Бұл бір ғұмырға бірнеше ғұмырды сыйғызу дегенге сай 
келеді. 
«Ұлы ақынның шығармалары бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абайдың ой-
тұжырымдары баршамызға қашанда рухани азық бола алады. 
Сондықтан ұлтымызды жаңғырту ісінде оның еңбектерін басшылыққа алып, ұтымды 
пайдалану жайын тағы бір мәрте ой елегінен өткізген жөн». Бұл ойлар Қазақстан Респуб-
ликасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» 
атты көлемді мақаласында айтылды. Бағдарлама сипатындағы терең мазмұнды мақала, 175 
жыл бұрын қазақ халқына Күн секілді туған ұлы тұлға – Абайдың бүгінгі ұрпақтар үшін 
маңызды әрі өзекті екенін көрсетеді. «Ұлттық болмыстың үлгісі», «Мемлекет ісінің 
мүдделесі», «Әлемдік мәдениеттің тұлғасы» сынды тақырыптармен қуатталған жалпы пікірге 
сәйкес, жаңа Қазақстанның өзегін жаңа қоғам құрайды. Бұл ретте, ең алдымен, ұлттың қадір-
қасиетін арттырып, халықтың бәсекеге қабілеттілігін жетілдіруге баса мән беріледі. Сондай-
ақ қоғамның дамуына кедергі келтіретін, береке-бірлікке іріткі салатын жағымсыз 
қасиеттерден арылу қажет болады. «Біз Абайдың 175 жылдық мерейтойына қоғамдық сананы 
жаңғыртатын, бір ел, тұтас ұлт болып дамуымызға серпін беретін іс-шара ретінде зор мән 
беріп отырмыз», деп жазады қазақ елінің басшысы. 
Абай! Алып империяның шалғай ауылында дүниеге келіп, небәрі 59 жыл өмір сүріп, 
жаңашыл әдебиетші, тіл жанашыры, композитор, ағартушы болу… Осылайша ерекшеле-ніп, 
танымал болу, әрине кездейсоқтық емес! Шығармаларынан нәр алған ұрпақтары жанымен, 
қанымен, күреспен тәуелсіздігіне қол жеткізген Қазақстан Республикасында мемлекет 
деңгейінде 175 жылдық мерейтойын атап өтуде! Әрине бұл ретте, Абай бұлағынан су ішкен 
Мұхтар Әуезовтың рухына бас иіп, еске аламыз. Абайдың шығармаларын кезінде өзге 
тілдерге аударған әдебиетшілердің, зерттеп, дәріптеген ғалым-дардың рухтары пейіште 
шалқысын. Абайдың атын құрметтеп, ескерткіштер орнатқан, көшелерге, саябақтарға, 
алаңдарға, оқу орындарына атын берген ел азаматтарын, қазақ бауырларымызды шын 
жүректен құттықтаймыз! Қазақстанның Каспий теңізі арқылы көршісі әрі туыстас бауыры 
Әзербайжан да Абайды сүйді, зерттеді, әлі де зерттейді. Өйт-кені Абайды сүю – қазақ халқын 
сүю, Абайды зерттеу – қазақ елін зерттеу, Абайды сүю және зерттеу әдебиетті, өнерді, ұлттық 
құндылықтарды, бауырластықты терең ұғынуға, рухтанып қанаттануға жетелейді… Абайды 
зерделеген сайын сүйесің, сүйген сайын зерделейсің! Абай – түркінің ортақ өткенінен ортақ 
болашағына апаратын құтты жолдың қазақ жеріндегі, қазақ мәдениетіндегі негізгі 
темірқазығы. 
Абайдың аты қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ағартушы, ымырашыл ислам 
негізінде қазақ мәдениетін орыс және Еуропа мәдениетіне жақындастыруды қолдаушы 
ретінде тарихқа алтын әріптермен жазылды. Қазақстан – Еуразия құрлығының кіндігінде 
орналасқан, ұлтаралық, мәдениетаралық келісім орнаған, өзіндік ерекшеліктер мен рухани 
жауапкершіліктерге ие мемлекет. Қазақ бауырларымыздың осы табиғи, қалыпты жағдайды 
мүмкіндіктерге айналдырып, табыстарға қол жеткізуі қуантарлық жайт. Алып қазақ жерін-де, 
қазақ мәдениеті ортасында бүгінгі қазақтың (жалпытүрктің) рухани байрағының 
40 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
желбіреуі маңызды мөлшерде Абай танымы, Абай беделі, Абай тұлғасы және Абай 
жолында аянбай еңбек еткен жасампаз тұлғалардың арқасында мүмкін болды. 
Абай мұрасы қазақ фольклорымен, поэзиясымен тығыз байланысты болуымен 
қатар қазақ поэзиясын жаңа форматтармен байытып, жаңа мазмұн енгізді. Шын аты 
ИбраҺим болғанымен өмір бойы анасы берген «Абай» атын қолданды, «Абай» атымен 
танылды. «Ықылас, ынта назар, сақ» мағынасына келетін бұл поэтикалық есімнің 
хақысын иесі артығымен өтеді. Абайдан бұрын Абай есімін иеленуші болды ма, болмады 
ма, нақты білмеймін, алайда бұл есімді алғашқы боп шыңға шығарған Ибраһим 
Құнанбайұлы болғанын нақты айта аламын. Және ол шың, ол есім, қазақ халқы барда, 
қазақ елі барда, Абайсүйер қауым барда, Түркі әлемі барда, қадірлейтін оқырман барда 
мұзарт шың болып қала бермек! 
Ұлы Абай жайында сөз айту, ой толғау әр қазаққа оңай секілді сезілгенімен, тап 
бермеде қиналып қалатыныңыз өтірік емес. Абайды білмейтін қазақ жоқ. Арғы-бергі 
уақыттың мінберінен Абай жайында сөз қозғап, ой тербемеген қазақ зиялысы аз. Оның 
басында Ахмет Байтұрсынұлының 1913 жылы жазған «Қазақтың бас ақыны» деген әйгілі 
мақаласы тұр. 
Ахаң Абай шығармашылығы туралы «Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Бұрын 
естімеген адамша шапшаң оқып шықсаң, азына түсініп, көбінің мағынасына жете алмай 
қалады. Көп сөздерін ойланып, дағдыланған адамдар болмаса, мың қайтара оқыса да 
түсіне алмайды. Сондықтан Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас. Бірақ 
ол ауырлық Абай айта алмағаннан болған кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік 
дәрежеге жете алма-ғанынан болатын кемшілік. Олай болғанда айып жазушыда емес, 
оқушыда. Не нәрсе жайы-нан жазса да, Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін 
жазады», деп мағыналы терең ой түйеді. Сондықтан да Абай – қазаққа жақын және алыс. 
Бізге, осы қазаққа «қиянатшыл дүниеден қырық жамау болған» Абайдың жүрегінен 
жақын ештеңе жоқ. Абайдың жүрегі айнадай таза, пәк, сәулелі жүрек. Ол айнымасқа бекі-ген 
жүрек. Жалпы, Абайдың өлеңдері мен қара сөзінде мол көрініс тапқан жүрек концептісі 
ақынның дүниетанымдық пайымынан, толық түсінігінен, адам болмысы туралы фило-
софиялық ой қорытпаларынан бастау алып, одан әрі әдеби-көркем бейнелеулермен, тілдік 
ажарлаумен кестеленіп, тұтасқан эстетикалық-моральдық түзілісті құрап кетеді. 
Дүние жаратылысты танып білудегі соны ізденістер, философиялық көзқарастар, 
ғылыми-теологиялық ұстанымдар мен ұмтылыстар негізінен екі түрлі өлшемге иек 
артады. Бірі – ақыл мен сананы жоғары қойса, екіншілері – жүрек категориясын, яғни 
махаббат, сүйіспеншілік һәм ізгілік (гуманизм) мұраттарды алға шығарады. Абай – дүние 
болмыстың ақиқатын махаббатпен түсінушілер қатарында. Абай философиясының үш 
тағаны – иманигүл үш сүю. Ол махаббатпен жаратқан Алланы сүю, екіншісі адамзатты 
сүю, үшіншісі әділетті сүю. Абай айтқан жомарттықтың үш қазығы – әділеттілік, 
шапағаттылық және даналық. Әділеттілік – адамның жаратылуында болса, шапағаттылық 
– адамның ақ пейілділігінің өлшемі, ал, даналық – ақылдылықтың жемісі болмақ. 
Абай адамның негізгі үш қасиетіне ыстық қайратты, жылы жүректі, нұрлы ақылды 
жатқызады. Осы үшеуінде жаратушының адамға берген ерекше мәнді сый-сияпаты 
тұрғандай. Бірақ «ауруды жаратқан құдай, ауыртқан ол емес» дегендей, ыстық қайраттың
жылы жүректің, нұрлы ақылдың иесі болмақ адамның өзіне қатысты. Адам өз болмысына өзі 
үңіліп, жақсылық пен жамандықты екшеп, қасиетсіздіктен өз бойын, жүрегін таза ұс-тауы 
шарт екен. Манағы үш қасиетке қарама-қайшы келетін, қайратсыздық, салқын жүрек, суық 
ақыл орын тепсе, дүниенің оңбайтыны сол. Сөнген қайраттан – намыссыздық, жігер-сіздік, 
ынжықтық туындаса, салқын жүректен – пиғылсыздық, немқұрайдылық, ынсап-сыздық, 
ұятсыздық, сүйе білмеушілік, мұратсыздық, жаны ашымастық, мейірімсіздік, 
41 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
қайырымсыздық балалап, суық ақылдан – зұлымдық, қатыгездік, өшпенділік, кекшілдік, 
айлакерлік, сұмпайылық, сұм сұрқиялық бас көтереді. Адамзатты махаббатпен жаратқан 
Алла пендесіне ерік те берген екен. Адам әлгі еркін дұрыс пайдалана алмаса өзінің де, 
өзгенің де өміріне балта шаппақ. 
Адам болмысындағы өзара үйлесімділікті реттеуші, Абайша айтқанда, ол – жүрек. 
Он жетінші қара сөзінде әлгіндегі «ыстық қайратты», «жылы жүректі», «нұрлы ақылды» 
өзара айтыстыра келіп, төреші ғылымға мынандай уәж айтқызады: «Сен үшеуіңнің басың-
ды қоспақ менің ісім. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің 
қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді... Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, 
сенің де еркіңе жібермейді. Осы үшеуің басын қос, бәрін жүректі билет... Үшеуің ала бол-
саң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда қалпыңды сақта...» 
Абайдың «Ет жүрексіз еріннің айтпа сөзін», «Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз 
жол емес, ынталы жүрек, шын көңіл, өзгесі хаққа қол емес» дегеннің мәнісінде 
«жүрегіңнен шықпаған сөзді айтпа, жаратушы Алланы, оның хикметін, мұғжизасыз 
жүрекпен сезін» деген байлаулы ой, байыпты ұстаным жатыр. «Тіл жүректің айтқанына 
көнсе, жалған шық-пайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады... Қазақ та адам 
баласы ғой, көбі ақыл-сыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе 
жігер, қайрат, байлау-лылықтың жоқтығынан азады» – дейді тағы да хакім Абай. 
Ұлы ақын Абай өлең тілінде адамның жан тебіренісін, көңіл толғанысын, сезім 
нәзік-тігін, ой өткірлігін, мінез құбылмалылығын көрсететін бейнелі сөздердің неше түрін 
осы жүрек деген әрі заттық, әрі абстрактілік ұғымдармен астастырып береді. Мысалы, 
жүрегім менің қырық жамау, жүректің жігі, жүректің көзі, жүректің оты, жүректің ақыл 
суаты, жүректе қайрат болмаса, ауру жүрек соғады, жүрек – теңіз, жүрекке жылы тию, 
ыстық жүрек, сорлы жүрек, жылы жүрек, ынталы жүрек, мұз жүрек, асыл жүрек, асау 
жүрек, ет жүрек, жас жүрек, ызалы жүрек, шошынған жүрек, ит жүрек, сұм өрбіген 
жүрек, үрпиген жүрек, сөніп қалған жүрек, махаббат пен ғадауат майдандасқан жүрек. 
Жүрек сөзіне бағыныштылық Алланы, оның хикметін сүю суфизм іліміне тән. 
Ислам діні іліміндегі мағрипат, тариқаттың ұзақ жолы жанкештілікті, жаннан 
кешушілікті, дағуа тақуалықты талап етеді. Қожа Ахмет Ясауидің 64-хикметінде былай 
дейді: «Тариқат – дүр танып білсе бәрі де, Мағрипат дүр қанса білім нәріне, хақиқаттың 
жетпек сонда мәніне». «Жаратқанды ынта-шынта жаныңмен сүй, адал жас боп сорғалар 
қаныңмен сүй» дегенді де осы Қожа Ахмет рәсила етеді (65-хикмет). 
Абай «ауру жүрек соғады ақырын жай», «жүрегім ойбай соқпа енді», «қайран 
жүрегім мұз болмай ма» деп толғанса, Қожа Ахмет «көзім – жас, көңілім – қайғы, жаным 
– жалын», «жарақат жүрегімді сорлатпай ма?!» деп аһ ұрады. Ал Қожа Хафиз «Қайран 
жүрек дауа таппай дал болар да қамығар», «Менің бүтін жан жүрегім – сенің ғажап 
жанарыңда, сенің ғажап жанарыңның тұрмын түгел қамауында», «Дос ақыл – айна бейне 
кесесі ғой Жәмшидтің», «О жүректің әміршісі, қызыл шарап бойды алды», «Жылуыңнан 
жүрегімнің оты қайта жанады», «Бір өзің деп лүпілдейді кеудемдегі бұл жүрек» – деп 
өзінің ғажайып ғазалдарында жүрекке жүгінеді. 
Әлқисса, жүрек айнасын кірлетпей ауық-ауық жуып, тазартып, адамдық тұлғасын 
асқақтатып, кісілік бейнесін пайғамбарлық қалыпқа негіздеп, айналасына адамгершілік 
ізгі нұрын сеуіп кеткен ойлы Абайдың, қапалы Абайдың, қажыған Абайдың былайғы 
өмірдегі мінез қыры да өзінің тезге салып тексеріп-тергеуімен, өзгертумен, еңбек қылып 
тәрбиелеуімен жасампаздықтың жарқын үлгісіне айналған еді. 
42 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
«Абайдың ойынша адамзат баласы ызалы жүректің құлы емес, сондықтан да Адам 
өмір сүруге, еңбек етуге, және адамдыққа ұмтылуы қажет», дейді жазушы Роллан Сейсен-
баев. 
Сүю – жүректің ісі. Ұлтты сүю үшін кіршіксіз жүрек аздық етеді, оған кемел ақыл да 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет