Төраға
________________________ (қолы)
Комиссия мүшелері
_____________________
(қолдары)
мүшелері ________________________(қолдары)
мүшелері ________________________(қолдары)
мүшелері ________________________(қолдары)
Хатшы ________________________
(қолы)
122
11-қосымша
1 Кесте
Кешенді емтиханның тапсыру қорытындысы __________________ жыл
ЖОО атауы ____________________________________
мамандығы ____________________________________
Қорытын
ды
аттестац
ияның
Қорытынд
ы
аттестация
ға
жіберілген
дердің
саны
Тапсырған
дардың
саны
Үз
дік
Жақ
сы
қана
ғат
қанағаттанд
ырмау
Орта
ша
балл
Келмеге
ндер
%
сапа
сы
%
тапсырғанд
ардың
үлгерімі
Кешенді
емтихан
2 Кесте
Диссертацианың қорғаудың _____________________ қорытындысы
(магистерлық/докторлық)
__________________ жылға
ЖОО атауы ___________________________
мамандығы ___________________________
Қорытынды
аттестациян
ың
Қорытынды
аттестацияға
жіберілгенде
рдің саны
Тапсырға
ндардың
саны
Үзд
ік
Жақ
сы
қана
ғат
қанағаттанд
ырмау
Орта
ша
балл
Келмеге
ндер
%
сапа
сы
%
тапсырғанда
рдың
үлгерімі
Диссретация
ның қорғау
3 Кесте
Бітірушілердің қорытынды аттестацияларының бағалары
________ жылға
ЖОО атауы __________________________________________
мамандығы __________________________________________
4 Кесте
Салыстырмалы анализ шығарылымы
Көрсеткіштері
Алдыңғы кезең
Есеп беру кезеңі
Сапасы %
Үлгерімінің %
Орташа балл
123
§9
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК
СТИПЕНДИЯЛАРДЫ ТАҒАЙЫНДАУ, ТӨЛЕУ ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
МӨЛШЕРЛЕРІ
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы
№116 қаулысымен бекітілген
(ҚР Үкіметінің 2014.03.31 №276
қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды
тағайындау, төлеу қағидалары және олардың мөлшерлері (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім
туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегіЗаңына сәйкес әзірленген
және білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау
мен төлеу тәртібін, сондай-ақ олардың мөлшерлерін айқындайды.
2.
Осы
Қағидалар
Қазақстан
РеспубликасыныңПрезидентітағайындайтын
стипендияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметітағайындайтын мемлекеттік
атаулы стипендияларды тағайындау және төлеу тәртібіне қолданылмайды.
3. Мемлекеттік стипендия білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы
бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын студенттерге, интерндерге, магистранттарға,
докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына, жоғары оқу орындарының дайындық
бөлімдерінің тыңдаушыларына (кәсіптік лицейлердің оқушыларынан басқа) тағайындалады
және төленеді.
2. Мемлекеттік стипендияларды тағайындау және төлеу тәртібі
4. Мемлекеттік стипендия емтихан сессиясының немесе білім алушыларды аралық
аттестаттаудың нәтижелері бойынша «жақсы», «өте жақсы» деген бағаға сәйкес бағалардың
баламасын алған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын, сондай-ақ
мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстырылған студенттерге, интерндерге,
магистранттарға тағайындалады және емтихан сессиясынан немесе білім алушыларды
аралық аттестаттаудан кейін келетін айдың бірінші күнінен бастап семестр аяқталатын
айдың соңына дейін қоса алғанда ай сайын төленеді.
5. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бірінші курсқа қабылданған
студенттерге, магистранттарға (бірінші оқу жылы) мемлекеттік стипендия бірінші семестрде
тағайындалады және бірінші семестр бойы ай сайын төленеді. Келесі семестрлерде
студенттерге, магистранттарға мемлекеттік стипендия өткен семестрдің емтихан
сессиясының немесе білім алушыларды аралық аттестаттаудың қорытындысы бойынша
тағайындалады және төленеді.
6. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын көзі нашар көретін
мүгедектер мен құлағы кеміс мүгедектерге, жетім балалар мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қорғаншылығындағы (қамқорлығындағы)
балаларға мемлекеттік стипендия емтихан сессиясының нәтижелері бойынша берешектері
немесе білім алушыларды аралық аттестаттау нәтижелері бойынша қанағаттанғысыз бағасы
жоқ болса төленеді.
7. Жазғы емтихан сессиясы немесе білім алушыларды аралық аттестаттау нәтижелері
бойынша мемлекеттік стипендияға ұсынылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға
мемлекеттік стипендия жазғы каникул кезеңі үшін екі айға (шілде, тамыз) қосылып төленеді.
124
8. Сынақтар мен емтихандарды білім беру ұйымдары белгілеген мерзімде дәлелді
себептер бойынша (сырқаттану, отбасы жағдайы, табиғи зілзала) тапсыра алмаған
студенттерге, интерндерге және магистранттарға білім алушы растайтын құжаттарды
тапсырғаннан кейін білім беру ұйымының басшылығы сынақтар мен емтихандарды
тапсыруға жеке уақыт белгілейді, содан кейін оларға мемлекеттік стипендия осы
Қағидаларда белгіленген тәртіппен тағайындалады.
9. Кәсіптік практика, жазғы демалыс кезінде, сондай-ақ жалақы төленетін жұмыс
орындарында және қызметтерде жұмыс істеген кезеңде студенттерге, интерндерге,
магистранттарға мемлекеттік стипендия осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен төленеді.
10. Бір оқу орнынан басқасына ауыстырылған студенттерге, интерндерге,
магистранттарға мемлекеттік стипендия оқу жоспарларындағы айырмашылық жойылғаннан
кейін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тағайындалады және төленеді.
11. Докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына және дайындық бөлімшелерінің
тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия оқытудың барлық мерзіміне тағайындалады және
ай сайын осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес төленеді.
12. Медициналық қорытындының негізінде (дәрiгерлiк-консультациялық комиссияның
шешiмi) берілген академиялық демалыстарды қоспағанда, студенттер, интерндер,
магистранттар, резидентура тыңдаушылары, докторанттар академиялық демалыста болған
кезеңде мемлекеттік стипендия төленбейді.
Академиялық демалыстан келген студенттерге, интерндерге, магистранттарға,
резидентура тыңдаушыларына, докторанттарға мемлекеттік стипендия тағайындау және
төлеу алдағы (кезекті) емтихан сессиясы немесе білім алушыларды аралық аттестаттау
қорытындылары бойынша және оқу жоспарындағы айырмашылықтар болмаған жағдайда
осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Сырқатына байланысты екінші оқу жылына қалдырылған студенттерге, интерндерге,
магистранттарға, резидентура тыңдаушыларына, докторанттарға мемлекеттік стипендия
кезекті емтихан сессиясы немесе білім алушыларды аралық аттестаттау нәтижелеріне дейін
осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен оқу жоспары орындалған алдыңғы семестрдің
қорытындысы бойынша тағайындалады және төленеді.
Туберкулезбен ауыратын студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резидентура
тыңдаушыларына, докторанттарға тиісті медициналық қорытындысы болған кезде
мемлекеттік стипендия еңбекке жарамсыздық кезеңі үшін белгіленеді және төленеді, бірақ
еңбекке жарамсыздық басталған күнінен бастап он айдан аспайды.
13. Жүктілігіне және босануына байланысты демалысы кезеңіне студенттерге,
интерндерге, магистранттарға, резидентура тыңдаушыларына, докторанттарға мемлекеттік
стипендия Қазақстан Республикасының қолданыстағызаңнамасында белгіленген барлық
мерзім ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалысқа шығарғанға дейін
белгіленген мөлшерде төленеді.
Академиялық демалыс кезеңінде жүктілігіне және босануына байланысты уақытша
еңбекке жарамсыздығы туралы анықтама ұсынған жағдайда, академиялық демалыс үзіліп,
жүктілігі және босануына байланысты демалыс ресімделеді.
Студенттер, интерндер, магистранттар, резидентура, докторанттар тыңдаушылары бала
күтіміне байланысты ол үш жасқа толғанға дейін академиялық демалыста болған кезеңде
мемлекеттік стипендия тағайындалмайды.
14. Стипендиялар білім алушылар үлгерiмін бақылау жүктелген бөлiмше бастығының
қызметтiк хаты (ұсынысы) негiзiнде білім беру ұйымы жетекшiсiнiң немесе уақытша оның
мiндетiн атқарушының бұйрығымен тағайындалады.
15. Жеке тұлғаларға стипендияларды төлеу осы Қағидалардың 16-тармағында
көзделген жағдайларды қоспағанда, ақша алушының таңдаған банкте ашылған ағымдағы
шотына сомаларды аудару жолымен жүзеге асырылады.
16. Төлем карточкасын жасау немесе екінші деңгейдегі банктерде ағымдағы шоттарды
ашу кезеңінде, сондай-ақ ұйым орналасқан жерде екiншi деңгейдегi банктер, олардың
125
пункттері және төлем карточкаларына қызмет көрсететін құрылғылар болмаған жағдайда
стипендия төлеу ұйымның кассалары арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |