Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов


Білім мазмұнына қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет67/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   208
2. Білім мазмұнына қойылатын талаптар 
 
7. Білім беру бағдарламаларының құрылымы білім беру мазмұнын анықтайтын оқу 
жұмыстарының түрлерінен қалыптастырылады және олардың арақатынасын, өлшемін және 
есебін көрсетеді. 
8. Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы: 
1) мемлекеттік міндетті, базалық кәсіби, жеке білім траекториясы,пәнаралық, 
әлеуметтік-коммуникативтік және жаратылыстану-ғылыми модульдер циклдерін немесе 


136
жалпы білім беретін, базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін меңгеруден тұратын 
теориялық оқытуды; 
2) оқытудың қосымша түрлері – кәсіптік практиканың түрлерін, дене шынықтыруды, 
әскери дайындықты және т.б.; 
3) аралық және қорытынды аттестаттауды қамтиды. 
Сонымен бакалавриаттың білім беру бағдарламалары пәнді оқытудың модулді жүйесі 
негізінде жобаланады. 
9. Білім беру бағдарламалары мамандық пен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің 
негізінде жүзеге асырылады. 
10. Оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есепке алу оқытылатын материалдың 
көлемі бойынша жүзеге асады және оқытудың нақты нәтижелеріне қол жеткізуге қажетті 
студенттер мен оқытушылардың еңбек шығынының өлшем бірлігі болып табылатын 
кредиттермен өлшенеді. 
Кредиттер білім беру бағдарламасының жекелеген пәндерінің және/немесе 
модульдерінің (элементтерінің) шартты «бағасын» көрсетеді. Жалпы еңбек сыйымдылығы 
ұғымына лекциялық, практикалық (семинарлық), зертханалық, студиялық сабақтар, 
студенттердің өзіндік жұмысы, курстық, есептік-графикалық жұмыстар (жобалар), кәсіптік 
практиканың барлық түрлері, қорытынды аттестаттауға дайындық және одан өту кіреді. 
11. Теориялық оқытудың жалпы еңбек сыйымдылығы оқытылатын оқу пәндерінің 
тізімімен анықталады. 
12. Оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру кезінде әр оқу 
пәнінің көлемі кредиттің бүтін санын құрауы тиіс. 
13. Студенттер әр оқу пәнін бір академиялық кезеңде меңгеріп, оны аяқтаған соң 
емтихан түрінде қорытынды бақылау, ал кәсіптік практиканың барлық түрлері, курстық 
жұмыстар (жобалар) бойынша дифференциалды сынақ тапсырады. 
14.Оқу жоспарларының барлық түрінде оқу жоспарындағы әр пәнге тиісті әріптік және 
сандық таңбалар түрінде кодтың берілуін қарастыратын пәндерді кодтаудың бірыңғай 
жүйесі қолданылады. 
15.Мемлекеттік міндетті модуль Қазақстан тарихы, Кәсіби бағдарлы шетел тілі, Кәсіби 
бағдарлы қазақ (орыс) тілі, Ғылыми таным философиясы пәндерінен тұрады.
16. Өзіндік маңыздану мен жеке тұлғалық потенциалды жүзеге асыру және 
полиэтникалық пен поликонфессиялық қоғамның мүшесі ретінде тұлғаны бағыттау 
құзіреттіліктерге негізделген әлеуметтік-коммуникативтік модуль элективті пәндер тізімінен 
тұрады. Бұл модулді ұсынылып отырған тізімнен қажет пәндерді таңдау арқылы білім алушы 
өзі құрастырады.
17. Кәсіби пәндер блогы кәсіби базалық модулдерден (міндетті компонент), жеке білім 
траекториялар модулінен (таңдаулы компонент), жаратылыстану-ғылыми модуль (міндеті 
компонент), пәнаралық модулден (таңдаулы компонент) тұрады. 
18.Міндетті компонент – жалпы мәдениеттік, жалпы мемлекеттік мәні бар білім беру 
бағдарламасының және жалпы мамандықтың университеттегі бірыңғай білім беру кеңістігін 
қамтамасыз ететін іргелі өзегі болып саналады. 
Міндетті компонент пәндерінің тізімі негізгі оқу жоспарымен айқындалады. Міндетті 
компонент пәндерінің көлемін қысқартылмайды. Бұл шарт техникалық және кәсіптік, орта 
білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында оқытылатын қысқартылған білім беру 
бағдарламалары үшін ғана орындалмауы мүмкін. 
19. Таңдау компоненті нақты өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігі мен 
еңбек нарығының сұранысын, нақты ғылыми мектептің қалыптасуын, сондай-ақ білім 
алушының жеке қызығушылығын ескереді. 
20. Мамандыққа қараймемлекеттік міндетті модуль мен әлеуметтік-коммуникативтік 
модулдердегі кейбір пәндер алынып тасталады немесе кәсіби модулге ауыстырылады.
21. Жоғары білім беру бағдарламасының құрылымы 1 мен 2 кестеде берілген.


137
22. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін, білім беру мазмұнын жоспарлау, 
оқу сабақтарын жүргізу тәсілдерін, студенттің өзіндік жұмысын, олардың оқу жетістіктерін 
қорытынды бақылау түрлерін таңдау арқылы жүзеге асырылады. 
23. Білім беру мазмұнының құрылымы білім берудің есептеу-өлшегіш құралдары: оқу 
жоспары мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің көлеміне, академиялық кезеңдер 
ұзақтығына, академиялық сабақ түрлеріне, оқу материалының көлеміне қойылатын 
талаптарға сәйкес анықталады. 
24. Білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру оқу жоспарының негізінде жүзеге 
асырылады. 
Оқу жоспарлары негізгі (НОЖ),үлгілік (ҮОЖ), жеке (ЖОЖ) және жұмыстық (ОЖЖ) 
болып бөлінеді. 
25. НОЖ нақты жоғары білім мамандықтары бойынша осы Ереженің негізінде 
құрастырылып университеттіңҒылыми кеңесі шешімімен бекітіледі.
НОЖ-да оқу пәндерінің әрбір циклындағы міндетті компонент пен таңдаулы 
компоненттің, сондай-ақ, оқу қызметінің әрбір түрі (практика, мемлекеттік емтихандар, 
дипломдық жұмысты жазу және қорғау) бойынша еңбек сыйымдылығы кредиттермен 
анықталады.
26. НОЖ-ға қосымша жыл сайын барлық пәндердіңжүйленген, аннотацияланған тізімі 
ретінде жасалған пәндер каталогы құрастырылады. 
Пәндер каталогында әр оқу пәнінің пререквизиттері көрсетіледі. Каталог студенттер 
үшінжеке білім траекториясын баламалы таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. 
27. Мамандық бойынша НОЖ және Пәндер каталогы негізінде студент эдвайзердің 
көмегімен ЖОЖ құрады. ЖОЖ әрбір студенттің жеке білім алу траекториясын анықтайды. 
ЖОЖ-ға НОЖ-дан міндетті компонент пәндері мен оқу қызметінің түрлері 
(практикалар, мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау) және 
каталогтан таңдау компоненті пәндері кіреді. 
Студенттердің элективті пәндерді ретсіз таңдауының алдын алу және жоғары оқу орны 
әзірлеген білім беру бағдарламаларын іске асыру мақсатында студенттердің таңдауына НОЖ 
және Пәндер каталогы шеңберінде бірнеше білім траекториясы – еңбек нарығы мен жұмыс 
берушілердің сұранысын есепке ала отырып, жоғары білім мамандығы бойынша қызметтің 
нақты бір саласына бағытталған білім беру бағдарламасын меңгеруге мүмкіндік беретін 
элективті пәндер тізімі және оларды меңгеру реті ұсынылады. 
28. ОЖЖ оқу жылына мамандықтардың НОЖ-ы мен студенттердің ЖОЖ-ы негізінде 
әзірленеді және оны ғылыми кеңестің шешімі негізінде университет ректоры бекітеді. 
ОЖЖ-да оқу жылында оқытылатын пәндер тізімі және олардың кредитпен саналған 
еңбек сыйымдылығы, оқытылу реті, оқу сабақтарының түрлері, бақылау түрлері, сондай-ақ 
оқу қызметінің басқа да түрлері (практикалар, мемлекеттік емтихандар, дипломдық жұмысты 
(жобаны) жазу және қорғау) айқындалады. 
ОЖЖ оқу сабақтарының кестесін құруға және оқытушының оқу жұмысының еңбек 
сыйымдылығын есептеуге негіз болып табылады. 
29. Барлық оқу пәндерінің мазмұны оқу бағдарламаларымен анықталады. Оқу 
бағдарламалары негізгі оқу бағдарламасы (НОБ) мен силлабусқа бөлінеді.
30. Негізгі оқу бағдарламалары (НОБ) міндеттікомпоненттің пәндері бойынша 
әзірленіп, университет Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі.
31. Силлабустар (пән бағдарламалары) оқу жоспарының барлық пәндері бойынша 
әзірленіп, факультет Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі. Сонымен оларды әзірлеу 
міндетті компонент пәндері бойынша негізгі оқу бағдарламалары негізінде жүзеге 
асырылады, ал таңдау компонентінің пәндері бойынша кафедра өз бетінше әзірлейді. 
32. Өзіндік жұмыс екі түрге бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін 
студенттің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) және студенттің толығымен өзі орындайтын жұмысы 
(СӨЖ). 


138
33. ОСӨЖ жеке кесте бойынша оқытушымен байланыста орындалатын студенттің 
аудиториядан тыс жұмыс түрі болып табылады, ол жалпы оқу сабақтарының кестесіне 
енбейді. 
ОСӨЖ барысында оқу бағдарламасындағы анағұрлым қиын сұрақтар, үй 
тапсырмалары, курстық жобалар (жұмыстар) бойынша консультациялар және семестрлік 
жұмыстардың, есептер мен басқа да СӨЖ тапсырмаларының орындалуына бақылау 
жүргізіледі. 
34. Университетте оқытушылар мен студенттер жұмыстарының мынадай үлгілік 
циклдері іске асырылады:
1) Оқытушының студенттермен жұмысының (ОСЖ) үлгілік бірлік циклі үш негізгі 
функцияны қамтиды. 
Оқытушының бірінші функциясы – бағыттаушы-бағдарлаушылық (тақырыпқа кіріспе, 
мақсат, міндеттерді қою, практикалық тиімділігін, материал мазмұнының негізгі 
бөлімдерінің мәні мен өзара байланысын сипаттау, оқу-әдістемелік құралдармен жұмыс 
жөнінде ұсынымдар т.б.). Бұл студенттің алдағы өзіндік жұмысы үшін жеткілікті болуы тиіс. 
Оқытушының екінші функциясы – консультативтік-түзетушілік. Бұл – студенттің 
өзіндік жұмысында оқу әрекетін жүзеге асыруда консультативтік көмек беру, жеке 
консультация жүргізу және тиісті түзету жұмыстарын жүзеге асыру. Білім беру процесінде 
бұл функцияны тьюторлар атқарады. 
Оқытушының үшінші функциясы – бақылаушылық-бағалаушылық. Бұл студенттердің 
білімін, шеберлігін және дағдысын бағалауды әртүрлі нысанда жүргізу (жазбаша немесе 
ауызша емтихан, тестілеу және т.б.), оларға кездесетін негізгі қиындықтарды анықтау 
бойынша диалог ұйымдастыру, оқытушының сарапшы немесе бақылаушы ретінде «дұрыс» 
әрекеттерді, өзара әрекеттестікті, эталондық тәсілдерді көрсетуін қарастырады. 
2) Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысының (ОСӨЖ) 
үлгілік бірлік цикліне мынадай төрт негізгі функция кіреді: 
Бірінші функция – оқу пәні бойынша бағыттау-бағдарлау сабақтары кезінде оқытушы 
берген ақпаратты студенттердің белсенді қабылдауын іске асыруды көздейді. 
Екінші функция оқытушының ұсынымы негізінде студенттердің өздігінен оқу-
әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқуын, үй тапсырмаларын, бақылау, курстық 
жұмыстарды және т.б. орындауын көздейді. 
Бұл кезеңде студенттерден жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін білу, қиындықтарды 
анықтау, өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік тәртіп талап етіледі. 
Студенттердің үшінші функциясы – өздерінде қиындық тудырған жағдайларды талдау 
мен жүйелеу, оқу материалын түсіну мен меңгерудегі қиындықтар себебін анықтау, басқа 
оқу әрекетін орындау. Студенттер шешімі табылмаған қиыншылықтарды оқытушыларға 
арналған сұрақтар жүйесіне айналдырады (оларды саралайды, реттейді, ресімдейді), бұл 
сұрақтарға өз жауаптарының нұсқаларын дайындайды. 
Студенттердің төртінші функциясы түсініктеме, ақыл-кеңес, консультация алу үшін 
оқытушымен сұхбаттасуын білдіреді. 
35. Университет оқу процесін барлық қажетті ақпарат көздерімен, атап айтқанда, 
оқулықтармен, оқу құралдарымен, оқу пәндері бойынша әдістемелік құралдармен, 
нұсқаулықтармен, өзіндік жұмыс бойынша белсенді үлестірмелі материалдармен және 
нұсқаулықтармен, электронды оқулықтармен, желілік білім беру ресурстарының қолжетімді 
болуын қамтамасыз етеді. 
Әрбір студент оқудың барлық кезеңінде анықтамалық-жолсілтегішпен қамтамасыз 
етіледі. 
36. Оқу үдерісін жоспарлау барысында университет осы Ереженің 1 қосымшасына 
(бакалавриат үшін) және 2 қосымшасына (жоғары арнайы білім үшін) сәйкес бакалавриат 
білім беру бағдарламасы компоненттерін бөлу нормаларын басшылыққа алады. 


139


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет