2. Кәсіби тәжірибелердің міндеттері мен мазмұны
9. Зерттеу тәжірибесінің негізгі міндеттері:
- ғылыми-зерттеу/тәжірибелік-эксперименттік жұмысты ұйымдастыру мен орындаудың
заманауи әдістерін меңгеру;
- мәліметтерді талдап түсіндірудің заманауи әдістерін меңгеру;
- диссертациялық жұмысқа қажет нақты мәліметтерді жинақтау;
- ғылыми және/немесе практикалық қызметтің таңдалған саласы бойынша тиімді
өзіндік зерттеуге қажет кәсіби құзыреттерді қалыптастыру;
- білім алушылардың кәсіби қызметіне қатысты шығармашылық, зерттеушілік
тәсілдемені қалыптастырып, өз бетінше үнемі білім алуға ынталандыру.
10. Зерттеу тәжірибесі қызметтің келесі түрлерін қарастырады:
- таңдалған диссертацияның тақырыбына байланысты зерттеулердің эмпирикалық
базасымен жұмыс жасау (зерттеудің бағдарламасы мен жоспарын құру, міндеттерді анықтау,
205
зерттеу нысанын анықтау, зерттеудің әдістемелік негізін таңдау, мәліметтерді жинақтау және
талдау әдістерін зерттеу);
- анықтамалық-библиографиялық жүйелерді, ақпараттарды жинау тәсілдерін зерттеу;
библиографиялық анықтамалармен жұмыс жасау, ғылыми-библиографиялық тізімдерді
құрастыру, библиографиялық сипаттамаларды ғылыми жұмыстарда қолдану дағдыларын
қалыптастыру; отандық және шетелдік электрондық деректер базаларымен жұмыс жасау.
- диссертациялық жұмыстың тақырыбына байланысты ғылыми және тәжірибелік-
эксперименттік зерттеулер жүргізу, мәліметтерді өңдеу, саралау және қорытындылау.
11. Педагогикалық тәжірибенің негізгі міндеттері:
- ғылыми білімді құрылымдау және оқу материалына айналдыру, пән материалын
ауызша және жазбаша мазмұндау дағдыларын қалыптастыру; әртүрлі заманауи білім беру
технологяларын, есептер, жаттығулар, тест тапсырмаларын құрастыру әдістерін, ғылыми-
педагогикалық және оқу-әдістемелік жұмыстың негіздерін меңгеру;
- оқу-тәрбиелік мақсаттарын, сабақтардың түрін анықтау, қойылған педагогикалық
міндеттерге сәйкес білім алушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың әртүрлі формаларын
қолдану ептілігін қалыптастыру; оқу қызметінің тиімділігін диагностикалау, бақылау және
бағалау дағдыларын меңгеру;
- оқу материалын құрылымдау және ұсынудың әртүрлі тәсілдерімен, оқу қызметін
қарқындату тәсілдерімен, білім беру үдерісін жоғарғы мектептегі оқытудың кредиттік
технологиясы бойынша ұйымдастыру ұстанымдарымен, «студент-оқытушы» жүйесіндегі
қарым-қатынастың ерекшеліктерімен танысу.
12. Педагогикалық тәжірибе қызметтің келесі түрлерін қарастырады:
- педагогикалық тәжірибеден өтудің жеке бағдарламасын құрастыру;
- ғылыми-әдістемелік кеңес алу, кафедралардың оқу-тәрбиелік және әдістемелік
жұмысының ұйымдастырылуымен танысу;
- ғылыми пән, іргелес ғылымдар бойынша оқу сабақтарына қатысу барысында
университеттің алдыңғы қатардағы оқытушыларының оқыту тәжірибесін қарастыру;
- нормативтик және құқықтық құжаттармен танысу (ҚР «Білім туралы» заңы,
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар, оқу жоспарлары, типтік бағдарламалар және
т.б.);
- магистранттар мен докторанттар жүргізетін сабақтарға қатысып, сараптама жасау;
-жеке жоспарлау және оқу сабақтарының мазмұнын құру, оқу-әдістемелік
материалдарды әзірлеу;
- оқу пәні бойынша оқу сабақтарын жүргізу (дәрістер, семинарлар, тәжірибелік және
зертханалық сабақтар);
- білім алушылармен жеке жұмыс жасау, студенттік (магистрлік) ғылыми зерттеулерге
жетекшілік ету, студенттердің (магистранттардың) зерттеу тәжірибесіне жетекшілік ету.
13. Өндірістік тәжірибенің негізгі міндеттері:
- мамандық бағыты бойынша кәсіби және еңбек дағдыларын қалыптастыру;
- сәйкес саладағы кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдардың жұмыс ерекшеліктерін,
оның ішінде өндірістік үдерістердің ұйымдастырылуы мен басқарылыуын зерттеу;
- заманауи басқару қызметінің негізгі дағдыларын меңгеру (бөлімшенің қызметін
жоспарлау, мәселелерді шешу, басқарушы шешімдерді қабылдау, қызметтің үдерістері мен
нәтижелерін бақылау).
14. Өндірістік тәжірибе қызметтің келесі түрлерін қарастырады:
- кәсіпорын қызметінің ұйымдастырылуымен, негізгі нормативтік және регламенттік
құжаттармен танысу;
- жабдықтар, аппаратуралар, тексеруші-өлшегіш құралдар, аспаптармен және т.б.
танысу;
- негізгі өндірістік және басқару үдерістерін зерттеу;
-кәсіпорын қызметкерлерінің функциялық міндеттер шеңберіндегі жұмыстарды атқару.
206
Достарыңызбен бөлісу: |