Абай қҰнанбаевтың Әлемі мен шығармашылығына жастардың КӨЗҚарасы


АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ОККАЗИОНАЛИЗМДЕРДІҢ



Pdf көрінісі
бет32/84
Дата02.12.2023
өлшемі1,97 Mb.
#132414
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   84
Байланысты:
thesis180613

АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ОККАЗИОНАЛИЗМДЕРДІҢ 
АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ БЕРІЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Ибраева Анель Болтабаевна 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің 
магистранты, Нұр-Сұлтан, Қазақстан 
Ғылыми жетекші – Кенжетаева Гульзира Кабаевна, ф.ғ.к., доцент 
anelibraeva11@mail.ru 
Аңдатпа: Мақалада тіл біліміндегі окказионализмдер құбылысы жайлы баяндалады. 
Отандық және шетелдік мамандардың авторлық окказионализмдер мәселесі бойынша 
негізгі тұжырымдамалары сараланып, окказионалды сөздердің топтамасы мен 
ерекшеліктері айқындалумен қатар, Абай шығармаларындағы авторлық сөздердің 
ағылшын тіліне аударылу тәсілдері анықталады. 
Түйін сөздер: окказионализм, неологизм, авторлық сөзжасам, транслитерация, 
транскрипция, калька, контекст. 
Аннотация: Статья посвящена теме окказионализмов в языкознании. Описаны 
основные концепции отечественных и зарубежных спецалистов по вопросам авторских 
48 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
окказионализмов, выявлены особенности и классификация окказиональых слов. Также, 
определены способы перевода авторских слов на английский язык в произведениях Абая 
Кунанбаева. 
Ключевые 
слова: 
окказионализм, 
неологизм, 
авторское 
словообразование, 
транслитерация, транскрипция, калька, контекст. 
Abstract: The article is devoted to the topic of occasionalisms in linguistics. The main concepts 
of Kazakh and foreign scientists on the issues of occasionalisms are described. The methods of 
translation of author’s neologisms into English in the works of Abay Kunanbay are determined. 
Key words: occasionalism, neologism, transliteration, transcription, context, calque. 
Қазіргі уақытта лингвистика ғылымында окказионалды сөздер және оларды аудару 
мәселесіне 
үлкен 
көңіл 
бөлінуде. 
Окказионалды 
сөзді 
анықтау 
мәселелері, 
окказионализмдерді ерекшелейтін белгілері, автордың сөзжасам модельдері және олардың 
неологизм сөздерден айырмашылықтары терең зерттелуде. Көркем шығармаларда 
окказионализмдер жазушының бейнелі ойын жеткізуде бірден-бір таптырмас құрал. Кез 
келген жазушы айтайын деген ойын нақты, қысқа түрде ықшамдап жеткізу мақсатында 
окказионал қолданыстарды пайдаланады. Көркем әдебиет тілінде окказионализмдердің 
қолданылуы белгілі бір әдеби-эстетикалық, идеялық мақсатты көздеуден туған құбылыс 
болып табылады. Окказионализмдер аударылмайтын немесе қиын аударылатын сөздер 
қатарына жататындықтан, аударма теориясы үшін ерекше қызуғышылық танытады [1]. 
Жеке авторлық сөз шығармашылығы ең алдымен көркем әдебиетке тән. Бұған дәлел 
ретінде көптеген шетел және отандық жазушылардың еңбектерінде кездесетін 
окказионализмдерді алуға болады. 
А.Ю. Ивлеваның пікірінше «олардың барлығы бір ортақ тақырыппен біріктірілген деп 
болжауымыз әбден мүмкін. Окказионализмдердің мәні жаһанды әрі көп қырлы 
болғандықтан, зерттеушінің оларды қабылдау ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі 
түсіндірілуі мүмкін» [2, 3 б.]. 
Түрлі ғалымдардың окказионализм теориясына көзқарастары әр қандай. Атап өтсек, 
А.Г.Лыков окказинализмдер тек қана көркем әдебиетте ғана кездеседі десе [3, 24 б.], Ресей тіл 
маманы Н.А.Янко-Триницкаяның пайымдауынша сөздердің барлығы окказионализмнің рөлін 
сомдаған кезден өтеді деген екен [4, 104 б.]. Яғни, авторлық сөзжасам. 
Отандық тіл зерттеушілерінің арасында окказионалды сөздер мен сөз тіркестер 
мәселесіне Ә. Қайдар, Т. Қоңыров, Н. Уәлиұлы, Л. Еспекова, Г. Мұратова, А. Бейсенбай 
сияқты тіл мамандарының ғылыми еңбектерінде көп көңіл бөлінеді. Сондай-ақ шетел тіл 
мамандарының ішінен француз ғалымы С. Пойкс окказионализмдердің балаларға 
арналған ертегілеріндегі көрінісін зерттесе, E. Матиелло өз еңбектерінде ағылшын 
тіліндегі окказионализм мен неологизм құбылысын ажаратып, олардың құрылуының 
тәсілдерін анықтайды. Әсіресе, авторлық сөзжасам құбылысының түрлі қырларын зерттеп 
саралаған ғалымдардың ішінде орыс ғалымдарының орны бөлек. Олардың ішінде В. 
Виноградов, А.Г. Лыков, Н.Г. Бабенко, Н.И. Фельдман, А.И.Смириницкий, Г.О.Винокур 
және Е.А.Земская сияқты танымал лингвисттер өз еңбектерінде окказионализм, авторлық 
неологизм мәселелеріне терең тоқталған. 
Окказионализм термині латын тілінен occasionalis, яғни «кездейсоқ» деген мағынаны 
білдіреді. Жоғарыда атап өткен отандық тіл мамандарының окказионализм жайлы 
тұжырымдамаларына тоқталайық. «Тілдегі дағдылы қолданыстан тек құбылысты және 
көркем шығармалардағы қолданысына қатысты авторлық шығармашылық, стиль 
табиғатын ерекшелейтін мәнді бір заңдылық бар. Ол – окказионализм құбылысы. 
Окказионализмдер дегеніміз – белгілі бір қаламгерге тән, тосыннан пайда болатын, тілдің 
49 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
сөз тудыру тәсілдеріне сәйкес те, сәйкессіз де жасалатын, контекст қалауына қарай қызмет 
атқаратын, әдеби тілімізге, сөздіктерге кіру қабілеті шектеулі, үнемі жаңашылдығымен, 
экспрессивтігімен ерекшеленетін бір қолданар сөздер», – дейді Л.Еспекова [5, 6 б.]. 
Т.Ф.Евромованың түсіндіме сөздігінде оказионализм терминіне келесі анықтама 
беріледі: окказионализм деп неологизмдердің бір түрі ретінде кез-келген ерекше жағдайға 
қатысты белгілі бір уақыт аралығында қалыптасқан сөздерді айтады [6, 158б.]. Ал 
Т.В.Жеребилоның «Лингвистикалық терминднр сөздігінде» берілген түсіндірмесі 
бойынша окказионализм дегеніміз көркем мәтінге кескін беру үшін құрылған жеке 
авторлық неологизмдер [7, 121 б.]. 
А.Г. Лыков окказионализмдерге тән келесі белгілерді анықтайды: 
1)
Сөйлеуге қатыстылық – окказионалды сөздердің маңызды белгісі. Окказионализм 
сөйлеу фактісі мен тіл нормасы арасындағы қайшылықты қамтиды. Ол белгілі бір тілдік 
формада жағдаяттардың шекті нақтылығын білдіреді. Окказионализмдер тілден гөрі, 
сөйлеу кезінде жасалынып, қолданылады. 
2)
Нормадан тыс болу – окказионалды сөздерге тән ерекшелік. Окказионализмдер 
поэтикалық сөздің көрінісі болғандықтан, оны жасау барысында автор нормадан саналы 
түрде ауытқуды жөн көреді. 
3)
Окказионализм контексттің аумағында пайда болғандықтан, ол сөйлеуде тек бір рет, 
белгілі жағдаятта ғана қолданыла алуы мүмкін. 
4)
Экспрессивтілік – сөйлеудің мәнерлі қасиеттерінің арқасында окказионалды сөздер 
бейнелілік пен эмоциялық бояуға ие болады. 
5)
Окказионализм кем дегенде екі морфемадан құралған еркін комбинация 
болғандықтан, ол өзінің сөзжасам еркіндігімен ерекшеленеді [8, 102б.]. 
А.Г. Лыковтың окказионализмдердің жіктемесінің дұрыстығын отандық тіл маманы А. 
Бейсенбайдың келтірген тұжырымдамасымен дәлелдеуге болады деп ойлаймыз: 
«Окказионализмдер – әдеби тілде өзіндік мәні бар, нормаланбаған сөздер. Бірақ 
стилистикалық бояуы бар болғандықтан, стилистикалық нормаға сай қолданылады» [9, 15 
б.]. 
Окказионалды сөздерді ғалымдар түрлі жіктемелерге бөледі. Дегенмен, бұл жұмыста біз 
«Германистер халықаралық қауымдастығының мүшесі», неміс тілінің маманы Н.Г. 
Бабенконың ұсынған жіктемесіне сүйенеміз. Аталмыш ғалым окказионалды сөздердің 
құрылымы жағынан келесі түрлерін анықтаған: фонетикалық, лексикалық немесе 
сөзжасамдық, грамматикалық немесе морфологиялық, семантикалық және графикалық 
окказионализмдер [10, 11 б.]. 
Көркем аудармада аудармашылар окказионалды сөздердің жоғарыда аталып өткен 
түрлерімен кездескенде, оларды басқа тілге аударудың қиыншылдықтарына кезігуі мүмкін. 
Окказионалды сөздерді аударудың қиындығы неде? Ең алдымен, олар бір тілге ғана тән 
болып, көп жағдайларда олардың басқа тілдердегі аналогтары кездеспейді. Окказионализмдер 
автордың қиялының жемісі ретінде пайда болады – автор басқа дереккөздерге, яғни, өзінің 
тіліне, мәдениетіне, жеке өмірінің кейбір эпизодтарына сүйене алады. Окказионализм 
автордың жеке бас туындысы болғандықтан, оның өзге тілдегі баламасын табу тіпті мүмкін 
емес. Авторлық сөзжасамды аударғанның өзінде де түпнұсқаның семантикалық мазмұны 
жоғалуы немесе мәдени ерекшеліктерінен айырылуы ықтимал. Дегенмен, окказионализмдерді 
аударудың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет