207
26. Кәсіби тәжірибе мерзіміндегі білім алушылардың жалпы жүктеме көлемі
магистратура/докторантура мамандығының оқу жұмыс жоспарына сәйкес анықталады.
Белсенді кәсіби тәжірибеге (оқу сабақтарын өткізуге, зертханадағы зерттеу жұмыстарын
жасауға, өндірістегі жұмысына) жалпы жүқтеме көлемінің 30
%-ы
,
кәсіби тәжірибедегі
өзіндік жұмысқа, оның ішінде тәжірибе жетекшісінің дайындық жұмыстарына
қалған
70%-ы
келеді.
27. Магистанттар мен докторанттар кәсіби тәжірибесінің жеке бағдарламасын тікелей
жетекшісі әзірлеп, кафедра меңгерүшісі бекітетін тәжірибелер бойынша кафедраның жалпы
тізіміне енгізеді. Бекітілген тәжірибе жоспарына сәйкес әр білім алушыға жеке тапсырма
беріледі.
28. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар
кәсіби тәжірибесінің нәтижелерін аттестациялау академиялық күнтізбе мен тәжірибе
кестесіне сәйкес мерзімде орындалады.
29. Тәжірибе қорытындысы бойынша білім алушылар жасалған жұмыстың көлемі мен
деңгейіне сәйкес есеп береді. Тәжірибе жетекшісі тәжірибе қорытындылары мен тәжірибеден
өткен білім алушылардың есептерінің негізінде тәжірибені қорытындылайды.
30. Тәжірибе бойынша есеп және жетекшінің қорытындысын кафедраның арнайы
тағайындалған коммиссиясы қарастырып, бағалайды. Бағалау кезінде жалпы және
қолданбалы психология, педагогика және білім менеджменті кафедраларынан тағайындалған
әдіскерлердің бағалары да ескеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: