212
28. Транскриптке оқу бағдарламасы туралы ақпарат (пән коды), пәннің аты, пәнді
меңгеру мерзімі (жыл, семестр, триместр), оқу бағасы (ұлттық шкалада және ECTS шкаласы
бойынша), тағайындалған ECTS кредиттер саны енгізіледі.
29. Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушы шетелдік іссапарға/тағылымдамаға
кеткен жағдайда, егер білім алушының іссапары жөніндегі бұйрықта басқа шарттар
көрсетілмесе, оның шәкіртақысы іссапар/тағылымдаманың мерзіміне, бірақ төрт айдан
артық емес уақытқатолық сақталады.
30. Кафедралар ПОҚ штаттық кестесін құру және педагогикалық жүктемені бөлу
барысында шетелдерде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуда жүрген білім
алушылардың контингентін ескеру керек.
31. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелге шығу үшін және шетелдік
іссапардан келгеннен кейінгі берген жалған құжаттар мен жарамсыз деректер үшін кафедра
меңгерушісі, университететтің этика бойынша комиссиясының шешімімен факультет
деканы және шетелге шығару комиссиясының шешімімен білім алушы жауапкершілікке
тартылады.
32. Қажет болған жағдайда Халықаралық ынтымақтастық департаменті оқуға
қабылдаған университеттен білім алушы жөніндегі мәліметтерді ауызша немесе жазба түрде
сұратуға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: