Методические рекомендации для педагогов начальных классов по обучению основам безопасного



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата02.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#132500
түріМетодические рекомендации
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
2 Жол қозғалысының қауіпсіздік негіздерін оқыту бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсынымдар-4

7. «Жолда» ойыны. 
Мақсаты: білім алушылардың көліктер туралы білімдерін кеңейту және 
алған білімдерін бекіту. Назарын және есте сақтау қабілетін арттыру. 
Қолданатын көрнекіліктер: жүк және жеңіл автокөліктердің суреттері, 
фишкалар. 
Ойын барысы: жол жүру алдында балалармен кім және қандай көлікті 
таңдайтынын келісіп алыңыз. Жолда балалар автокөліктердің атауларын атап, 
сол үшін фишкалар алады. Көп фишка жинаған ойыншы – жеңімпаз болады. 
8. «Шығармашылық жұмыс». 
Жол ережесіне байланысты тірек сөздермен өлең құрастыру 
------------ балалар 
------------- тротуар 
-------------- ұмытпа 
-------------- сақта! 
 
9. «Қай жерде ойнауға болады? Қай жерде ойнауға болмайды?». 
Егер топтарыңа жолда жүру ережелерін бұзбай ойнап жүрген балалардың 
суреті берілген болса астындағы шаршыны жасыл түспен, керісінше ереже 
сақталмаған жерді қызыл түспен бояйсыңдар. 


33 
10. «Жол белгілерін үйренеміз» ойыны. 
Мақсаты: жол белгілері және бағдаршам сигналдары бойынша білімдерін 
бекітуді жалғастыру. 
Қолданатын көрнекіліктер: жол белгілері бар үлкен, кіші карточкалар. 
Ойын барысы: ойыншылар арасында үлкен карталарды тең бөлу. 
Жүргізуші жол белгілері бар карточкаларды кезекпен көрсетеді, кімге 
жақындайды сол белгіні алады да, тақтаның жоғары оң бұрышына қояды және 
бұл белгі қалай аталатынын және қандай жағдайларда қолданылатынын айтып 
береді. Кім белгілерді жағдайларға дұрыс тапса және оны түсіндіре алса сол 
жеңімпаз. 
Жол қозғалысына байланысты жағдаяттарды шешуге арналған 
тапсырмалар. 
1-жағдаят
. Үш оқушы мектепке бару үшін үйінен шықты да, көлік 
жүретін көшеде қуаласып ойнады. Бір оқушы екінші оқушыны итеріп жібереді. 
Ол жығылып қалды. Үшінші оқушы жығылған баланы тұрғызуға көмек 
көрсетеді. Дәл осы кезде бұрылыстан шыға келген машина әзер тоқтайды. 
Итерген тәртіпсіз оқушы бар ықыласымен айқайлап, күліп тұрады. 
- Осы көрініс жайында не айтасыңдар?
- Әрине, осындай ережеге сай емес ойындар кездейсоқ апатқа кезіктіреді. 
Сондықтан жолда жүру ережесін үнемі сақтаңдар. 
2-жағдаят
. Сен жолдан өтіп бара жатқанда саған біреу айқайласа, не істеу 
керек?
3-жағдаят
. Сен жолдан өтіп келе жатырсың. Кенет аялдамада тұрған өзіңе 
керекті автобусты көрдің. Сен не істейсің?
4-жағдаят
. Сен автобустан түстің. Сен көшенің қарсы бетіне өтуің керек. 
Сен қалай өтесің?
5-жағдаят
. Сен ауылды жерде тұрасың, ол жақта ешқандай жол белгілері 
мен бағдаршам жоқ. Сен жолды өту үшін істер едің. 
6-жағдаят
. Сен жолдан өтуге жақындағанда бағдаршамның жасыл түсі 
жыпылықтап тұрды, сенің достарың жолдан өткелі жатыр. Сен не істер едің? 
7-жағдаят
. Сен досыңмен киноға асығып бара жатырсың, досыңның 
құлағында наушник. Жаяу жүргіншілер өтпесінен досың жүгіріп өткісі келді, сен 
не істейсің? 
«Жалғасын тап» атты тапсырмалар 
1-тапсырма. Жүріп келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп шықтың, не 
болды деп ойлайсың? Түсіндір, ойынды дәлелде. (Жүріп келе жатқан көліктің 
алдынан өтіп кетемін деуші болма. Ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр). 


34 
2-тапсырма. Аялдамада тұрған автобустың алдынғы жағынан өттің, не 
болды деп ойлайсың? (Аялдамада тұрған автобустың арт жағынан айналып өт. 
Сонда сен оның соңынан келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың). 
3-тапсырма. Жолдан өткенде әңгімелесіп, барлық зейінді жолға емес өзіңе 
аударттың, жүргізушіге қандай кедергі жасадың? (Жолдан өткенде әңгімені 
доғарып, барлық зейінді жол қауіпсіздігіне аудару керек).
4-тапсырма. Көшенің келесі бетіне өту үшін жолдың ортасынан жүгіріп 
өттің, сен қандай қателек жасадың? (Көшенің келесі бетіне өту үшін арнайы 
өткелден өту керек. Ал қалалық жерлерде аспалы көпірлермен, жол асты 
жолымен жүреді).
5-тапсырма. Көліктің артына жабысып сырғанадың, көлік ойламаған 
жерден тоқтады оқиға немен аяқталды деп ойлайсың? (Көліктің артына 
жабысуға болмайды, құлап, апатқа ұшырауын мүмкін. Жол тайғанақ болса 
көліктің астына қарай сырғанап кетуің де мүмкін). 
6-тапсырма. Көшеде келе жатып, қақпадан шығып келе жатқан көліктің 
алдынан өтіп бара жатқан кішкентай баланы көрдің, сен не істейсің? (Көшеде 
келе жатып, қақпадан шығып келе жатқан көлікті көрсең күте тұр, ал кішкентай 
баланы көрсең жүргізушіге белгі беруге тырыс). 
7-тапсырма. «Жолда жүру ережелері» тақырыбына постер жасау. 
8. «Кім байқағыш?» Сурет бойынша тиісті жол белгілерін қою. Әр топқа 
бір минут уақыт беріледі. 
9. Жол белгілеріне байланысты мазайкаларды жинау. 
10. Суреттегі жол белгілерін атап, ол нені білдіретінін түсіндіру. 
3-қосымша 
Павлодар облысы білім беру басқармасы Екібастұз қаласы білім беру 
бөлімінің №18 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі – 
Дәуренбекова Сайран Тоқтаровна 
«Жол – күнделікті емтихан» 
жолда жүру ережесі бойынша бастауыш сыныптарға арналған квест-ойын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет