Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов


Бiлiм беру ұйымдарында білім алушыларға төленетінмемлекеттiк



Pdf көрінісі
бет60/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   208
 
3. Бiлiм беру ұйымдарында білім алушыларға төленетінмемлекеттiк 
стипендиялардың мөлшерi
17. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға ай сайынғы 
мемлекеттік стипендияның мөлшері: 
1) жоғары білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында 
оқитын студенттерге – 16759 (он алты мың жеті жүз елу тоғыз) теңге; 
2) интерндерге – 30356 (отыз мың үш жүз елу алты) теңге; 
3) магистранттарға – 42824 (қырық екі мың сегіз жүз жиырма төрт) теңге; 
4) «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттарға – 
100 000 (жүз мың) теңге; 
5) докторанттарға – 65599 (алпыс бес мың бес жүз тоқсан тоғыз) теңге; 
6) резидентура тыңдаушыларына және денсаулық сақтау магистранттарына – 49249 
(қырық тоғыз мың екі жүз қырық тоғыз) теңге мөлшерінде белгіленеді. 
18. Техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі білім 
беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары студенттерінің 
мемлекеттік стипендиясы жоғары білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім 
беру ұйымдары студенттерінің мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 80 (сексен) пайызы 
деңгейінде белгіленеді. 
19. Дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия мөлшері жоғары 
білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын 
студенттердің мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 85 (сексен бес) пайызы деңгейінде 
белгіленеді. 
20. Көзі нашар көретін мүгедектер мен құлағы кеміс мүгедектердің, жетім балалар мен 
ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қорғаншылығындағы 
(қамқорлығындағы) балалардың, сондай-ақ емтихан сессиясының нәтижелері бойынша тек 
«өте жақсы» деген бағалары бар студенттер мен магистранттардың («Назарбаев 
Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттардан басқа) ұлғайтылған 
мемлекеттік стипендия алуға құқығы бар. 
Мемлекеттік стипендияны ұлғайту мөлшері осы Қағидаларғақосымшаға сәйкес 
белгіленеді. 
21. Қазақстан Республикасыныңзаңнамасына сәйкес мемлекет қамтамасыз ететін 
студенттер мен магистранттарға мемлекеттік стипендия жоғары білім беретін білім беру 
ұйымдары студенттерінің және магистранттарының мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 50 
(елу) пайызы деңгейінде белгіленеді. 
22. Медициналық қорытындының негізінде академиялық демалыста жүрген 
студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына 
академиялық демалыс кезінде мемлекеттік стипендия тиісінше докторанттардың
резидентура 
тыңдаушыларының, 
студенттердің, 
интерндердің, 
магистранттардың 
мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 50 (елу) (мүгедектерге – 75 (жетпіс бес) пайызы 
мөлшерінде белгіленеді. 
23. Мемлекеттік стипендиялар: 
1) шығарылу себебіне қарамастан, білім алушы білім беру ұйымынан шығарылған 
жағдайда; 
2) білім алушы қайтыс болған жағдайда; 
3) оқуды бітіргеннен кейін оқуды бітіргені туралы бұйрық шыққан күнінен бастап 
төленбейді. 


126
24. Осы Қағидалардың 23-тармағында белгіленген жағдайлар бойынша мемлекеттік 
стипендиялар төлеуді тоқтату білім беру ұйымдары басшыларының тиісті бұйрығын шығару 
арқылы жүзеге асырылады. 
Қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет