Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов


Практиканттардың құқықтары мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет117/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   208
 
4. Практиканттардың құқықтары мен міндеттері
31. Магистранттар мен докторанттар тәжірибе өту кезінде туындаған мәселелер 
бойынша тәжірибе жетекшісіне, әдіскерлерге жүгінуге, факультет пен университеттің сәйкес 
кабинеттеріндегі оқу-әдістемелік құралдарды пайдалануға, тәжірибені жетілдіруге 
байланысты ұсыныстар жасауға құқылы 
32. Тәжірибе кезінде оқыту әдістемесін үйрену және алдыңғы қатарлы педагогикалық 
тәжірибемен танысу мақсатымен практикант алдын-ала келісім бойынша университеттің 
жетекші оқытушыларының оқу сабақтарына қатысуға құқылы. 
33. Практиканттар кәсіби тәжірибенің бағдарламасындағы барлық жұмыс түрін 
орындауға міндетті. 
34. Практиканттар университеттің ішкі тәртіп ережелеріне, әкімшілік өкімдеріне, 
техникалық қауіпсіздік талаптарына, сонымен қатар тәжірибе базасы болып тағайындалған 
ұйымның ішкі тәртіп ережелеріне бағынуға міндетті. Практикантқа қойылған талаптар 
орындалмаған жағдайда, білім алушы тәжірибеден шеттетілуі мүмкін. 
35. Тәжірибеден шеттетілген немесе жұмысы қанағаттанарлықсыз деп танылған 
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар өз өқу 
жоспарын орындамаған деп есептеледі. 
36. Тәжірибе бағдарламасына сәйкес практиканттар белгіленген мерзімде қорытынды 
есепті тапсыруға міндетті. 


208
§23 
 
АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ 
 
1.
 
Негізгі ережелер 
 
1.
Бұл Ереже әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ары қарай – ҚазҰУ) 
білім алушыларының академиялық ұтқырлығы мен қызметкерлерінің іссапарға шығуын 
ұйымдастырудың жалпы тәртібін анықтайды және білім сапасын арттыру, шетелдік және 
қазақстандық университеттер мен ЖОО-дарымен ынтымақтастықты ары қарай кеңейту және 
нығайту мақсатында жасалды. 
2.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде шетелдік іссапарлардың 
тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру, қаржы көздерін рационалды пайдалану мақсатында 
шетелге шығу жөніндегі комиссия (ары қарай – Комиссия) үздіксіз жұмыс істейді. Комиссия 
қызметін құру және ұйымдастыру тәртібі университеттің сәйкес нормативті актілерімен 
регламенттеледі. 
3.
Университеттің бюджеттік және/немесе бюджеттік емес қаржыларының есебінен, 
сонымен қатар шақырушы жақ пен өзінің есебінен университет қызметкерлері мен білім 
алушыларының академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша жақын және алыс шет 
елдеріне іссапары тек қана Комиссия шешіміне байланысты іске асады. 
4.
Академиялық ұтқырлық – өзі оқитын жоғары оқу орынындағы білім беру 
бағдарламаларын меңгеруін кредит түрінде міндетті түрде қайта есептей отырып білім 
алушылардың белгілі бір академиялық кезеңде: семестр немесе оқу жылында білім алу үшін 
басқа (мемлекет ішіндегі немесе шетелдік) жоғары оқу орнына ауыстырылуы немесе басқа 
жоғары оқу орынында білімін жалғастыруы; 10 күн мен бір оқу жылының аралығында 
зерттеу жүргізу және тағылымдамадан өту үшін шетелдік жоғары оқу орындарына білім 
алушыларды, зерттеуші-оқытушыларды ауыстыру. 
5.
Академиялық ұтқырлықтың түрлері: білім беру тағылымдамасы, ғылыми 
тағылымдама. 
1)
Білім беру (академиялық) тағылымдамасы
– білім алушының жеке оқу жоспарының 
немесе отандық немесе шетелдік ЖОО-да оқытылуы мүмкін пәндер көрсетілетін 
халықаралық (сонымен қатар бірлескен) білім беру бағдарламасының негізінде білім алуы, 
біліктілігін арттыруы немесе қайта даярлауы.
2)
Ғылыми (зерттеу) тағылымдамасы 
– басқа ЖОО-лар мен елдердің кітапхана 
қорлары мен басқа да ресурстары негізінде бітіру жұмысын, диссертация, мамандық 
бойынша монография жазу және/немесе оқулық, оқу құралын дайындау үшін ғылыми-
теориялық және ғылыми-тәжірибелік сипаттағы ақпараттар мен материалдарды жинау, 
талдау бойынша атқарылатын қызмет. 
6.
Академиялық ұтқырлықтың түрлері: жеке, топтық (ұжымдық), ішкі (мемлекет 
ішінде) академиялық ұтқырлық, сыртқы (халықаралық) академиялық ұтқырлық, кіріс 
(халықаралық) ұтқырлық, қысқа мерзімді академиялық ұтқырлық және ұзақ мерзімді 
академиялық ұтқырлық. 
1)
Жеке академиялық ұтқырлық – 
білім алушыны белгілі мерзімге білім алу, білім 
беру, зерттеулер жүргізу немесе біліктілігін арттыру үшін басқа білім беруші немесе ғылыми 
мекемеге (өз еліндегі немесе шетелдегі) ауыстыру (меңгерген білім беру бағдарламаларын өз 
ЖОО-да кредиттер түрінде міндетті түрде қайта есептей отырып және ұзақ мерзімді 
академиялық ұтқырлық жағдайында басқа ЖОО-да оқуын жалғастыру үшін). 
2)
Топтық академиялық ұтқырлық
– білім алушыларды оқытушының жетекшілігімен 
немесе өздерін топтың құрамында белгілі мерзімге білім алу, білім беру, зерттеулер жүргізу 
немесе біліктілігін арттыру үшін басқа білім беруші немесе ғылыми мекемеге (өз еліндегі 
немесе шетелдегі) ауыстыру (меңгерген білім беру бағдарламаларын өз ЖОО-да кредиттер 


209
түрінде міндетті түрде қайта есептей отырып және ұзақ мерзімді академиялық ұтқырлық 
жағдайында басқа ЖОО-да оқуын жалғастыру үшін). 
3)
Ішкі академиялық ұтқырлық – 
бұл білім алушылардың, оқытушы-зерттеушілердің 
кредиттік білім беру бағдарламасын өз жоғары оқу орнында міндетті оқыту үшін немесе өзге 
жоғары оқу орнында жалғастыру үшін, сонымен қатар зерттеулер жүргізу үшін белгіленген 
академиялық мерзімге: семестр/ оқу жылында Қазақстанның өзге жоғары оқу орнына барып-
келуі.
4) 
Сыртқы (халықаралық) академиялық ұтқырлық -
бұл білім алушылардың, оқытушы-
зерттеушілердің кредиттік білім беру бағдарламасын өз жоғары оқу орнында міндетті оқыту 
үшін немесе өзге жоғары оқу орнында жалғастыру үшін, сонымен қатар зерттеулер жүргізу 
үшін белгіленген академиялық мерзімге: семестр/ оқу жылында шетелдік жоғары оқу орнына 
барып-келуі. 
5)
Кіріс (халықаралық) академиялық ұтқырлық – 
шетелдік білім алушылардыңоқу 
үшін, зерттеулер жүргізу үшін немесе тағылымдамадан өту үшін 10 күннен 1оқу жылына 
дейінгі мерзімге шетелдік жоғары оқу орындарынан келуі.
6)
 Қысқа мерзімді академиялық ұтқырлық – 
білім алушылардың шетелдік оқу орнына 
және шетелдік оқу орнынан 10 күннен 4 айға дейінгі мерзімге баруы немесе келуі. 
7)
Ұзақ мерзімді академиялық ұтқырлық – 
білім алушылардың шетелдік оқу орнына 
және шетелдік оқу орнынан 4 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге баруы немесе келуі. 
7. Ақпараттық пакет – мемлекеттік,ағылшын немесе орыс тіліндегі пәндер каталогы. 
Ақпараттық пакетте оқу орнының маңызды – академиялық, ұйымдастыру-әдістемелік, 
ғылыми қызметтері сипатталады және қосымша ақпарттар (спорттық-бұқаралық шаралар, 
мәдени қызмет көрсетуі, материалдық-техникалық база туралы) кіреді. 
8. Университет білім алушылары шетелдік жоғары оқу орындарына білім алу және 
ғылыми іссапарлар мен тағылымдамаларға баруға құқылы. 
9.Академиялық ұтқырлықтың мақсат-міндеттері және жалпы қамсыздандыру мен іске 
асыруережелері Болон декларациясының негізгі қағидаларына сәйкес келеді.
10. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алушыларының академиялық ұтқырлығы жоғары 
оқу орындары арасындағы келісімдернемесе бірлескен жобалар: ішкі акдемиялық ұтқырлық 
бойынша үш жақты – білім алушы, жіберетін және қабылдайтын жоғары оқу орындары 
арасындағы келісімдер мен сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша шақыру шеңберінде 
жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет